Қазақ тілі мен әдебиеті «Жұмған аузын ашпау»



бет1/42
Дата19.07.2022
өлшемі206,97 Kb.
#37785
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Қазақ тілі мен әдебиеті

  1. «Жұмған аузын ашпау» тұрақты сөз тіркесінің синонимі

Д. Сөйлемеу

  1. Белгілі бір аймақта қолданылатын сөз.

А. Диалект сөз
3. Буын үндестігінің ғылыми атауы
С. Сингармонизм
4. Дыбыс екпіні түскен сөз
С. Тарт қолыңды, тыныш отыр
5. Бір буынды сөзді табыңыз
С. Жер
6. Орфоэпиялық норма сақталған сөздер қатары
Д. Сарауыз, түйгіссе
7. Мағынасы бір-біріне жақын қос сөздер қатары
С. Ағайын-туыс, әке-шеше, аға-іні
8. Негізгі түбір сөздер қатары
Д. ақыл, сәби, адам
9. Тіркесті сөздер қатары
Б.саяси ахуал, сөз таптары, ғарыш кемесі
10. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар қатары
Б.- ғақ, гек, -қақ, кек,-ғыр, гір
11. Сын есім тұлғасына қарай
А. Негізгі сын есім, туынды сын есім.
12. Жалпы есім қатары
С. Тау, құс, адам, қала
13. Сөйлемдегі сан есімнің мағыналық түрлері.
Төртеу- түгелденер тұсың.
А. Жинақтық сан есім
14. Мағыналық жақтан кем дегенде екі я одан көп заттар мен құбылыстарды жинақтап айтатын есімдік түрі.
Б. Жалпылау есімдігі
15. Күрделі етістік қатары
Д. Күліп жібердім, оқып шықты, айтып берді
16. Туынды етістік қатары
А. Шегеледі
17. Болымсыз етістік қатары
А. Барма, күлме, сөйлеспе, айтқызба
18. Сөйлем құрамында тұрып, сөйлем мүшесі бола алмайды
С. Шылау.
19. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен болса, арасындағы тыныс белгі
В. Сызықша
20. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында қарсылық мәнді жай сөйлемдер болса, басқа сөздерден қандай тыныс белгілер арқылы ажыратылады.
С. Үтір, сызықша
21. Аралас құрмалас сөйлем қатары.
С. Күн шығып, ел тұра бастады, Нұрлан әлі жоқ.
22. Қаратпа сөзге байланысты тыныс белгісі дұрыс қойылған қатар.
Д. Арман, 26 мамыр күні емтихан болады.
23.Оқшау сөздер сөйлемге тигізетін мағыналық әсеріне қарай бөлінеді
Б. Қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөз
24. Айтушының тарапынан өзгеріске ұшырап, тек мазмұны сақталып жеткізіледі
С. Төлеу сөз
25.Шақыру, үндеу, нақтылық қай стильге тән ерекшелік
А. Публицистикалық стиль
26. Білімді не айтады, тыңдап көріңіз!
Әдептіліктің басы- аузын бағу.
Тіліңді тарт, тісің сынбасын,
Егер тілің шыға қалса, тісіңді мықтап сындырады,- деген үзіндінің авторы, дастанның атауы.
Д. Ахмет Иүгнеки. «Ақиқат сыйы»
27. Ахмет Иассауидің «диуан», «хикмет» сөздерінің ұғымы
С. Диуан-жинақ, хикмет-Алланың ақ жолы
28. «Музыканың үлкен кітабы» еңбегінің авторы.
А. Әбу Насыр Әл-Фараби
29. Ауыз әдебиетінің ғылыми атауы
А. Фольклор
30. «Алпамыс батыр» жырындағы «Осының айтқанын қылайын,өлсем өлейін, өлмесем жақсылығын көрейін» - деген кейіпкер.
Д. Кейқуат
31. «Қыз Жібек» жырының негізгі идеясы
С.Сүйіспеншілік пен адалдық
32. Қазақ халқының лиро-эпостық жырлары неге түрге бөлінеді
С.2
33. Қазақ халқын күллі әлемге танытқан әдеби мұра
В. «Қыз Жібек»
34. Айтыстың ең көне түрі
А. Бәдік айтыс
35. Асан қайғының «Ел айырылған» күйін алғаш рет нотаға түсірген танымал адам
В. А. Затаевич
36. Жырларды жатқа айтып таратушы
А. Жыршы
37. Жыраулық өнер дала «абызы», өз заманының терең ойшылы.... басталады.
А. Асан қайғы
38. Дулат Бабатайұлының 1880 жылы Қазан қаласында шыққан жинағы.
С.«Өсиетнама»
39. Қазақ әдебиеті тарихының ең бір мазмұны бай кезеңі
С. ХІХ ғасыр
40. Махамбет жырларындағы батырлық пен ерліктің символы
В. Исатай бейнесі
41. Ыбырай Алтынсариннің табиғат көрінісін суреттейтін өлеңі.
С. «Жаз»
42. Шоқанның қырғыз еліне, Ыстықкөл аймағына, Шығыс Түркістанға/ Қашқарияға сапарға шыққан жылдары
С. 1856-1858 жылдары
43. «Жыршы бала», «ақын бала» атағына ие болған ақын-жазушы
А. Сәбит Мұқанов
44. Балауса балдырғаның гүл атқанда
Шаңқ етіп, таң қыраны тіл қатқанда
Менде сол тау нұрынан нәр алғанмын.
Ұйқыдан таң шолпаны оятқанда- деген өлең жолдарындағы ұйқас түрі
В. Қара өлең ұйқасы
45. Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға,
Жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз (І, Жансүгіров)
Шығармадағы көркемдік тәсіл түрі.
С. Теңеу
46. Қазақ драматургиясының дамуына өз үлесін қосқан қаламгердің бірі
А. Т. Ахтанов
47. Д. Исабековтың Омаш, Тоқсанбай, Ергеш кейіпкерлері қатысқан повесі
С. «Дермене»
48. Дулат Исабековтың 1980 жылы шыққан романы
А. «Қарғын»
49. «Ә. Кекілбаев- заманымыздың бір заңғғар тұлғасы» деген пікір білдірген қаламгер
Д. Қ. Сұлтанов
50. М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы үш кие
А. Ана, бала, аққу
51. Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз
А. Баяу, әрең, шапшаң
С. Лезде, тез,жылдам
Ж. Ақырын, кенет, құсша

