1-ДӘріс. Академиялық жазылым, оның ерекшелігі жоспары



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата01.03.2023
өлшемі172,37 Kb.
#70899
  1   2   3
Байланысты:
1-дәріс



1-ДӘРІС. АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ, ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
ЖОСПАРЫ: 
1. Академиялық жазылым пәнінің мақсаты мен міндеттері. 
2. Тілдік қатынастың түрлері: оқылым жазылым, айтылым, 
тыңдалым, тілдесім. 
3. Ғылыми бағытта жазылатын жұмыстардың ерекшелігі 
4. Академиялық мәтіннің түрлері және олардың құрылымы. 
Кез келген оқырман өзінің таңдауына байланысты түрлі жанрдағы 
мәтіндерді оқиды. Ал ол мәтіндер шартты түрде академиялық немесе 
академиялық емес деп екі топқа бөлуге болады. Бірінші түріне -реферат, 
баяндама, ғылыми мақала, оқулық, ғылыми пікір, автореферат, диссертация, 
ғылыми жобаларды жатқызуға болады. Осы бағытта жазылған жұмыстардың 
өз мақсатына және зерттеу әдісіне қарай құрылымдары мен жазылу жүйесі 
әртүрлі болып келеді.
Оқу орындарында оқытылатын әрбір пәннің өзіндік зерттеу әдісі мен 
тілдік ерекшеліктері бар. Мәселен физика немесе химия саласы бойынша 
жазылатын ғылыми мәтіндер тақырыптарына байланысты термин сөздер мен 
күрделі формулаларды қолдана отырып, түрлі тәжірбиелік сынақтарды 
түсіндіру не талдау үшін жазылады, ал әлеуметтік сала бойынша жазылатын 
жұмыстар түрлі саяси әлеуметтік құбылыстарды түсіндіру үшін жазылады. 
Мұндай мәтіндер көбінесе осы саланың мамандарына ғана түсінікті болуы 
мүмкін. Дегенмен олардың бәріне ортақ бір мақсат бар. Ол зерттеу 
жұмысының нәтижесімен басқа адамдарды таныстыру, сондықтанда 
академиялық мәтіннің тілі түсінікті, құрылымы жүйелі болуы қажет. Мәселен, 
экономика саласы бойынша жазылған оқу құралының негізгі мақсаты оқу 
үдерісіндегі жаңа терминдер мен ғылыми жайттарды мысалдар арқылы 
оқырманға жеткізіу. Сондықтан академиялық мәтінде автор ғылыми мәтіннің 
негізгі талаптарын сақтай отырып, оқырманға түсінікті тілде байяндайды.
Академиялық мәтіннің құрылымы күрделі болады. Ол әдетте ғылыми 
мәлімет беруді көздейді. Сондықтан ақпарат түсінікті әрі мағыналы болуы 
үшін белгілі бір құрылымды сақтаған жөн. академиялық мәтіндердің білім 
мазмұнын, ерекшеліктерін, оқылым әрекетін, кіріспені жазу, гипотеза және 
оны құру, мәліметтерге талдау жасау, параграф және оның құрылымы
қорытынды бөлімді жазу,плагиаттық және одан сақтану жолдарын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет