1. Жалпы Ережелер



Дата23.03.2023
өлшемі20,83 Kb.
#75811

«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕРЕЖЕСІ


1. Жалпы Ережелер

1.1 Аталған Ереже педагогика және психология пәндері бойынша колледжішілік пәндік олимпиаданы (бұдан әрі Олимпиада) ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оны ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз етуді, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін айқындайды.


1.2 Олимпиаданың мақсаты – студенттердің педагогикалық-психологиялық білім деңгейлерін анықтау.
Міндеттері:
- педагогика және психология пәндерінен теориялық білімдерін анықтау;
- теориялық білімдерін машықтық тапсырмалар арқылы тәжірибе жүзінде тексеру;
- педагогикалық мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру.
1.3 Олимпиада тапсырмаларын аталған пәндерден беретін оқытушылар дайындайды.
1.4 Олимпиадаға «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім беру» мамандықтарының 3-4 курс студенттері қатыса алады.
1.5 Олимпиада жекелей жарыс түрінде өткізіліп, теориялық және практикалық бөлімдерді қамтиды.


2. Өткізілуі мен тәртібі

Олимпиадаға әр білім беру мекемесінен екі студент (біреуі қазақ тобынан, екіншісі орыс тобынан, егер топ болмаған жағдайда екі қатысушыны қазақ тобынан алуға болады) қатыса алады.


Олимпиадаға пән оқытушылары қазылық етеді. Олардың функционалдық міндеттеріне жатады:
- Тест тапсырмаларын құрастыру және іріктеу;
- Дайын тапсырмаларды платформаға енгізу;
- Практикалық кезеңнің тапсырмаларын дайындау;
- Олимпиаданың өту барысын қадағалау;
- Теориялық кезең қорытындысы бойынша жоғары балл алған студенттерді анықтап, екінші кезеңге жолдама беру;
- Тәжірибелік кезең бойынша жоғары балл алған студенттерді анықтап, үшінші кезеңге жолдама беру;
- Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтау;
Олимпиаданың барлық кезеңі онлайн түрде, арнайы платформада өткізіледі.
Әр қатысушы аталған платформаға толық аты-жөні бойынша кіреді.


3. Жұмыс регламенті

Олимпиада тапсырмалары үш кезеңнен тұрады.


Бірінші кезең – тест тапсырмаларын орындау. Оған қойылатын талаптар:
- Тест тапсырмаларын компьютерде тапсыру.
- Өзге қатысушылармен сөйлеспеу, рұқсатсыз орнынан тұрмау, жұмысты уақытылы аяқтау;
- Тестті орындауға 30 минут беріледі;
- Тест тапсырмалары 20 сұрақтан тұрады, оның 7 сұрағы жалпы психологиядан, 7 сұрағы жалпы педагогикадан, 6 сұрағы бірнеше жауабы дұрыс тапсырмадан құралған.
- Тест жауаптары баллдық жүйемен бағаланады;
- Екінші кезеңге жоғары балл жинаған студенттер өтеді;
Екінші кезең – практикалық тапсырмаларды орындау. Оған қойылатын талаптар:
- Тапсырма көлемі – 10. Бес тапсырма – жалпы психологиядан, қалған бесеуі – педагогика пәні бойынша;
- Тапсырмалар платформада орындалады. Ашық сұрақ болғандықтан, жауабын студент өзі жазады;
- Үшінші кезеңге жоғары балл жинаған студенттер өтеді.
Үшінші кезең – логикалық тапсырмаларды орындау. Оған қойылатын талаптар:
- Квест ойынына қойылатын талаптар арқылы тапсырманы орындау (Learnis.ru)
- Регламентті сақтау
- Тапсырма жауабы оның реттік номері болады, соңында сол санды код ретінде пайдалану.
4. Қорытындылау

4.1 Олимпиада қорытындысын компьютер автоматты түрде шығарады.


4.2 Жеңімпаздар олимпиада аяқталғаннан кейін бірден арнайы кесте түрінде жарияланады.
4.3 Олимпиада қорытындысы бойынша екі 3-орын, бір 2-орын, бір 1-орын беріледі.
4.4 Бірінші кезеңге қатысқан студенттерге сертификат, екінші кезеңге мадақтама, жеңімпаздарға олимпиада дипломы табысталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет