XVII ғ жаратылыс ғылымдары үшін негізінен сипаттау, түсіндіру дәуірі болды. Жаратылыстанушылардың жинақтаған деректі мәліметтері нақтыланды, коллекциялар жиналды, зерттеу әдістері мен тәсілдері жетілдірілді. Бірақ жануарлардың географиялық таралулары жайлы мәліметтерді жүйелеу барысындағы қадамдар жасалмады. 1605 жылы Виртсген Британия аралдарының және еуропалық континент фаунасына талдаулар жасау нәтижесінде Англия, Солтүстік және Батыс Европа жануарларының бірыңғай ұқсастығы туралы орынды қорытынды жасады. Виртсген осы ұқсастықты континенттердің жақын орналасуынан, яғни су басқанға дейінгі біртұтас аймақ болғанынан деп түсіндірді. Осындай жұмыстарды 1660 жылы ағылшын капитаны Симпсон жүргізді. Ол Фолкленд аралдарын зерттеп, ондағы кеңінен тараған түлкілерді оңтүстікамерикалық түлкілермен салыстырды. Олар ұқсас болып шықты. Симпсон алдыңғылар сияқты Фолкленд (Мальвин) аралдары бір кездері Оңтүстік Америкамен біртұтас болған деген қорытындыға келеді. Осы екі қорытынды сол уақытта елеусіз қалған. XVIII ғ өзінде де организмдердің географиялық таралу деректері әлемнің пайда болуының діни догмалық көзқарастарымен түсіндірілетін.