1 билет Кинематика элементтері. Материалдық нүкте және оның орны. Треактория, жол, орын ауыстыру векторы, жылдамдық және үдеу


Линзалар - Екі жағы қисық сызықты бетпен шектелген мөлдір дене линза



бет29/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,58 Mb.
#19324
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   128
Линзалар - Екі жағы қисық сызықты бетпен шектелген мөлдір дене линза деп аталады.

Сыртқы пішініне қарай линзалар:

1) екі жағы дөңес (дөңес);

2) бір жағы дөңес, екінші жағы жазық (дөңес жазық);

3) екі жағы ойыс (ойыс);

4) бір жағы ойыс, екінші жағы жазық (ойыс жазық);

5) бір жағы дөңес, екінші жағы ойыс (дөңес ойыс) болып бөлінеді.


2 - сурет


Дөңес бет үшін қисықтық радиус R>0; ойыс бет үшін R<0. Линза беттерінің қисықтықтарының центрлерінен өтетін түзу бас оптикалық ось деп аталады.

Бас оптикалық осьте орналасқан және одан сәулелер өткенде сынбайтын қасиеті бар нүкте линзаның оптикалық центрі деп аталады (әдетте оны О деп белгілейді).

Линзаның оптикалық центрінен өтетін бірақ бас оптикалық осьпен сәйкес келмейтін түзулер жорамал оптикалық осьтер деп аталады.

Бас оптикалық оське параллель таралатын жарық шоғының сәулелері қиылысатын F нүкте линзаның фокусы деп аталады. Линзаның фокусы бас оптикалық ось бойында жатады.

Линзаның фокусы арқылы өтетін және бас оптикалық оське перпендикуляр орналасқан жазықтық фокалдық жазықтық деп аталады.

Жұқа линзаның формуласы:



Мұндағы: a – линзадан нәрсеге дейінгі, b – линзадан кескінге дейін қашықтық. Егер a=, яғни сәулелер линзаға параллель шоқ болып түседі, онда b= f. Егер b= , яғни кескін шексіздікте орналасады және осының нәтижесінде сәулелер линзадан параллель шоқ болып шығады, онда

Екі жағынан бірдей ортамен қоршалған линзаның фокустық қашықтықтары тең болады.

шамасы линзаның оптикалық күші деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет