Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы факультеті


Морфологиялық ерекшеліктері



бет2/2
Дата27.04.2023
өлшемі32,25 Kb.
#87516
1   2
Морфологиялық ерекшеліктері. Күнбағыс астра тұқымдасына жатады, барынша кең тараған түрі — мәдени күнбағыс. Күнбағыстың бұл түрі шекілдеуігінің мөлшері, майлылығы мен қабықтылығы бойынша 3 топқа бөлінеді: майлы, шағылатын жөне аралық. Өндірістік маңызға майлы топтың сорттары ие.
Мәдени күнбағыс — кіндік тамырлы бір жылдық өсімдік, көптеген ұсақ бүйір тамыршаларының арқасында Қазақстанның құрғақ далалы аймағында ойдағыдай өсіріледі. Күнбағыс сабағы тік өседі, қуатты, тікенекті түктермен көмкерілген, майлы сорттары бұтақтанбайды, биіктігі 0,6-2,5м. Жапырақтары ірі, сағақта, сабақта кезектесіп жөне қарама қарсы орналасқан, сопақ, жүрек пішінді, түкті. Гүл шоғыры — диаметрі 15-20 см және одан да жоғары себет. Оның негізін гүл тұғыры құрайды, шеттерінде жыныссыз тілді, ал ортасында, қосжынысты түтік тәрізді гүлдер орналасқан. Себеттің гүлдеуі созалаңқы және 7-10 тәулікке созылады. Жемісі — шекілдеуік, ол жеміс қабығынан және тұқымнан құралады. Майлы сорттардың 1000 шекілдеуігінің массасы 40-80 г және қауыздылығы (қабықтылығы) 28-35%.
Биологиялық ерекшеліктері. Өсіп-жетілу кезеңдері -көктеу, бірінші нағыз жапырақтар жұбы, бүрленуі (шанақтануы), гүлдеу және пісу. Күнбағыстың шекілдеуігі +4-5°С температурада өне бастайды, ең қолайлы температура +16-18°С деп есептеледі және бұл жағдайда күнбағыс көгі 6-8 күнде пайда болады. Өркендер -5-7°С үсікті жеңіл көтереді. Гүлдену кезеңіне қарай жылуға қоятын талабы арта түседі де, гүлденуі мен кейінгі дамуына +25-27°С температура қолайлы деп есептеледі. Күнбағыс жоғары температураға 8-10 сағат бойы тұрақты түрде шыдай алады. Басқа дақылдармен салыстырғанда ол аз зақымданады, транспирация күшінің нәтижесінде және өсімдік бойыңдағы түктердің жылу сәулелерін шашыратып жіберетіндіктен, жоғары температура мен аңызақтан күйікке ұшырамайды. Толық вегетация кезеңіне қажетті белсенді температура жиынтығы 1800-2500°С. Солтүстік Қазақстан жағдайында ерте және орташадан ерте пісетін сорттар үшін бұл көрсеткіш 1900-2100°С тең.
Күнбағыс ылғалды көп қажетсінеді (транспирация коэффициенті 470-550), алайда қуаңшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Бұл жақсы дамыған тамыр жүйесімен, сабақ пен жапырақтардың түктілігімен түсіндіріледі. Ылғалдың тапшылығы сезілгенде жапырақтардың төменгі жағында орналасқан тыныс алатын ұсақ саңылаулар жабылыңқырайды да, судың булануын азайтады, осының нәтижесінде күнбағыс суды тиімді пайдаланады. Өсіп-өну кезеңдеріне қарай жалпы пайдаланатын судың шығыны төмендегідей: себет түзілгенге дейін 20-22% , гүлдеуінің соңына дейін 60-62% , піскенге дейін 18-20%. Күнбағыс — қысқакүндік, жарық сүйгіш өсімдік. Басқа өсімдіктермен көлеңкеленуін, әсіресе жас шағында, сонымен қатар ұзақ бұлыңғыр ауа райы өсімдіктің өсуі мен дамуын әлсіретеді, өсіп-өнуін ұзартады.
Күнбағыстың өсіп-дамуына қара және қоңыр топырақтар қолайлы болып табылады, құмдаң, сазданған және сортаң топырақтардың жарамдылығы шамалы. Қазақстанда майлы дәнге күнбағыстың Родник, СПК, Донской крупноплодный, Салют, Одесский 122, Заря, Восход сорттары мен Казахстанский 1 буданы өсіріледі. Қарқынды өсіру технологиясының ерекшеліктері. Күнбағысты ауыспалы егісте сүрі жерде өсірілген бидайдан кейін, тыңайтылған күздіктерден, жүгеріден, дәнді бұршақ дақылдарынан кейін орналастырады. Бір ескертетін жайт, күнбағысты бұрынғы орнына 7-8 жылдан ерте қайталап орналастыруға болмайды (сұңғыламен, аурулар және зиянкестерімен залалдану және; жарақаттану мүмкіндігінен). Топырақ өңдеу жүйесі алғы дақылға, өсірілу аймағына, талаптардың арамшөптермен ластауына, т.б. жағдайларға байланысты өзгереді. Күнбағысты таза сүрі жерде өсірілген бидай немесе күздіктерден кейін орналастырғанда алдыңғы дақылды жинап алысымен танаптар жазықтілгіш терең қопсытқыштармен 20-22 см және одан да тереңге қопсытылады. Жүгері алғы дақылынан кейін эрозиялық қауіпті ескере отырып, танапты терең қопсытуға немесе аудара жыртуға болады. Алғы дақылдардың арамшөптермен ластануы айтарлықтай жоғары болғанда және олардағы егінді жинағаннан кейін, жылы өрі ылғалды ауа райы қалыптасса, сонымен бірге эрозиялық қауіп болмаған жағдайда негізгі өңдеудің алдында арамшөптерді еліктету мақсатымен танаптар алдын ала дискіленеді. Қыста 1-2 рет қар тоқтату да оң нәтиже береді. Ерте көктемде топырақтың физикалық пісуіне қарай ине тісті немесе тісті тырмаларымен топырақ кесектерін үгіту және оның бетін тегістеу үшін топырақ тырмаланады, арамшөптер де көктеуге еліктетілінеді.
Себу алдында танаптар 6-8 см тереңдікке қопсытылады және бір мезгілде тығыздалады. Күнбағыс 1 ц тұқым қалыптастыруға орта есеппен 6 кг азот, 3 кг шамасында фосфор жөне 18 кг калий шығындайды. Бұл көрсеткіштер астық дақылдарына қарағанда анағұрлым жоғары. Бұл майлардың жоғары деңгейде құнарлылығымен және калориялы органикалық заттар екендігімен түсіндіріледі. Өсіп-жетілу кезеңдерінде қоректік заттарды күнбағыс өсімдігі біркелкі сіңірмейді: азоттың барынша көп мөлшері себеттің пайда бола бастауынан гүлдеуге дейін, фосфор көктеуден гүлдеуге дейін және калий себеттің түзілуінен піскенге дейін пайдаланылады. Бағдарламаланған өнімге байланысты қажетті тыңайтқыштар мөлшері баланстық әдіспен анықталады. Фосфорлы және калийлі тыңайтқыштары күзде топырақты аудара жыртқанда немесе терең қопсытқанда енгізіледі, ал азот тыңайтқыштары көктемде, себу алдында қолданылады. Күнбағысты себумен бірге әр гектарға енгізілген 15-20 кг түйіршіктелген суперфосфат, сондай мөлшерде азотпен үстеп қоректендіру (өсер етуші затпен есептегенде) жақсы нәтиже береді. Егуге күнбағыстың бірінші жөне екінші класты тұқымдары пайдаланылады, олар нақты мөлшерде себуге іріктелген болуы керек, себу алдында тұқымды 80% -ті ТМТД (Зкг/т) улы затымен дәрілейді. Тұқымның сіңіру тереңдігінде топырақ температурасы +10-12°С-ға жеткенде сепкен дұрыс. Қазақстанның көптеген облыстарында бұл жаздың бидайдың себу мерзіміне (мамырдың І-ІІ онкүндігі) сәйкес келеді. Қатараралықтары 70 см және қатардағы өсімдіктердің ара қашықтықтары 24-30 см етіп теспелі тәсілмен, себу мөлшерін егін жинау алдындағы түпкілікті өсімдік санына есептеп себеді және ол көрсеткіш аймақтар бойынша төмендегідей болуға тиіс (әр гектарға есептегенде, мың дана): орманды дала және далалық аудандарда 40-45, жартылай қуаңшылықты далалық аймақта — 30-40 және қуаңшылықты аудандарда (Солтүстік Қазақстан) — 20-30.
Тұқым ылғалды топырақ қабатына сіңіріледі (6-7 см); топырақ ылғалдығы жеткіліксіз болғанда тереңірек сіңіруге болады (8-10 см). Себуден соң іле-шала егістік бұдырлы таптагыштармен тығыздалады. Күнбағысты майлы дәнге өсірудің қарқынды технологиясында егістікті күтіп баптау жұмысы маңызды рөл атқарады. Күнбағысты сепкеннен 4-6 тәулік өткен соң, егіс көгінё дейінгі тырмалау жүргізіледі, ал нағыз жапырақтардың бірінші жұбы пайда болғанда егін көгі тырмаланады. Өсіп тұрған арамшөптерді қырқу үшін қорғау алаңын 12-15 см қойып қатараралықты 8-10 см тереңдікке қажет болса, екіншісін 6-8 см тереңдікке жүргізеді. Егістікте арамшөптермен күресті химиялық тәсілмен де жүргізеді, қос жарнақтыларға және біржылдық астық тұқымдастардың біразына қарсы топырақ гербициді прометринді қолдану тиімді. Оны егістен бұрын немесе күнбағыс өскін берер алдында топыраққа енгізеді. Астық тұқымдас бір жылдың арамшөптер топыраққа енгізілген трефланмен де (1,0-2,5 кг/га) жойылады. Жемістерінің байлануын көтеру үшін гүлдеу кезеңінде күнбағыс егістігінің өр гектарына 1-2 бал ара ұясын апарып қояды. Күнбағыс егістігінде жинар алдында десикация (құрғату) жүргізу пісуді 10-12 күнге жеделдетеді, тұқымның бір мерзімде пісуін қамтамасыз етеді, механизм күшімен жинауды жеңілдетеді, сұр және ақ шіріктің дамуын тежейді, құрғақ тұқым жиналады, тұқымның шығыны кемиді. Десикацияны күнбағыстың жаппай гүлдеуінен 35-45 күн өткеннен соң (себеттегі дәннің ылғалдылығы 35-30% болғанда) магний хлоратымен (20 кг/га) немесе жаңа дәрмек «Бастамен» (2 кг/га) жүргізеді. Жинауды десикациядан кейін дәннің ылғалдылығы 14-12% жеткенде, ал тұқымдықта 6-8% болғанда қайтадан жабдықталған астық жинағыш комбайндармен атқарады. Әдетте бұл мерзім ауа райына байланысты десикацияланғаннан 7-15 күн өткен соң басталады. Тұқым жиналысымен жедел түрде тазаланады, қажет болса құрғатылады. Сақтауға құйылатын тұқымның ылғалдылығы 7-8%-тен аспайды.

2 Өсімдік майларының сапасына қойылатын талаптар




Май сапасын
бағалағанда мөлдірлігіне, түсіне, дәміне және иісіне назар аударады.
Дезодоратталған рафинадталған май мөлдір, тұнбасыз, иіссіз болуы керек.
Зәйтүн майында әлсіз бөлінетін табиғи дәм мен иіс болуы керек. Қыша май
өзіне тән дәм мен иісті, бөтен иіссіз; күнжіт майы-жағымды нәзік дәмді,
ашымаған болу керек. Рафинадталмаған майда кішкене тұнбаның болуы рұқсат
етіледі. Физика-химиялық көрсеткіштерден стандартпен түс саны, қышқыл
саны, ылғалдылығы, ұшқыш заттар мөлшері, йод саны, т.б. нормаланады.
Ашыған, көгерген, шіріген дәм мен иісті, интенсивті лайланған
майларсауда орындарына жіберілмейді. Дезодоратталған рафинадталған
майларды 500, 400, 250г сыйымдылықты шөлмектерге, 400г және одан жоғары
полимерлі ыдыстарға құйылып жабылу керек. Майы бар шөлмектерді
жәшіктерге немесе полимерлі ыдыстарға салынады.
Шөлмектерге құйылған өсімдік майларын 18 

С-қа дейін температурада
85% салыстырмалы ауа ылғалдылығында 4айға дейін сақталады. 
Өсімдік майларын алу технологиясы. Өсімдік майын ертеректе
күнбағыс, зығыр, мақта, жаңғақ сияқты майлы дақылдардың дәнін жаныштап,
ағызу, қыздырып тарту сияқты қарапайым тәсілдермен алып, қарынға, бүйенге,
күбілерге, ішекке құйып сақтаған.Төп (ботқа), палау басуға, талқан бұлғауға,
нан пісіруге, ет қуыруға пайдаланылған. Қазір өсімдік майы техникалы әдіспен
аланып, шыны, темір ыдыстарда сақталады. 
Өсімдік майлары – түрлі өсімдіктер дәнінен алынатын табиғи өнімдер.
Майлы дақылдарға тұқымында, дәнінде майдың мөлшері көп болатын
дақылдар жатады. Олардан алынған майлар тамаққа пайдаланылады және және
басқа өндіріс салаларында да қолданылады. Өсімдік майлары таза күйінде
немесе маргарин түрінде қолданылады. Майлы дақылдарының тұқымдарының
сапалық көрсеткіштеріне олардың түсі мен иісі, ылғалдылығы, араласпалардың
мөлшері, майдың мөлшері және сапасы жатады. Майлы дақылдарға жататын
үпілмәліктің (майкене)(май 54,3%), жержаңғақтың (май 48,7%), қышаның (май
41,5%), рапыстың (май 42,4%), күнбағыстың (45,1%), күнжіттің (май 50,2%),
сояның (май 20,0%), зығырдың (42,5%), арыштың (май 36,2%) құрамында 20- 
дан 55%-ке дейін май болады.
Өсімдік майлары негізінен глицериннің, қаныққан және қанықпаған бір
негізді май қышқылдарының күрделі эфирлерінен (95-98%) түзіледі. Олардан
басқа өсімдік майлары құрамында 1-2% май қышқылдары, 0,05-3%
фосфатидтер, 0,3-0,5% өсімдік стериндері, аз мөлшерде пигменттер, 0,5%-ке
дейін Е витамині болады. Кейбір өсімдік майлары құрамында илік заттар,
алкалоидтар, гликозидтер, эфир майлары тағы басқалары кездеседі. Өсімдік
майларының құрамы майдың түсіне, дәміне әсер етеді. Өсімдіктердің
тұқымдарымен жемістерінде майдың мөлшері әр түрлі (2,3-70%-аса болады).
Өсімдік майлары қатты және сұйық болып екіге бөлінеді. Өсімдік майлары
негізінен тамаққа қолданылады;сондай-ақ әліп май, сыр, жағар май ретінде,
сабын өндірісінде кеңінен пайдаланылады.
Өсімдік майларын алудың 2 тәсілі бар. Бірі-сығымдау, екіншісі- 
экстрактілеу. Сығу тәсілі – май алудың ең ежелгі тәсілі, бұл кезде жоғары
қысымда дәндерді сығып алады. Сығымдаудың 2 әдісі бар: суық және ыстық.
Суық сығымдауда дәндерді алдын-ала жылулық өңдемей сығады; майдың түсі
ашық түсті болады, май дәндерінің табиғи дәмі мен иісін сақтайды. Май
шығымын ұлғайту үшін майдаланған дәндерді 100-110 
Стемпературада ылғалдандыра отырып қуырады, нәтижесінде май тұтқырлығы азаяды да, одан
май толық бөлінеді. Майдың дәмі мен иісі күшейе түседі,түсі қоюланады. 
Эксрактілеу – май алудың тиімді әдісі, мұнда майды дәндерден май
еріткіштермен ерітіп алады. Бұл май дәндерінен майын толық бөліп алуға
болады. Бұл тәсілде арнаулы аппарат ішіне органикалық еріткіштер құйылып
майдаланған дәндерден май ажыратады. Майға араласқан органикалық
еріткіштерді бөліп шығару үшін дистиллятор, ал майы бөлініп алынған
қалдықтарға араласқан еріткіш заттарын бөлу үшін шнекті буландырғыштар
пайдаланылады. Майы алынған қалдық заттар – малдың құнарлы жемі.
Дәндерден бөлініп алынған май тазартылады. Тазарту әр түрлі қоспалардан,
ароматты, ақуызты және шырышты заттардан, пигменттерден, бос май
қышқылдарынан ажырату үшін жүргізіледі. Қоспа түріне байланысты
тазалаудың әр түрлі әдістері қолданылады. 
Механикалық тазалау – майды тұндыру, сүзгілеу немесе центрифугалау
арқылы бөгде қоспалардан тазартады. Механикалық тазартудан ғана өткен
майды рафинадталмаған деп атайды. 
Гидратация кезінде майдан ақуызты және шырышты заттардан бөледі.
С-қа дейін қыздырылған май арқылы ыстық су немесе 1%-ды ас тұзының
ерітіндісін өткізеді. Ақуызты, шырышты заттар және фосфатитер ісінеді,
коагуляцияланады да тұнбаға түседі. Тұнбаны алып тастайды, ал майды сүзеді
немесе сепараторда тартады. Механикалық тазалау мен гидратациядан өткен
май – гидратталған май деп аталады.
Нейтралдау майдан бос май қышқылдарынан ажырату үшін жүргізіледі. 
Майға сілті ерітіндісін қосады, ол бос май қышқылдарымен әрекеттесіп сабын
түзеді. Сабынды бөліп алу үшін майды сумен жуып кептіреді. 
Ағарту майдан бояғыш заттарды бөлу үшін жүргізіледі. Майға ұнтақталған
әр түрлі ағартқыш заттар, активті көмір,т.б. қосады, олар бояғыш заттарды
адсорбциялап, бояғыш заттарды ұстайды, ал май мөлдірленеді. Содан кейін
майды сүзеді.
Механикалық тазаланған, гидратталған, нейтралданған және ағарған май –
дезодорацияланбаған рафинадталған май деп аталады.
Дезодорация процесінде майдың табиғи ароматты заттары, сонымен қатар
бензин қалдықтары ажыратылады. Дезодорация арнайы аппараттарда –
дезодораторларда жүргізіледі. 170-230
С-қа дейін қыздырылған майдан өткір
аса қызған бу өткізеді, бу ароматты заттарды жұтады. 
Тазалаудың толық сұлбасынан өткен май – дезодоратталған рафинадталған
деп аталады. 
3 Өсiмдiк майын өндiру үрдістері
Өсiмдiк майын екi түрлi әдiспен алуға болады:
1 - Ұнтақтау әдiсiмен ;
2 - екiншi химиялық (экстракция) әдiсiмен, бұл жағдайда шикiзатқа органикалық ерiткiштер қолданады.
Өсiмдiк майлары мынандай өсiмдiктердiң дәндерiнен алынады: күнбағыс, мақта, жүгерi, арахис, соя, күнжүт. Осы майлардың биологиялық құндылығы өте жоғары болады, себебі бұлардың құрамында қанықпаған май қышқылдары, май ерiтетiн витаминдер, каротин, фосфатидтер т.с.с. болады. Шикiзаттан майды алу үшiн химялық тазарту мен ұнтақтау әдiстерiн қолданады. Ал егер екi әдiстердi бiрден қолданып, яғни алдымен ұнтақтау әдiсiн қолданып, одан кейiн химялық тазарту әдiсiн пайдаланса, онда алынған майдың сапасы жоғары болады. Майды шығару үшiн, май өнеркәсiбi әр түрлi май шығаратын қондырғыларды пайдаланады. Осы майлардың сапасы мемлекеттiк стандарт арқылы реттеледi. Тағам майлары тұнық, ашық түстi болуы керек. Майдың сапасы иiсiмен, тұнбасымен, қышқылдық санымен, сабындалу санымен анықталады. Шикiзатқа қойылатын талаптар, өнiмнiң сапасына қатысты стандарттар бойынша анықталады. Мысалы, дәннiң сапасының негiзгi көрсеткiшiнiң бiрi- қышқылдық саны (МЕМСТ 10858- 77, МЕМСТ 26597-89) арқылы анықталады. Токсикалық элементтер МЕМСТ 26927-86, МЕМСТ 26930-86, МЕМСТ 26934-86, микотоксиндер мен пестицидтер денсаулық Министрлiгi бекiткен әдiстермен анықталады. Өсiмдiк майлары құрамында 99,8-99,9% май болғасын, 100 г майдың қуаттылығы 927-929 ккал болады. Рейхерт – Мейссел және Поленске сандары кокос және пальмоядро майларын және басқа майларға бұлардың қосылғанын айқындау үшiн анықтайды. Микробиологиялық көрсеткiштер көпшiлiк өсiмдiк майлары үшiн шектелмейдi. Ал күнбағыс, жүгерi және Д маркалы майлар үшiн мезофильдi, факультативтi анаэроб микроорганизмде, iшек тақтасы тобының бактериялары /коли түрi/, патогендi микроорганизмдер, сальмонелла, ашытқы және зеңдi саңырауқұлақтар белгiлi бiр мөлшерде рұқсат етiледi.
Органолептикалық көрсеткiштерi. Көпшiлiк өсiмдiк майларының өзiне тән дәмдерi мен иiстерi болады /күнбағыс, соя, кокос, т.б./. дәмi мен исiн бақылауда басқа заттардың, мысалы, ұшатын заттар эфир майы мен ерiтiндiлер, әсiресе бензиндi анықтауға болады. Бұл көрсеткiш майдың жастығын көрсетедi. Ашыған, қыздырған дәмi, борсыған, зең, шiрiген иiсi бар майлар сапасыз деп есептеледi.
Майдың түсi оның құрамындағы пигментке байланысты, әртүрлi үдемелi сары түс – каротин және псантофильдiң /күнбағыс, соя, жүгерi, зәйтүн т.б./ әртүрлi жасыл түс – хлорафилдiң /зығыр, сора/, қара-қоңырдан қараға дейiн – госсипольдық /мақта майы/ болуынан. Жақсы бiлiнетiн түстi рафинадталмаған өсiмдiк майынан көрiнедi. Түсiнiң анықтығы /түс саны/ рафинадталмаған май неғұрлым көп өңделген болса, соғұрлым майдың түсi анықтау келедi. Майдың түрiне тән емес түстiң болуы, стандарт нормасына сай болмауы оның осы түрге, сортына сай келмейтiндiгiн көрсетедi.
Майдың мөлдiрлiгi – Майдың әртүрлi қосындылардан тазартылғандығын бiлдiредi. Майдың сорты жоғары болған сайын, онда аз мөлшерде қоспалар болады, ол стандарт талабы бойынша шектеледi. Тұнба белок, шырынды заттар, фосфатиттер майды өңдеу кезiнде май дәндерiнен пайда болады. Аталған заттар майды сақтау кезiнде бұзылуына әкелiп соқтырады, себебi олар тотығуға, глицеридтердiң ыдырауына әсер етедi.Тұнбаға

түсу көрсеткiшiне бiрден-бiр тәуелдi көрсеткiш – “Фосфоры бар заттардың массалық мөлшерi” ол майдың құрамындағы фосфатиттердiң мөлшерiнен болады.


Өсімдік майларының (соя) өнімдерін стандарттау
Егістіктен әкелінетін соя дәндері топырақпен, арам шөптермен және басқа да қоспалармен ластанған болады, олардың жалпы мөлшері 10 – 20 % .
