Гүлді-сәндік және сүректі өсімдіктердің көбеюі



бет1/3
Дата15.03.2023
өлшемі311,38 Kb.
#74440
  1   2   3



Дәріс № 5,6
Тақырыбы: Гүлді-сәндік және сүректі өсімдіктердің көбеюі
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Гүлді-сәндік өсімдіктерді тұқымнан көбейту. Тұқымның шаруашылық сипаттамасы.
2. Тұқымды себу алдындағы өңдеу және оның негізгі тәсілдері.
3. Гүлді өсімдіктердің гүл көшеттерін өсіру. Пикировка және оның маңызы.
4. Сәндік гүлді және сүректі өсімдіктердің вегетативтік жолмен көбеюі.
5. Қалемшелеу: аналық өсімдік туралы түсінік, аналық өсімдікті таңдау.
6. Өсімдік күтіміндегі өсу реттегіштері.

Өсімдік шаруашылығының қай бағытында да өнімнің бастамасы тұқымнан алынады. Жалпы алатын болсақ, өсімдіктердің шаруашылығындағы «тұқым» ұғымы өнім беретін бастапқы, яғни алғашқы материал ретінде қарастырылады. Шаруашылықта тұқымдық материал ретінде төмендегі материалдарды қолданады: нағыз тұқымдар, жалаңаш және қабықты жемістер (көп жағдайда дара жыныстылар); жемісті шоғырлар.


Тұқым - өсімдіктердің өзіне тән барлық қасиеттерін алып жүретін материал, сондықтан олардың сапасы әлбетте алынатын ақырғы өнімнің сапалық көрсеткіштеріне әсерін береді. Тұқымның сапасыз болуы әсерінен басқа ешқандай факторлар жағдайды түзей алмайды, демек топырақ құрамы, тыңайтқыштың бұл мәселеде рөлі мардымсыз. Сондықтан бастапқы материал сапасы басты назарда болу керек.Тұқымның 3 сапалық көрсеткіші бар:
Тұқымның сапалық көрсеткіші



Себу сапасы

тұқымның себуге жарамдылық дәрежесін анықтайтын жалпы тұқымдық қасиеті

Сорттық сапасы

сорт тазалығы, өну мен өнім беру дәрежесіне, шығу-тегіне қойылатын талаптар

Өнімділік сапасы

жағдайларға немесе факторларға сәйкес өнім беру қабілеті.

Тұқымтану - мәдени өсімдіктердің тұқымдық материалдарын, құрылысы мен аналық өсімдікте пайда болуын, тұқымдағы физиологиялық жағдайларын, қоршаған орта мен агротехникалық шаралардың тұқымның өнуіне әсерін, тұқымның сапасын зерттейтін ғылым.


Гүлзарлық өсімдіктерді көбейту мақсатында тұқымдық материалдар жиі қолданылады. Тұқым арқылы біржылдық өсімдіктер мен екіжылдықтар, кейбір ашық грунттың көпжылдық өсімдіктері (аспарагус, глоксиния, цикламен, т.б) көбейеді.
Көпжылдықтар үшін тұқымдық материалдар аз қолданысқа ие, оның бір себебі - өсіп шыққан тұқымдық материалдар аналық өсімдік қасиеттерін толық алып шыға алмайды (нәркес, шұғылық, қызғалдақ, раушан, флокс және т.б). Және көпжылдықтардың өркендері өте баяу өседі, ұзақ уақыттан кейін ғана гүлдейді. Гүлзарлық өсімдіктердің сорттық қасиеттерін сақтап қалу үшін бұл жағдайда вегетативті көбейту тәсілдерін қолданады.
Жалпы тұқымдық материалмен аз ғана уақыт ішінде көп мөлшерде көшеттердің санын алуға болады. Тұқымдық материалдар вегетативті көбейген көшеттерге қарағанда көп жағдайда дезинфекциялық шараларға ыңғайлы келеді. Тұқыммен көбейту кезінде генетикалық материалды қайта рекомбинаттау арқылы ұрпақтарынан өзгергіштіктің жоғары дәрежесін көруге болады, сол арқылы жаңа сорт шығару тиімділігі байқалады.
Тұқымды себу алдындағы өңдеу және оның негізгі тәсілдері. Тұқымдарды ылғалдау мен кептіру. Тұқымдардың өну мерзімі әр түрлі. Себу алдындағы тұқымдарды өңдеу оның өнуіне әсер етеді. Жай ғана таза суға тұқымды салып қойғанның өзі және ісінген тұқымдарды себу өскіндердің пайда болуын тездетіп, өсімдіктің ары қарай өсуіне жағдай жасайды.
Тұқымдарды ылғалдауды макро- және микроэлементтермен біріктіріп жасаса пайдалы болады. Микроэлементтерден маңыздылары бор, марганец (өсімдіктің дамуын тездетеді), мыс, молибден (вегетация кезеңін ұзартып, мәдениеттің қартаюйын кешеуілдетеді).
Тұқымдарды ылғалдаудағы судың қолайлы температурасы 18- 20Со, кептіру кезіндегі ауаның температурасы 20-30 Со. Суды тұқымдарға аз-аздан құяды. Артық су мөлшері тұқымдардың өнуін төмендетуі мүмкін. Ылғалданған немесе өнген тұқымдарды тек қана ылғал топыраққа себеді. Егер топырақ құрғақ болса себуден кейін суарады.
Қолайсыз ауа райына төзімді жылу сүйгіш өсімдіктердің тұқым өскіндерін алу үшін оларды шыңдайды (цинния, сальвия, бальзамин, агератум-ақсауле). Өсімдіктерді шыңдау техникасы қарапайым. Ылғалданған тұқымдарды ұрық оянып өсе бастаған уақытта, яғни алғашқы 12 сағат 15-20 Со жерде ұстайды. Температураны әрбір 12 сағат сайын күнделікті 5-10 күндей ауыстырып отырады. Тұқымдарды шынықтыру да өсімдіктің өсуі мен дамуын тездетіп, өнімділікті 20- 30% дейін көтереді.
Тұқымдарды суда микроэлементтермен өңдеу үшін мыс купорасын, марганец сульфатын, мырыш сульфатын және бор қышқылын 20-40 мг мөлшерде 1 л суда ерітеді (3,9 мг мыс купорасы құрамында 1 мг мыс, 4,4 мг марганец сульфатында 1 мг марганец, 4,4 мырыш сульфатында 1 мг мырыш және 5,7 мг бор қышқылында 1 мг бор болады).
Таза суда ылғалданған және микроэлементтері бар тұқымдарды 25-30 Со температурада алғашқы өскіндер шыққанша ұстайды. Содан кейін ылғалданған және құрғақ тұқымдарды бірдей мөлшерде сазды құмыралардағы топыраққа себеді.
Тұқымды залалсыздандыру. Гүлді-сәндік өсімдіктердің тұқымдарын, пиязшықтарын, қалемшелерін, көшеттерін және басқа себілетін материалдарды өсу мен дамудың бастапқы сатысында ауруларынан сақтандыру мен зиянкестерінен қорғау үшін алдын-ала залалсыздандыру шаралары жүргізілуі тиіс.
Залалсыздандыруды (протравливание) химиялық (құрғақ, орташа құрғақ, ылғал), термиялық әдістермен жүргізуге болады. Химиялық өңдеу – тұқымдарды себуге дайындаудың соңғы кезеңі. Басқа шаралар (сорттау, құрғату,т.б.) оған дейін жүргізілуі керек.
Құрғақ залалсыздандыру. Арнайы машиналардағы тұқымдарды ұнтақ препараттармен араластырады. Егер әрбір тұқымның сырты дәрімен жабылған болса жақсы әсер болады. Кемшіліктері: ұнтақ тәрізді препараттар тұқымдарға әлсіз жабысады, көптеген дәрілер ауаға шашырап, ұшып кетеді немесе атмосфераны ластайды және т.б.
Одан тиімдірек әсер беретін жартылай құрғақ дәрілеу, тұқымдарды улы химикатпен ылғалдандырады, нәтижесінде тұқымның ылғалдылығы 1,5 – 3%-ға көтеріледі. Артықшылықтары: құрғақ препараттарға қарағанда сұйық препараттармен жұмыс жасау қауіпті емес, тұқымдарға жақсы жабысады және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет