1. А. Ван Левенгуктың микроорганизмдерді ашуы. Микробиологияның дамуындағы Пастер кезеңі



Дата25.09.2023
өлшемі1,33 Mb.
#110184

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті Биология-география факультеті Зоология кафедрасы Микробиологияның қалыптасуы және дамуы

1.А.Ван Левенгуктың микроорганизмдерді ашуы.

2.Микробиологияның дамуындағы Пастер кезеңі

3.Р.Кох мектебінің жалпы микробиологияның дамуындағы

үлесі.

4.Микробиологияның әртүрлі бағыттарда дамуы.


Микроорганизмдерді алғаш рет ашу Голландия әуесқойы Антон ван Левенгуктың (1632—1723) есімімен тікелей байланысты. Жас кезінен шыныларды құрастырумен кеп айналысқан ол, заттарды 160—300 есеге дейін үлкейте алатын алғашқы микроскопты құрастырған. Осы «қарапайым» микроскоптың көмегі мен Левенгук жай көзге көрінбейтін микробтар дүниесін ашты, ет тағамдарындағы зен, саңырауқұлақтарын, тұрып қалған қақ суындағы тірі организмдерді көрді, олардын. пішінін, шамасын және қоз-ғалысын сипаттап жазды.
Бұл тірі организмдердін. ішінде шар және қысқа таяқша тәрізділері және спираль тәрізді түрлері бар екендігін ол анық байқады. Сонда Левенгук әзі жасаған микроскоппен түрлі ашытқы саңырауқұлақтарды, бактериялар мен инфузорияларды керген. Левенгуктын, ашқан жаңалығы микроорганизмдер дүниесін зерттеуге, сәйтіп микробтар жөніндегі ғылым —микробиологияның дамуына жол ашты.

Заттарды 160—300 есеге дейін үлкейте алатын алғашқы микроскопты құрастырған.

Луи Пастер

27 желтоқсан 1822 жылы Доль, Юрада дүниеге келіп, 28 қыркүйек 1895 жылы Вильневл ’ Этан, Париж маңында қайтыс болған. Ол- француз микробиологы және химигі, микробиология мен иммунологияның негізін салушы. ол микробиологияда физиологиялық бағыттың негізін қалады.


Луи Пастер микроорганизмдердін,
екі тобының болатындығын дәлелдеді
аэробты (оттегі бар жерде тіршілік ететін)
анаэробты (оттегінсіз тірщілік ететін)
сүт қышкылды ашу, спиртті ашу процестерін қоздырушы бактерияларды тауып, оларды жекелеп бөліп алып өсіреді.
1861 жылы ашудың басқа түрі — май қышқылды ашу процесі
Көптеген микробиологиялық әдістер де, яғни қоректік ортаны даяр-лау, оны залалсыздандыру (стерилизация) Пастердің еңбегінің арқасында ашылды.
Адамда кездесетін жүқпалы аурулардың тегін зерттей келе, Пастер оларды қоздырушы микроорганизмдер екендігін анықтады және мал мен адамды бұл аурулардан сақтандырудың жолдарын көрсетті. Ол — топалан. және қүтырма ауруларына қарсы вакциналар жасап, іс жүзінде қолдана білді.
Роберт Кох
Роберт Қох белгілі микроорганизмдерді өсіру үшін жеке бөліп алып, тығыз қоректік ортаны қолдануды ұсынған алғашқы ғалым. Бұл әдісті қолдана отырьш мамандардың табиғаттағы микроорганизмдер тобынан қажетті түрін жеке бөліп алуларына мүмкіндік туды.

Қоректік орта

Ауыл шаруашылығы және техника саласындағы ■ микробиология да айта қаларлыктай жетістіктерге жетіп, дамып келеді. Микробиологияның бұл саласына: С. Н. Виноградский, В. Л. Омелянский, С. П. Костычев, Н. Н. Худяков, В. С. Буткеевич, В. Н. Шапошников, М. В. Федоров, Н. А. Қрасильников, Е. Н. Мишустин сияқты ғалымдарымыз үлкен үлес косты.

  • Ауыл шаруашылығы және техника саласындағы ■ микробиология да айта қаларлыктай жетістіктерге жетіп, дамып келеді. Микробиологияның бұл саласына: С. Н. Виноградский, В. Л. Омелянский, С. П. Костычев, Н. Н. Худяков, В. С. Буткеевич, В. Н. Шапошников, М. В. Федоров, Н. А. Қрасильников, Е. Н. Мишустин сияқты ғалымдарымыз үлкен үлес косты.

Микробиологияның әртүрлі бағыттарда дамуы
Бактериология — микроорганизмдер жөніндегі ғылымның негізгі бір бөлігі, яғни бактериялар туралы ілім.
Вирусология (лат. vіrus – у және грек. Logosілім), вирустар туралы ғылым.

Микология (грек. mykes – саңырауқұлақ және логия) – саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым. Микологияның негізгі мақсаты саңырауқұлақтың морфологиясын, түрлік құрамын, жүйелік топтарын, биологиясын, экологиясын, т.б. сондай-ақ табиғатта таралуы мен адам тіршілігіндегі маңызын зерттеу.

  • Микология (грек. mykes – саңырауқұлақ және логия) – саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым. Микологияның негізгі мақсаты саңырауқұлақтың морфологиясын, түрлік құрамын, жүйелік топтарын, биологиясын, экологиясын, т.б. сондай-ақ табиғатта таралуы мен адам тіршілігіндегі маңызын зерттеу.
  • Паразитология(гр. para – жанындагр. sіtos – қоректену және гр. logos – ілім) – бір организмнің екінші ағза есебінен қоректенуін, паразит пен оның иесінің байланысын, өзара қарым-қатынасы, олардың қоршаған ортаға тәуелділігін, дене құрылысы, тіршілігі, дамуы, жан-жаққа таралуын зерттейді.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  • 1.https://kk.wikipedia.org
  • 2.Н.Шоқанов “Микробиология”


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет