қорғау өлшемдеріне жатады. Мысалы, ЮНЕСКО және ДЗМҰ
қолдауымен Тунисте қабылданған дамушы елдер үшін авторлық құқық
туралы Тунистің үлгілік Заңына (Тунистік үлгілік Заңы) сәйкес халық
өнері авторлық құқықты қорғау саласына жатады. Қазіргі уақытта
ондаған елде халық өнерін сол немесе басқа тәсілмен қорғауды
көздейтін заңнама жұмыс істейді,бұл ретте мұндай заңдардың кейбірі
Тунистік үлгілік заңына негізделген. ДЗМҰ-ға мемлекет мүшелері
дәстүрлі білім, генетикалық ресурстар және фольклор жөніндегі
Үкіметаралық комитеттің (ГР ҮК) жұмысы барысында мәдениеттің
дәстүрлі көріністерін қорғау мәселесін қарастырады. Алайда халық
өнері көптеген параметрлер бойынша авторлық құқық жүйесіне сай
келмейді. Мысалы, авторлық құқық шектеулі мерзім ішінде қорғалады,
ал халық өнері тұрақты қорғауды талап етеді, өйткені мәдени мұраға
жатады; авторлық құқықпен, әдетте, қандай да бір тасымалдаушыда
тіркелген туындылар қорғалады, ал халық өнері үнемі дамиды және
әрдайым тіркелмейді. Мысалы, XIII ғасырдың Ақ жылан және Доктор
Сюй Сян туралы қытайлық аңыз үнемі өзгеріп отырды және уақыт өте
келе ауыздан ауызға беру кезінде жаңа мәліметтермен толған. Сонымен
қатар, авторлық құқық бір немесе бірнеше құқық иеленушілерге тиесілі
болуы тиіс, ал халық өнері "белгілі бір халыққа, этникалық топқа
немесе қоғамдастыққа" тиесілі, ал бұл беруге қиын, нақты анықтама
дерексіз ұғым болып саналады. Қоғам туындыны оның жекелеген
мүшелері емес, жалпы қоғамдастықтың меншігі ретінде қабылдай
алады. Халық өнерінің сипаттамасын және олардың авторлық құқық
жүйесінің қағидаттарына қарама-қайшылығын ескере отырып, бірқатар
елдер халық өнерін жеке заңнама шеңберінде қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: