• жазықтық бетінде



Дата28.02.2023
өлшемі15,72 Kb.
#70435

Мысалы, «Бастырмалау» тарауы әр түрлі материалдарды (қағаз, картон, кептірілген жапырақтар, өсімдік дәндері, мата, тері, жүн, мақта, т.б.) пайдалана отырып, қолдану мағынасына қарай және орындалу әдістеріне байланысты бұйымдарды бастырмалап әзірлеуді көздейді. Жасалу әдісіне қарай бастырмалаудың мынадай түрлері бар екенділігі айтылады:
• жазықтық бетінде;
• дөңес бетте;
• көлемді бастырмалау. Ал мазмұнына байланысты:
• ою-өрнекті;
• бір затты;
мағыналы тақырыпты;
• әріптік бастырмалау болып келетіндігі көрсетіледі. Бастырмалау жұмысын орындау барысында оқушылардың композиция жайында, түстердің және материалдардың үйлесімділігін таба білуде білімдері мен біліктіліктері арта түседі, конструкторлық ойлау қабілеттері дамиды. Сол сияқты, бағдарлама бойынша «Құрақ құрау» тарауында мұғалім оқушыларды ұлттық жастық пен көрпеше құрақ түрлерімен таныстыра отырып, олардың түстерінің үйлесімділігін табу жолдарын үйретеді. Құрақ құрау өнері бұрыннан келе жатқан өнер екендігі айтылады. Оны алғашында тері, көннен, киіздерден құрап, бұйым жасаса, кейінірек мата қалдықтарынан құрақ құрап, жастық көздерін, көрпеше тыстарын қаптап, қажеттеріне жаратқандығы сөз етіледі. Құрақтың жасалуына қарай жастық құрақ, көрпеше құрақ деп екіге бөлінетіндігі түсіндіріліп, жастық құрақтың мынадай түрлері бар екендігі әңгімеленеді:
• тырна қатар;
• жұлдыз құрақ;
• қайшы құрақ;
қаттама құрақ;
• бота көз;
• тістеме құрақ. Ал, көрпеше құрақтың мынадай түрлерге бөлінетіндігі айтылады:
• алма құрақ;
• мүйіз құрақ;
• ат құлақ;
• айшық құрақ. Сөйте келе, оқушылар, алған білімдерін пайдалана отырып, жастық құрақтың анағұрлым күрделі түрлерінен тұтыну бұйымдарын: қалташа құрақпен бастырмаланған құмыра, тырна қатар құрағынан қалам салатын құтышаны қағаз картоннан әзірлесе, мата қалдықтарынан қаттама құрақты ине шаншитын жастықша дайындайды. Құрақ құрау өнері өте шыдамдылықты, ұқыптылықты, құрастыруды дұрыс шешуді талап етеді. Оқушыларды бұл өнерге баулу барысында олардың көркемдік талғамын, дұрыс шешім қабылдау, ойлау қабілетін дамытып, маталарды үнемді пайдалануға үйретеді. «Тігіс тігу, кестелеу» тарауында мұғалім оқушыларды мата өңдеу, тігіс тігу, кестелеу әдістеріне үйретеді. Жақсы тігінші мен күрделі кесте тоқу шеберлігінің әліппесі осы тараулардан құралады. Сонымен қатар оқушыларға табиғи талшықтардан жасалған маталардың қасиеттері жайында техникалық мәлімет беріледі. Іс-әрекет жұмыстары барысында балалар матаны екі бүктеп пішу, бұйым бөлшектерін тепшіп тігу, біріктіру және бұйымдарды сабақты кестемен, біз кестемен, ою-өрнектермен тепшіп тігіп бастырмалау арқылы сәндеу жұмыстарына үйренеді. Келесі «Зергерлік жұмыстар» атты тарауда оқушыларға зергерлік өнерінде шеберлік, ұқыптылық, шыдамдылық талап етілетіні айтыла отырып, ұлттық бағдарламада берілген зергерлік өнер түрлерінде әртүрлі материалдарды қолдану арқылы шағын бұйымды көркемдеп безендіру үйретіледі. Қазақ халқының колөнерінде зергерлік жұмыстарға әр түрлі материалдардан әбзелдерді, ыдыс-аяқтарды, үй жиһаздарын әшекейлеп жасау, киім-кешек, әшекей бұйымдарын, ғимараттарды зерлеу жататындығы туралы айтылады. Бағдарлама бойынша оқушыларға зергерлік жұмыстары жайында жалпы мағлұмат беріледі. Мұражайларға, көрмелерге саяхат жасап, зергерлік жұмыстармен таныстырылады. Материалдарды (қағаз, сазбалшық, ермексаз) көркемдеп өңдеу, бұйымдарды оюлап, бастырмалап, бояп, нақыштау тәсілдері жайында техникалық мәліметтер беріледі. Іс-әрекет жұмыстары үстінде жұмыс барысын жоспарлап, материалды оюлармен бедерлеу, бояу, бастырмалау, нақыштап сәндеу тәсілдерінің ең қарапайым түрлерін пайдалана отырып, тақтайша, астау, сәукеле, қалпақ, сақина, тұмарша, қорапша, жез сымнан жүзік, білезік жасау, жезді бұрау, өрнектеп иіп, түйіндеп кесу жұмыстары; сазбалшықтан ыдыс жасап, сыртын бояп сәндеу; қағаздан бас киімдер мен үй жиһаздарын жасау сыртын әр түрлі материалдармен (тас, түйме, моншақ, үкі, фольга, қағаз, тері) оюлап, бастырмалап сәндеу үйретіледі. Мысалы: әшекей бұйымдары (жүзік, моншақ, білезік), ыдыс-аяқ (ожау, күбі, келсап, саптаяқ), бас киімдер (тақия, бөрік), жүк аяқ, кебеже. Сонымен қатар аталған бағдарламалар бойынша өткізілетін сабақтар барысында еңбек құралдарымен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасы мен жеке бастың тазалығын сақтау ережелері оқушыларға түсіндіріліп отырады. Сондай-ақ технология сабағы барысында ұлттық сәндік-қолданбалы өнерге үйретуде пәнаралық байланыстар іске асырылады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет