Зияткерлік меншік негіздері: Оқушыларға арналған сұрақтар мен жауаптар


 Авторлық құқық пен патенттік қорғау режимдері немен



Pdf көрінісі
бет40/72
Дата01.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#70608
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72
68. Авторлық құқық пен патенттік қорғау режимдері немен 
ерекшеленеді?
Екі жүйені салыстыру патенттік жүйе технологиялар саласындағы 
өнертабыстарды қорғауды қамтамасыз ететінін көрсетеді, ал авторлық құқық 
жүйесінде әдеби және көркем туындыларды қорғауға басты назар 
аударылады. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға патенттік 
заңдармен қорғалатын ғылыми әзірлемелер туралы туындылар жатқызылуы 
мүмкін болғандықтан, құқықтардың қиылысуы туындауы мүмкін. Авторлық-
құқықтық және патенттік қорғау жүйелерінде техникалық шешім, мысалы, 
автомобиль қозғалтқыштарының жаңа түрі мүлдем әртүрлі көзқараспен 
қарастырылады. Егер сіз автомобиль қозғалтқышының конструкциясы 
туралы мақала жазсаңыз және оны жарияласаңыз, сіз басқаларына осы 
мақаланы көшіруге тыйым салуға құқылысыз. Алайда, егер кімде-кім сіздің 
мақалаңыз негізінде қозғалтқышты дайындаса және оны нарықта сатса, бұл 
сіздің авторлық құқығыңызды бұзу деп саналмайды. Керісінше, егер сіз 
өтінім беріп, қозғалтқышқа патент алсаңыз, патент заңнамасына сәйкес сізге 
қозғалтқышты өндіруге және сатуға тыйым салу құқығы беріледі. Алайда, 
егер біреу жаңа қозғалтқыштың конструкциясы мен сипаттамалары туралы 
мақала жазса,бұл сіздің патентіңізді бұзу болмайды. 


69. Авторлық құқықты қалай алуға болады?
Авторлық құқық пен патенттер немесе тауар таңбалары арасындағы ең 
үлкен айырмашылықтардың бірі осындай құқықтарды алу тәсілі болып 
табылады. Авторлық құқық автоматты түрде беріледі. Заң бойынша авторлар 
туындыны жасаған сәттен бастап авторлық құқықтарды алады; Берн 
конвенциясына сәйкес оларға қандай да бір тіркеу рәсімдерін орындау 
немесе қандай да бір алдын ала мақылдауды алу талап етілмейді. Бұл 
әлеуметтік шығындарды азайтуға мүмкіндік береді,бірақ сонымен қатар 
құқық иеленушілердің құқығын қорғауды қиындатады. Туындыны тіркеу 
оның аяқталған күні мен құқық иеленушінің жеке басының тәуелсіз дәлелі 
бола алады. Егер тіркеу жүргізілмесе, өз құқықтарын қорғауға ниет білдірген 
құқық иеленушілерде туындының сипатына байланысты осы фактілердің 
тәуелсіз дәлелдерін ұсынуда қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл проблеманы 
шешу үшін көптеген елдерде ерікті тіркеу жүйесі құрылды. Егер құқық 
иеленушілер туындыны маңызды және құнды деп санаса, олар оны тіркеуге 
тырысады. Егер олардың елінде ерікті тізілім болмаса, олар туындыны Берн 
конвенциясының қатысушысы болып табылатын басқа елдің тізілімінде 
тіркей алады. Тіркеу авторлық-құқықтық қорғаудың міндетті шарты болып 
табылмаса да, көптеген құқықтық жүйелерде ол авторлық құқық иегерінің 
жеке басын алдын ала немесе жекелеп көрсететін дәлел бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет