1 – тапсырма Биологиялық диктант Заманауи молекулярлық генетикадағы болашағы зор зерттеу бағыттарының біріне ДНҚ молекулаларының нуклеотидтік ретінің шифрын табу - ............. жатады. ................. үшін көп мөлшерде ДНҚ – ның қысқа бөліктерінің көшірмелері жасалады. Осы мақсатпен көбінесе ......... – полимеразалық тізбектік реакция қолданылады. ............... атты халықаралық жобаға байланысты ғалымдар Джеймс Уотсон геномын материал ретінде пайдаланып, ДНҚ – ның гаплоидты жиынтығындағы ................ барлық нуклеотидтері ретінің шифрын тапты. Алынған нәтижелері жалпы гендік терапия мен медициналық генетиканы және .................... дамыту үшін қолдану жоспарлануда
Жауабы Биологиялық диктант Заманауи молекулярлық генетикадағы болашағы зор зерттеу бағыттарының біріне ДНҚ молекулаларының нуклеотидтік ретінің шифрын табу - секвенирлеу жатады. Секвенирлеу үшін көп мөлшерде ДНҚ – ның қысқа бөліктерінің көшірмелері жасалады. Осы мақсатпен көбінесе ПТР– полимеразалық тізбектік реакция қолданылады. «Адам геномы» атты халықаралық жобаға байланысты ғалымдар Джеймс Уотсон геномын материал ретінде пайдаланып, ДНҚ – ның гаплоидты жиынтығындағы 23 хромосома барлық нуклеотидтері ретінің шифрын тапты. Алынған нәтижелерді жалпы гендік терапия мен медициналық генетиканы және фармакологияны дамыту үшін қолдану жоспарлануда.
Адам геномикасы- молекулалық медицинаның негізі болып, тұқым қуалайтын және қуаламайтын ауруларды анықтау, емдеу және алдын алу, болдырмау әдістерін қалыптастыру үшін маңызды рөль атқарады.
Сомалық жасушаларда хромосомалардың гаплоидты жиынтығы болады.
«Адам геномы» бағдарламасы – бұл бірінші халықаралық проект, оның шеңберінде адамның ДНҚ геномының нуклеотидтер жүйелігі (секвенирлеу) зерттеліп баяндалды, хромосомадағы барлық гендердің нақты орналасуы анықталды (картирлендіру).