№2 ағымдық бақылау тапсырмасы Дауыссыз фонемалар жүйесі. Дауыссыз дыбыстардың алмасуы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата08.10.2022
өлшемі208,58 Kb.
#41950
  1   2   3
Байланысты:
qmg7jrrnmhz9xvxm8722qff359glh4z50p2k4ompsb50lt



№2 ағымдық бақылау тапсырмасы 
 
Дауыссыз фонемалар жүйесі. Дауыссыз дыбыстардың алмасуы 
 
Мақсаты:
Дауыссыз фонема жүйесі жӛніндегі мәліметті бекіту; фонеманың құрылыстық және ӛзіндік 
ерекшелігін анықтай алу дағдысын студентке игерту; дыбыстың сӛйлеу кезіндегі ӛзгерісі мен 
фонема жүйесінің арақатынасын реттейтін заңдылықтың байланысын тіл материалына 
байланысты қолданып, дәл ажыратуға үйрету. 
 
Дәйектеме:
Қазіргі қазақ тілі курсының ең күрделі әрі аса маңызды саласының бірі – дауыссыз фонема 
жүйесі жӛніндегі мағұлмат (дауысты фонеманың мағұлматы сияқты) болып есептеледі. Ӛйткені 
студенттің негізгі де күрделі білімі дәл осы фонологиялық заңдылықты оқып-білу (зерттеу, оқу) 
кезінде қалыптасады. 
 
Сұрақ: 
1. Дауыссыз фонемада қанша құрылыстық белгі болады? 
2. Дауыссыз фонема қандай белгілеріне қарай сәйкестік (арақатынастық) жұп құрайды? 
3. Дауыссыздар үшін қатаң-ұяң белгісіне қарай қандай жағдай күшті белгі болып есептеледі? 
4. Жалпы дауыссыздың ең күшті белгісі болып қандай жағдай есептеледі? 
5. Фонемалық қатарда қай дауыссыздың саны кӛп? 
6. Фонемалық қатары жоқ фонема бар ма? Олар қандай және қанша? 
7. «и», «у» фонемаларының ӛзіндік ерекшелігі қандай? 
8. Қазақ тілінде созылыңқы дауыссыз дыбыс бар ма? Созылыңқы дауыссыз дыбысты 
созылыңқы формадан қалай ажыратуға болады?
9. Дауыссыздар жасалу жолына, жасалу орнына қарай қанша топқа, қандай түрге бӛлінеді? 
10. 
Ауаның сыртқа шығар жолындағы бӛгеттің (тосқауылдың) түріне қарай және сол 
бӛгеттің сыртқа шығу тәсіліне немесе амалына қарай дауыссыздар қанша топқа бӛлінеді? 
Практикалық тапсырма: 
1. Сӛздердегі дауыссыз фонеманың құрылыстық белгісін кӛрсетіңіз: домбыра, Қазақстан
көрініс, чек, хат. 
2. Әрбір екі сӛздің дауыссыздарының ӛзіндік ерекшелігін ажыратып кӛрсетіңіз: көл – төл, 
сақ – сәкі, аш – ат, жаз – саз, қар – хал, бас, тақ, мал, доп, өң - өн т.б. 
3. Сӛздердің құрамындағы жуысыңқы, үзілмелі дауыссыздың астын бір сызықпен; 
қабысыңқы, үзілмелі дауыссыздың астын екі сызықпен сызып кӛрсетіңіз: сөздік, жалғыз, көгер, 
бауырсақ, шашу, трамвай, уәде, шөп, ащы т.б. 
4. Сӛздердің құрамындағы қабысыңқы нозаль, қабысыңқы бүйір, қабысыңқы діріл 
дыбыстарды ерекше белгімен бӛліңіз: шам, өң, жүлде, ересек, метрлеп, он т.б. 
5. Дауыссыз фонема аллофонының пайда болуы қандай фонетикалық құбылыспен 
байланысты? 
6. Сӛздердегі дауыссыз фонеманың белгісін кӛрсетіңіз: очерк, жанр, лоцман, этаж, шаңғы, 
парашют, шахтер, разъезд т.б. 
7. Сӛздің құрамындағы іргелес қатар тіркесте тұрған дауыссыздар сӛздің қай шегіне 
орналасқан? Бірнеше дауыссыздың бір сӛз құрамында іргелес қатар тіркесуінің себебі неде? Қатар 
тіркескен дауыссыздың қайсысы ӛз алдына дербес фонема, ал қайсысы дауыссыздың варианты 
болып есептеледі? 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет