2) мәліметтерді жинақтау мен толықтырудың эмпирикалық әдістері (бақылау, әңгімелесу, оқушылар мен мұғалімдердің іс-әрекеттерінің нәтижелерін зерделеу, мектеп құжаттарын зерделеу, ғылыми әдебиетті зерделеу),
3) мәліметтерді өңдеудің графикалық және кестелік әдістері.
11- Педагогикалық зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздеу
Ғалымдар тақырыптың көкейкестілігін негіздеуге ерекше көңіл аударады, тақырыптың ғылыми және практикалық көкейкестілігін бөліп қарастырады. Олардың пайымдауынша, тақырыпты зерделеу практиканың мағыналы сұраныстарына жауап береді, ал алынған нәтижелер ғылымдағы “ақтаңдақтардың” орнын толтырады.
Дегенмен, ғылымтанушылар ойынша, өзекті тақырыпқа орындалған зерттеу шынайы жаңа ғылыми нәтижелердің алынғанының кепілі бола алмайды. Ғалымдардың пікірінше, тақырып бойынша зерттеу жүргізу барысында алынған нәтижелер өзекті болмауы да мүмкін, әсіресе бұл ретте жетілдірілген әдістеме қолданылып, түпнұсқалы эксперимент қойылса, ақпараттың соны жаңа ағымы пайдаланылса да, нәтиженің өзекті болмауы мүмкін
«Зерттеудің көкейкестілігің – ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға (белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін) сұраныс пен қазіргі уақыттағы ғылым мен практиканың бере алатын тұжырымдары арасындағы алшақтық дәрежесін сипаттайтын ғылыми зерттеулер сапасын бағалау өлшемі [2, 161].
Оның тұжырымдауынша, көкейкестілік өлшемі үнемі қозғалыста, дамиды, уақытқа, нақты шарттар мен айрықша жағдайларға тәуелді болып келеді.
13- Зерттеу әдістері және әдістемесі туралы жалпы түсінік
Әдіс” грек тілінен аударғанда “методос” – таным амалы, тәсілі деген мағынаны білдіреді.Зерттеу әдістерін қолдану дегеніміз – мәселелі міндеттерді анықтау, шығарманың сыни талдауын жасау ұсынысы, тәжірибе жүргізу және т.б. Бұл әдіс тиімділігінің басты шарты – зерттеу кезеңдері мен сатыларындағы оқушының өздігінен жұмыс жасауы, ол келесі танымдық әрекеттерді орындаудан тұрады: деректер мен жаратылыстарға бақылау жасау мен зерделеу; гипотеза ұсыну; зерттеу жоспарын жасау және оны жүзеге асыру; зерттеу нәтижелерін жинақтау; алынған нәтижелерге бақылау жүргізу және тексеру, оның маңыздылығына баға беру.