№1 дәріс. Метрология – өлшемдер бірлігін қамтамасыз етудің
Мемлекеттік жүйесінің ғылыми негізі
Дәрістің мазмұны: автоматтандыру бойынша бакалаврларды
дайындаудағы «Метрология, стандарттау, сертификаттау және сапаны
басқару» пәнінің рөлі және оның басқа пәндермен байланысы; заңнамалық,
фундаменталдық және практикалық метрология; физикалық шамалар
бірліктерінің Халықаралық жүйесі.
Дәрістің мақсаты: замануи метрология анықтамалары мен
түсініктемелерін, «Өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының
негізгі баптарын оқып білу.
Әлемдік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың
тең құқықты қатысушысы болу үшін әлемдік жетістіктер мен тенденцияларды
ескере отырып, ұлттық экономиканы жетілдіру керек. Өркениетті
экономикалық өндірісте Қазақстанның бірігуіне кедергі жасайтын себептер
келесілер болады:
1) ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйесінің артта қалуы;
2) тек қана өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;
3) КСРО жоспарлық шаруашылығының қалған кемшіліктері;
4) сыртқы нарықта ғана емес, ішкі нарықта да қазіргі бәсекелестік
жағдайындағы отандық кәсіпорындардың қиыншылықтары.
Шет елдік тәжірибені отандық өндірісіне механикалық ауыстыру мүмкін
еместігіне байланысты біздің мамандар оны білу керек және қажетті деңгейде
елімізде немесе шет елде өнімін, қызметін іске асыруға мүмкіндік беретін жаңа
прогрессивті шешімдерді өндіріп, қабылдауға шығармашылық жағынан қарау
үшін ой-өрісі кең болу керек. Ол үшін тек өндірістік саладағы мамандар ғана
емес, менеджерлер, маркетологтар, өнімді іске асыратын мамандардың да
метрология, стандарттау және серификаттау саласында білімдері өте маңызды
болады. Бәсекелеске қабілетті өнімдерді құрған кезде стандарттау және
сертификаттау мүмкіндіктері мен артықшылықтарын пайдалану, өндірісте
ғылым мен техника жетістіктерін енгізу үшін осы білімдердің қажеттілігі зор.
Қазіргі мамандарға метрология, стандарттау және сертификаттау
бойынша білімінің қажеттілігі мамандықтың оқу жоспарына осы пәнді енгізу
арқылы дәлелденеді. «Автоматтандыру және басқару» мамандығының
студенттері оқитын басқа пәндердің арасында осы пәннің орнын анықтау үшін
А
қосымшасында
келтірілген
технологиялық
процестерді
автоматтандырылған басқару жүйесінің (ТП АБЖ) құрылымдық сұлбасын,
оның жеке блоктарын басқа пәндерде оқу жағынан қарастырайық.
Технологиялық процестің әр учаскесі бола алатын автоматтандыру
объектісіне (АО) шикі зат, реагенттер жіберіледі, сондай-ақ түрлі сыртқы
әсерлер (СӘ) әсер етеді, мысалы, қоршаған ортаның температурасы, діріл,
қысым, тағы басқалар. АО шығысында өндірістің түрлі өнімдері алынады.
Автоматтандыру процесін құру үшін өлшеу құралдары – бергіштер (Б) мен
екінші реттік аспаптар (ЕА) арқылы АО туралы өлшеу ақпаратын алады.
Қазіргі өндірістер технологиялық аппараттардың күрделігімен және
қуатымен, өлшеуге қажетті түрлі параметрлердің көптеген санымен
сипатталады. Күрделілігі және түрлі әрекет ету принциптері бойынша өлшеу
құрылғылар, қондырғылар, жүйелер деп аталатын және өлшеу техникасына
жататын арнайы техникалық құралдар арқылы өлшеулер жүзеге асырылады.
Осы өлшеу техникасын, олардың жіктелуін, метрологиялық
сипаттамалар мен түрлі қасиеттерін оқытуға метрология тарауы арналады.
Технологиялық процестер
мен объектілерінің математикалық
модельдерді әзірлеу, орындаушы механизмдерді (ОМ), автоматты
реттеуіштерін (АР), аналогты-цифрлік түрлендіргіштерді (АЦТ), цифрлік-
аналогты түрлендіргіштерді (ЦАТ), оларды программалауды студенттер
келесіде басқару объектілерін модельдеу, автоматика элементтері мен
құралдары,
микропроцессорлар
мен
микропроцессорлық
жүйелер,
технологиялық процестерді автоматтандыру және басқа пәндерінде
оқиды. Сонымен, өлшеулер мәселелерін шешудің жалпы принциптерін білу
керек, және өлшеулердің жоғары сапасын қамтитын негізі болу керек.
Осындай негізі метрология болып табылады.
Метрология
–
өлшеудің
Мемлекеттік
жүйесінің
ғылыми
негізі. Метрология – өлшеулер, олардың бірлігі мен талап етілетін дәлдігін
қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары туралы ғылым. «Метро» - өлшем
(греч.), «логос» - үйрету (греч.). Қазіргі метрологияның үш түрі бар: а)
заңнамалық метрология; б) фундаменталдық (ғылыми) метрология; в)
тәжірибелік (қолданбалы) метрология.
Достарыңызбен бөлісу: |