1-жүргізуші: Армысыздар, қадірменді халайық!



Дата27.11.2023
өлшемі16,77 Kb.
#129325
түріСеминар

1-жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді халайық!
Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық.
Қуанышты шаттықпенен жүздесіп,
Баршаңызға мол қуаныш сыйлайық.
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар!
2-жүргізуші:
І- ші курста аузын ашып,семинарда пардан қашып,лекцияда секіріп,сессиядан жүгіріп,емтиханда жылап, навыктен құлап каникулда қыдырып,апайларға өтірік күліп,колледждің ауасын жұтып,степендиядан лоторея ұтып,жүрген студенттерге жалынды сәлем! Бүгінгі біздің кешіміз қызықты да көңілді студенттер күніне арналады!
1-жүргізуші:
— Я шынымен де студентік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық! Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес.Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу!
Әрине, әр студент өз мамандығына мұқият, тыңғылықты болуы қажет!
2-жүргізуші:
— Ендеше біз бүгінгі өткізілетін көңілді шарамыздың шымылдығын ашуға студенті, « » әнімен ортаға шақырамыз!
1-жүргізуші:
— Біздің өткізіліп отырған шарамыз ол әрине студенттер жайлы.
Яғни «Қызықты көңіл,студенттік өмір!»
Шынымен де студенттік өмір қызықсыз болмайды,қызығымен шыжығы мол болады!
Ендеше ортаға «Студент бейнесі» атты көріністі шақырамыз!
2-жүргізуші:
Басталмаған қаланың дастаны әлі,
Бірінші жыл
Дала деп жас тамады.
Бірінші жыл ауылы естен кетпей,
Үшінші жыл қимайды бұл орданы.
Үш жыл бойы қызартып, имендіріп,
Біреуі үшін қуанып, күйген болып.
Бірін-бірі ұзатып өз қолынан,
Бірін-бірі қолынан үйлендіріп.
О, жастық-ай, алмайтын өлмей тыным,
Ойын-тойсыз өмірге көнбейтұғын.
Бірге барса баратын бір топ болып,
Жалғыз жүру дегенді білмейтұғын.

1-жүргізуші:


О, жастық-ай, мойымас тау-тасыңа,
Омыртқаңды үзеді ол,
Дау тасыма.
Ортақ оның қайғысы, қуанышы,
Ортақ оның малтасы, қалтасы да…
Керемет қой,
Қызық қой сезім деген,
Көктемде кім үйден безінбеген!
Он ай бойы масайрап ойнағандар
Емтиханда отыз күн көз ілмеген.
Лайланып кетсе де тұнық ойы,
Қыдыруға болмайды мұны қойып.
Баррикада жасап ап
Қалың томнан,
Бас алмайды енді олар күні бойы.
2-жүргізуші:
— Айтулы студенттер мерекесінің тарихын біреу білсе, біреу білмес. Мереке тарихын біліп жүргеніміз артық болмас.
1-жүргізуші:
1946 жылы 17 –қарашада Дүниежүзілік студенттер конгресі өтті. Прага қаласында ұйымдастырылған шара патриот студенттерге арналған еді. Чехтардан бастау алған айтулы күнді ойын-тойсыз, көңілді кешсіз өткізбейміз. Бірақ тарихы қанды оқиғамен байланысты.
1939 жылы 28-қазанда Чехословакияны фашисттер басып алған болатын. Сол кезде Чехословакия мемлекетіндегі білім күнінің бір мерекесін атап өтпекке прагалық студенттер мен олардың оқытушылары шеруге шығады. Басқыншылар шеруді таратады, сөйтіп атысты бастайды. Медицина факультетінің студенті Ян Оплетал да сол кезде қаза тапқан. Ян Оплеталдың қазасынан кейін 15-қарашада студенттер қайта көтеріледі.
Сол кензде ондаған шерушілер тұтқынға түседі. 17-қарашада гестапошылар мен эсэсшылар таңертең жатахананы қоршап алады. 1200-ден астам студентті тұтқындап, Заксенхаузен концлагеріне қамаған. Студенттер қозғалысының белсенділері мен тоғыз студентті Рузина ауданындағы түрмеде дарға асқан. Гитлердің бұйрығымен чехиялық жоғары оқу орындары соғыс біткенше жабылды.
Рекл
2-жүргізуші:
-Ия студент ол-Студент!
Студенттік өмір — МАХАББАТ ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР. Сессия — ТАР ЖОЛ ТАЙҒАҚ КЕШУ. Сессиядан кейін — ДАУЫЛДАН КЕЙІН. Степендия — ҰЗАҚҚА БАРМАЙТЫН ҚУАНЫШ. Далаға шыққан студент — ЖАЯУ МҰСА. Свидание — КЕШІКПЕЙ КЕЛЕМ ДЕП ЕҢ. Лекция — ҚАЛҒЫП-МҮЛГУ. Семинар — СЕН ТИМЕСЕН МЕН ТИМЕЙМІН. Диплом қорғау — ҚЫЛ КӨПІР.

1-жүргізуші: «Студент болу – жас адамға бақытты болу деген сөзбен тең» — деп Тұманбай Молдағалиев айтқандай , бүгінгі мерекелерініз құтты болсын , жас даурен жас достар ! «Студент» әні!


2-жүргізуші:
Ащыны да, тәттіні де көріп тұрар,
Сонда да жанарыңда бақыт тұрар.
Бірде аш, бірде тоқ боп жүретұғын,
Біз сияқты «студенттер» бақыттылар!
2-жүргізуші:
Көңіл бөліп тамашалауға келгендеріңіз үшін көп-көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет