Рютимейердің (1867) «Жануарлар әлемінің шығу тегі туралы» еңбегінде қазіргі кездегі палеонтологиялық деректер мен мәліметтер негізінде жануарлардың жер бетіне таралуын ежелгі түрлі фауналық қабаттарды бөліп көрсетті. Ең ежелгі фауна ретінде Әлемдік мұхит алынды, ол өмір бесігі деп саналды, одан тұщы су мен құрлықты мекендеушлер шықты деп дәлелді. Құрлықтағы фауналардың ішіндегі ең ежелгісі ретінде мезозой фаунасының біржынысты және қалталы өкілдері кездесетін аустралиялық фауна қарастырылды. Жас фауналарға Рютимейер (үшінші жастағы) африкалық және үнді фауналарын жатқызды, ал ең жасы Солтүстік Америка және Ескі әлем дүниесінің солтүстігіндегі өзгеріске аз ұшыраған мұзды фауна болып саналды.