Зоогеографияның дамуы



бет5/29
Дата08.03.2022
өлшемі6,18 Mb.
#27233
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
ЗООГЕОГРАФИЯНЫҢ ДАМУЫ

Орыс саяхатшылары

  • Орыс саяхатшыларын да атап кетелік. Олар Сібірдегі жануарлар әлемі, негізінен қымбат терілі аңдар туралы алғашқы білімдерді жинақтады. Сондай аңдардың бірі бұлғынның таралуы туралы мәліметтерді сол кездегі қызмет жасаған адамдардың жазбаларынан білеміз. Байкал өңірінің фаунасы туралы алғашқы мәліметтерді, оның ішінде нерпа туралы Василий Власьев, ал сібір жануарларының толық тізімін, ондағы бұғы, бұлан, ешкі, түлкі, құндыз, россомаха және басқаларын Савва Есипов жазып кеткен. Алғашқы ізашарлар Сібірдің солтүстік-шығысындағы морждардың мекендерін тапты. 1665 жылы Юрий Селиверстов Анадырь өзненіндегі қызыл балықтың миграциясын сипаттап жазды, теңізден келетін қызыл балығы өзеннің бастауына барып, уылдырық шашып өлетінін көрсеткен. Владимир Атла¬сов болса, осы өзендегі қызыл балығымен бұлғынның, түлкінің және камшаттың қоректенетінін жазған. Осы жазбалар нағыз фауналық естеліктерге айналды. Сібірде 15 жыл (1661—1676) болған Юрий Крижанич «Сібір тарихы» атты еңбегін жазды, онда ол оның үш аймағын – тундра, тайга, даланың климаттық жайына орай өсімдіктері мен жануарлар әлемін сипаттаған. Бұл жұмыс сібір бойынша алғашқы биогеографиялық еңбек болып саналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет