Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ___________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары ___________________________________________ (сабақтың тақырыбы)
Бөлім:
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Күні:
Сынып:
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
«Бақытсыз Жамал» романы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
8.2.1.1 композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау;
Сабақтың мақсаты
Шығармадағы құрамдас бөліктерді рет-ретімен жүйелі орналасуына, тұтастығына қарай талдау;
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы: 5 минут
Ұйымдастыру Оқушылармен амандасу Үй тапсырмасын сұрау «Кім жылдам» әдісі бойынша тест сұрақтарына жауап береді
Тест сұрақтарына жауап береді.
Сабақ ортасы: 20 минут
Оқушыларға шығарма бөлшектері бойынша тапсырма беріледі.
Сəрсембайды Нұрпейіс дейтін бимен билікке таласуға қыздырады. Сəрсембай оған еріп, атын, асын, ақшасын шашып таласады. Бірақ Нұрпейісті ел ақсақалдары, əсіресе, елге беделді Байжан биі қуаттаған соң, Сəрсембай құр малын шашып, босқа қалады да Нұрпейіс би боп кетеді. Осы кекті ұмытпай жүрген Сəрсембай, Байжан Жамалды сұратқан соң Шолпанның көнбегеніне қарамай, Байжанмен құда болады да, келер сайлауда би боп шығады. Бірақ ол биліктен, сиез кезінде біреуді ұрамын деп түсіп қалады.
Жамал өзіне тең іздейді. Ол тең бір ойында табылады. Ол табылған жігіт, көзі ашық, оқулы Ғали деген жігіт болады. Ғали сол ойында Жамалмен түсінісіп алады да, артынан көп ұзамай Жамалмен жақындасады. Сүйтіп, екеуі «ойнап-күлумен» жүргенде, Жұман қайнына ұрын барады – деген лақап жайылады – лақап рас боп шығады. Жұманнан аза бойы тік тұратын Жамал көргісі келмей, не де болса Ғалимен кеткісі келеді. Ғали бір келгенде екеуі сөздерін бекітеді де, бір жұмадан кейін Жамал Шолпанмен ақылдасып, бір түнде Ғалимен жоқ болады. Ғали сол кеткен бетімен бір шаһарға барып, Фатихолла деген саудагер ноғайға паналайды.
Байжандікіне барғаннан кейін, өзі кайғылы Жамалды Жұман ұра бастайды. Кеткенін бетіне басады. Осындай қоршылықпен күн кешірген Жамал, қыстың басында, бір күні таяқ жеген соң, түнде суытып қойған атты мініп, кашады. Қашқандағы ойы шаһарға барып, Фатихоллаға паналау болады. Бірақ ауылдан шыға боран соғып, жолдан адасады да, үсініп, далада өледі. Таңертең жолмен келе жатқан жолаушылар қар теуіп тұрған атты көріп, атқа барса, жанында өліп жатқан Жамалды көреді.
Ғали бір келгенде екеуі сөздерін бекітеді де, бір жұмадан кейін Жамал Шолпанмен ақылдасып, бір түнде Ғалимен жоқ болады. Ғали сол кеткен бетімен бір шаһарға барып, Фатихолла деген саудагер ноғайға паналайды.
медреселерінің бірінен оқыған шәкірт екен. Қазақ ішінде қымыз ішіп, күзгі тәхсилге қаражат жинап алу үшін мұғалімдікке шыққан Ғазиз есімді ноғай жігіт, жасы жиырма екілерде ашық пікірлі, үсүл тағлымынан жақсы ғана хабары бар еді. Екі жылдай қазақ ішіне шығып, қазақтың сырын білгендіктен және де Сәрсенбайдың пікірін аңғарып сөйлескен уақытында өзін шіп-шикі ескі жолмен оқыған хадимі етіп көрсетті. Себебі ол: <<Аз уакытта мен бұларды түзей алмаспын, онан да бұларга хилаф келмей, өйтіп-бүйтіп қаражат жинап алайын», - деп ойлады.
Сәрсенбай шәкіртке айтты:
- Өзіміз бір ауылда жеті-сегіз үйміз, бес айға жиырма бес сом акша береміз. Сөзді ашып айтқан жақсы, мен өз басым малымның кірін беремін, басқалар өзі біледі, ал кемпір-мемпір құлап қалса, өз талайыннан, деп күлді. Сол үйде осы ауылдың өз молдасы да отыр еді, соған қалжындап анау жерде отырған бір жігіт сөйледі:
Біздін Қасен молдадай қанды қақпан болса, бұл молда да теріс болмас. Біздің молда Торқа бәйбіше мен Жаппардын баласы өлгеннен бері дәндеп, күнде бір келе жаткан кісі болса, намазға шақыра жүр ме деп, қарап тұратын болды, деп уйде отырғандарды ду күлдірді. Біраз сөйлескеннен кейін Сәрсенбай шәкіртпен келісіп үйіне алып кайтты.