Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті « География және табиғатты пайдалану факультеті » Кафедрасы « Геоинформатика »
СӨЖ Тақырыбы: Отбасы-шағын әлеуметтік топ ретінде Орындаған:Аманғалиева Аманай Ерболатқызы Тексеретін: Ноғайбаев Еркін Оразалиұлы
Алматы, 2023ж Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім 1.1. Отбасы әлеуметтік институт 1.2. Отбасы әлеуметтануы 1.3. Отбасы функциялары Қорытынды я Кіріспе
Отбасы - ежелден қалыптасып қана қоймай, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты қоғаммен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қатынастарды және басқа да туыстық формаларды негіздейді.
Отбасында пайда болған және үнемі орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мазмұнын ашу, сондай-ақ әке мен ананың орнын, рөлін, олардың ұрпақтарын осы ортада зерттеу, отбасының ішкі құрылымы, атқаратын қызметі және т.б. - әлеуметтану ғылымының маңызды талаптары.
Отбасының рекреациялы функциясы қазіргі кезде ерекше маңызға ие болып отыр. Өмірдегі құбылыстар тез өзгерістерге ұшырап, соның салдарынан әр түрлі әлеуметтік және психологиялық тұрғыда ықпал ету арта түскен бүгінгі таңда стрестік жағдайлар саны біршама көбейіп, отбасы бұдан кейінгі ерекше терапиялы рөл атқару міндеттерін өз мойнына алды. Өйткені әрбір отбасы жан тыныштығын, өзара сенімнің қалыптасуын, қауіпсіздік сезімі мен психологиялы тұрғыдағы онды ортаны қалайды, әрі соны орнықтырады. Аталмыш функция езіне рухани - эстетикалық сәттерді, сонымен қатар отбасылық демалысты ұйымдастыруды да өз құзырына қосып алған. Отбасы өмірінің рекреациялы мәселесі отбасы қатынасының мәдениетімен тығыз байланысты, бұл отбасының жалпы өміріне, оның тұрақтылығына, тіптен некенің сақталуына үлкен ықпал жасайды.
Отбасының статустық функциясы да бар. Отбасында тәрбиеленген әрбір адам өз отбасының мүшелеріне етене жақын кейбір статустарды мұра етіп алады. Бұл ең алдымен тұлғаның мынандай аса маңызды статустарын: ұлтын, қала немесе село мәдениетіндегі орнын және т.б. жағдайларды қамтиды. Таптық қоғамдарда отбасының белгілі бір әлеуметтік жікке бөлінуі баланың келешек өмірін көбіне-көп анықтайтын мүмкіндіктер жасайды. Әлбетте, таптық статус адамның күш-жігеріне орай және қолайлы жағдайлардың тууына байланысты өзгерістерге ұшырайды, алайда, адамның болашағын оның ез отбасынан іздеу керек. Ата-анасының және туыстарының статустарына етене жақын рөлді атқара білу статустарына баланы дағдыландырып, дайындауды міндетті түрде отбасы жүзеге асыруы тиіс. Оны іске асыру барысында баланы әртүрлі жағдайларға, мүдделерге, құндылықтарға, өмір салтына қызықтыра отырып тәрбиелейді.
Қорғау функциясына келетін болсақ, онда отбасы институты өз мүшелерін әр түрлі деңгейде физикалық, экономикалық және психологиялық тұрғыда қарастырады. Отбасы институты қоғамдық басқа институттардың арасында ерекше орын алады, оны жете зерттеуге де айрықша көңіл бөлінеді. Өйткені отбасы ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалатын мәдениет үлгілерін одан әрі жалғастырушы, ілгері апарушы болуымен қатар, тұлғаны әлеуметтендірудің қажетті жағдайын да қалыптастырады. Адам әлеуметтік рөлдерді тек отбасында ғана үйренеді, білімнің негіздерін алады, мінез - құлық дағдыларын қабылдайды.
Отбасылық әмір ережелері, олардың алғышарттары мен бастаулары, салт-дәстүрлері әр коғамда өзіндік өзгешеліктері арқылы ерекшеленеді. Оз қоғамындағы отбасылық өмірдің құрылымы, отбасылық дәстүрі мен бастаулары әркімге ең тәуірі, бірегейі болып көрінеді. Сөйтіп, отбасылық өмір көбіне-көп этно центризм тұрғысынан қарастырылған. Отбасы қоғамның маңызды бөлігі болып саналады десек, онда неге адамзат бәріне ортақ отбасы үлгісін жасамайды? - деген сауал туады. Бұған жауап беру үшін отбасы институтының шығуы мен дамуы туралы мәселені қарастыру қажет.
Отбасы-бұл белгілі бір әлеуметтік нормалармен, санкциялармен, мінез-құлық үлгілерімен, құқықтар мен міндеттермен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қатынастарды реттеумен сипатталатын әлеуметтік институт.
Сонымен қатар, отбасы-бұл некеге немесе туыстық қатынасқа негізделген шағын тұқым, ал оның мүшелері жалпы өмірмен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысты. Неке отбасындағы қарым-қатынасты қалыптастырады деп саналады.