52. Хабарлы сөйлемнің айтылу мақсаты:


А. Суреттеу
С. Хабарлау
53. Атаулы сөйлемдер. Бірнеше жауапты таңдаңыз
С. Баяу ескен қоңыр жел
Д. Қазан айы. Түнерген кеш.
54.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем кездесетін қатар. Бір немесе бірнеше жауапты таңдаңыз
А. Қазір қара бие де қартайды, Қайыптың өзі де ал ағасы болды
Б. Сіздің қолыңыз босай қоймас және босағанмен бұл жұмыс сізге ауыр тиеді
В.Болыс аз үнсіз томсарып отырды да, қатаң үнмен әмір етті.
Д.Менде құжат жоқ,әрі баратын үйдің мекен-жайы жоқ.
55. Пунктуацияның негізгі анықтамалары. Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз
А. Мәтіндегі ойды бір-бірінен айырып, түсінуге көмектесетін негізгі құрал
В. Тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы.
Д. Тыныс белгілерін зерттейтін ережелер жиынтығы.
56. Абай Құнанбаевтың жылдың төрт мезгіліне арнаған өлеңдері. Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз.
В. «Жаз», «Күз», «Желсіз түнде жарық ай»
Е. «Жазғытұры», «Қыс»
57. Әсет Найманбайұлының дастандары
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз
А. «Сәлиха-Сәмен», «Перизат»,
Б. «Үш жетім қыз», «Ағаш ат»
Е. «Нұғыман-Нағым», «Жұмсап»
З. «Мәлік-Дарай», «Кешубай»
58. Шәкәрім Құдайбердіұлының өз өлеңдеріне жазған әсем әуезді әндері.
А. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»
Б. «Анадан алғаш туғанымда»
59. М. Әуезовтың «Қараш-Қараш» оқиғасы хикаятындағы кездесетін нақыл сөздер
А. «Ер арыса-аруақ»
Б. «Ат арыса-тулақ»
60. Расул Ғамзатовқа қатысты қатар . Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз
В. Алғашқы өлеңдер жинағы 1943 жылы жарық көрді
Д. Лениндік сыйлық иегері
Е.Мәскеудегі әдебиет институтын бітірді
61. Бақша ағаштары
Ыбырай Алтынсарин
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

  • Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен?-деп сұрады баласы

  • Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,-дейді атасы

  • Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой ,-деді баласы.

  • Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ,, шырағым,мұнан де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың, саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,-деді.

62. Бағу-қағу сөзінің синонимі
А. Асырау, қамқор болу, күту
63. Мәтін мазмұнының реті
1. Баланың ойы,
2. Әкесіне сұрақ
3. Бақша аралау
4. Әкесінің жауабы
Д.3,2,1,4

64. «Әбірет» сөзінің мағынасы


В. Ғибрат, үлгі
65. «Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен?»- деген сөйлеміндегі есімдік болатын сөздер тобы
В. Мынау, ана біреуі, неге? Неліктен?
66. «Сен жас ағашсың, саған да күтім керек!» сөйлеміндегі ауыспалы мағынадағы сөз
А. Ағашсың

Дүние қалай етсең табылады


Ыбырай Алтынсарин
Француз жұртының бір білімді адамы жазады:
-1791 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде, әр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып қайтып тұрушы едім. Сонда әрдайым жолымда бір Антон деген тіленші отырып, қайыр сұрап алып жүруші еді. Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жөніміз бір болған соң, бірге келе жатқанымызда, әдетше манағы Антон алдымыздан шығып, қайыр сұрады. Қасымдағы кісі тоқтап,Антонның бетіне қарап тұрды да айтты:
- Сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді, сөйтіп тұрып, мұндай жаман іспен өзіңді кемшілікке салып жүрсің. Бай болғың келсе, мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ, елден қала-қаладан қыдырып жүріп, әуелі боқтық, салам арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап жыйып жүрдім. Ол шүберектерді апарып, қағаз істейтін фабриктерге сатып, сонымен азды-көпті ақша болған соң бір есек, бір арба алдым, мұнан соң әр үйден ескі-құсқы тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім. Жасым жас, ісіме нық, жинақты және еріншектікті білмегеннен соң, осы күнде екі әйдік тас жұртым бар, фабрикамды балама бердім, үмітім бар, балам да ашты көре қалмас деген. Себебі, баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім. Осы айтқанымша машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың, Антон,-деді де, жөніне жүріп кетті.
Антон бұл сөздерді естіген соң терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып тұрып қалды
1815 жылы Брюссель деген қаладан кетіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім. Дүкеннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай етіңіз деп, бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс реуішті көрінді. Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды да да, қасыма келді

  • Айып етпесеңіз сұраймын, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп жұма сайын Версальдегі үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді?

Сонда ойыма түсіп, таң қалып:

  • Сен Антонбысың?

Рас,-деді Антон,-мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол жүргеніңіздегі бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп кетіп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім, ісіме нық, малыма күтімді болдым; ақырында сол кісінің айтқаны келіп, мінекей зор дүкеннің иесі болдым,-деді.

Антонның зор дүкен иесі болудағы еңбегі


А. Тіленшілікті тастады, жұмысқа кірісті, ісіне нық болды, малын күте бастады.


67.Мәтінді рөлге бөлу реті

  1. Француз жұртының білімді адамының сөзі

  2. Автор сөзі

  3. Антонның сөзі

  4. Бейтаныс адамның сөзі

С 2.1.4.3


68. Мәтін қай стильге тән?
В.Көркем әдебиет стилі
69. Қайыршы Антонның бейтаныс кісінің ақылынан кейінгі шешімі
С. Жұмысқа кірісті
70. Мәтінге сай мақал-мәтел қатары
А. «Байлықтың көзі- еңбекте»

1.Мақалды жалғастырыңыз: «Дені саудың –.....»


Д) жаны сау
2. Лексиканың зерттейтін саласы
С.сөз
3.Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер
С. Қоза, шиіт
4. Екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы
Д. Сөз екпіні
5. Сөздерді біркелкі әуезбен айту
С. Үндестік заңы
6. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымша
Б. -Ин, -ина, -нікі, -дікі
7. Курделі атауларды белгілі бір тәсілмен қысқарту
Б. Қысқарған сөз
8. Сөздер тұлғасына қарай
Д. Түбір сөз, туынды сөз
9.Негізгі , еш қосымшасыз сөз
Д. Түбір сөз
10. Қатыстық сын есім жасалып тұрған қатар
В)темірдей, мейірімді, кестелі
11. Сөз топтары
А) негізгі(атауыш), сөз, көмекші сөз, одағай сөз
12. Сын есім мағынасына қарай
В) сапалық сын есім, қатыстық сын есім
13.Өлең жолдарындағы сан есімнің мағыналық түрі:
Аралап қайттым Марсты,
Қоржынға мыңдап жүзік сап.
Анама моншақ сыйладым,
Жүз шақты жұлдыз тізіп ап....
В) болжалдық сан есім
14.Еш, әр, кей, қай, әлде, бір есімдіктерінің есімдікпен тіркескенде дұрыс жазылу қатары
В) ешкім, әрқалай, кейбіреу,қайбір
15.Тұйық етістік жалғанған сөз қатары
Б)жүгіру, жарысу, тексеру
16. Етістіктің райлар саны
Б)4
17. Болымсыз етістігі бар мақал мәтелдер қатары
В) күніңе сенбе, адал ісіңе сен
18. Сөйлемдегі айқындауыш мүше
Есіктен қарт шахтер Бейсен кірді.
С)қарт шахтер
19. Өзіне тән мағынасы бар, белгілі бір сұраққа жауап береді, грамматикалқы байланысқа түседі
Б) сөйлем мүшелері
20. Аралас құрмалас сөйлем қатары
Д)Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді– ат етпетінен түсті.
21. Аралас құрмалас сөйлемінің құрамында __ жай сөйлем болады.
Б) 3-4
22. Сөйлем құрамындағы қыстырма сөз
Осының бәрін, әрине, жалғыз істеген жоқ
Д) әрине
23. Сөйлемдегі төл сөзбен автор сөзінің орналасу тәртібі
«Білім мен ізгілік қана, – деп ой толғаған Жүсіп Баласағұн, – мұратқа жеткізеді»
С) төл сөз, автор сөзі, төл сөз
24. Төл сөзбен автор сөзі кездесетін қатар
В) Абай он төтінші қара сөзінде: «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды», – деп жазды
25.... – сөйлеушінің (жазушының) белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз саптау шеберлігі, тәсілі.
С) стиль
26. Сайрам қаласында туып, Иасыда тұрған ақын
Б) Ахмет Иасауи
27. Әбу Насыр әл–Фарабидік меңгерген тілдері
Б) араб, парсы, грек
28. Ахмет Иассауидің шәкірттерінің саны
В) 90 мың
29. Еңбек және шаруашылық кәсібімен байланысты туған өлең–жырлардың бір тобы
В) аңшылық туралы өлең жырлары
30. «Тарихта болған адамдардың ішіндегі өмір сорабы, іс–еңбегі халық ішінде нағыз ертегі болып, тек сол қалыпта ғана ой жадында сақтаған адамның бірі осы – Асан Қайғы» деген пікірді білдірген академик–жазушы
А) М.Әуезов
31. Мақал – мәтелдер тобынан мәтел берілген қатар
В) Ит ашуын тырнадан алады
32. «Ноғайлының жеріне Қызылбастарды қондырып қою сүйекке таңба емес пе?– деп елінен аттанып шығады» деген жолдар қай жырдан алынған?
Д) «Қобыланды батыр» жыры
33. Қобыланды батырдың жан серігі
Д)Бурыл
34. Батырлар жырының басты тақырыбы
А) Отанын сыртқы жаулардан қорғау
35. Асан қайғы өмір сүрген ғасыр
Д)XV
36. «Еділ бол да, Жайық бол» толғауының авторы
А) Асан қайғы
37. Қазақтың жыраулық поэзиясының атасы
А) Шалкиіз жырау
38. Шортанбай Қанайұлының шығармалары
Б) «Бала зары», «Зар заман», «Келер заман сипаты»
39. Кеудеме қайғы толған соң, Тұнық жырмен жуынам... деп қазақ елінің қайғысын жырлаған ақын
С) Дулат Бабатайұлы
40.Махамбет Өтемісұлының өзіне пір тұтқан адамы
Д) Исатай Тайманұлы
41. Ыбырай Алтынсариннің 1879 жылы Орынборда шығарған оқулығы
В) «Қазақ хрестоматиясы»
42. «Қазақтың поэзиясының түрлері туралы» зерттеу еңбегінің авторы
Б)Ш.Уәлиханова
43. Қасым Аманжоловтың Ұлы Отан соғысы жылдары дүниеге келген поэмасы
В) «Ақын өлімі туралы аңыз»
44. Әлемге әйгілі рубайлар авторы
В) Омар Хайям
45. Шалыс ұйқас дегеніміз
Д) 1 жол мен 3 жол, 2 жолмен 4 жолдың ұйқасуы

46. Төлеген Айбергеновке 1974 жылы ...... жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілген


Б) «Құмдағы мұнаралар»
47. Мұхтар Шахановтың тұңғыш өлеңдер жинағы
А) «Бақыт»
48. Қ.Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесінддегі қарттың немересі
В) Төлеутай
49. Ана керек!
О,адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы– үзіндісінің авторы мен шығарма атауы
В) Т.Айбергенов «Ана»
50. Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі диалог барысындағы екі жолаушы.......
С) бірі– Естемес, екіншісі– Оразымбет
51.» Өте, тым, аса, ең» үстеулерінің түрі мен жасалатын шырай түрі
А. Күшейткіш үстеу
Б. Асырмалы шырай
52. Сөз тіркесінің белгілері
А. Толық мағыналы екі сөзден тұрады
Б. Бірі екіншісіне бағына байланысады
53.Жай сөйлемнің ерекшеліктеріне қарай түрлері
А. Жалаң
С.Толымды
Д. Жайылма
54.Құрмалас сөйлемдер қатары
А. Сізді ешкім шақырған жоқ ,сондықтан сіз бармайсыз.
С.Ән басылып қалды, бірақ гитара тоқталған жоқ-ты.
55.Ақын өлеңдері толғау үлгісінде жазылған.
А. Ән басылып қалды, бірақ гитара тоқталған жоқ-ты.
Б. Тұманның қалыңдығы сонша -түк те көрінбейді.
В. Оңтайлы сәтте аласыңда,оқи бересің
С. Сіздерге де айтарыма сол : сағат төртте осында келесіздер
56.Көңіл күйді білдіретін сөйлемде ой аяқталмай кілт үзілгенде, қабаттасып қойылған тыныс белгісі бар сөйлем қатары
Б. Несі бар, көмектес
Д.Қолмен жаудырар ма едің жауынды
Е. Қызыл сөзге салынба, балақай
57.А. Құнанбаевтың «Әсемпаз болма әрнеге »өлең жолындағы қанатты сөздер
А.Сен де бір кірпіш дүниеге
Д. Кетігін тап та бар, қала
Е.ұстаздық қылған жалықпас
58 Үкілі Ыбырайдың шынайы суреткерлік талантын танытатын туындылары
А.» Арарай»
Б.» Мақпал»
В. «Шалқыма»
Д. «Гәкку»
Е. «Жиырма бес»
59. А. Байтұрсыновтың аудармалары
С «Ат пен есек », «Қасқыр мен тырна »
Д. «Шымшық пен көгершін », «Өгіз бен бақа »
Е. «Шал мен ажал », «Айна мен маймыл »
60 Абайды Құнанбай араз болған кісілеріне жұмсайды, мұның мәнісін Абайдың түсінудегі ой түйіні
Б. Көре келе әкесіне тілеулестігі күшейсін
В. Жау барын көрсін, тұсінсін
С. Көре келе әкесіне достығы күшейсін
61 Ш.Айтматовтың романдары
А. «Жанпида »
Е. «Ақ кеме »

62 . Бірлік.


Е. Өтетілеуұлы
Данияр мектептен келсе , үйдің алды омбы қар болып қалыпты. Ол тамағын ішті, аздап демалды да, аулаға шықты.Қорадан қол шанасын алып,оған талдан тоқыған қорапты таңып бекітті. Қолына күрек алды .Ауланың қарын тазартуға кірісті.Қорапқа қар толтырып, шанамен сырғытып, оны алысқа апарып төгеді. Жалғыз өзі қанша қимылдаса да,ісі өнбеді.

-Данияр! Кел, мен саған көмектесейін,-деді көрші ұйдегі досы Нариман.Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты.


-Содан кейін бірігіп біздің үйдің алдын тазалайық, жарай ма?


-Жарайды,- деді Данияр қуанып.


Екеуі екі шанамен қар толтырып тасып,жұмысты тез аяқтады. Осыдан кейін Нариманның үйінің алдына келді. Бұлардың жанына көрші үйдегі Берік пен Серік келді. Төртеуі ойнап- күліп жүріп ,қызу еңбекке кірісті. Олардың бұл істеріне үлкендер сүйсіне , қызыға қарайды.

-Алақай ! Екі сағатта бәрін бітірдік!- деп айқайлады балалар.


Осылайша, төрт дос күш қосып, төрт үйдің алдын лезде-ақ қардан тазалап шықты. Мұның аты –бірлік.


Екеуі екі шанамен қар толтырып тасып, жұмысты тез аяқтады. Сөйлемдегі сәйкес қатар


С. Қимыл-сын бағыныңқылы

63 Қорапқа толтырып , шанамен сырғытып, оны алысқа апарып төгеді. Сөйлем түріне сәйкес қатар


Д. Көп бағыныңқылы құрмалас сөйлем
64 Мәтіннің негізгі идеясы
Б. Жұмылып көтерген жүк жеңіл
65. Бұйрық рай түрінде жазылған сөздер
С. Кел , көмектесейін, тазалайық
66 . Лезде – ақ сөзіндегі ақ шылауының түрі
Д. Күшейткіш
67. Мысал әңгіме

Атымтай Жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі – құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен.


Бір күні өзінің жақын таныстары одан сұрайды;


- Жомарт - дәулетіңіз бар ,ақша – тамақ, жалаңашқа киім, үйсіздерге үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып,жете алмаған жарлыша отын кесіп,шөп тасығаныңыздың мағынасы не?- деп.

Жомарт айтты дейді;


- Әуелгісі ;әдемі ат,асыл киім,асқан дәулетті өне бойы әдет етсең, көңілге жел кіргізеді, сол желіккен көңілмен, өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп көз салмай , кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын.

Екіншісі; бар бола тұрып мен жұмыс қылсам,мұным кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер үлгі алсын деймін .


Үшіншісі; күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір- екі пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол тамақ болып тарайды,еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі ,сіңімділігі болады екен ,


Төртіншісі; тәңірімнің берген дәулетін өзімсініп , тиісті орындарына жапатпай көбісін өзім ішіп- жеп ,өзім тұтынсам ,мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын,- деді.


Атымтай Жомарттың қорқайтын жайы


С. Дәулетті өзімсінуден
68. Атымтай Жомартқа тән емес қасиет
А. Көңілшек
69 .Атымтай Жомарттың; «Әдемі ат ,асыл киім,асқан дәулетті өне бойы әдет етсең, көңілге жел кіргізеді » деуінің сыры
А. Асқан дәулетті өзіңе әдет қылсаң, тәкаппарлық пен менсінбеушілік пайда болады .
70 Мәтін мазмұнын қорытындылауға лайық мақал
С. Қолы ашықтың – жолы ашық
71 Атымтай Жомарттың таныстарын таң қалдырған қасиеті
Б. Данышпандығы

1.«Жасырын» сөзінің синонимі


Тығылып
2.Ол бақшасын арықтан суарады екен
Омоним болатын сөз
Арықтан
3.Сын есімнен болған синонимдер қатары.
Салмақты, сабырлы, ұстамды
4. Кейінгі ықпалды табыңыз
Мектебі, сабағы
5. Фонетиканың зерттейтіін саласы
Дыбыс
6. Бірыңғай қатаң дауыссызы бар сөздер қатары
Шахта, кесек, тас
7. Техника (ұшақ т.б) маркаларын көрсету үшін дұрыс жазылған қысқарған сөздер қатары
ТУ-154, ИЛ-86, АН -24
8. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер қатары
Үміткер, тәлімгер, талапкер
9. Тіркесті сөздер қатарын табыңыз
Ауа-райы, күні бойы, көк ала
10.Дерексіз зат есім қатары
Ақыл, бақыт, арман, ой
11. Туынды зат есім қатары
Қуаныш, сезім, туыс
12. Сөз таптарындағы оқшау сөз
Одағай
13.Есім сөздердің орнына кейде қолданылатын орынбасар сөз табы
Есімдік
14. Сілтеу есімдігіне тән қатар
Бұл, сол, осы, анау, мынау, әне
15. Болымсыз етістігі бар қатар
Жазбайды
16. Туынды етістік қатары
шегеледі
17. Болымсыз етістік қатары
Барма, күлме, сөйлеспе, айтқызба
18. Кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тоюы
Үйірлі мүше
19. Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сқйлем мүшесі
Баяндауыш
20. Құрамындағы жай сөйлем сыңарлары сабақтасып та, салаласып та байланысып келетін құрмаластың түрі
Аралас құрмалас
21. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында қарсылық мәнді жай сөйлемдер болса, басқа сөздерден қандай тыныс белгілер арқылы ажыратылады.
Үтір, сызықша
22. Одағай сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылған қатар
Қазақтың әндері, шіркін, неткен әдемі!
23. Шақыру одағайлар қатары
Шөре-шөре, моһ-моһ,көс-көс
24. Төл сөзді сөйлемнің тыныс белгісі дұрыс қойылған қатар
Абай өз ішінен: «Сүйіндік ауылы сыртқа кетіп қалады, жеткізбей ұзап кетеді-ау»,- деп тынышсызданып еді.
25. Қазақ тіліндегі стильдер саны
5
26. Шығыс ғалымдарының Әбу Насыр әл-Фарабиге берген атақтары
Екінші ұстаз
27. ХІІІ-ХІV ғасырлардағы әдебиеттің екінші атауы
Алтын Орда
28. «Түркі сөздерінің жинағы» кітабының арабша атауы
«Диуани лұғат ит-түрк»
29.Қобыланды батырдың әкесі
Тоқтарбай
30. Тұрмыс-салт жырларының түрлері
Әдет-ғұрып, төрт түлік мал, наурыз жыры, тойбастар
31. Батаның негізгі түрлері
Ақ бата, теріс бара, серттесу батасы
32. Төрт түлікке қатысты тыйым сөздер
Малға балағаттап тіл тигізуге болмайды
33. Қазақтың өсиет-насихатқа құрылған тұрмыс-салт жырларының бірі
Беташар
34. Алпамыс батырдың әкесі Байбөрінің жалқысын шауып әкеткен хан
Тайшық
35. Бұқар жыраудың нақыл сөздері
Өлмегенде не өлмейді? Жақсының аты, Ғалымның хаты өлмейді.
36. Бұқан Қалқаманұлының туған жылы мен туған жері
1668 жылы, қазіргі Баянауыл ауданы
37. «Толғау-қысқасын айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құстың сайрауы, жанның тартатын күйі»,- деп көрсеткен ақын
Ахмет Байтұрсынов
38. Дулат Бабатайұлының туған жерге деген сүйіспеншілігін ерекше жеткізген өлеңі
Ақжайлау мен Сандықтас
39. «Зар заман ақыны» атанған айтыскер ақын
Мұрат Мөңкеұлы
40. «О, Сарыарқа, Сарыарқа» өлеңінің авторы
Дулат Бабатайұлы
41. Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым Шоқан Уәлихановтың жас кезінен ұнатып айналысқан ісі
Суретшілік
42. Шоқан Уәлихановтың азан шақырып қойған аты
Мұхаммедханафия
43. Ғабден Мустафиннің тұңғыш әңгімелер жинағының атауы
«Ер Шойын»
44. Өлеңде кездесетін көркемдеу құралы
Құландай ащы дауыстым,
Құлжадай айбар мүйіздім
Қырмызыдай ажарлым
Хиуадай базарлым
45. Қазақ өлеңдерінің құрылысын әдебиет теориясының категориясы ретінде алғаш зерттеген
Ахмет Байтұрсынов
46. Қазақ поэзиясына кіршіксіз сезмталдығымен, нәзік мөлдірлігімен келген ақын
Мұқағали Мақатаев
47. Дулат Исабековтің қаламгерлік қыры
Прозашы, публицист, драматург
48. «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деген жырдың авторы
Жұбан Молдағалиев
49.Қадыр Мырза Әлінің «Қызыл кітап» поэмасынан алынған үзіндіде кездесетін айшықты сөз тіркесі
.....Жақсылықтың алдында бас иетін,
Бабалардың не істейміз өсиетін?
Жар жоғалтса не болмақ перзенттерін?
Ер жоғалтса не болмақ қасиетін?
Жауабы: риторикалық сұрау
50. Қ Мырза Әлидің «Нұр», «Түн кірпігін ілмеді», «Шалкөде жайлауы» өлеңдерінде жырлағаны не?
Табиғат сұлулылығы
51. Туынды үстеу жасалатын септіктер.Бірнеше жауапты таңдаңыз
Барыс, жатыс
Шығыс, көмектес
52.Атаулы сөйлем жасалып тұрған қатар.Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз
Қыстың бастапқы айы
Кеш. Ауылдың маңы.
53. Салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарыБір немесе бірнеше жауапты таңдаңыз
Жауабы: ыңғайлас
Қарсылықты
Талғаулық
Себеп-салдар
кезектес
54. Тырнақшаны қолдану ережелері. Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз
Ұйым,ұжым,газет, журнал, кітап атаулары
Мақал-мәтел, афоризм сөйлемде қолданылғанда
Дәйексөз
Төл сөз
Қалжыңмен айтылған астарлы мәндегі сөздер
55. Абай ақындығына ықпал еткен алғашқы шығыс ақындары.Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз

Науаи Физули Фирдоуси Сағди Низами Хафиз


56. Әсет Найманбаевтың ақындық мұрасы, поэзиялық шығармалары. Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз.
өлеңдері
Айтыстары
Қисса-дастандары
57. Шәкәрім Құдайбердіұлының батыс әдебиетінен аударған шығармалары.Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз.
«Боран» повесі
«Дубровский» романын
58. Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятындағы кейіпкерлері
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз.
Қатша
Сәлмен
59. Расул Ғамзатовтың өлеңдер жинағы. Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз.
«Мен туған жыл»
«Тауда менің жүрегім»
«Тырналар»
60. Адал достық
Ержасын мен Темірлан тату, дос. Екеуі бірге ойнайды, мектеп асханасына бірге барады, кітапханадан бірге барып кітап алады. Қашан көрсең егіз қозыдай бірге жүргені.
Сейсенбі күні математикадан бақылау жұмысы болды. Неге екені белгісіз, сол бақылау жұмысынан кейін екі достың арасынан бір сызаттың түскенін мұғалімі де, оқушылар да тез байқады.
Екеуі бір-біріне жоламайды. Ержасын өз бетінше сабаққа дайындалып отырады, ал, Темірлан қоңырауда өзге сыныптағы балалармен ойнайтын болды.
Сабақтан кейін мұғалім екі досты шақырып алып, ұзақ сөйлесті.
Темірлан:

  • Бақылау жұмысы кезінде Ержасын дайын есептерді көшіріп алуға дәптерін бермеді және өзң шығар деп қарамай қойды, мен енді онымен дос болғым келмейді,-деді.

Мұғалім шынайы дос туралы әңгімелесіп, түсіндірді.
Келесі күні оқушылар өз көздеріне өздері сенбеді. Ержасын мен Темірлан сабаққа бірге келді, сабақ соңына дейін жұптары жазылмады, олар адал достың мәнін түсіндірген ұстаздарына дән риза.

Жұптары жазылмау тіркесінің мағынасы


Жауабы:бірге болу


61. Ержасынға тән қасиет


Жауабы: жанашыр
62. Мәтінде кездесетін септеуліктер
Жауабы: дейін,кейін, туралы
63. «Сабақтан кейін мұғалім екі досты шақырып алып, ұзақ сөйлесті»
Сөйлемнің қай түрі?
Жауабы:қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
64. Шынайы сөзінің синонимі
Жауабы: нағыз, адал, шын
65. Айуанның естісі көп, бірақ адамдай толық ақылы жоқ
Ыбырай Алтынсарин
Ит адамға шын дос жануар. Дүние жүзінде иттің неше атасының түрлері бар: біреу қора біреуі,үй күзетеді, біреуі малшы орнына мал бағады, біреуі аң,құс алып береді, біреулері тіпті ат орнына жегіліп те жүреді.Англия жұртының ең үлкен Лондон деген қаласында өрт болған уақытта, күйіп жатқан үйдің ішінде қалған балаларды алып шығуға үйретілген иттер бар. Соның біреуі Боб деген ит он екі баланы өрттен алып шығыпты. Бір күні бір үй жанып, өрт сөндіргіш адамдар келген уақытта , бір қатн жылап тұрды, балам жанып жатқан үйде қалды деп. Өртшілер әлгі Бобты жібереді: Боб баспалдақпен үйге кіріп, түтін ішінде жоқ боп кетіп, біраздан соң, баланы көйлегінен тістеп қана алып келді. Шешесі қуанып баласын алды, өртшілер иттің өрт шалған жоқ па деп қарап тұрғанда, Боб өршеленіп жанған үйге қарай тағы ұмтыла беріпті.Өртшілер ойлады шамасы үйде таы бір бала бар шығар деп; сонымен Бобты және қоя берді. Біраздан соң Боб ауызында бір тістегені бар, үйден жұгіріп шыға келді. Қараса, әкелгені бір қуыршақ екен....

Мәтіннің түрін анықтаңыз


Жауабы: Баяндау
66. Автордың қорытынды сөзі
Жақсылық жасау-игі іс
67.Мәтінде айтылғанн дүние жүзіндегі иттердің адамға қызметі
Қора, үй күзетеді, мал бағады, аң,құс алып береді, арбаға жегіледі.



  1. Дыбыс екпіні түскен сөз

  • Тарт қолыңды, тыныш отыр

  1. Негізгі түбір сөздер қатары

  • Ақыл, сәби, адам

  1. Тіркесті сөздер қатары

  • Саяси ахуал, сөз таптары, ғарыш кемесі

  1. Мағынасы бір-біріне жақын қос сөздер қатары

  • Ағайын туыс, әке-шеше, аға-іні

  1. Жалпы есім қатары

  • Тау, құс, адам, қала

  1. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар қатары

  • -ғақ,-гек, -қақ,-кек, -ғыр,-гір

  1. Сын есім тұлғасына қарай

  • Негізгі сын есім, туынды сын есім

  1. Сөйлемдегі естістіктің мағыналық түрі

Сөз, тіл құдіреті жоғары, мәртебесі биік, ешкімге бағынбайды, иілмейді.

  • Болымсыздық есімдігі

  1. Сөйлемдегі сан есімнің мағыналық түрі. Төртеу-түгенделер тұсың.

  • Жинақтық сан есім

  1. Күрделі етістік қатары

  • Күліп жібердім, оқып шықты, айтып берді

  1. Тұйық етістік жалғанған сөз қатары

  • Жүгіру,жарысу,тексеру

  1. Етістіктің райлар саны

  • 4

  1. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен болса, арасындағы тыныс белгі

  • Сызықша

  1. Сөйлем құрамында тұрып сөйлем мүшесі бола алмайды

  • Шылау

  1. Аралас құрмалас сөйлем қатары

  • Күн шығып, ел тұра бастады, Нұрлан әлі жоқ

  1. Аралас құрмалас сөйлем қатар

  • Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқыртабасып қалып еді-ат етбетінен түсті

  1. Оқшау сөздер сөйлемге тигізетін мағыналық әсеріне қарай бөлінеді

  • Қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөз

  1. Қаратпа сөзге байланысты тыныс белгісі дұрыс қойылған қатар

  • Арман, 26 мамыр күні емтихан болады.

  1. Айтушының тарапынан өзгеріске ұшырап, тек мазмұны сақталып жеткізіледі

  • Төлеу сөз

  1. Шақыру, үндеу, нақтылық қай стильге тән ерекшелік

  • Публицистикалық стиль

  1. Шындыққа бас тік алаулап,

Пенделіктен бол аулақ-деген өлең жолдарының авторы, өлеңінің атауы

  • Әбу Насыр Әл-Фараби «Бауырым, қанша сүйгенмен»

  1. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» атты кітабы ... тараудан тұрады

  • 85

  1. «Музыканың үлкен кітабы» еңбегінің авторы

  • Әбу Насыр Әл-Фараби

  1. Әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең-жыр

  • Бесік жыры

  1. «Алпамыс батыр» жырын хатқа түсіріп, орысша бастырған жазушы

  • Ә. Диваев

  1. Қару-жарақ киініп

Енді атына мінеді
Денеге сауыт киеді
Беліне байлап болатты
Қарына найза іледі-үзіндісі алынған батырлар жыры

  • «Қобыланды батыр» жыры

  1. «Алпамыс батыр» жырындағы «Осының айтқанын қылайын, өлсем өлейін, өлмесем жақсылығын көрейін» деген кейіпкер

  • Кейқуат

  1. Қазақ әдебиеті үшін тарихи оқиғаларға толы кезең

  • ХV-ХVІІІ ғасыр әдебиеті

  1. «Еңсегей бойлы Ер Есім» деп жырлаған

  • Жиембет жырау

  1. Қазтуған жырауға «Жыраудың туған жерге деген махаббатында шек жоқ, бұл сезімде тіпті фәнилік емес бірдеңе бар» деп пікір білдірген жазушы

  • М.Мағауин

  1. «Ілімге толса көкірек», «Жақсы болса жұбайың», «Ұрлықтың түбі-қорлық-ты» толғауларының авторы

  • Майлықоа Сұлтанқожаұлы

  1. Шортанбай толғауларының ішіндегі көпшілікке кеңінен тараған туындысы

  • «Келер заман сипаты»

  1. Дулат Бабатайұлының 1880 жылы Қазан қаласында шыққан жинағы

  • «Өсиетнама»

  1. Шоқан Уалихановтың еңбектері

  • «Қашқарияға саяхат», «Жоңғария очерктері»

  1. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын шығарған қаланың атауы

  • Орынбор

  1. «Жыршы бала», «Ақын бала» атағына ие болған ақын-жазушы

  • Сәбит Мұқанов

  1. Өмірде кездесетін әртүрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асырып айту тәсілі

  • Гипербола

  1. Сөз немесе сөз тіркесінің көркем шығармада ауыспалы мағынада қолданылу тәсілі

  • Троп

  1. Т.Ахтановқа 1966 жылы «Дала сыры» хикаяты үшін берілген сыйлық

  • Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық

  1. О.Сүлейменовтің Отанға сүйіспеншілік, туған халыққа адалдық, азаматтық борыш туралы шығармасы

  • «Қыш кітап»

  1. . Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының атаулары

  • «Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу»

  1. «Астауы өзен сияқты

Құм құдық, бетон құрсанған
Өргізіп мың сан тұяқты
Мың санын жомарт қарсы алған» деген өлең жолдарының атауы

  • Ж.Молдағалиев «Құдық»

  1. Б.Момышұлы өмір сүрген жылдар

  • 1910-1982

  1. Жалғаулық шылаудың анықтамасы

  • Сөз бен сөзді байланыстырады

  • Сөйлемдерді тең дәрежеде байланыстырады

  • Сөйлем мен сөйлемді салаластыра байланыстыралы

  1. Бұйрықты сөйлемнің айтылу мақсаты

  • Біреуді іске қосу мақсатында талап қою үшін

  • Тілек, өтініш айту үшін

  • Батыл кеңес беру үшін

  1. Жақсыз сөйлем жасалған қатар

  • Оның есі шықты

  • Менің зәрем ұшты

  • Сол оқиғадан соң көңілі суып кетті

  1. Қарсылық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы жасалған құрмалас сөйлем қатары

  • Біз күн батпай жетуді жоспарлап едік, бірақ жол нашар екен

  • Ол орнынан тұрды, алайда кіргендермен амандасуға асықпады

  • Балалар ұнатқан үйірмелеріне жазылды, бірақ тіл үйірмесі жұмыс істемейді екен

  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлем

  • -Көрегендігіңді көрсеттің –ау, айналайын!

  • -Иә, білемін. Білгенде қандай!

  • -Ендеше, дайындалыңдар!

  • -Мақтауларың асып кетті.

  1. А.Құнанбаевтың жылдың төрт мезгіліне арнаған өлеңдері

  • «Жазғытұры», «Қыс»

  • «Жаз», «Күз», «Желсіз түнде жарық ай»

  1. Ақан серінің «Жігіттер» өеңінің негізгі түйіні

  • Байлық, мансап

  • Достық, қастық

  • Таза жүрек, таза тілек

  1. Ш.Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» өлеңіндегі тірек сөздер

  • Ақ жолдан айнымау

  • Халқыңа еңбек ету

  • Ар сақтау

  • Білім мен өнер үйрету

  1. Мұхтар Әуезовтің әңгімелері

  • «Қорғансыздың күні»

  • «Қыр суреттері»

  • «Оқыған азамат»

  1. Расул Ғамзатовтың қатысты қатар

  • Мәскеудегі әдебиет институтын бітірді

  • Лениндік сыйлық иегері

  • Алғашқы өлеңдер жинағы 1943 жылы жарық көрді

  1. Тесік шелек

Бір байдың үйіне қызметшісі күнде екі шелектен су таситын. Алайда, оның біреуінің түбі тесік болатын. Бүтін шелекпен суды қожайынының үйіне төкпей-шашпай жеткізсе, тесік шелекке құйылған су жол бойы тамып жартысы ғана кәдеге жарайтын. Осылайша арада екі жыл сырғып өте шықты.
Бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушыға қысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздаймын»,-депті. Таңқалған су тасушы: «Неге?»,-деп сұрайды. Шелек: «Өйткені, түбім тесік болғандықтан, судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей қатты қысыламын. Менің кесірімнен сіз де тиесілі еңбекақыңызды толықтай ала алмай келесіз» дегенде қызметші: «Оған түк те қайғырма. Одан да қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдеріне бір қарашы»,-депті жай ғана.
Шынында да, қожайынның үйіне жеткенше жолдың өз жағы жапырағы жайқалған, исі аңқыған гүлдермен көмкеріліпті. Әдемілікке тамсанған шелек бір сәт аңтарылып тұрып қалғанда, су тасушы:
-Көрдің бе?-деп сұрапты, бұл сендегі кемшілікті менің байқағандығым әрі оның өз жөнін тауып орайластыруымның жемісі,-деп сөзін жалғастырыпты.
-Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім. Күн сайын су алып қайтқанда сен оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері қожайынды осылайша қуантып келдім. Егер сен тесік болмағаныңда, гүлдер болар ма еді?!»-деген екен.
Пенде болған соң тесік шелек секілді әркімнің де өзіне тән келшіліктері болары сөзсіз. Алайда, одан қуыстанып, қорқа беру де жөн емес. Дегенмен, кемшілігін түзеп, үлгі ала білсе, жақсылыққа қарай ұмтылса, сіздің де біреуге пайдаңыз тиері сөзсіз.
Мәтіннің жанры

  • Аңыз әңгіме

Мәтәннің мазмұнының реті

  1. Су құйылған шелектер

  2. Байқампаз су тасушы

  3. Су тасығыш кісі

  4. Гүл өскен жол

  5. Өзін кінәлі сезінген шелек

  6. Қожайынды таң қалдыру

  • 3,1,5,2,4,6

Су тасушының бойындағы қасиет

  • Байқампаздық

Су тасуға кеткен уақыт

  • 2 жыл

-Көрдің бе?-деп сұрапты, -бұл сендегі кемшілікті менің байқағандығым әрі оның өз жөнін тауып орайластыруымның жемісі. Сөйлемдегі ауыспалы мағынада қолданылған сөз.

  • Жемісі

  1. Байұлы (Авторын алып тастау)

Байұлы жеті жасар күнінде ел көшіп, көп балалар: біреу тайына, біреу атына мінгенде, бір бала жыламсырап тұрып қалды. Мұны көріп, Байұлы қасына барып:
-Сен неге атыңа мінбейсің?-деді.
Бала қамығып:
-Атым жоқ, көшкенде әжеммен түйеге мінуші едім, -деді. Сонда Байұлы аттан түсіп жаяу әкесіне барып:
-Мен атқа мінгенде ертоқыммен маған бір жорға тай атап едіңіз, сол тайымды біреуге берсем сіз ұрыспайсыз ба?-деді.
Әкесі: -Кімге бересің?-деді.
Бала қысылыңқырап, жаяу жылап тұрған жарлының баласын көрсетті. Бұған әкесі де түсініп, бетінен сүйіп:
-Тайыңды кімге берсең де ерік өзіңде, -деді.
Сонан соң Байұлы қуанып, тайды ерттетіп, манағы балаға әкеп беріп, қасына ертіп алды да, шауып кеп, көп балаға қосылды. Сол уақытта бір ақсақал кісі қонақ болып жатыр екен, Байұлының әлгі мырзалығын көріп, разы болып, сыртынан бата берді:
-Ей, құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер!
Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында Байұлынан 12 ұл тауып, бәрі де асқан бай, руға бас болды. 12 ата Байұлы деген ру сонан болады деседі.
Байұлының қылығына тән мақал-мәелдер қатары

  • Өзгені де ойлаған-адамдықтың белгісі

Әңгіменің берер түйіні

  • Адалдық, мейірімділік, қамқорлық, сыпайылық

Әңгіменің авторы

  • Ы.Алтынсарин

Ақсақалдың батасы

  • Ұзақ жас бер, мал мен бас бер

Бала қысылыңқырап, жаяу жылап тұрған...сөйлемнің жалғасы

  • Жарлының баласын көрсетті




  1. Лексиканың зерттейтін саласы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет