1-25 сұрақтар жауабы: Саясаттың түсінігі, құрылымы және міндеттері



бет1/5
Дата21.12.2023
өлшемі27,85 Kb.
#142363
  1   2   3   4   5

1-25 сұрақтар жауабы:

  1. Саясаттың түсінігі, құрылымы және міндеттері

Ең алдымен негізгі тақырыпқа көшпес бұрын, саясат деген не екеніне тоқталып өтсек. Саясат-екі негізгі ұғым.Бірінші негізі ретінде саясат- мемлекетті басқару өнері. Ал мемлекет ол қоғам, демек саясат-адам мен қоғам арасындағы байланыс.Екінші негізі болса ғұлама ғалым Аристотельдің «Саясат» деген еңбегімен байланыс алады. Себебі, ойшылдың бұл еңбегінінің шығу тарихының өзі, оның өз заманында түрлі саяси ой-пікірлерді жастарға білім ретінде үйретуінен туындаған.
Саясат маған не береді ?
Саясаттың маған берер пайдасы жайлы ойланатын болсам,менің жеке тұлға ретінде саясаттан қажет ететін мұқтаждықтарым бар.Мысалға нақтырақ айтатын болсам,менің күнделікті тұрмыс-тіршілішігіме қажетті киім-кешек,баспана,қаражат,азық-түлік секілді мұқтаждықтар.Сонымен қатар менің қоғамда саясатпен байланысты қажеттіліктерімді атап өтсем : болашағым үшін білім алу,еңбек ету, басқа адамдармен қатынаста болу, қоғам өміріне араласу.Менің ойымша саясат менің өмірімде үлкен рөл атқаратындықтан,маған берер пайдасы тек бұнымен шектеліп қалмайды.
Ал саясаттың біздің өміріміздегі маңызы қандай?
Жалпы мемлекет болған жерде міндетті түрде саяси билік жүзеге асатыны белгілі.Ал ол түрлі күрделі саяси процесстерді басынан кешіреді.Мысалға,Жаңа президент сайлауы,Қаңтар оқиғасы,Референдум және Жаңа Қазақстан саясаты.Сол саяси процесстер адам өміріне тікелей қатысты.Себебі,бұл процесстер адамзаттың тұрмыс-тіршілігін жақсартуы немесе керісінше әсер беруі мүмкін болды.Аталған күрделі саяси процесстердің ішіндегі ең маңыздысы менің пайымдауымша Жаңа президент сайлау саясаты.Бұл процесске мемлекетіміздің әрбір тұрғынының тікелей қатысы бар.Өйткені президент сайлауы дауыс беру жүйесі арқылы жүзеге асырылады.Сайлау нәтижесі бойынша еліміздің президенті болып Қасым-Жомарт Тоқаев сайланған болатын.Бұл халықтың ел мүддесін ойлайтын,елдің ертеңі үшін жауапкершілік артатын тұлғаны таңдау негізінде халқымның жаңа саяси өзгерістерге дайын екенін байқадым.
Қорытындылай келе саясаттың адам өмірінде маңызды рөл атқаратына көзім жетті.Себебі адам қоғамды құраушы ал қоғам мемлекеттің басты элементті.Саясат мемлекетті тек басқарып қоймай халықтың мұқтаждығы мен қажеттілігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет