Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсаты: а ақпараттық в каммуникативтік



бет2/2
Дата07.11.2022
өлшемі58 Kb.
#48071
түріСабақ
1   2
Оқыту құралдары:

Қазақстан Республикасының картасы, рәміздері, оқулықтар, журналдар.




Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлеметсіздер ме,оқушылар?
-Бүгін сабақта кім жоқ?

  • Оқушылар амандасады.

  • Кезекші сабақта жоқ оқушыларды баяндайды.

Іс – шарада күтілетіні тыныш отыру.

ІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді,- деген өлең жолдарын айта отырып, біздің бүгінгі «Қазақстан – менің Отаным» атты класс сағатымызды бастаймыз.




Оқушылардың назарын тақырыпқа аудару.

III. Жаңа материалды түсіндіру

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
Ғажап қой сұлу көктем, жазың әне,
Таңдарсың он жүректің сазын әлі.
Шіркін- ай, жер жетпейді бір өзіңе,
Қойнауың тұнған байлық, қазыналы.
Сен неткен Отан – Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім!

Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни Республикамыздың территориясына 7 мемлекет сияды. Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9 орында. Ал ТМД елдері бойынша 2 орында.


Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес: олар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғыстан және Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 85 ірі қала бар. Ел ордасы – Астана қаласы.
Қазақстан туған елім,
Алтын бесік- Ақ Ордам.
Даңқың сенің арта берсін,
Елім менің жаңарған.

Келесі кезекті оқушыларға берейік.

Қазақстан Республикасының мерекелеріне байланысты сұрақтарға жауап береміз:


  1. Қазақсатан Республикасының «Республика күні» қашан тойланады ?

  2. Қазақстанның елбасы қашан сайланды ?

  3. Астанадағы бәйтерек неше метр ?

  4. «Қазақстан КСР мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация заң жүзінде қашан бекітілді ?

  5. ТМД қашан құрылды ?

  6. Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасы қашан қабылданды ?

  7. Ел астанасы Ақмола қаласына Астана деп ат берілген күн

  8. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қашан қабылданды ?

  9. Семей полигоны қашан жабылды?

  10. Қазақстан Республикасы БҰҰ қашан мүше блолды ?

  11. Қай жылдары «Ауыл жылы» болып жарияланды ?

  12. Жаңа Астананың ресми тұсаукесері қай күні болды ?

  13. Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәіров қашан ғарышқа ұшты ?

  14. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы не білесің ? (өз ойларын қағазға жазу)

  15. «Менің Отаным» атты 4 жол шумақ өлең жолын жазыңдар.

Әнұран орындалады.

Әдеби монтаж.


1 – оқушы:
Бойымда жігер тұрғанда сенім,
Жалындап өтем жолыңда сенің!
Өзіңсің мәңгі бақытым, барым,
Аяулы Отан, ардақты елім!
Болашақ саған қол созған бүгін,
Ерікіті еліміз еңсесі биік.
Көк туың көркем, жібектей ғажап!
Қазақстан Республикам менің.
2- оқушы:
Көп ұлтты елім гүлденіп өскен , Тыныштық тілеп бірлігін сақтар!
Түсініп терен өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім!
Шырқалсын шаттық әнұран әнім!
Отаным – ордам, Отаным – Анам!
Қазақстан Республикам менің!
3 – оқушы:
Көтерді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан секрпіп бостандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін!

Оқушылар жауаптары :



  1. 25- қазан


  1. 1- желтоқсан

3.
4. 1990 ж. 25 қазан


5. 21- желтоқсан
6. 4- маусым
7. 6- мамыр

8. 1995 ж. 30-тамыз


9. 1991 ж. 29 – тамыз

10. 1992 ж. 2- наурыз


11. 2003-2005 ж.ж.


12. 10- маусым


13. 2- қазан


14.
15. Оқушылар өлеңдерін оқиды.

Оқушыларды іс – шара барысында оқытушымен жақсы қарым – қатынас орнатты, белсене араласты. Әдеби монтажға өз ойларын қоса білді.

ІV. Қорытынды

Туған жерді сүю – парыз,
Сүю үшін білу – парыз,
Қасиетін білу – парыз,
Күзетінде тұру – парыз,- дей отырып, бүгінгі тәрбие сағатымыздан алған өз ойларын айту.

Елімізде әрқашан береке- бірлік болсын деген ниетпен «Қазақстан – кең байтақ Отаным!» атты тәрбие сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер!


Назарларыңызға рахмет!
Сау болыңыздар!

Оқушылар өз ойларын айтады.
«Атамекен» әні айтылады.
Сау болыңыз!

Іс – шара өз мақсатына жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет