1 – дәріс. Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау пәнінің мазмұны



бет1/15
Дата06.06.2023
өлшемі228,94 Kb.
#99040
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ДӘРІСТЕР (1)


1 – дәріс. Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау пәнінің мазмұны.

    1. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер

    2. Оқыту мақсаттарының жүйесі

«Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау» (бұдан әрі - ӘТБ) пәнінің мақсаты жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың әр түрлі тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларда белсенді және дербес болуға ықпал ететін арнайы әлеуметтік-бейімдеушілік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) білім алушылардың тұрмыстық еңбектік дағдыларын қалыптастыру;
2) білім алушыларды әртүрлі кәсіпорындар мен мекемелерде бағдарлауға (сауда, тұрмыстық қызмет, байланыс, мәдениет, медициналық көмек), ондағы қызмет түрлерін пайдалана білудің қарапайым дағдыларын үйрету;
3) жақын және танымайтын орта адамдарымен қарапайым түрде тұрмыстық қатынас орнату;
4) психофизикалық даму кемшіліктерін түзеуге ықпал ету; сөздікті байыту және жүйелендіру; диалог пен монологты ауызша сөйлеуде дамыту.
1.1. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер
1. ӘТБ бойынша оқу процестерін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері арнайы педагогиканың принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады:
1) жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды дайындау және дамыту
ерекшеліктері мен ерекшеліктеріне қойылатын білім беру жүйесінің бейімділік қағидасы;
2) жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудағы түзеудамыту бағыт олардың мүмкіндіктері мен білім алудағы айрықша қажеттіліктеріне байланысты оқыту қызметтері мен арнайы әдістерімен қамтамасыздандырылады;
3) оқытудың әлеуметтік-бейімдік бағыттары тұлғаның әлеуметтік бейімделмеуінің алдын алады немесе оны азайтады. Білім алушыларға әлеуметтік өмірге қажетті дағдыларды, мінез-құлықтарының әлеуметтік нормаларын игерту бойынша арнайы жұмыстар қарастырылады;
4) білім берудегі әрекеттік тәсіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды тұлғалық тұрғыдан дамыту ерекшелігіне байланысты білім беру құрылымы мен оның негізгі заңдылықтарын ашатын психологиялық ғылымның теоретикалық ережелеріне негізделеді. Және де ол ақыл-ой қалықтығы жеңіл тұлғаны дамыту оларға қолжетімді қызметті ұйымдастыру сипатымен анықталады (пәндіктәжірибелік және оқу);
5) оқытудың тәжірибелік бағыты зерттелетін материал мен білім алушының тәжірибелік қызметі арасында тығыз байланыс орнатуды, тәжірибелік-бағыттық тапсырмаларды шешуге арналған бастапқы мәнге ие білім мен біліктерді қалыптастыруды қарастырады;
6) жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқытудағы дифференциалды және жекелей тәсіл бағдарлама мазмұнын игеру мүмкіндігінің әртектелігімен, оқу материалдарын игеру кезінде көрінетін вариативті типологиялық ерекшеліктердің болуымен көрінеді, ол алынған білім, дағды мен икемдерге ықпал етеді. Ақыл-ойы кемістігі бар білім алушыларға арналған білім беру процесі типологиялық топтардың негізінде жүзеге асады (В.В. Воронкова бойынша). Әрбір типологиялық топтар үшін педагог балалардың мүмкіндіктеріне байланысты олардың күрделілігі мен көлемін есепке ала отырып оқу материалдарын дайындайды. Осымен оқыту жұмыстарының қарқыны, білім алушылардың дербестілік деңгейі, оқыту әдістері мен тәсілдері түрленіп отырады. Білім алушыларды топтарға шартты түрде бөліну. Дифференциалды тәсіл оқытуды жекелендірумен толығады;
7) оқу-танымдық және тәжірибелік қызметке арнайы педагогикалық жетекшілік ету қажеттілігі танымдылық белсенділіктің төмен болуына, ойлаудың сараптамалық және жалпылама қызметтердің әлсіздігіне негізделеді.
Ақыл-ойы қалық білім алушылардың дербес оқу-танымдық қызметтері, әсіресе 3 және 4 типологиялық топтар үшін қиын болған жағдайда педагог оқу тапсырмаларын сәтті орындауды қамтамасыз ету үшін білім алушы қызметінің жетілмеген компоненттерінің қызметтерін өзіне алады. Педагог ақыл-ой кемістігі бар білім алушының жалпы даму заңдылықтарын біле отырып
сыныптың әрбір білім алушысының танымдық мүмкіндіктерін, оқытудың арнайы әдістемесін ұйымдастырады және білім алушылардың оқу-танымдық қызметтерін бағыттайды.
2. Педагогикалық тәсілдерді жүзеге асыру оқытудың әртүрлі стратегияларын пайдалануды қарастырады:
1) мұғалім мен білім алушы арасындағы сенімділік атмосферасын құру;
2) әрбір білім алушының пікірін тыңдау;
3) білім алушының танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әрекет ету түрлері және жіті таңдалынып алынған тапсырмалардың көмегімен оқытуды дамыту және ынталандыру;
4) білім алушыға түсінікті тілдегі мысалдармен мәселелерді шешу стратегияларын үлгілеу;
5) білім алушының жекелей ерекшеліктерін есепке ала отырып дифференциалды тапсырмаларды құрау;
6) барлық сынып жұмысы мен білім алушының топтық, жекелей әрекеттерін ұйымдастыру.
6. Жекелей қарқында даму құқығын тану принципі әрбір баланың жекелей ерекшеліктерін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл принципті ұстану бала дамуын ұдайы зерделеп отыруды қарастырады, мақсаты оны оқытудың жекелей бағдарламаларының мазмұнын анықтау.
7. Педагогтың өзбетімен мазмұнды, әдісті, түр, дидактикалық құралдарды білім алушылардың жекелей мүмкіндіктерін, білімдерін және тұлғалық жетістіктерінің мониторингін таңдау принципі.
8. Білім алушылардың заттық және әлеуметтік дағдыларын дамытуда тиісті мектептік ортаны жасау принципі:
1) білімдері мен дағдыларын өздері қолданатын жағдайға мүмкіндігінше жақын қалыптастыру. Бұл білімдері мен дағдыларын жаңа жағдайларда қолдану қиындық тудырумен байланысты;
2) кеңістікті, әртүрлі өмірлік жағдайлардың көрінісіне, заттық орта мезгілімен білім алушылардың қажеттіліктеріне қарай өзгеріп отырады;
3) жайлы әлеуметтік-тұрмыстық және заттық-дамытушылық орта мектепте жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жасын және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып құрылады.
9. Мектептегі білім алудың күнделікті әрекеттернінің кешенді сипатының принципі оқу жоспарының бірнеше пәндік салаларының интеграциялық мазмұнын қабылдауды қарастырады, бұл мектепте оқу кезеңінде пәнсіз оқыту идеясын іске асырады. Сабақтар Бағдарламаның мазмұнын қолдана отырып, білім алушылардың жалпы дамуына бағытталған (қарым-қатынастық, қимылдық, сөйлеу тілдік, сенсорлық).
10. Оқыту-тәрбиелеу процесіндегі әлеуметтік бағыт принципі. Оқыту және тәрбиелеу ортасы шарасыз шектетілгендіктен, барынша білім алушылардың ерекшелігіне қарай бейімделгендіктен, сонымен қатар қалыпты дамып келе жатқан серіктестерімен араласуға мүмкіндік бермейтіндіктен, баланы күрделі әлеуметтік ортаға қосатын әлеуметтендіру шараларын жүргізу талап етіледі:
1) кезең-кезеңмен және біртіндеп білім алушының мүмкіндігіне сай өмірлік тәжірибесін және әлеуметтік қарым-қатынасын дамыту;
2) қоғамға жанын жараламай енгізу үшін,төзімді және қолайлы орта құру.
Осы мақсатта мектептің жүйелі жұмысы баланың отбасымен және қоғаммен болу қарастырылады.
11. ӘТБ пәнін оқыту процесінде білім алушыларда ақпараттықтехнологияларды қолдану дағдыларын дамыту үшін жағдайлар жасалады. ӘТБ пәнін оқыту процесінде ақпараттық-технологияларды қолдану мыналардан тұрады:
1) шынайы өмірлік ситуациялардағы еліктемелер, сондай-ақ оларды ары қарай түсіну үшін аталмыш ситуацияларды зерделеу үшін компьютерлік үлгілерді қолдану;
2) тәжірибелік тапсырмаларды шешуге арналған аудио-, видео материалдарды өңдеу, кескіндеме, кестелерді, мәтіндерді өңдеу үшін бағдарламалық қамтамасыздандыруды пайдалану;
3) тәжірибелік тапсырмаларды шешу кезіндегі ақпараттықкоммуникациялық технология құралдарын пайдаланудың шығармашылық әдістері;
4) белгілі бір тақырып бойынша топпен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін электронды құралдар көмегімен материалдарды жинақтау және тәжірибе алмасу;
5) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дербес қолдана алу дағдылары;
6) аудитория мен мақсаттарды анықтау үшін әртүрлі ақпарат көздерінен материалдарды іріктеуді қосатын коммуникациялық дағдыларды дамыту;
7) электронды оқулықтарды пайдалану.
12. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың сабақта белсенділігі мен өз бетімен жұмысты дамытатын негізгі шара түрлері:
1) тірі және өлі табиғатты және әдеуметтік өмірдің құбылысын бақылау;
2) заттық-тәжрібиелік әрекет;
3) ойын әрекеті және ойын қызметі;
4) тұрмыстық-еңбектік қызмет;
5) әлеуметтік-тұрмыстық қызмет.
13. ӘТБ пәнінде педагогикалық іс-шаралары білім алушының жеке белсенділігін дамытуға бағытталған.
14. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу материалдарын игеру нәтижелерін бағалау нормалары бағдарламада ұсынылған мақсатқа негізделген және білім алушыларың оқу жетістіктерін бағалау және тексеруді ұйыдастыр кезіндегі ортақ тәсілдерді жүзеге асыруға бағытталған.
15. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау тек ішкі бағалау құралдарымен жүзеге асады. Бағдарламаны игеру нәтижелері сабақ барысында тікелей мұғалім арқылы бағаланады. Ақыл-ойы кем білім алушылармен жұмыс жасаудың негізі саналатын «диагностика және түзеудамыту жұмыстарының бірлестігі» арнайы педагогиканың қағидасына сүйене отырып педагогтар бақылаушы бағалау қызметтерін жүзеге асырады.
16. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқыту нәтижесін бағалау ағымдық (сабақ барысындағы), кезеңдік (тақырыптық) және қорытынды бақылау түрінде жүзеге асады.
17. Ағымдық бақылау сабақтағы білім алушылардың әрекеттеріне бақылау жасау, тәжірибелік және өзіндік жұмыстарға талдау жасау, қызметтің ұжымдық түрлері көмегімен жүзеге асады. Оның нәтижелері сабақ карточкаларына тіркеледі (сабақтың ақпараттық картасы, сабақ конспектісі). Сабаққа бақылау жасау оқу процесінің сапасын қамтамасыздандыру үшін педагогпен қолданылатын оқыту әдістері мен мазмұнын түзету мақсатында жүргізіледі. Мүндай бақылау сондай-ақ ынталандырушы және білім алушыларға қатысты тәрбиелік сипатқа ие.
18. Кезеңдік бақылау бағдарламалық тақырыптары, бөлімдерді зерделегеннен кейін жүргізіледі. Оның нәтижелері курс тақырыптары бойынша білім алушы жетістіктерінің картасында көрінеді.Әртүрлі типологиялық топтарда оқитын белгілі бір тақырып негізіндегі оқу материалдарын зерделеу нәтижелері бірдей болмайды. 1-типологиялық топ білім алушылары (В.В. Воронкова бойынша) оқу материалдарын игеруді білімді қолану деңгейінде көрсете алады. 2-типологиялық топ білім алушылары игеруді тақырыптың негізгі мазмұнын түсінумен көрсетеді. 3-типологиялық топ білім алушылары материалды тек танитын болады және өздерінің білімін өзекті ету үшін мұғалімнің көмегіне қажет етеді. 4-типологиялық топ білім алушылары олардың жетістіктерін бағалау жүзеге асатын жеке бағдарламалар бойынша оқиды.
19. Қорытынды бақылау тоқсанның, жылдың аяғында жүргізіледі.
Педагогтармен міндетті түрде білім алушы жетістіктерінің жиынтық карталарында тіркелінетін оқу жылы ағымында бақылауға алынған әрбір сынып білім алушыларының дамуы мен жетістігінің қарқыны сарапталынады.
20. Бағалау процесінің көмегімен педагогтармен алынған ақпарат дағдылар мен икемдерді игеру кезінде пайда болған қиындықтарға дер кезінде және уақытында бейімделуге мүмкіндік береді. Педагог мұнда білім алушыларға көмек көрсету тәсілдері мен мазмұнын негіздеп анықтайды.
21. Сипаттамалы бағалау тек даму мен оқытудың деңгейін ғана емес, сонымен қатар оқуышымен жұмыс жасаудың келесі қадамдарын анықтайды. Сипаттамалы бағалау мектеп білім алушыларының баламалық өзін-өзі бағалауын қалыптастыру мүмкіндігін береді. Мұнда білім алушы жетістіктерін бір-бірімен салыстыруға жол жоқ. Білім алушы жетістіктерін салыстыру оның алдыңғы жетістіктерімен байланысты болады. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға қатысты білім сапасы мен жетістіктерінің пайызын анықтау дұрыс емес.
22. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау педагогтардың бағалау қызметінің обьективтілігін қамтамасыз етеді.
23. ӘТБ пәнін оқу барысында курстың тәжірибелік бағыты мақсатты түрде күшейтіледі. Рөлдік ойындар арқылы бекіту, тәжірибелік тапсырмаларды орындау, мәселелік тапсырмаларды шешу, өмірлік ситуацияларды талқылау, экскурсия және кездесу-сабақтарды ұсыну арқылы оқу материалының үлкен бөлігі қарастырылады. Бұл білім алушыларда қоғамдық нормалар мен құндылықтар, білік, білімге негізделетін қажетті әлеуметтік құзырлықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.
24. ӘТБ пәнін оқыту процесінде келесі пәндермен пәнаралық байланыстар орнатылады:
1) қазақ тілі. Тұжырымдарды, ұсыныстарды, ойды дұрыс жеткізуде қазақ тілінің ережелерін қолдану;
2) математика. Есептеуіш және өлшеуіш дағдыларын пайдалануды талап ететін өмірлік ситуацияларды пайдалану;
3) Қазақстан тарихы. Қазақ халықының дәстүрі, тұрмысын көрсететін жағдаяттарды пайдалану.
25. Сабақтар қажетті жабдықтармен жарақтандырылған арнайы кабинетте жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет