1-дәріс
Химиялық формулалар және олар бойынша есептеулер
Химиялық формулалармен есептеу кезінде немесе қосылыстардың формулаларын анықтау кезінде көбінесе формулалар бойынша есептегенде массалық үлес ᴡ (Х) формуласы қолданылады (1.4) не (1.5):
не
бұндағы:
m(X) - жүйе компонентінің массасы X, г (кг);
- жүйенің барлық компоненттерінің массаларының қосындысы X1, X 2, Xі г (кг).
Массалық үлес - өлшемсіз шама. (1.4) формуласы бойынша массалық үлес фракциялармен есептеледі, (1.5) формула бойынша - пайызбен. (1.4) және (1.5) формулаларын сәл өзгеше түрде жазуға болады олар (1.6) не (1.7):
не
бұндағы:
m - барлық жүйенің массасы
Мысалы, AxBy затындағы А компоненті үшін (1.5) немесе (1.7) формулалар жазылуы керек:
Заттардың формуласын анықтаған кезде формулалардағы стехиометриялық коэффициенттердің қатынасы, осы затты құрайтын элементтер атомдарының қатынасына тең. Мысалы, AxBy зат үшін келесідей жазуға болады (1.8):
N(A)- бұл А элементінің атомдарының саны,
N(B)- В элементінің атомдарының саны.
Заттардың формулаларында x және y коэффициенттері әдетте ең кіші бүтін сандар болып табылады, сондықтан есептерді шығару кезінде алдымен x: y қатынасын табыңыз, содан кейін осы қатынасқа сәйкес келетін ең кіші бүтін сандарды анықтаймыз.
ТИПТІК ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ҮЛГІЛЕРІ
1. NaСl қосылысындағы натрий мен хлордың массалық қатынасын есептеңіз.
Шешуі:
1. Екі натрий атомының массасын (массаның салыстырмалы бірлігінде) анықтаймыз:
Ar(Na) = ·23
2. Бір хлор атомының массасы:
m(Cl) =1 · Ar(Cl) = 1·35,5 = 35,5
3. NaСl қосылысындағы натрий мен хлор массаларының қатынасын анықтаймыз:
m(Na): m (Сl) = 23: 35,5, немесе m(Na): m (Сl) = 1,5
2. Na2O натрийдің оксид қосылыстардағы элементтердің массалық үлесін анықтаңыз.
Шешуі:
1. Екі натрий атомының массасын анықтаймыз
Мr (Na) =2 · Ar(Na) = 2 · 23 = 46
2. Na2O бір бөлшектің массасын салыстырмалы массалық бірлікпен анықтаймыз:
Мr (Na2O) =2·Ar(Na)+ 1· Ar(О) = 2·23+1·16 = 62
Na2O қосылысындағы натриймен оттектің массалық үлестерін (1.4) немесе (1.7) формула бойынша есептейміз:
3. Сутегі мен кремнийдің массалық қатынасы 1 : 7-ге тең. Сутегі мен кремнийден құрылған қосылысының формуласын анықтаңыз.
Шешуі:
1. Қосылысты құрайтын элементтердің біреуінің белгілі бір массасын таңдаймыз (массаны грамммен таңдауға болады, салыстырмалы массалық бірлікте ыңғайлы). Мысалы, біз сутектің массасын 100 салыстырмалы массаға тең деп есептейік, яғни m (Н) = 100.
2.Сутектің таңдалған массасына сәйкес кремнийдің массасын анықтаймыз (салыстырмалы түрде):
m(H) : m(Si) = 1 : 7
Үлгідегі сутегімен кремнийдың атомдарының санын есептейміз:
Зат молекуласындағы сутегі мен кремний атомдарының санына қатынасын табамыз:
N(H) : N(Si)= 100: 25 = 4: 1
Сутегінің төрт атомы кремнийдің бір атомына қосылған. Сондықтан зат формуласы: SiH4.
4. Магнийдің оттекті қосылысындағы магнийдін массалық үлесі 60 % құрайды. Осы қосылыстың формуласын анықтаңыз.
Шешуі:
1. MgxOy қосылысының формуласын анықтау үшін ең кіші бүтін сандармен өрнектелетін х және y мәндерін табу керек. MgxOy қосылысының массасы 100 м.а.б. (массаның салыстырмалы бірлігі) болатын заттың үлгісін таңдаған ыңғайлы, m (MgxOy)= 100.
2. Заттың таңдалған үлгісіндегі магнийдің массасын анықтаймыз:
3.Таңдалған құрамдағы магниймен оттегі атомдарының санын есептейміз
4.Магний мен оттегі атомдар санының қатынасы х және y коэффициенттерінің қатынасына тең, яғни:
Химиялық формуласы: MgO
5. Массасы 8г Cu2S қосылысын алуға қажетті мыстың массасын есептеңіз?
Шешуі:
1.Cu2S қосылысындағы мыстың массалық үлесін есептеу керек. Мұны мыс пен күкірттің салыстырмалы атомдық массаларын қолдану арқылы есептеуге болады:
Мr (Cu2S) =2·Ar(Cu)+ 1· Ar(S) = 2·63,5+1·32 = 159
2.Массасы 8 г үлгідегі мыстың массасын анықтаймыз:
6. Темірдің табиғи минералының Fe2O3 құрамында қоспаның массалық үлесі 12% құрайды, 2,5 кг минералдағы Fe2O3 және темірдің массаларын есептеңіз.
Шешуі:
1. Минералдағы қоспаның массасын есептейміз:
2. Минерал құрамындағы Fe2O3 массасын анықтаймыз:
m(Fe2O3)= m(минерал)- m(қоспа)
m(Fe2O3)=2500 г - 300г = 2200 г
3.Fe2O3 қосылысындағы темірдің массасын анықтаймыз:
Мr (Fe2O3) =2·Ar(Fe)+ 3 Ar(O) = 2·56+3·16 = 160
4.Массасы 2200 г темір окидтіндегі темірдің массасын анықтаймыз:
7. Молибденнің оттекті қосылысында молибден массасы оттегінің массасынан екі есе көп. Қосылыстың формуласын анықтаңыз.
Шешуі:
1. МохОу қосылыстың құрамындағы оттегінің салыстырмалы массасын 100 деп қарастырайық.
m (O) = 100
2. МохОу 100 массаға сәйкес келетін оттегі атомдарының санын анықтаймыз:
Молибденнің массасын есептейміз
m(Mo ) = 2m (O);
m (Mo) = 2·100 = 200
Осы массаға сәйкес келетін молибден атомдарының саны:
x және y коэффициенттерін, оларды ең кіші бүтін сандармен өрнектеуге болатындығын табамыз:
Сонымен, х = 1, у = 3, құрылған формула МоО3 болады.
8. Массасы 40,65 г фосфор мен бромның қосылысында 4,65 г фосфор бар, осы қосылыстың формуласын анықтаңыз.
Шешуі:
1. PxBry құрамындағы бромның массасын есептейміз:
m(Br ) = m (PxBry) - m (P)
m(Br )= 40,65 г – 4,65 г = 36 г
2.Массасы 36 г құрамындағы бром атомдарының санын анықтаймыз (массаның граммен көрсетілгенін ескереміз):
3.Сол сияқты 4,65 г фосфор атомдарының санын табамыз:
Сонымен х=1, у=3; қосылысы формуласы: PBr3
9. Калий, хлор және оттегі қосылысында элементтердің массалық үлесі сәйкесінше 31,8; 29,0; 39,2 % ге тең, осы заттың формуласын анықтаңыз.
Шешуі:
8- мысалдағыдай қайталанады, тек x, y, z үш коэффициенттерінің арасындағы қатынасты табу керек. Есептеулер үшін заттың үлгісін таңдаймыз:
m(KxClyOz)= 100 г
Таңдалған қосылыстың құрамындағы калийдың массасын, сондай-ақ табылған массаға сәйкес келетін калий атомдарының санын есептейміз:
KxClyOz үлгісіндегі хлор мен оттегінің массасын және табылған массаға сәйкес келетін элементтер атомдарының санын табамыз:
m (Cl) = 29,0г; m (O) = 39,2г
Ең кіші бүтін сандармен көрсетілген x, y және z арақатынасын табамыз:
x : y : z = m(K) : m(Cl) : m(O);
х : у : z = 0,82 : 0,82 : 2,45 = 1 : 1 : 3
Сонымен, қосылыстың формуласы: KClO3.
10. Мыс кенінің құрамында халькопирит минералы CuFeS2 және басқа қоспалар бар (олардың құрамына мыс жоқ). Рудадағы халькопириттің массалық үлесі 25 % құрайды. Осы кендегі мыстың массалық үлесін есептеңіз.
Шешуі:
Мыс кендерінің массасын 100 г деп алып қарастырайық.
m(кен) = 100 г
CuFeS2 қосылысының массасын анықтамыз:
CuFeS2 құрамындағы мыстың массалық үлесін анықтаймыз:
Мr (CuFeS2) =Ar(Cu)+ Ar(Fe) + 2· Ar(S) = 63,5+ 56+2·32 = 184
4. 100 г кендегі мыстың массасын анықтау.
5. Кенның құрамындағы мыстың массалық үлесін анықтайық:
Достарыңызбен бөлісу: |