1. Жеке куәлік көшірмесі: Арнау бір данасы



Дата26.04.2023
өлшемі234,07 Kb.
#87349


1. Жеке куәлік көшірмесі:



2.Арнау бір данасы:
1.Қайтып тумас хан ұрпағы
Бүкіл қазақ көгінде шыңға шыққан,
Дуалы ауыз, шешен сөздің сырын ұққан.
Тәуелсіздік арманына қанат жалғап,
Карсы келген жауларын көрге тыққан.

Асыл ойдың, даналықтың нұры жұққан,


Ұлты үшін әділдікпен шыға білген тығырықтан.
Тапқырлығы сай келеді , өр мінезді
Әрдайым ісімен де, сөзімен де елді ұйытқан.
Заманында Тезек бабам Қырғыз асқан,
Бас болып жақсы жайсаң сән жарасқан.
Іледен сүйретпе сал өткел жалдап,
Ағайынның асына дүбірлетіп ат салысқан.

Арда Күрең тұлпарды баптай барған,


Шабысын шын тұлпардың сақтай барған.
Тігілген киіз үйге күзет қойып,
Сол еңбегін арғымақ ақтайды алдан.

Күзетшіге Тезек бұйрық беріпті,


Қырғыз сыншы келетінін сезіпті.
Атқа айтқан сыншы сөзін ұғып ап,
Күзетші де дереу хабар беріпті.

Сүйегі шақылдаған, асыл екен бұлаңдар,


Жүлде бермес жүйрік екен сыр аңдар.
Әттең, оза шабатыны болып тұр ғой беймәлім...
Ағайыны бар екен- ау, шабыс қосып бұлаңдар...

Екі арғымақ қосылғанда шыңға шығар,


Еш бәйгенің алдын бермес шын батырлар.
Тезек бабам жатқа жүлде бермеспін деп,
Нөкерлерге әмір етіп таңды атырад.

Бәйге деген дода қанды қыздырады,


Қосарланған қос тұлпар қосылады.
Кең далаға шабысымен сән кіргізіп,
Қазақтың намысымен бас ұрады.


Қазақ атын шығарған, бабамның қос пырағы,
Желмен бірге жүйткіп барад , қайшыланған құлағы.
Бабам риза: қуаныштан шашу шашып,
Ұрандатып, атой салды дархан дала құшағы...

Тұлпарына риза болып, Іле өзенін айналып,
Өткен кеткен белестерді ойға алып,
Ата - баба аманатын арқалаған азамат,
Көңілі толып, елге қайтты жайланып.


Әлгі жүйрік арғымақтың ағасы,
Зорыққан- ау аламаннан шамасы...
Ажал жетіп, құлайды екен қас бегім,
Сонда бабам айтқан екен наласын:


«Тұяғы алтын тұлпар соңы сен шығар
Хан ұрпағы қайтып тумас мен шығар
Заман өтер, дәурен өтер, атымды атап,
Игі ісімді жаңғыртатын күн шығар»

Көрегендік танытқан екен асыл данам


Парасатты өсиет ел ішінде содан қалған
Мақтанамын хан ұрпағы болғаныма
Қасиеті мен өсиетінен медет алам

Қайсар рухты қайталанбас елінің қамқор тірегі,


Қуан баба атың шығып ақталды сенім тілегің
Ғасырлардың қатпарынан аршып алып, жар салып
Нар тұлғаңды құрмет тұтып есімде сақтап жүремін


2.Тезек Атаға арнау

Армысың, қойнауы құт киелі өлкем,


Шабыт боп төгілсінші, жырым көркем.
Ата баба рухына тағзым етем, қабыл алсаң,
Мақтанышпен арнауымды тарту етем!

Тезек ата - қасиет қонған қайталанбас тұлға ғой,


Өн бойына ақылы мен терең ойы тұнған ғой.
Елді артынан ерте алатын- кемеңгер ел басшысы,
Мақтанышпен асыңа мен шашу еттім жырдан той.
Ғибрат алар атағының жемісі бар,
Келешекке өнеге болар зор ісі бар.
Халқына шұғыла шашып , нұрын төккен
Ұлағатын дәріптеп еске алатын өрісі бар.

Куан баба, соңғы сөзің қабыл болды,


Еліңнің ынтымақ пен бірлігінің аты озды.
«Мен кеткенмен бірліктерің кетпесін,»- деп,
Айтқан сөзің тұлпар болып басып озды.

Атыңнан аңыз көп ел ішінде таң қалдырар,


Жетісудың ру-тайпасы алғыс айтып, риза болар.
Озің берген ата-қоныс жерлерінде мекен тауып,
Еске алады жөн білетін азаматтар касиет конған.

Ұрпақтарың тереңінен тамыр жайып көктеген,


Сарыөзекте көше тұрды есіміңмен көк тіреп.
Тарихтың ақ парағы нар тұлғаңмен толықты,
Абыройың жарты әлемге асқақтасын деп келем.

Еске алған Ұрпағыңның көсегесі көгерсе екен,


Аруақ қолдап, керегесі күннен күнге кеңейсе екен.
Бүкіл қазақ тұтқасына айналған Тезек ата шарапаты,
Кабыл болып, халқыңның ықыласына бөленсе екен

3. Қызмет жасайтын мекемесінен жұмыс жасайтыны туралы анықтама:

4. 10х15 фотосурет:

5.Өтінім:





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет