Шығыста тек қана арабтар осы антикалық өркениеттен қалған білімді сақтап, оның дамуына өз үлестерін қосты. Осындай қажырлы еңбектердің қатарына тәжік ғұламасы Әбу-Әли Ибн-Синаның (980—1037) жұмыстары жатады. Ол өзінің «Канон» атты еңбегіне сол уақыттағы белгілі болған барлық жаратылыс-ғылыми білімдерді және Орта Азия жануарлары туралы құнды мәліметтерді жинақтады.Қайта дәуірлеу кезеңінде (XIII—XVI ғғ.) адамзат өмірінде мәдени төңкерістер болды, ол өз кезегінде түрлі елдердің нарықтық қатынастарын кеңейтті. Осы уақытта географиялық білімге деген қызығушылық басым болды. Италяндық Марко Поло өзінің моңғол хандығына барған сапарында Орта Азия жерінен өтіп, үш ел мен оның халықтары туралы жазбалар қалдырады. Ол осы саяхатқа 24 жылын (1271—1295) арнайды, оның жазбаларында Азия табиғаты мен оны мекен еткен жануарлар туралы сенімді мағлұматтар жазылған.