Зоогеографияның дамуы


Зоогеографияның алғашқы тарихына тоқталып өтелік



бет3/29
Дата08.03.2022
өлшемі6,18 Mb.
#27233
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Зоогеографияның алғашқы тарихына тоқталып өтелік.

  • Аристотельдің (б.д.д 384 - 322 жж.) еңбектерінде 500 жуық жануарлардың түрлері сипатталады, сонымен қатар географиялық ортаның баяу жүретін өзгерістері туралы оның пікірлері, құрылық бетінің кейбір бөліктерінің көтерілуі басқа бөліктердің түсуіне алып келетіні, осыған ұқсас жер бетінің ғасырлық тербелісі мен оған байланысты климаттың өзгеруі қызықтырды. Географияның дамуы Эратосфен (б.д.д 275— 194 жж) және Страбон (б.д 63-20 жж) ғалымдарының есімімен байланысты, олар жер бетінің кейбір бөліктеріндегі жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сипаттады. Рим империясының дәуірлеген кезінде Аға Плинияның (б.д. 23-79 жж) «Жаратылыс тарихы» атты көптомдық еңбектері жарық көрді, оның екі томы тірі организмдерге арналған. Бұл еңбектердегі жаңалық аз болды. Оның еңбектері сол Аристотель жұмыстарынан алынған мәліметтерді құрады, бірақ ол жоқ организмдер туралы фантастикалық аяндарды хабарлаған. Христиандық шіркеудің б.д. V ғ. үстемдігі және Рим империясының құлауы ғылымның құлдырауына және антикалық ғалымдар мұрасының жойылуына әкелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет