Зияткерлік меншік негіздері: Оқушыларға арналған сұрақтар мен жауаптар


  Тауар таңбасының иесі оны неге пайдалануға міндетті?



Pdf көрінісі
бет61/72
Дата01.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#70608
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72
107. 
Тауар таңбасының иесі оны неге пайдалануға міндетті?
Егер патент иесі, яғни өнеркәсіптік меншік өз патентін пайдаланбаса 
немесе жеткілікті түрде белсенді пайдаланбаса, мәжбүрлеу лицензияларына 
қажеттілік туындауы мүмкін, алайда бұл өнертабыстан құқықтық қорғауды 
алып тастауға әкеп соқпайды.
Екінші жағынан, тауар таңбасының иесі оны 
пайдалануға міндетті.
Егер тауар таңбасы қатарынан үш жылдан артық 
пайдаланылмаса, оның күші жойылуы мүмкін.
Тауар таңбасының қызмет ету 
мерзімі оны пайдалануға байланысты.
Егер ол туралы ұзаққа ұмытылып 
кетсе, ол тауарлардың немесе қызметтердің шығу тегін белгілеу функциясын 
жоғалтады.
Құқық тұрғысынан мұндай тауар таңбасы қызмет жасауды 
жалғастырады, бірақ іс жүзінде ол қызмет атқармайды. Бұдан басқа, өтінім 
берушілер жақсы дыбысталатын, есте қалатын және танымал тауар 
белгілерін таңдауға ұмтылады.
Өкінішке орай, мұндай атаулардың саны 
шектеулі, сондықтан ұзақ уақыт пайдаланылмайтын тауар таңбаларын 
қоспағанда, тауар таңбаларының тізілімін тазалау және осылайша тауар 
таңбаларын тіркеу жөніндегі ресурстарды оңтайландыру қажет.
108. 
Қандай ерте құқықтар тауар таңбаларына құқықтармен
қақтығысқа түсе алады?
Құқықтық жүйеде әр түрлі құқықтар жиі бір-бірімен қақтығысады, 
және тауар таңбаларына құқықтар ерекшелік болып табылмайды.
Тауар 
таңбаларына құқықтар ерте авторлық құқықтармен, фирмалық атауларға, 
өнеркәсіптік үлгілерге, атқа немесе сырт келбетке құқықтармен қақтығысқа 
түсуі мүмкін.
Тауар таңбасы тауардың шығу тегін көрсетеді, ал фирмалық 
атау белгілі бір кәсіпорынды білдіреді, бұл ретте олардың екеуі де 
коммерциялық белгілер болып табылады.
Егер біреу тауар таңбасы ретінде 
жалпыға белгілі компанияның фирмалық атауын тіркеуге тырысса, мысалы 
P&G, ол P&G фирмалық атауының құқығын бұзады.
Тауар таңбасын жасау 
үшін пайдаланылуы мүмкін бейнелеу элементтері мен музыка авторлық-
құқықтық қорғау объектілері болып табылады. Егер сіз авторлық құқықпен 
қорғалатын өнер туындысын немесе музыканы тауар таңбасы ретінде 
тіркесеңіз, сол арқылы бұрынғы авторлық құқықтарды бұза аласыз.
Тауар 
таңбасы көлемді белгі болуы мүмкін, ал эстетикалық тартымдылыққа ие 


және өнеркәсіпте пайдаланылуы мүмкін өнеркәсіптік үлгілер көбінесе 
көлемді болады.
Сондықтан да тауар таңбасына құқықтар өнеркәсіптік үлгіге 
ерте құқықтарға қайшы келуі мүмкін.
Атауы мен сырт келбетіне құқықтар 
жеке құқықтарға жатады.
Іс жүзінде, 
егер әйгілі адамдардың аттасы тауарлық 
таңба ретінде өзінің атын тіркеуге өтініш берсе, 
тауар таңбалары жөніндегі 
ведомство адал пайдалану шеңберінен шығатын қоғамдық мүдделерінің 
бұзылуы себебінен немесе атақты атауымен қақтығыс себебінен тіркеуден 
бас тарта алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет