Қ. А. Ясауи атындағы казақ-түрік унтверситеті



бет1/4
Дата24.11.2022
өлшемі0,54 Mb.
#52442
  1   2   3   4

М.Әуезов Атындағы оңтүстік Қазақстан университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Сепсистің патофизиологиясы

Қабылдаған: Шатманов Кудратулла

Орындаған:Акрамова Айжан

Тобы: АП-19.8дк1

Жоспар

  • I Кіріспе II Негізгі бөлім
  • а) Жұқпалар патофизиологиясы ә) Сепсис. Сепсистің дамуы б) Сепсистің клиникасы в) Сепсистің жіктелуі г)Сепсистің диагнозы
  • д)Сепсистің емі III Қорытынды IV Пайданылған әдебиеттер

Кіріспе
Сепсис – бұл ауыр инфекционды ауру. Әр түрлі қоздырғыштардың және олардың токсиндерінің әсерінен пайда болады.
Сепсис туралы түсінік тарихи көзқарастарға ұшырады. Бүгінгі күні сепсис дамуында адам тәнінің серпілістеріне маңызды орын беріледі. Шын мәнінде микробтың түріне қарамай организмнің сепсиске қайтаратын жауабы әрдайым бірдей болады.
Америка ғалымдарының ұсыныстары бойынша жұқпалы үрдістерді: жүйелі қабынулық серпілістер синдромы, сепсис, жұқпа, бактериемия, ауыр сепсис, сепсистік сілейме деп ажыратады.
Жүйелі қабынулық серпілістер синдромы – деп микроорганизмдердің, олардың тіршілік өнімдерінің немесе қабыну медиаторларының, жергілікті ошағынан шығып, жалпы қан айналыммен бүкіл денеге тарап кетуін айтады.
Жұқпалар патофизиологиясы
Жұқпалар сезімтал организм мен микробтардың өзара әсерлерінен дамиды. Жұқпалы аурулардың, басқа аурулар сияқты, өздерінің себепкер ықпалдары мен даму жолдары болады. Олардың дамуында сырттан енген жұқпаларға қарсы тұтас организмнің, жүйелердің, ағзалар мен тіндердің және жасушалардың деңгейлерінде қорғаныстық тетіктері қосылады. Бұл тетіктер жеткілікті болғанда организм жұқпалардан нәтижелі қорғанып, сырқаттану болмайды немесе ол жеңіл түрде ғана болады. Ал олар жеткіліксіз болғанда ауыр жұқпалы аурулар дамиды. Жұқпалы үрдістердің бірнеше түрлерін ажыратады:
● Сепсис – жұқпалардың бүкіл денеге жайылған ауыр түрі. Бұл кезде міндетті түрде немесе шартты түрде дерт туындататын микробтардың денеге жайылуынан организмнің жүйелі қабынуы болады;
● Септикопиемия – науқас адамдардың әртүрлі ағзалары мен тіндерінде іріңді ошақтардың қалыптасуымен сипатталатын түрі;
● Бактериемия, вирусемия, фунгиемия – бактериялардың, вирустардың, майда саңырауқұлақтардың қанда болуымен, бірақ олардың онда өсіп-өну белгілері болмауымен, көрінетін түрі;
;
● Салдарлық жұқпалар – организмде бар бір жұқпалы ауру кезінде екінші бір микробтардан туындаған жұқпалы үрдістің түрі;
● Микстинфекция – бір мезгілде бірнеше микробтардан дамитын жұқпалы үрдіс түрі;
● Реинфекция – науқас адам сауыққаннан кейін сол дертті туындатқан микробтың әсерінен жұқпалы үрдістің қайталануы;
● Суперинфекция – науқас адам сауықпай жатып, сол дерт туындатқан микробты қайта жұқтыруы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет