1 Көркем мәтін жалпы филологиялық талдау нысаны



Дата20.12.2023
өлшемі76,01 Kb.
#141688

1)Көркем мәтін – жалпы филологиялық талдау нысаны
Көркем мәтінді зерттеудің, талдаудың әдістері мен ұстанымдарының, қырларының күрделілігі әрі әртүрлілігі және қажеттілігі әдебиеттің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Көркем әдебиетте өмір және басқа да өмір нысандары адамның көңіл-күй, сезімімен бірлікте алып қарастырылады. Сондықтан ондағы негізгі орталық тұлға – адам және оның күйініш-сүйініші болып табылады. Әдебиеттің өнер ретіндегі басты ерекшелігі, мәні де осында. Өнердегі эмоция, көңіл-күй ерекше мәнге ие. Мысалы, ғылыми шығармалардағы эмоционалдылық тікелей ғылыммен байланысты болып, оқырманын алға жетелеп отырғанмен, ол нақты ғылыми ұғымдардың, ақиқаттың табиғатына жат болып келеді. Ал өнердегі эмоция – шығармашылықтың ең бірінші элементі, ол шығарманың мазмұнымен біте қайнасып жатады. Көркем әдебиет өнері өмірді сезім арқылы танытып қана қоймайды, ол сол арқылы өз оқырманына эстетикалық ықпал етеді. Оның негізінде, сонымен бірге, көркем әдебиеттің әрі қоғамдық, әрі қатысымдық қызметі жатыр. Қатысымдық қызмет дегенде көркем шығарманың өз оқырманына бағытталуын, жанама түрде жүзеге асатын автор мен оқырман арасындағы қарым-қатынасты, бір-біріне тигізетін ықпалды айтамыз. Осыған байланысты көркем мәтінді зерттеудің теориялық мәселелері туралы сөз қозғағанда, ондағы көркем образ бен көркем шығарманың гносеологиялық табиғатын, әдіснамалық негіздерін ескеру өте маңызды. «Өнер», «бейне» ұғымдары, оның эстетикалық мәні, танымдық бейне және оның типтері, ғылым мен өнердің айырмасы, ғылыми және көркем танымдағы интуитивтік бейнелер, «көркемдік модель» (ғаламның екінші модельдік жүйесін жасау), метафоралық ойлау және таным, «ақиқаттың концепциясы» т.б. көркем мәтіннің гносеологиялық, эстетикалық табиғатына қатысты мәселелер оны зерттеудің негізіне қаланады.Кез келген мәтін, соның ішінде көркем мәтін материалдық мәдениет нысаны бола тұрып, оны жасаушы автормен де, мәтіннің жазылған уақытымен, орнымен, жағдайымен де тікелей байланысты болады. Бұл ерекшелік көркем мәтіндерді талдауда экстралингвистикалық факторларды басшылыққа алуды талап етеді.Көркем мәтін мазмұны жазылу ортасына, дәуірі мен уақытына, ұлттық-мәдени және түрлі діни, философиялық түсініктерге, шығарма авторының психологиясына, белгілі бір әдеби мектепке, бағытқа тәуелді болады. Мәтіннің денотаттық, референттік, ситуативтік қасиет-сапалары осыларға байланысты қалыптасады. Кез келген көркем мәтін шынайы өмірдің эстетикалық бейнесі секілді болады. Сол себепті көркем мәтінге тілдік жүйенің эстетикалық қызметі барысында қалыптасатын метаморфтық қасиет тән болып келеді. Ол әрі функционалды, әрі эстетикалық жүйе болып табылады.
2)Көркем мәтін, оның басқа мәтіндерден айырмашылығы
Көркем мәтін жалпы мәтінге тән құрылым заңдылықтарына ие болумен қатар өзіндік ерекшеліктері де болады. Осы даралықты көптеген факторлар қалыптастырады, атап айтқанда қолданыс аясы тарихи, саяси, мәдени-әлеуметтік ортасы, әдеби бағыты, мәтіннің стилі және жанры, автордың дүниетанымы, көркем-тілдік шеберлігі, даралығы, жалпы коммуникативтік жобасы, мәтін модальдылығы. Барлығы көркем мәтіндегі тілдік бірліктердің құрылымдық жүйесін ұйымдастырып, құрылымдық коммуникативті ұйымдасқан тұтастықты қатаң түрде сақтайды. Сонымен қатар шығарма жанры, модальдылық, тұтас шығарманың көркем мәтін түзуде маңызы зор.

Көркем мәтін имплициттілігі — көркем мәтінді басқа мәтін түрлеріне батыл қарсы қоятын фактор болып табылады. Көркем мәтін авторына тән қасиет — тілдік қолданыста оған жоғары дәрежеде еркіндіктің берілуі, яғни “қайталанбаушылық”, ал көркем мәтіннен басқаларға “шаблондық” тән, автормен бірге ойлайтын тілдік пікірлес оқырманға есеп жасалады, Д.Н. Шмелев автордың мәтінін қабылдау мәселесі оқырман үшін берілу мәселесіне қарағанда екінші кезектегі процесс деп есептейді. Көркем мәтін тілінің ерекшелігі ондағы поэтикалық лексиканың бар болуымен емес, функционалдыкоммуникативті бағытпен анықталған әр түрлі тілдік тәсілдердің ерекше ұйымдасуында екенін ғалымдар баса айтады


3)Көркем шығарманы талдаудағы композициялық тәсілдер
Композиция (латынша сomposito-құрастыру, қиыстыру)-көркем шығарманың құрылысы.Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы. Сюжет-сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет.Сюжет композицияның осындай өзара бола тұра олардың бір-бірінен өзгешелігі де болады. Екіншіден, композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады.Сюжетті шығармадағы оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда сірескен қағида жоқ. Әр суреткер өз шығарманың сюжетін өз қалауынша құрады. Демек; сюжеттің композициялық бітімі әр шығармада әр түрлі болуы мүмкін. Қалай болғанда да кез келген шығармада сюжеттің табиғи басталу (экспозициясы), байланысы (заявка), дамуы (ситуация), шарықтауы (кульминация), шешімі (развязка) болады.
Сюжеттің басталуы (латынша-дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпас бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі-ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тәікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге меңзеу, дерек, дәйек түрінде ғана қалды.
Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Демек, байланыс экспозициясындай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.
Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әркетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістіре байланысты. Шебер суреткердің қолынан шыққан ширыққан, шиыршық атқан серіппелі шиеленістер шарықтау шегіне жетеді.
Шарықтау шегі (латншы-шың)-сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар арасындағы қимыл-әркеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармалардағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Шығарма сюжетін күллі кезең-кезеңімен тұтастырып, белгілі біл бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның ең жауапты тұсы осы. Сайып келгенде, сюжеттік шарықтау-шығармада суреттелген барлық шындық құбылыстар мен өзекті оқиғалардың шоғырлану шоқтығы.
Шешім-суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі»,адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты көріністердің соңғы сахнасы.
Шығарма сюжетінің шешімі-оның идеялық-көркемдік шешімі. Шығармада қақтығыстар неғұрлым күшті болған сайын, сюжеттік шешім де соғұрлым мықты болады.Сонымен, сюжеттік дамудың жоғарыда айтылған кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе-шығарманың композициясы.
Сонымен, сюжеттік дамудың жоғарыда айтылған кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе-шығарманың композициясы.Композиция-әдеби шығарманың құрылыс, оның үлкен-кішілі бқлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық-бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас-аяғы жеке тараулары жнақы келуі жекелеген бөлімбөлшектердің орынды жалғасуына байланысы.Әдеби шығарманың композицялық құрылысының ұтымдылығы сөз болатын мәселелерді, суреттелетін жағдайларды, кейіпкерлердің іс-әрекетін талғап таңдай білу, оларды екшеп, сұрыптап алу, қисынын тауып қиюластыра білу шеберлігіне байланысты болады және бұл-жазушының қандай шиеленіскен жағдай болса да түйінін тауып, ақ пен қараны ажыратып, не нәрсенің мәніді, маңызды екенін түсінетін көрегендігіне байланысты болады.
4)Көркем мәтіннің эстетикалық қызметі
Көркем мәтіннің эстетикалылығы оның өзіне тән ерекшелігінен туындайды. Н.С.Болотнованың ойынша, эстетикалық қызметтен туындайтын прагматизм көркем мәтіннің эстетикалық әсерін күшейтеді; эстетикалық бағдарланған концептуалдық сапа – автордың шығармашылық дара тұлғасын, оның шынайы өмірге деген өзіндік қатынасын көрсетеді.Көркем мәтін – негізгі мақсаты дискурстың поэтикалық немесе эстетикалық қызметін көрсету болып табылатын мәтін түрі.. Сондықтан ол мәтіндік типологиялар мен тілдік қызметтерге (сілтеме, экспрессивті, аппеляциялық, металингвистикалық, поэтикалық) қайтады. Әдеби болып табылатын және оны көркем емес мәтіннен (публицистикалық, жарнамалық, ғылыми, экспозициялық, дәлелдемелік, ғылыми, сипаттамалық, құқықтық мәтіндер және т.б.) ерекшелендіретін мәтіннің ерекшелігі - ойды мұқият, эстетикалық түрде беру. жол. , бар көптеген стильдердің ішінде.Әдеби компонент көп ойын береді және максималды мүмкіндіктер бар, сондықтан кейбір әдеби мәтіндер сипаттау, экспозиция немесе дәлелдеу сияқты басқа мәтіндермен бірге ерекшеліктерге ие. Сол сияқты, мәтіндердің бұл түрінің ішінде көркем мәтіннің әр түрін (лирикалық, баяндау және драмалық), сондай-ақ олардың сипаттамаларын қамтитын келесі үш бөлім ерекшеленеді.

Көркем мәтіндердің ерекшеліктері


* Эстетикалық функция және үлкен экспрессивтік қабілеттілік. Бұл мәтіндердің негізгі мақсаты - оқырманды сөзді дұрыс таңдау, цифрларды немесе әдеби ресурстарды пайдалану арқылы жылжыту.
* Олар әдетте күшті субъективизмге ұшырады. Және ол тіпті жасырын болса да, дәлелдеу арқылы сендіруді жылжыта алады.
* Стиль. Ол автордың шығармашылық еркіндігімен шектелмейді; ол көркем қозғалыстың ерекшеліктеріне де жауап бере алады.
* ойдан шығарылған кейіпкер. Бір сынақтан басқа әдеби мәтіндер негізінен шындықтың рекреациялары болып табылады, немесе одан алыс. Тақырыптар бірдей сансыз, бірақ ақылға қонымды болуы мүмкін.
* Кеңейтім өте әртүрлі болуы мүмкін; Бұл үшін әсіресе әңгіме мәтіндері ерекше көзге түседі (микро әңгімені немесе романды қараңыз).
5)Әдебиеттанудағы интерпретация мәселесі
Интерпретация төңірегіндегі мәселелер көптеген гуманитарлық пәндердің фундаменталды сұрақтарының бірі, әрі бүгінгі күнге дейін түрлі зерттеулер мен дискуссиялардың нысанына айналып келеді. Философиялық және әдебиеттанушылық көзқарастар бойынша дамудың қазіргі кезеңінде интерпретация – айқындалған нақты мәселе, қалыптасқан әдіс.
