1 билет «Қазақ тілінің тарихы мен жазуын оқыту» пәнінің мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны



Дата29.12.2023
өлшемі1,2 Mb.
#144523
Байланысты:
1 билет


1 билет
1. «Қазақ тілінің тарихы мен жазуын оқыту» пәнінің мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны
Пәнді оқыту мақсаты: Бүгінгі тіл саясаты, оның ұлттық тілге қатысын қазақ тілінің тарихымен байланыста қарастыру.
«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» курсы бүгінгі тілдің фонетикалық, грамматикалық құрылымның осы күйге жету жолын, эволюциясын тарихи салыстырма әдіс негізінде түсіндіруді міндет етеді. Сондықтан тарихи грамматика курсы сөздердің грамматикалық кластарға жіктеу тарихын, жеке грамматикалық категориялардың қалыптасу эволюциясын, дыбыстар жүйесінде болған тарихи өзгерістерді, олардың тілдің лексикалық қорына, грамматикалық құрылымына әсері тәрізді мәселелерді тексеруі керек.Халықтардың қалыптасу дәуірінде, сондай-ақ даму барысында болып отырған әр түрлі экстралингвистикалық факторлар тарихи грамматика курсында белгілі бір грамматикалық категория әлде грамматикалық тұлғаның қалыптасу тарихын түсіндіретін қосымша дәлел ретінде қаралады.
Пәнді оқытудың міндеттері:

  • Қазақ халқының құрылу процесіндегі басты кезеңдер және ол процеске тікелей қатысы бар тайпалар, тайпалық одақтар бұрын-соңды зерттеулер, пікірлер қорытылып, ұзын-ырғасы анықталған материалдар қарастырылады.

  • Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымның даму жолын тарихи тұрғыдан түсіндіруде материал беретін басты көздер - түркі

халықтарының ежелгі дәуірлерден бізге жеткен мұралар тілі, қазіргі түркі тілдері және бүгінгі қазақ тілі материалдарымен таныстыру.
Пән нысаны: Тарихи грамматиканың негізгі объктісі, қарайтыны – қазақтың халық болу процесі кезіндегі тіл құрылымы. Тіл тарихының қай мәселесі де, оның ішінде фонетикалық жұйе мен грмматикалық құрылым тарихы бүгінгі тіліміздің өз құрылымындағы тіл дамуының жаңа фазасының көрінісі мен ескі дәуір іздерін айқын ажыратып тануға негізделеді. Белгілі бір заңдылық жүйелі түрде орнықса,екінші бір тілде эпизодтық ыңғайда қалып қояды, сондықтан ескі мұралар тілі мен қазіргі қазақ тілі фактілерін ғана салыстыру әлі грамматика жүріп өткен жолды түгел көрсете алмайды. Соған байланысты туыс тілдер фактілерін салыстыру қажеттігі шығады.Түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінің орнын анықтау үшін түркі тілдерін жіктелген ғалымдардың еңбектеріне тоқталу қажет Пәннің мақсаты осы тілдік материялдарды қарастыру.

2. Ғылыми этимологиянын принциптері






3. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз: Еліме, будуныма (халық), сізіме алтмыш йашым-да адырылтым.
Еліме- «ел»-түбір(зат есім), «ім»-тәуелдік жалғауының 1-жағы, «е»-барыс септігінің жалғауы (шығыс септігінің қызметін атқарып тұр)
Будуныма- «будун»-түбір(зат есім), «ым»-тәуелдік жалғауының 1-жағы, «а» -барыс септік жалғауы(шығыс септігінің қызметін атқарып тұр)
Сізіме- «сіз» түбір (есімдік), «ім»- тәуелдік жалғауының 1-жағы, е»-барыс септігінің жалғауы (шығыс септігінің қызметін атқарып тұр)
Алтмыш- түбір сөз (сан есім)
Йашымда- «йаш»-түбір(зат есім), «ым» -тәуелдік жалғаудың 1-жағы, «да»-жатыс септік жалғауы.
Адырылтым- «ад» (ай)- түбір, «ыр»- етістік тудыратын жұрнақ, «ыл»-ырықсыз етіс жұрнағы, «ты»-жедел өткен шақ, «м»-жіктік жалғауының 1-жағы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет