1. Адреналин гормоны бөлетін без: A) Эпифиз. B) Қосалқы без (гипофиз)



Дата28.02.2022
өлшемі21,07 Kb.
#26662

Тест

1.Адреналин гормоны бөлетін без:


A) Эпифиз. B) Қосалқы без (гипофиз).
C) Бүйрек үсті безі. D) Ұйқы безі. E) Қалқанша без.
2. Ядроның бөлімінде орналасқан ДНҚ молекуласы:
A) Ядро шырынында. B) Ядро қабықшасында.
C) Ядрошықта. D) Ядро қосындыларында.
E) Хромосомада.
3. Жасушадағы бейорганикалық қосылыстар:
A) Су, тұздар. B) Көмірсулар, су.
C) Май қышқылы. D) Майлар, ақуыздар (нәруыздар).
E) Глюкоза, кальций фосфаты.
4. Адам ұрығында жүйке жүйесінің түзілуі басталады:
A) Бір апталық ұрығында B) Төрт апталық ұрығында
C) Үш апталық ұрығында D) Екі апталық ұрығында
E) Бес апталық ұрығында
5. Сыртқы ортадағы маусымдық өзгерістердің ең негізгі әрекеттері.
A) Жауын - шашын мөлшері. B) Ауаның атмосфералық қысымы.
C) Күн жарығының ұзақтығының өзгеруі. D) Қардың түсуі.
E) Ауа температурасындағы өзгеріс.
6. Гүлдің ең негізгі бөлімдері:
A) аналық мойны және аналық аузы
B) аналық және аталық C) гүлсағақ және гүлтабан
D) күлтежапырақшалар E) тостағанша жапырақша
7. Жемістің түзілуі:
A) аналық жатынында B) аналық мойнында C) аналық аузында
D) аталықтарда E) тұқымбастамада
8. Адамның бүйенінде тіршілік ететін жұмыр құрт:
A) ішексорғы B) қылдырықбас
C) суыртқы D) үшкірқұрт E) қылқұрт
9. Орталық Aмерика орталығынан шыққан өсімдік (отаны):
A) соя. B) бидай.
C) картоп. D) орамжапырақ. E) жүгері.
10. Бунақденелердің кеңінен таралу дәуірі.
A) Палеозой. B) Кайнозой.
C) Мезозой. D) Протерозой. E) Архей.
11. Биогеоценоз:
A) топырақ B) тірі ағза мен орта бірлестігі
C) тірі ағза D) тіршілік сатысы
E) түр жиынтығы
12. Органикалық тыңайтқыштардың ішінде көбірек қолданылатыны -
A) Көң (қи), қарашірік. B) Шымтезек. C) Күл. D) Саңғырық. E) Құм.
13. Тамыр мен бүршіктің өсуіне қатысатын ұлпа -
A) Қорға жинаушы. B) Жабын. C) Түзуші.
D) Фотосинтездеуші. E) Тірек.
14. Алқа тұқымдастарға жататын өсімдік
A) Сәбіз. B) Темекі. C) Итмұрын.
D) Бидай. E) Алмұрт.
15. Пеницилл саңырауқұлақтардың жататын негізгі тобы:
A) Жеуге жарамды. B) Қалпақшалы саңырауқұлақтар.
C) Паразитті. D) Зең саңырауқұлақтар. E) Улы..
16. Қан құрамының өзгеруі мен азаюынан туатын ауру:
A) Гипертония. B) Стенокардия. C) Диабет.
D) Дальтонизм. E) Анемия.
17. Жердің геологиялық қабығы биосфера:
A) Топырақтан тұрады. B) Газ тектес заттардан тұрады.
C) Сұйық заттардан тұрады. D) Тірі организмдерден тұрады.
E) Қатты заттардан тұрады.
18. Жасушада заттардың түзілу, ыдырау процестері:
A) Тітіркену. B) Биологиялық түзілу
C) Зат алмасу. D) Көбею. E) Қозу.
19. Нейронның ұзын өсіндісі
A) дендрит B) аксон C) рецептор D) нейрит E) жұлын
20. Ұлтабар
A) аш ішектің соңғы бөлімі. B) бауырдың өзегі.
C) тоқ ішектің бөлімі. D) аш ішектің бастапқы бөлімі.
E) соқырішек.
21. ДНК нуклеотидтерінің құрамына кірмейтін химиялық қосылыс
A) Дезоксирибоза. B) Аденин.
C) Фосфор қышқылы. D) Май қышқылы. E) Цитозин.
22. Хромосоманың қызметі:
A) Көмірсу синтездейді. B) Фотосинтезге қатысады.
C) Жасушаның қозғалуына әсер етеді. D) Тыныс алуға қатысады.
E) Тұқым қуалаушылық ақпаратын сақтайды.
23. Қоректік тізбек дегеніміз
A) Қоректік қатынаспен байланысқан ағзалар тобы.
B) Ұқсас биотоптар бірлестігі. C) Бір биотопта тіршілік ететін ағзалар тобы.
D) Селбесіп тіршілік ететін ағзалар тобы. E) Бір - бірін жейтін жануарлар.

24. Қызыл гүлді ас бұршағын (генотипі АА) гүлі ақ түсті дарамен будандастырғанда (генотипі аа) бірінші ұрпағында (F1) алынатын гибридтері:


A) 25% ақ гүлділер және 75% қызыл гүлділер. B) 25% қызыл гүлді және 75% ақ гүлділер.
C) 100% қызыл гүлділер. D) 50% қызыл гүлді және 50% ақ гүлділер.
E) 100% ақ гүлділер.
25. Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген
A) Ч. Дарвин B) К. Линней C) Рулье D) Ж. Б. Ламарк E) Ф. Энгельс


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет