1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


  Тасмола мәдениеті: қорғандар мен материалдық мәдениеттің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет5/80
Дата21.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#95614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
9. 
Тасмола мәдениеті: қорғандар мен материалдық мәдениеттің ерекшеліктері. 
 
Тасмола мәдениеті - 
қамтыған аймақтар-Қарағанды
, Ақмола, Павлодар. Сарыарқаның ерте темір дәуірі 
ескерткіштері "тасмола мәдениеті" деп аталады.Алғашқы ескерткіштері табылған жер – Павлодар 
облысының Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірі. Бұл мәдениетті исседон тайпалары 
қалдырған.Тасмола мәдениетінің ерекшелігі – “мұртты обалар”. Мұртты обалар – ерте темір дәуірінен 
сақталған (б.з.б. 7–4 ғасырлар) Сарыарқа даласына тән ескерткіштер. Құрылымдық жағынан да, 
семантикалық өрісі жағынан да күрделі құрылыстарға жатады. Ол екі жерлеу орнынан тұрады. 
Обалардың біреуіне адамды, екіншісіне атын жерлеген. Обалардан шығысқа қарай тастан қаланған 
мұртқа ұқсас екі тас құрылыс тартылған. “Мұртты обалардың” 4 түрі кездеседі. Біріншісі – үлкендеу 
обаның шығыс жағынан салынған кішілеу оба. Екіншісі – екі оба оңтүстіктен солтүстікке қарай қатар 
салынады. Үшіншісі – алдымен үлкен 
оба салынады
, оның үстінен кіші оба тұрғызылады. Төртіншісі – 
үшіншіге ұқсас, бірақ бұл обалардың ара жігін қазба барысында ғана анықтауға болады .Мұртты 
қорғандардың шығысқа қарай бағытталуының себебі олардың күнге табынғанын білдіреді . Мыс., алтын, 
т.б. металдар өндірілген кен орындарының бірқатары Солт. Балқаш өңірінде (Тесіктас, Саяқ, Сорқұдық, 
т.б.), Нұра өзенінің жоғарғы алабында (Алтынсу, Бесшоқы), т.б. аумақтарда белгілі. Обалардан алынған 
заттық деректерге сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару-жарақтар; ә) 
ат 
әбзелдері
; б) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар. Тасмола қоғамында қола құю ісінің 
үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттің жетекші категорияларының бәрі дерлік қоладан 
жасалған. Сонымен қатар темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1-сатының (б.з.б. 7 – 6 ғ-лар) 
өзінде-ақ пайда болған. Қолөнеріне алтыннан жасалған жолбарыстың пішіндері, таутекенің қола 
мүсіндері, қабан мен 
бұлан бедерленген қола айналар
, шиыршықталған қабан тәрізді мүйіз қапсырмалар 
жатады. “Хайуанаттық нақышта” дайындалған көп тұлғалы композициялардың бірі, мүйіз қапсырмадағы 
көрініс – алыстағы Туваның “алдыбел” ескерткіштеріне ұқсас. Табылған зергерлік бұйымдар сіркелеу, 
бедерлеу 
әдістерімен 
көркемделген. 
Тасмола 
мәдениеті жоғары дамыған
, мүліктік теңсіздік белгілері терең белең алған, дамыған қоғамдық 
құрылым түрінде сипатталады. Тасмолалықтарда металлургия мен металл өңдеу гүлденіп, 
экономикасының негізі көшпелі мал ш. болған. Шашыраңқы шаруашылыққа бірнеше туыстас 
отбасылардан тұратын кішігірім қауымдар жүйесі сәйкес келді. Мәдениетінің қалыптасуы мен 
ерекшеліктері осының алдындағы беғазы-дәндібай заманы қоғамының экожүйесінде туындаған 
бағыттардың нәтижелері ретінде бой көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет