|
1. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз. А ы в а с о д у е ә
|
бет | 1/2 | Дата | 19.11.2023 | өлшемі | 28,2 Kb. | | #124891 |
| Байланысты: Тесты по казахскому языку на тему Фонетика.Лексика .
1-нұсқа
1. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.
А) ы В) а С) о Д) у Е) ә
2. Жуан дыбыстарды көрсетіңіз.
А) І, Ы,Е, И. В) Е,И,У,О. С) А,О,Ұ,Ы. Д) А,Ғ,Ө,Ұ. Е) О,Ө,Ұ,Ү.
3. Жіңішке буынды дәм атауын көрсетіңіз.
А) Күшті, үлкен. В) Ащы, қышқыл. С) Семіз, ерен. Д) Тәтті, дәмді. Е) Тұзды, қатты.
4. Дауысты дыбыстардың жақтың қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.
А) жуан, жіңішке В) еріндік, езулік С) ұяң, қатаң Д) ашық, қысаң Е) үнді, жуан
5. Дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.
А) жуан, жіңішке В) қысаң, ашық С) үнді, ұяң Д) еріндік, езулік Е) қатаң, ұяң
6. Қатаң дауыссызды көрсетіңіз.
А) д, в, е В) б, й, р С) п, ш, қ Д) м, ң, н Е) ғ, л, у
7. Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
А) В,Б,Г,Ғ,Ж В) Д,З,Һ,Т,В С) К,С,Т,Ш,Л Д) Б,В,К,С,Д Е) Л,Д,Р,М,П
8. Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) қ, к, п, с В) б, в, г, ғ С) н, р, у Д) й, л, м Е) д, ж, з, һ
9. Тек ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған сандарды көрсетіңіз.
А) 6, 9, 1 В) 4, 10, 7 С) 5, 8, 10 Д) 4, 11, 15 Е) 100, 9, 30
10. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатар келген сөзді көрсетіңіз.
А) Қасқа. В) Арқан. С) Қаймақ. Д) Алма. Е) Алғаш.
11. Тұйық және бітеу буындары бар сөзді көрсетіңіз.
А) Ғарыш. В) Күн. С) Кеше. Д) Ай. Е) Аспан.
12.Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.
А) ел, ер, үй В) есік, шөп, егін С) жел, жер, жаз Д) су, күн, шық Е) ұя, жыл, жүз
13. Тек ашық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) байлық, қорықтар В) бай, асхана С) жорық, кілем Д) қала, мереке Е) басшылық, ұлттық
14. Сөздің түбірі тұйық буыннан тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Шалқарда. В) Кереге. С) Оқушының. Д) Сумен. Е) Ұлттар.
15. Бітеу буыннан тұратын сөзді табыңыз.
А) Таразы В) Іні С) Шағала Д) Жаңғақ Е) Ұлт
16. Буын үндестігін құрайтын дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) Жуан, жіңішке. В) Ұяң, қатаң. С) Қатаң, жуан. Д) Үнді, ұяң. Е) Дауыссыз, қатаң.
17. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) Іскер В) Қайраткер С) Қолғанат Д) Қуанышты Е) Саяхат
18. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз.
А) Орман. В) Өнер. С) Жазушы. Д) Мектептер. Е) Қолөнер.
19.Буын үндестігіне қарай жалғанатын қатаңнан басталатын көптік жалғауларды көрсетіңіз.
А) –мен, -пен В) –ның, -нің С) –сыз, -сіз Д) –мын, -мін Е) –тар, -тер
20. Буын үндестігі сақталмаған сөзді көрсетіңіз.
А) Оқушы. В) Орман. С) Ғарышкер. Д) Мектеп. Е) Дәптер.
21. Төмендегі сөзге тіркес бола алатын жіктеу есімдігін көрсетіңіз.
...бармадық.
А) Оған. В) Театрға. С) Мектепке. Д) Үйге. Е) Қалаға.
22. Сұрау есімдігінің көпше түрін көрсетіңіз.
А) Мыналар. В) Қандайларға. С) Біреулерге. Д) Оларды. Е) Солардан.
23. Есімдіктің түрін көрсетіңіз.
А) Қатыстық. В) Сұрау. С) Көсемше. Д) Есімше. Е) Жинақтық.
24. Тиісті есімдікті қойыңыз: ...сабақ оқыдым.
А) Олар В) Ол С) Мен Д) Біреу Е) Кім?
25. Сұрау мақсатында есімдіктің қай түрі қолданылатынын көрсетіңіз.
А) Сұрау. В) Болымсыздық. С) Жалпылау. Д) Өздік. Е) Сілтеу.
26. Күрделі етістікті табыңыз.
А) Айтуды. В) Бастады. С) Барды. Д) Береді. Е) Ойланып қалды.
27. Болымсыз етістікті табыңыз.
А) Алмады. В) Қызғанды. С) Жылады. Д) Күлді. Е) Жуынды.
28. Нақ осы шақтағы етістікті табыңыз.
А) Келіп қалдым. В) Тыңдап отыр. С) Шыдамайды. Д) Келген жоқ. Е) Ұнамайды.
29. Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті белгілеңіз.
А) Билейді. В) Биледі. С) Биле. Д) Билеу. Е) Билеген.
30. Тұйық етістікті анықтаңыз.
А) Ұнау. В) Айтыс. С) Жу. Д) Көрсет. Е) Қу.
2-нұсқа
1.Фонетика нені зерттейтінін көрсетіңіз.
А) Сөз таптарын. В) Тіл дыбыстарының жүйесін. С) Сөз тіркесінің байланысу тәсілін.
Д) Сөз құрамын. Е) Сөз мағыналарын.
2. А, О, Ұ, Ы қандай дыбыстар екенін көрсетіңіз.
А) Езулік. В) Қысаң. С) Еріндік. Д) Жуан. Е) Ашық.
3. Бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) Ы,И,Ү,У... В) О,У,Е,І... С) Ә,І,Е,Ө... Д) Ә,А,О,Ү... Е) И,Е,А,Ө...
4. Жуан дауысты дыбыстар қатарын көрсетіңіз:
А) ә, и. В) ү, і. С) а, о. Д) ө, ә. Е) у, і.
5. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.
А) ы В) ү С) ұ Д) о Е) у
6. Үнді дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
А) Ң,Р,Л,М... В) И,Ң,В,Г... С) Қ,Л,М,Н... Д) Р,Л,М,И... Е) С,У,Ш,Ң...
7. Қазақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз.
А) д,т,р В) қ,ң С) р,н,д Д) а,о,м,д Е) й,у,ж
8. Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) г, ғ В) л, м С) н, р Д) д, ж Е) п, т
9. Тек ұяң дауыссыздарды көрсетіңіз.
А) П,Ғ,В,К... В) П,У,Х,В... С) Д,Ж,С,В... Д) Б,В,Р,Л... Е) Б,В,Ғ,З...
10. Қазақ алфавитіндегі әріп санын көрсетіңіз.
А) 33 В) 40 С) 41 Д) 36 Е) 42
11. Ашық буынды көрсетіңіз.
А) ой В) жас С) бас Д) ал Е) қа
12. «Серт» сөзі буынның қандай түріне жататынын табыңыз.
А) Төрт дыбысты ашық буын В) Екі дыбысты бітеу буын С) Төрт дыбысты тұйық буын
Д) Үш дыбысты ашық буын Е) Төрт дыбысты бітеу буын
13. Бірынғай тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.
А) Ең, өте, тым. В) Аш, ат, от. С) Есім, мысал, көп. Д) Ал, жай, көр. Е) Ет, кес, аса.
14. Буынға дұрыс бөлініп тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Ша-ппа-шот. В) Көрс-ет. С) Бас-па-сөзд-ен. Д) А-лыс-тан. Е) Ыст-ық .
15. Қазақ тілінде буынның неше түрі барын көрсетіңіз.
А) 2 В) 3 С) 4 Д) 7 Е) 5
16. Буын үндестігіне бағынбай тұрған біріккен сөздерді табыңыз.
А) Бірсігүні, ендігәрі. В) Сарыарқа, Талдықорған. С) Ақсуат, Сарысу. Д) Көкшетау, Екібастұз. Е) Халықаралық, өнеркәсіп.
17. Буынның жуан, жіңішкелігіне қарай болатын үндестікті көрсетіңіз.
А)Үндестік заңы. В)Кейінді ықпал. С) Буын үндестігі. Д) Ілгерінді ықпал. Е) Дыбыс үндестігі.
18. Үндестік заңындағы үндестіктің атауларын көрсетіңіз.
А) Буын үндестігі, дыбыс үндестігі В) Үндеу, дауыстау С) Ашақ буын, бітеу буын, тұйық буын Д) Дауысты, дауыссыз дыбыстар Е) Тасымал, екпін
19. Буын үндестігі заңы бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) Жауынгер В) Кәсіпорын С) Отбасы Д) Мұғалім Е) Кітап
20. Үндестік заңы нешеге бөлінетінін көрсетіңіз. А) 4 В) 2 С) 5 Д) 3 Е) 6
21. Мақалдың ішінен есімдікті белгілеңіз.
Қонағым, өз үйіңді де ойлап отыр.
А) Үйіңді В) Өз С) Қонағым Д) Ойлап отыр Е) Де
22. Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Оны. В) Соны. С) Кімде. Д) Өзім. Е) Біреу.
23. Есімдік пен зат есім тіркесін табыңыз.
А) Өткен ғасыр. В) Осы кітап. С) Жаңа жыл. Д) Төрт дәптер. Е) Биік тау.
24. Сұрау есімдігін көрсетіңіз.
А) Өзім, өзің, өзі. В) Біз, сіз, ол. С) Қандай? қанша? неше? Д) Біреу, кейбіреу, әркім.
Е) Анау, мынау, осынау.
25. Мен, сен, ол, біз, сіз есімдіктерінің түрін белгілеңіз.
А) Сілтеу. В) Жіктеу. С) Сұрау. Д) Өздік. Е) Болымсыздық.
26. Күрделі етістікті табыңыз.
А) Жаз бойы. В) Ақ үй. С) Барып кел. Д) Көріпкел. Е) Алтыбақан.
27. Болымды етістікті табыңыз.
А) Күлмеді. В) Жуынбады. С) Қуанбады. Д) Алды. Е) Жыламады.
28. Негізгі етістікті табыңыз.
А) Барған. В) Айтар. С) Келмек. Д) Келер. Е) Кел.
29. Осы шақтағы етістікті табыңыз.
А) Айтып кетті. В) Әкеле жатыр. С) Келді. Д) Сұрайды. Е) Барып келді.
30 . Қалау райлы етістікті табыңыз.
А) Еңбек етсем. В) Амандасайын. С) Айтқысы келген. Д) Тынығыңыз. Е) Жүдеп қалыпты
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|