Оңтүстік Африканың маңындағы аралдардағы жануарлардың таралуы сипатын зерттей отырып, Дарвин мынадай қорытындыға келеді: уақыт өткен сайын түрлік өзгерістердің болатынын түсіндірді, аралды мекен еткен түрлер айырмашылығы неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым олардың географиялық ажырау ерекшеліктері ұзақтау және анағұрлым маңыздырақ болады. Дарвин биогеография ғылымының дамуына айтарлықтай үлес қосты, ол эндомиялық түрлердің және өзіндік түрдегі фауналардың қалыптасуы үшін географиялық кедергілердің маңызды рөл атқаратынын Галапагос аралдары фаунасының мысалы негізінде көрсетті. Ол организмдердің территорияға кездейсоқ келуінен мүмкін болатын, яғни желмен, ағыстармен, жыл құстарының келуімен және басқа да жағдайлармен мекендейтінін де дәлелдеп берді. Әрбір түрдің тектік шығуының бірыңғай орталығы болатыны туралы заңдылықтарды нақтылап шығарды және оның дұрыстығын растады. Бірыңғай түр мекен етекен ареалдар бөліктері арасындағы алшақтықты оның аралық аудандарындағы тектік түрлерінің жойылуымен түсіндірді. Дарвиннен кейін ғана фаунаның эволюциясын зерттейтін зоогеографияның тарихи (генетикалық) деп аталатын бағыты дами бастады. Тарихи зоогеографияның дамуы К.Рютимейер және А.Уоллес еңбектерінен бастау алды.