Мұндай соя дәндерін тазартусыз өңдеуге болмайды, өйткені минералды қоспалар құрал – жабдықтардың тез бұзылуына әкеледі, ал арам шөптер майдың сапасын төмендетеді және майдың көп мөлшерде жоғалуына жағдай жасайды.Сондықтан да өңдеу алдында соя тұқымын тиянақтап тазалайды. Майлы дақылдарды қабылдауда, оларды сақтау және дайындауды қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімде үздіксіз өндіріс жұмыс істеу үшін ар- найы машина аппараттық сызбаларды қолданады. Дәнді қабылдау және дайындап, майды алу үшін алдымен авто немесе теміржол көлікпен кәсіпорынға әкелгенде зертханаға үлгіні алады.Норма-тивтік құжат талаптарына сай болған жағдайда дәндерді түсіріп, арнайы қор бункеріне немесе қоймаға тасымалдағыш арқылы тасымалданады.Бункерден дәндер автоматты таразыдан өтіп, алғашқы тазалағыш сепаратор — тас бөлгіштен өтеді.Сосын дәндер кептіргіштен өтеді.Кептіргіште потокты газ арқылы дәннен артық ылғал шығады.Кептіргіштен кейін алдымен соя дәндері электромагнитті (илеуіш механизм арқылы) сепаратордан (ферромагнитті қоспалардан айыру үшін) өтеді. Сосын майдалағышқа жіберіледі.Майдалағышта дән мен ядро бөліну үшін сояны кесу және арнайы ұрғышты пайдаланады.Майдаланған массаны рушанка деп атайды. Рушанкада сояның қабықшасы және ядросы болады. Сояның қабықшасы майды көп сіңіріп алатын қасиеті бар,сондықтан оны ядродан бөледі.Бөлу үшін асперациялы семеновейка М1С-50 немесе М2С-50 аппаратын қолданады. Дән бөлшектерін және ядроны майдалау үшін бес вальцті станогын қолданады.Вальцтарда майдаланған өнімді мятка деп атайды.Оны көп уақыт сақтауға болмайды,өйткені ферменттердің әсерінен майлардың құрама бөлшектерге гидролизі жүреді, бұл майдың тағамдық техникалық сапасын төмендетеді.Осыны болдырмау үшін мятканы 90 – 97 °С температураға дейін қыздырады.Осының нәтижесінде оның құрылымы өзгереді және өсімдік майының шығымы жоғарылайды. Мятканы конструкциясы әртүрлі жаровняларда ылғалдандырады және қуырады.Осындай жолмен дайындалған өнімді мезга деп атайды. Содан кейін мезганы майды сығып алу үшін престерге немесе экстракцияға жібереді.
2. Рафинадтаудың әдістері
Рафинадтаудың әдістері әр түрлі болады:физикалық, химиялық және физико – химиялық .Рафинадтау үрдісінде келесі үрдістер жүзеге асырылады:
 бірқалыптандыру ;
 сүзу;
 гидрадтау ;
 нейтралдау ;
 ағарту ;
 дезодорадтау.
Бірқалыптандыру кезінде майды ыдыстарда ұзақ мерзімде тыныштықта қалдырады.Аса қатты бөлшектер тұнбаға түседі. Сүзу – механикалық қоспаларды бөліп алуға мүмкіндік береді.Майды арнайы мата немесе сүзгіш қағаздан сүзеді. Гидрадтау – майды коллоидті- ерігіш фосфатидтерден, ақуызды және тағы басқа заттардан тазарту.Майға қаныққан буды немесе суды қоса отырып араластырып, ақуызды заттарды және фосфатидтерді ылғалдандырады.Олар гидрофильді қасиетке ие болып, гидрадтау үрдісінде суды сіңіріп, ісініп, іріленеді.Нәтижесінде түйіршіктерге айналып,тұнба түзеді.Содан кейін майды сепаратор арқылы өткізеді.Осыдан кейін май кепкен соң сақтау кезінде мөлдір болып, тұнба түзбейді. Гидрадтау үрдісі үшін араластырғыш-коагуляторды қолданады.Гидрадтау үрдісінен кейін вакуумды кептіргіш колонды типті аппаратты пайдаланады.
Нейтралдау – сілті ерітіндісін майда кездесетін бос май қышқылдарды реакцияға түсіріп, сабынды тұнбаны ала отырып,бос май қышқылдарды жою.Егер де майда бос май

қышқылдары болса онда олар жоғары температурада, әсіресе май ылғалды болған жағдайда құрал – жабдықтарға тот басып кетеді және бос май қышқылдар майдың сапасын төмендетеді. Тікелей тамаққа немесе тағамдық өнімдерге қолданатын майдың қышқылдық саны 0,4 мг/КОН аспау керек. Нейтралдау үрдісінде лопасты араластырғышты, дискті араластырғышты, нейтралдаушы периодты тетікті қолданады.Нейтралдағыштар 5, 10, 20 және 40 т. сиымдылықта болады.


Қорытынды

Күнбағыс майы тағамдық және дәмдiк жағынан өте бағалы, майдың құрамында биологиялық белсендi заттар-фосфат, майда еритiн витаминдер және А, Д, Е провитаминдері бар. Майдағы коферолдардың мөлшерi (витамин Е) 60-80%, фосфатидтердiң (фосфолипидтер) - 0,7-1,0%, оның 55-65% лецитин құрайды, олар тағамдық және техникалық жағынан өте құнды. Күнбағыс күнжарасындағы (шрот немесе май өндірісінің қалдығы) протеиннiң құрамында барлық амин қышқылдары өзара жақсы қатынаста кездеседi. Мысалы: 7 кг.күнжарада: лизин –12,8 г, триптофан-5,1, тирозин-6.5, цистин-2.7, аргенин-19.3, гистидин-8.7 г. Ал оның құрамында май, көмiрсу, фосфатидтер, фитин, пектин, В тобындағы витаминдер бар.


Мал шаруашылығында күнбағыс (шротты) қалдығы кең түрде пайдаланылады, оның құрамында қоректік заттардың мөлшері жоғары және белогы мол жем болып табылады. Әрi ол әр түрлi құрама азықтардың құрамына кiредi. Күнбағыс белогы тек қана мал азығы емес, сонымен қатар тағамдық маңызы бар, сондықтан жем өндiрiстерiнде кең түрде пайдаланады.
Өңдеген кезде дәннiн қабығынан ажыратады, ал қабықтары гидролиз өндiрiсiнiң өте қымбат шикiзаты болып табылады. Одан фурфурол, этил сприртi мал азығы, ашытқылар т.б. заттар химиялық өндiрiсте алынады. Күнбағыстың қалдығынан пектин алынады, ол кондитерлiк өндiрiсте кең қолданылады.

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Позняковский В.М. Гигиенические основы питания, безопасность и экспертиза продовольственных товаров. Новосибирск. 1999 г.


2. Руководство по методам анализа качества и безопасности пищевых продуктов/Под. Ред. скурихина И.М., Тутельяна В.А. М., 1998. 
3. Deming W.E. Out of the Crisis.- Cambridge: Cambridge University Press, 1986. 
4. современный эсперимент: подготовка, проведение и анализ результатов / В.Г.Блохин, О.П.Глудкин, А.И.Гуров, М.А.Ханин. Под.ред. О.П. Глудкина – М.: Радио и связь, 1996. 
5. Deming W.E. The New Economics for Industry, Covernmenr and Education. – Massachusetts: MJT Center for Advanced Engineering Study, 1993. 
6. Karatsu H. TQC Wisdom of Japan. – Cambrige: Productivity Press, 1988. 
7. статистические методы повышения качества: Пер. с англ ./ Под.ред. Х.кумэ. – М.: Финансы и статистика, 1990. 
8. Интеграция производства и управление качеством продукции / В.Г. Версан, В.И. сиськов, Л.Г. Дубицкий и др. – М.: Изд-во стандартов, 1995.
9. Сертификация: отечественная и зарубежная практика /серия “Международная инженерная энциклопедия” / Под.ред. В.Г.Версана и Е.Тавера. – М.: Изд-во стандартовб 1994.
10.Сертификация. Отечественная и зарубежная практика. Центр «Наука и техника» под редакцией Версана В.Г., Тавера Е.Й. М., 1994. 
11.Сертификация пищевых продуктов и продовольственного сырья в Российской Федерации (сб. нормативных документов и методических материалов) М. «Ось-89», 1996. 191 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет