1. Электростатикалық өрісіндегі диэлектриктер. Электр диполі. Сегнетоэлектриктер. Диэлектрлік гистерезис. Кюри нүктесі



Дата05.05.2023
өлшемі40,58 Kb.
#90272

1. Электростатикалық өрісіндегі диэлектриктер. Электр диполі. Сегнетоэлектриктер. Диэлектрлік гистерезис. Кюри нүктесі.


2. Жарықтың екі жақтылығы.Фотондардың энергиясы мен импульсі. Жарықтың қысымы. Комптон эффектісі.
3. 296 К температура шамасында қандай да бір газдың орташа квадраттық жылдамдығы
480м/с-ке тең. Осы газдың 10 г-да қанша молекула бар?
1. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Жүйенің ішкі энергиясы. Газ көлемі өзгергенде істелетін жұмыс. Идеал газдың ішкі энергиясы, жылу сыйымдылығы.
2. Заттағы магнит өрісі. Магниттелу векторы. Магнетиктер. Магниттік гистерезис.
3. Конденсатор сыйымдылығы 4 мкФ, ал зарядтар мөлшері 4,4*10-4Кл болу үшін оны қосатын кернеудің шамасы.
1. Термодинамиканың бірінші бастамасын әртүрлі изопроцестерге қолдану. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Жүйенің энтропиясы. Клаузиус теңсіздігі.
2. Жарықтың кванттық қасиеттері. Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн теңдеуі. Қызыл шекара. Фотон.
3. ЭҚК-і 30 В батарея тізбектегі ток көзі ролін атқарады. Батарея қысқыштарын -дағы кернеу 18 В, ал тізбектегі ток күші 3 А болса, тізбектің сыртқы және ішкі кедергілері ?
1. Термодинамиканың екінші және үшінші бастамалары. Жылу машинасы. Жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті. Карно циклы. Тоңазытқыш машина.
2. Фотон. Фотонның массасы,импульс және энергиясы. Жарық қысымы. Комптон эффектісі.
3. Бірінші дененің массасы 2 кг, жылдамдығы 6 м/с, ал екінші дене тыныштықта тұр. Соқтығыстан кейін екі дене бірге 2 м/с жылдамдықпен қозғалып кетті. Екінші дененің массасы.
1. Механикалық гармоникалық тербелістердің теңдеуі және сипаттамалары. Еркін және еріксіз тербелістер, теңдеулері. Гармониялық осцилляторлар.
2. Металдардағы және жартылай өткізгіштердегі электр тоғы. Меншікті және қоспалы өткізгіштік.Металдардың жіне жартылай өткiзгiштердің өткiзгiштiгiнiң температураға тәуелдiлiгi.
3. Кернеулігі 1кВ/м біртекті электр өрісінде 25 нКл зарядты күш сызықтарының бағытымен 2 см-ге жылжытқандағы өріс күшінің жұмысы ?
1. Изотермиялық және адиабаттық процестер. Теңдеулері және графиктері. Осы процестер үшін термодинамиканың бірінші бастамасы.
2. Электромагниттік индукция. Фарадей заңы. Өздік және өзара индукцияның ЭҚК. Контурдың индутивтілігі.
3. Көрінетін сәулелердің толқын ұзындығы 500 нм болса, фотонның массасын анықтаңыз. (h=6.63*10-34Дж*с, c=3*108 м/c).

1. Толқындық процестер. Жазық қума толқын теңдеуі. Қума, көлденең, дыбыс толқындар.
2. Диа- және парамагнетиктер. Диа- және парамагнетиктердiң магниттелу механизмдерi.
Ферромагнетиктер. Кюри температурасы.
3. Қатаңдығы 104 Н/м серіппе 3 см-ге сығылғанда, оның потенциалдық энергиясы?
1. Электростатика. Кулон заңы. Электрстатикалық өрісі, оны сипаттайтын шамалар. Гаусс теоремасы. Электр өрісінің жұмысы.
2. Жылулық сәулелену. Жылулық сәулелену, оның сипаттамалары. Қара дене. Кирхгоф заңы. Абсолют қара дененің сәуле шығару заңдары.
3. Нүкте см қозғалыс теңдеуі бойынша тербеледі. Тербеліс периодын Т, максимал жылдамдығын және үдеуін анықтау керек.
1. Электр өрісіндегі өткізгіштер. Эквипотенциалдық беттер. Конденсаторлар және оларды қосу. Электрлік сыйымдылық. Электр өрісінің энергиясы.
2. Бор постулаттары. Атом құрылысының Томсон және Резерфорд модельдері.
Бор жасаған сутегі атомының моделі.
3. T=300 K температурадағы массалары m1=20г гелий мен m2=10г неоннан тұратын қоспаның ішкі энергиясын табыңдар.
1. Электр тогы, болу шарттары. Электр тогы және оның күші мен тығыздығы. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткізгіштердің кедергісі, олардың температураға тэулділігі. Асқын өткізгіштік.
2. Кванттық механиканың негізі. Де Бройль гипотезасы. Толқындық функция, оның физикалық қасиеттері. Гейзенбергтің анықталмағандықтар қатынасы.
3. Велосипедші радиусы 100 м шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалып, 2 минутта бір айналым жасайды. Оның бір минуттағы жүрген жолы мен орын ауыстыруы.
1. Ток көздерінің ЭҚК. Толық тізбек үшін Ом заңы. Тармақталған тізбек үшін Кирхгоф ережелері. Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалдық түрі.
2. Электрмагниттік өріс үшін Максвелл теориясы. Максвелл теңдеулері. Ығысу тоғы.
3. Периоды 1/500 мм дифракциялық тордан екінші максимумы 300 бұрышқа ауытқитын жарықтың толқын ұзындығын табыңыз.
1. Изобаралық және изохоралық процестер: заңдары, графиктері. Изобаралық және изохоралық процестер үшін термодинамиканың бірінші бастамасы.
2. Магнит өрісі, оның сипаттамалары. Био-Савар-Лаплас заңы. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Параллель токтардың өзара әсерлері. Ампер заңы.
3. Массасы m белгілі бір газдың -көлемнен көлемге дейін изотермиялық кеңею жұмысы А=1855 Дж тең. Осы температурадағы газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы м/с тең. Газ массасын анықтаңыз.
1. Ампер күші. Магнит өрісіндегі механикалық жұмыс. Қозғалыстағы зарядтың магнит өрісі. Лоренц күші. «Сол қол» ережесі.
2. Нақты газ. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Нақты газдың изотермасы. Нақты газдың ішкі энергиясы.
3. Велосипедші 10 м/с жылдамдықпен қозғалуда. 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалып бара жатқан мотоциклшы оны озды. Мотоциклшының велосипедшіге қатысты жылдамдығы қандай ?
1. Электрмагниттік индукция. Фарадей-Ленц заңы. Өздік және өзара индукция. Магнит ерісінің энергиясы. Магнит ағыны.
2. Атом ядроларының нықсыздығының негізгі себептері. Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Радиоактивтіліктің статистикалық сипаты. Радиоактивтік ыдырау заңы.
3. Массасы m белгілі бір газдың -көлемнен көлемге дейін изотермелық кеңею жұмысы А=1855 Дж тең. Осы температурадағы газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы м/с тең. Газ массасын анықтаңыз.
1. Тербелістер мен толқындар физикасы, толқындардың әр түрлі ортада таралуы. Механикалық тербелістер мен толқындар. Еркін механикалық тербелістер. Гармониялық тербелістер. Гармониялық тербелістерді қосу.
2. Ядролық реакциялар. Тізбекті реакциялар. термоядролық реакциялар.
3. Масималды көтерілу биіктігі ұшу алыстығының ¼-не теңесу үшін денені көкжиекке қандай бұрышпен жасай лақтыру керек.
1. Электр өрісі. Электрстатикалық өрістің потенциалы. Эквипотенциалдық беттер. Электрстатикалық өріс кернеулігі – потенциал градиенті.

2. Элементар бөлшектер. Лептондар, адрондар. Бөлшектердің электрмагниттік, күшті және әлсіз әрекеттесу.


3. Газ молекулаларында температурада және -қысымда секундына қанша орташа соқтығысу болады ? Осы шарттарда газ молекулаларының еркін жүруінің орташа ұзындығы ?

1. Механикалық қозғалыс, түрлері. Санақ жүйесі. Материялық нүкте. Траектория, жол, орын ауыстыру векторы. Түзу сызықты қозғалыс. Орташа және лездік жылдамдық. Үдеу.


2. Электромагниттік тербелістер мен толқындар. Еркін электромагниттік тербелістер. Айнымалы электр тогы. Электромагниттік толқындар. Электромагниттік толқындар шкаласы.
3. Тізбектегі кедергілер параллель жалғанған. Кедергісі R1=120 Ом резистордан өтетін ток күші 6А болса, кедергісі R2=80 Ом резистордан өтетін ток күші.
1. Ньютонның заңдары. Серпімді күштер. Үйкеліс күштер. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Ауырлық күші және салмақ. Салмақсыздық күйі.
2. Жарықтың интерференциясы. Когерентті және монохроматты толқындар. Жарықтың жұқа қабыршақтарда итерференциялануы.
3. Қысым тұрақты 105 болғанда, үйдегі ауаның көлемі 200 дм3 –ге артады. Газдың атқарған жұмысын табыңыз.
1. Жұмыс. Куат. Энергия. Консервативті және консервативті емес күштер. Импульс. Екі дененің соқтығысуы. Сақталу заңдары.
2. Дифракция құбылысы. Гюйгенс-Френель принципі. Дифракцияның түрлері. Френельдің зоналар әдісі. Дифракциялық тор.
3. F = 28Н күштің әсерінен дене теңдеуімен берілетіндей етіп түзусызықты қозғалыс жасайды, мұндағы С=2м/с2. Дененің массасын табыңыз.
1. Қатты дененің айналмалы қозғалыстың кинематикасы. Нормаль және тангенциал үдеулер. Сызықтық және бұрыштық шамалардың байланысы.
2. Зарядты бөлшектің магнит өрісіндегі қозғалысы. Лоренц күші. Холл эффектісі.
3. 2 м3 газдағы молекулалар санын анықтаңыз. Газдың қысымы 150 кПа, температурасы  ( k=1.38*10-23 Дж/К).
1. Инерция моменті және күш моменті. Қатгы дененің айналмалы қозғалысының негізгі теңдеуі. Айналған қатты дененін кинетикалық энергиясы. Штейнер теоремасы.
2. Жарықтың поляризациясы. Табиғи және поляризацияланған жарық. Малюс заңы. Поляризацияланған жарықты шығару. Брюстер заңы.
3. Амплитудасы 5см және 1 минутта 150 тербеліс жасайтын гармоникалық тербеліс теңдеуін жазыңыз. Бастапқы тербеліс фазасы π/4.

1. Механикадағы күштердің түрлері. Деформация түрлері. Гук заңы.


2. Оптиканың негізгі заңдары. Изотроптық ортада жарықтың таралуы, шағылуы, сынуы. Толық шағылу құбылысы. Жұқа линзалар. Лупа. Микроскоп.
3. Рентген түтікшесі 50 кВ кернеумен жұмыс істейді. Сәуле шығарудың минимал толқын ұзындығы ? (h=6.63*10-34Дж*с, е=1,6*10-19м/c)
1. Идеал газдың молекулалы-кинетикалық теориясы. Идеал газдың теңдеуі. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі және оның туындылары.
2. Жарықтың дисперсиясы. Дисперсияның түрлері. Жарықтың заттағы таралуының микроскопиялық бейнесі. Жұқа линзалар.
3. Радиусы 0,5 м дөңгелек 15 м/с жылдамдықпен айналады. Дөңгелектің бұрыштық жылдамдығы қандай?

1. Молекулалардың жылдамдықтары бойынша үлестірілуі. Барометрлік формула. Больцман таралуы. Молекуланың еркін жүрген жолының орташа ұзындығы.


2. Жылулық сәуле шығару. Абсолют қара дененің моделі. Стефан-Больцман заңы, Вин ығысу формуласы.
3. 2*10-7 зарядқа электр өрісінің бір нүктесінде 0,015 Н күш әсер етеді. Осы нүктедегі өріс кернеулігі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет