60 жылдары ерекшеленген бағыттардың бірі - аралдар биогеографиясы. Ол Престона (1962) және Мак-Артура мен Уилсон (1967) жұмыстарында қарастырылды. Олар аралдар фаунасының динамикасын зерттеудің жаңа әдістерін ұсынды және аралдар ауданы мен ондағы мекендейтін жануарлар санының арасындағы өзара байланысты, колонизация процесі мен жойылудың (түрлердің айналымы) аралық қатынасын анықтады, фауналық коллапсқа назар аударды. Бұл бағыттың дамуы соңғы жылдардағы табиғатты қорғау мәселелерінен шықты. Табиғи ландшафттың антроптік түрленуі дәуірінен қалған жануарлардың мекені мен таралуындағы қалдықтар қорық аймақтары ретінде қалыптасты, яғни ауылшаруышылығын дамыту мен территорияны урбанизациялау нәтижесінде қорық түріндегі оқшау аралдар пайда болды. Сондықтан Престон осы оқшау қорықтағы организмдер популяциясына табиғаттағы аралдардың жағдайлары қолданылуы керек деп санайды. Осылайша қорықтағы «минимальды динамикалық аудандар» туралы мәселелерді шешуге болады, яғни жануарлар түрлерін қорғауды, олардың жеке бөліктерден тұратын қорын және өзіндік «архипелаг» құруды іске асырады, жалпы бақылаулар көрсеткендей осындай фауналар жиынтығы біртұтас ауданнан аса бағалы келеді.