1 апта тапсырмасы.
1.Фонетиканың ғылыми пән ретінде қалыптасу тарихы, зерттелуі.
1961 жылы Тіл білімі институтында экспериментті фонетика лабораториясы құрылды. Алғашқы меңгерушісі Ж.Аралбаев болды. 1960-1980 жылдарда қазақ тілінің фонетикалық жүйесі І.Кеңесбаев пен Ж.Аралбаевтардың еңбектерінде біраз зерттелді. І.Кеңесбаев қазақ фонетикасының негізгі мәселелерін, яғни фонемалардың құрамы мен жіктелуі, буынның жасалуы мен алмасуы, дыбыстардың үндесуі, сингармонизм, акцентуация мәселелерін сөз еткен (Қазіргі қазақ тілі, Алматы, 1962), (Ж.Аралбаев. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер, Алматы,1988).
1986 жылы эксперименттік фонетика лабораториясының аясында фонетика бөлімі ашылып, Ә.Жүнісбеков бөлім меңгерушісі болып тағайындалды. 2001 жылдан бері З.Базарбаева бөлім меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
1990 жылдардан бастап қазақ тілі фонетикасының жүйесі үндестік заңы тұрғысынан қарастырыла бастады. Ә.Жүнісбектің «Қазақ фонетикасы» (Алматы, 2009) және «Введение в сингармонизм» (Алматы, 2008) атты фонетикалық еңбегінде қазақ тілінің үндесім дыбыстарының құрамы, барлық дыбыстардың жасалым, айтылым және естілім белгілері анықталған.
Қазіргі таңда қазақ тілінің дыбыс жүйесі екі теориялық бағыттың принциптері бойынша зерттеліп келеді. Бірінші бағыт дәстүрлі фонологиялық теория негізінде қалыптасқан (І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев). Екіншісі – сингармониялық теория негізінде қалыптасқан (Ә.Жүнісбеков, Ж.Абуов).
2. Фонетканың негізгі салалары мен қазіргі даму бағыттары.
Фонетика (гр. phone - дыбыс, phonetikos - дыбыстық) - тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінінің бір саласы.
Фонетиканың қарастыратын мәселелері мыналар: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі және бір - біріне әсері, буын, екпін, тілдің дыбыстық жағы мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т.б.
Фонетиканың салалары: сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, эксперименттік, физиологиялық, фонологиялық немесе функционалдық.
3. Дыбыстау мүшелері және олардың қызметіне сипаттама.
Дыбыстау мүшелерінің қатарына төмендегі мүшелерді жатқызуға болады: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, таңдай, тіс, ерін, езу, иек т.б. Дыбыстау мүшелерінің жиынтығы сойлеу аппараты деп аталады.
Тіл дыбыстары өкпедегі ауаның сыртқа шығуынан жасалады. Бірақ олар өкпедегі ауаның жай ғана шыға салуынан жасалмайды, ол үшін сойлеу аппаратының қатысуы шарт. Анығырақ айтқанда, тіл дыбыстары өкпедегі ауаның сойлеу аппаратының қатысуы арқылы сыртқа шығуынан жасалады. Дыбыстау мүшелері ауа жүретін каналдың (дыхательный канал) бойына орналасқан. Өкпеден шыққан ауа тыныс алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тарамдарынан (бронхи) тамаққа, одан көмейге, көмейден жұтқыншақ қуысына келеді, одан әрі ауа не мұрын қуысы, не ауыз қуысы арқылы өтеді.
4.Дыбыс және фонема.
Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілет үн дыбыс деп аталады.Дыбыстар дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді. Дауысты дыбыстар — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралған: а, о, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Дауысты дыбыстарайтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысаң, еріндік — езулік, жуан — жіңішке болып бөлінеді. Дауыссыз дыбыстар — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, у,Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ц, ч дауыссыздары негізінен орфс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 20 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады Дауыссыз дыбыстар қатынасына қарай қатаң,ұяң, үнді деп үшке бөлінеді..
Фонема (гр.phonema-дыбыс)- сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан айыруға септігі бар тілдің тілдің ең кішкене функциялық бөлшегі. Тілде, әдетте, біз ойлағаннан әлдеқайда көп әртүрлі дыбыстар бар, олар әрбір жеке тілде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай санаулы ғана дыбыстар типіне топтастырылады. Мәселен, ат, ет, от, өт деген сөздерде біздің түсінігімізше бір-ақ «т» дыбысы бар. Шынтуайтқа келгенде, дауысты дыбыстардың әсерімен ол бірде жуан(ат, от), бірде жіңішке(ет, өт), бірде еріндік(от,өт), бірде езулік(ат, ет) болып, біршама ауытқу, ерекшеліктермен немесе әртүрлі реңмен айтылады да, қызметіне қарай бір-ақ фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқу, рең тіл білімінде аллофон(гр.allos-басқа)деп аталады. Сондықтан сөз дыбыстан емес, фонемедан құралады десе де болады.
5. Дыбыс және әріп. Оларға тән белгілер.
Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілет үн дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады. Демек, дыбысты айтамыз және естиміз ал әріпті жазамыз және кереміз.
Әріптердің белгілі бір ретпен тізілген жинағын алфавит дейді. Қазақ тіліндегі алфавит тәртіппен тізілген әріптер: а, ә, б, в, г, ғ, е, ё, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ғ, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, ×, h, ц; ч, ш, щ, в, ы, і, ъ, э, ю, я. Барлығы 42.
Қазіргі қазақ тілінде 38 дыбыс көрсетіліп жүр. Олар: а, ә, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, к, о, ө, п, р, с, т, (дауысты), у (дауыссыз), ү, ұ ф, х, h, ц, ч, ш, щ, ы, і, э.
Жаттығу.
1)Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. 2)Таң салқыны қазіргі күздің суық желіне айналған.
1.к - қатаң дауыссыз;
ү - жіңішке, қысаң, еріндік дауысты;
з - ұяң дауыссыз;
а - жуан, ашық, езулік дауысты;
с - қатаң дауыссыз;
п - қатаң дауыссыз;
н - үнді дауыссыз;
ы - жуан, қысаң, езулік дауысты;
к;
ү:
ң - үнді дауыссыз;
г - ұяң дауыссыз;
і - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;
р - үнді дауыссыз;
т - қатаң дауыссыз;
б – ұяң дауыссыз;
ұ – жуан, қысаң, еріндік дауысты;
л – үнді дауыссыз;
ы;
ң;
ғ - ұяң дауыссыз;
ы;
р.
Күз – 3 әріп(бітеу буын), ас-па-ны – 6 әріп (ашық буын), күң-гірт – 7 әріп (бітеу буын), бұ-лың-ғыр – 8 әріп (бітеу буын).
Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздер жоқ.
2. т - қатаң дауыссыз;
а;
ң;
с;
а;
л;
қ - қатаң дауыссыз
ы;
н;
ы;;
қ;
а;
з - ұяң дауыссыз;
і;
р;
г;
і;
к;
ү;
з;
д - ұяң дауыссыз;
і;
ң;
с:
у - үнді дауыссыз;
ы;
қ;
ж - ұяң дауыссыз;
е - жіңішке, ашық, езулік дауысты;
л;
і;
н;
е;
а;
й – үнді дауыссыз;
н;
а;
л;
ғ;
а;
н.
Таң (бітеу буын) сал-қы-ны (ашық буын) қа-зір-гі (ашық буын) күз-дің (бітеу буын) суық (бітеу буын) же-лі-не (ашық буын) ай-нал-ған (тұйық буын).
Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөз: қазіргі
Достарыңызбен бөлісу: |