Дәріс валеология денсаулық туралы ғылым



бет1/2
Дата01.03.2023
өлшемі25,01 Kb.
#70579
  1   2

Дәріс 2. ВАЛЕОЛОГИЯ ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ 

1. Валеологияның басқа ғылымдармен байланысы.


2. Валеологиялық ғылымды зерттеудің категориялары мен негізгі міндеттері.


Денсаулық — баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті барлық икемді аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. Денсаулықсыз өмір қызықсыз әлем деп есептеймін. Мен өзімді әлемге қандай болуым керек екендігіме алып келдім. Адам болуым үшін қандай болуым керек – ақылды, әдемі және денсаулығым күшті болуы керек.
Иммануил Кант


Біз, әрқашан өзімізде ата-анамыздың қалдырған байлығын қалай болса солай шашумен айналысып келеміз, денсаулықтың қандай қазына екендігіне түсінбестен туған туындылар. Ол ата-анадан келген байлық. Біз денсаулықты есепсіз қалау болса солай кетіруге тырысамыз, денсаулықтың келешекте не болатынын ескермейміз де. Денсаулықтың не екенін, оның қадірін тек ауырғанда ғана білеміз.
М.Петтенкофер

Валеология - медицина ғылымдарының саласы емес. Ол медицина ғылымдарына жатпайды. Оның өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттері бар. Өз алдына дара ғылым. Өзінің зерттейтін арнаулы функциялары бар.


И.И.Брехман өзінің еңбектерінде валеология туралы былай деп жазды: «Денсаулық туралы ғылым интегралды түрде болуы керек». Оның пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі жағдайы экологиямен, биологиямен, медицинамен, психологиямен, педагогикамен және т.б. ғылымдармен тығыз байланыста болады. Жаңа интегралды ғылым болғандықтан ол міндетті түрде философиялық ойды және ғылыми түсініктерді жүйеге келтіріп дамытып отырды.
Валеология И. И. Брехманың айтуына қарағанда, ол адамтану ғылымы деп айту керек. Оның көздеген мақсаты адамдардың денсаулығын арттыру, ауруларды болғызбау, аурулардың алдын- алу. Денсаулықты сақтау адам үшін ең маңызы зор. Қазіргі кезде валеология ғылымына сұраныстар көбейіп отыр. Космос кеңістігін игеруге байланысты валеология ғылымына сұраныс көбейді.
Денсаулық адамның рухани байлығы. Ол біздің жер деп аталатын планетамызбен тығыз байланыста болады. Табиғат байлығнмен бірге өсіп, біте қайнасьп келе жатыр. Адам денсаулығының потенциалды денсаулығын арттыруға көмектеседі.
Адамды емдеу дәрігерлердің алғашқы қадамынан бастап осы уақытқа дейін адамдардың денсаулығын қорғау медицинаның бірінші міндеті болып келді. Кейін ел ғылым ретінде дамыды. Адамдардың денсаулығының мықты болуына да дәрігерлер айтарлықтай үлес қосып келеді. "Медицина ғылымы кейбір ғалымдардың пайымдауынша медицина адамдарды емдеуді өзінің бірінші мақсаты етіп қояды. Ауруларды зерттеу медицинаның міндеті, сондықтан да медицина — ауруларды зерттеу туралы ғылым (И. И. Брехман).
"Медицинаның біржақты дамуы"- деп жазды И. Давыдовский жеке отандық ғалымдар және шетел ғалымдары, адамдар ағзасының қасиетін дамытуға азда болса, жаңадан кірісе бастады. Ағзаның өзіндік табиғи қорғаныс күші бар екенін дәрігер байқады. Ағзаның қорғаныс қасиеті өте күшті болатынын дәрігер білді. Міне, осыған байланысты, 1960 жылдан бастап саналогия ғылымы пайда болып, дами түсті. Саналогия дегеніміз - жалпы ілім - ағзаның ауруларға қарсы тұру күші. Оның негізін санагенез құрайды. Санагенез - ағзалардың айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі, бейімдеулілік механизмдерінің динамикалық комплексі. Ол төтенше қоздырғыш факторлардың әсерінен пайда болады. Бұл бағытты дамытқан С. М. Павленко мен С. Ф. Олейник еді. Олардың айтуларына карағаңда, санагенездің көптеген механизмі арнаулы түрде жүргізілген жаттығулардың нәтижесідце қарқыңды түрде дами түседі деді. Ағза түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұра алатынын олар жазды.
Кейінгі кезде ағзалардың неше турлі дерггерге қарсы тұратыны, туа пайда болатын иммунитеттен болатыны байқалды.
И.И.Брехманның айтуына карағанда саналогия - ағзалардың дерттерден айығуы туралы ғылым деді. Оны денсаулық туралы ғылым деп есептеуге болмайды.
Сондықтан да валеология медицина ғылымының негізінде бірақ, валеология жеке дара ғылым екені кейінгі кезде дәлелдене түсті. Валеологиялық мәселелерді ойдағыдай шешу үшін экология, медицина басқа ғылымдар интегративті түрде болуы керек.
Валеологая ғылымының өзіне тән категориясы және негізгі зерттейтін міндеттері бар. Олар:
1) адамның денсаулығының қалай сақталуын білу;
2) актуальдылығы және потенциалды мүмкіндігін анықтау;
3) денсаулықтың сакталу факторларын зерітттеу.
Осы және басқадай мәселелерді шешу үшін өмір сүрудің сапасы салаауаттық өмір сүру салты зерттеп шешуге болады.
Сондайақ адам денсаулығы мен мәдиниетінің арасындағы байланыстардың заңдылықтары анықталуы тиіс, сонымен бірге адамдардың денсаулығы мен адамдардың иархиалық қажеттігін анықтап барып, барлық мәселелерді ойдағыдай шешуге болады. 
Валеология - биология ғьлымдарымсн салыстырғанда жас ғылым. Оны зерттейтін мамандар көп емес. Денсаулықтың сақталуының негізі
неге байланысты екені әлі де болса толығымен анықтала қойған жоқ.
Оның анықтауы ғылыми зерттеулер жүргізілуі қажет.
Валеологияның интегративтілігі ғылымдардың бірімен-бірінің байланыстылығында. Ғылымньң байланыстылығы адам денсаулығын күшейтеді.
Экология - айналаны қоршаған сыртқы ортамен тірі ағзалардың қарым-қатынастарын зерттейтін ғылым. Ол айналаны қоршаған сыртқы орта факгорларының денсаулыққа тигізетін әсерін анықтайды. Ал физиология - ағзада өтетін физиологиялық үрдістерді, олардың денсаулықтағы маңызын анықтайды. Адамиың ішкі жағдайын зерттеп, сипаттама береді.
Ағзаға этапты түрде жас ерекшелігіне қарай анықтама береді. Дәрігерлер дені сау адамның параметрін анықтайды. Ауруды емдейді, аурудың алдын алады. Ауырмаудың жолын көрсетеді. Осыған орай медицина ауруды емдейтін мекеме болып санаймыз. Жас жеткіншектерді аурудан сақтандыру тек дәрігерлердің ғана жұмысы емес, сондай-ақ, бұл жұмысқа педагогтар да қатынасуы керек. Педагогика тәрбие туралы ғылым. Тұлғаның қалыпты жағдайда өсуі мен дамуына өз үлесін қосады. Жас адамдар күнделікті өмірде өз орнын тауып, белгілі бір тіршілік стилін тауып өмір сүруі мүмкін.
Адамдар адекватты тіршілік етуге қашанда дайын болуы керек.
Валеология денсаулық сақтау, салаутты өмір сүру салты ғылымы. И. И. Брехман өзінің еңбегінде былай деп жазды "Адам және биологиялық белсенді заттар" деп аталатын кітапта валеология терминін алғаш рет қолданған болатын. Дәрігер С.Фуллер адам және биологиялық белсенді заттар деп аталатын кітапты ағылшын тіліне аударған кезде, ол кітаптың алғы сөзінде "Валеология " денсаулық сақтау ғылымы -деп жазды. Қазіргі кезде валеология өз алдына дара ғылым ретінде қалыптаса бастады. Ол адамдардың денсаулығын қамтамаз ететін ғылым.
Бұл ғылымың негізін адам денсаулығы мен дені сау адам кұрайды деп И.И.Брехман тұжырым жасаған. Валеология айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторлары адам денсаулығына қалай әсер ететінін карастырады. Сондай-ақ, биәлеуметтік жағдайдың денсаулыққа тигізетін әсерінде анықтайды. Адамның үшінші жағдайда болуында тексереді. Адамның үшінші жағдайы ұзақ мерзімге кететін жағдай, биологиялық құбылыс. Адамды үшінші жағдайдан шығару үшін валеология айтарлықтай рол атқарады. Валеология медицина ғылымдарына біршама жақындасады.
Қазіргі зерттеушілер денсаулықтың қалыптасуы ғылыми түсінігінде медициналық-әлеуметтік жағдайлармен шектеліп қоймай, өмір салтын философиялық және әлеуметтік түсіндірулерді қолдана отырып кең түрде қоғамдық бағытта қарастыруда.
Өмір салты – тарихи нақты әлеуметтік қатынастарға тән жеке немесе топтық өмір сүру формасы, немесе белгілі бір қоғамдық-экономикалық формациямен анықталатын адамның күнделікті өмір сүруі ерекшелігін сипаттайтын түсінік.
Жалпы алғанда, өмір салты 4 категориядан тұрады:
- өмір деңгейі – адамдарның материальдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесін сипаттайтын және сандық бейнеленетін экономикалық категория (жалпы ұлттық өнім мөлшері, халықтың нақты табысы, медициналық көмектің өол жетімділігі және қамтамасыз етілуі, жұмыс күнінің ұзақтығы және т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет