• Үгілу( тозу ) процесі деп, жер қыртысын құрайтын алғашқы заттардың жер бетінде табиғи жағдайда үздіксіз жүріп жататын әр түрлі әрекеттердің нәтижесінде (ыстық ауа мен салқын ауаның кезек алмасуы, жауын – шашын, су мен жел, ауадағы оттегі мен көмірқышқыл газының және әр түрлі қышқылдардың химиялық әсері, күн радиациясы, тірі организмдер мен өсімдіктердің әрекеттері) байқалатын өзгерістердің жиынтығын айтады. Табиғат факторларына байланысты үгілудің үш түрі бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық. •