1-2 лекция: Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде



бет1/8
Дата06.01.2022
өлшемі21,6 Kb.
#14178
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8

1-2 лекция: Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде

  1. Жалпы педагогикалық қызмет және кәсіби педагогикалық қызмет.

  2. Педагогикалық қызметтің ерекшеліктері мен қиыншылықтары.

  3. Кәсіби қызметтің мәні мен құрылымы.

  4. Мұғалімнің жеке басы оның кәсіптік қызметінің өзекті факторы ретінде.

Өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, «ең сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жүргізілетін реформалардың мақсаты – оның нарықтық экономика жағдайында ғаламдық ауқымға ие болуын ескере отырып, саналы өзгерістерін қамтамасыз ету деп көрсетілген. Білім беруді реформалау осы саладағы жинақталған оң әлеуетті жақтардың негізінде осы процесті тереңдету мен дамыту үшін жаңа құқықтық, әдістемелік, қаржы материалдық жағдайларын жасауды және тиісінше кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.

Қазақстан заңдары білім беруді қоғамның және мемлекеттің рухани, әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуының негізі деп жариялайды. Елімізде 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңда білім беру жүйесінің басым міндеттері көрсетілген:

1 - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;

2 - жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкін- діктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектілік байыту;

3 - азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конститутцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

4 - әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республикасының басқа да халықтарының тарихын, дәстүрлерін, тілдерін меңгерту;

5 - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;

6 - еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру. Осы міндеттерді орындап, жүзеге асыруда мұғалімдердің рөлі өте зор.

Бүгін мұғалімдердің еңбегінің нәтижесі қандай болса, қоғам сондай болады. Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет