Сушкин болжамын ары қарай Б.К.Штегман дамыта жалғастырды. Штегманның «Палеарктикалық облысының орнитологиялық бөліну негіздері» атты жұмысы (1938) зоогеографиялық аудандастыру қиындығын құрлықтағы шекаралық сызықтарды жүргізу арқылы жеңілдетеді. Зоогеографияның негізгі құрылымы ретінде еркін және статикалық түрде жүргізілген аймақтық бірліктер емес, уақыт және кеңістік бойынша өзгеретін әрі бірге тіршілік ететін не қарама қарсылықта болатын «фауналар типіне» қатысты бірліктер қарастырылады. Ол екі фаунаның бір-біріне өзара енген облыстарын картада сәйкес түспен бояп көрсетті. Осыған ұқсас ұсыныстарды зоогеограф В.Рейнигте ұсынды, «фауна типі» (немесе «фауна шеңбері» термині көбіне шетел зоогеографтары қолданылады) ортақ таралу ортасына енетін түрлер кешенін айтады.