Интерпретация ұғымы алғаш бастауын Антикалық дәуірден алады. Ежелгі Грекияда интерпретация алғашқы мектептердің пайда болуына байланысты ақындардың өлеңжырларын түсіндіру өнері ретінде қалыптасты. Кейіннен «интерпретация» герменевтиканың негізгі ұғымына айналып, бастапқыдағыдай тек түсіндіру өнері емес, философиялық әдіснамалық білім ретінде танылды. Герменевтиканың түсіну мен интерпретацияның жалпы теориясы болып қалыптасуына Фридрих Шлейермахер, Вильгельм Дильтей, Поль Рикёр, Ханс-Георг Гадамер сынды философтардың қосқан үлесі зор болды. интерпретация – үш тарап: автордың субъективті ойы, интерпретатордың субъективті ойы және екеуінің арасындағы хабар жеткізуші делдал қызметін атқаратын репрезентативті форма қатысатын процессАлынған нәтижелерді түсіндіру, мағынасын ашу, мағынасына түсінік беру, оларды тудырушы себептер мен жағдайларды түсіндіру;
6)Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетін оқыту бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері
1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап қазақ әдебиеті «Тәуелсіздік» сөзімен қатар жазыла бастады.
Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында қазақ әдебиеті өз арнасын жаңа бағытқа бұрады. Жаңа бағыттың дамуына сәйкес оқырмандар көз майын тамызып оқитын проза, беріректе роман жанрындағы шығармалар жазыла бастайды. Олар - Төлен Әбдіковтің «Парасат майданы», Әкім Таразидің «Жаза», Мұхтар Мағауиннің «Мен», Қалихан Ысқақтың «Ақсу – жер жанаты», Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша», Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Әбдіжамал Нұрпейісовтың «Соңғы парыз», Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз», Софы Сматайдың «Жарылғап батыр», Ұзақбай Доспамбетидің «Қызыл Жолбарыс», Хасен Әдібаевтың «Отырар ойраны», Асқар Алтайдың «Алтай новелласы», Әлібек Асқардың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», Бексұлтан Нұржекеұлының «Әйелдің жолы жіңішке», Тұрсынхан Зекенұлының «Көк бөрілердің көз жасы», Баққожа Мұқайдың «Өмірзая», Оразбек Сәрсенбайдың «Шеңбер», Құлмұқан Исабаевтың “Шоң би”, Кәдірбек Сегізбайдың “Беласқан”, Жанат Ахмедидiң “Шырғалаң”, Тынымбай Нұрмағамбетовтың “Айқай” атты шығармалары. Аталған шығарманың барлығы тәуелсіздік жылдарында әдебиеттің ерекше қарқынмен дамығанын көрсетеді. Мұнымен қатар, сол заманның шындығын көзге шұқып айтқан әңгіме мен повестер жарық көрген. Тәуелсіздің жылдарында жазылған повестер халық өмірінің кешегі күнін баяндайды. Бұдан өзге махаббат тақырыбы да қамтылған. Махаббатсыз адам өмірі қалай тұл болса, роман да онсыз өмір сүре алмаған.
Өтпелі кезеңде елдің әл-ауқаты төмендеп, рухани құндылықтары арзандай бастаған. Осы уақытта қазақ әдебиеті асыл сезімді биікке көтеріп, халық санасына жарық сәуле сыйлауға тырысады.
7)Көркем мәтіндегі автор әлемі мен образы
Мәтіннің тілдік ұйымдасуын зерделеуде «авторлық модалдылық» ұғымын зерттеуден тыс қалдыруға болмайды. Өйткені мәтінтүзу мен мәтінқабылдауда оның рөлі ерекше: ол мәтіннің барлық бірліктерін мағыналық, құрылымдық біртұтастыққа біріктіріп тұрады.Сөйлем модалдылығы біршама зерттелген болса, мәтін деңгейіндегі модалдылықты сөз еткенде, автор мен оқырман арасындағы қарымқатынасты, яғни қарым-қатынас актісі мәселесін қозғау керек болады.Автор тұлғасын оның мәтіндегі көріну формалары арқылы қабылдау – екі жақты үдеріс, ол автор мен оқырман қарым-қатынасына негізделеді. Мәтін модалдылығы автордың мәтіндегі хабарланған жайға қатынасы, көзқарасы, ұстанымы, оқырманға жеткізуге бағытталған өзіндік құндылықтары ретінде анықталады.
Автордың көзқарасы, бағасы бейнелеудің өзіне сәйкесті тәсілдерін керек етеді. Ал олар әр автор үшін және мәтін түрлеріне қарай әр түрлі болады, олардың уәжділігі, мақсаттылығы айқын болып тұрады. Демек, оларды таңдау тілдік емес міндеттерге байланысты. Автордың хабарланған жайға көзқарасы болып табылатын жалпы модалдылық мәтінді жекелеген бірліктердің қосындысы емес, тұтас шығарма ретінде қабылдатқызады. Сондықтан жекелеген тілдік бірліктердің сапасын емес, олардың тұтастық құрамындағы қызметін анықтау қажет. Сонда автордың жекелік қатынасы, В.В.Виноградов айтқандай, «шығарма мәнінің тұтасқан, орталықтанған көрінісі» болады. «Ол шығарманың барлық тілдік құрылымының жүйесін біріктіреді» [1:164]. Бұдан шығатын қорытынды: мәтін тілдік бірліктердің жай ғана бірігуінен тұрмайды, сонымен қатар ол автордың мақсат, ниетіне орай, қарым-қатынас жағдайы мен автордың жеке ғылыми, интеллектуалдық, қоғамдық, адамгершілік, эстетикалық т.б. бағыттарына сәйкес келетін мазмұндық және формалдық элементтердің бірлігінен тұрады.
Модалдылық категориясымен мәтіннің тағы бір мәнді белгісі – «автор бейнесі» ұғымы тығыз байланысты. Автор бейнесі көркем шығармада тілдік құралдар арқылы жасалады, бірақ ол оқырман санасында туындайды.
Демек, автор бейнесі «оқырман қабылдауы» категориясымен тығыз байланысты. Алайда, оқырманның қабылдауын автор өзі ұйымдастырады, оның ұйымдасуы мәтін құрылымында жүзеге асады.
Төменде «Абай жолы» романында автор бейнесінің тілдікмазмұндық ұйымдасуына аз-кем тоқталамыз.
«Абай жолындағы» автор бейнесі, бір жағынан, қазақ прозасының қаншалықты дамығанын көрсетсе, екінші жағынан, жазушының дара стилінің ерекшеліктерін де танытады.
«Абай жолында» автор кейбір қаламгерлердей өзін ашық түрде көрсетпейді. Оқиға, құбылыстарды баяндауда өзін бейтарап ұстайды, кейіпкерлерді бейнелегенде өзі солармен бірге, бір қатарда тұрады. Бұл тұста автордың өзін білдіруінің негізгі тәсілі – ортақ төл сөз. М.Әуезовтің ортақ төл сөзді пайдалануында да өзіндік ерекшеліктер бар. Автор өзі мен кейіпкер арасындағы аралық шекті алып жатады да, бірде кейіпкерге жақындап, бірде одан алыстап отырады.
«Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне шәкірт бала барын салды. Қорықтан күн шыға атқа мінейік деп асыққан-ды. Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпастан өзі оятып тұрғызып еді.
Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған. Кей-кейде өзіне таныс Көкүйірім мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтардың тұс-тұсына келгенде бала оқшау шығып, астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып та алады».
Сыртқы баяндау үлгісі – авторлық, бірақ ішкі тыныс-демі – кейіпкердікі. Үйін, елін сағынған, алып-ұшқан көңілдің жай-күйі дәл берілген. Автор бала болмысының тамыр бүлкілін дәл басу үшін, оның өзіне айналып отыр. Мәтіндегі өздік есімдіктердің атқарып тұрған рөлі – автор баяндауын кейіпкердің ішкі қабылдауына айналдырып жіберу.
Жалпы, қай кейіпкерді баяндаса, автор соның ішіне енеді, сол болып сөйлейді, сол болып ойлайды.
Шығарма тілінде автордың кейіпкер тұрғысынан баяндауын қамтамасыз ететін тілдік тұлғалар бар. Олар зат есімнің орнына жүретін сын есімдер (арттағылар, үлкендер), олардың орнына қолданылатын есімдіктер (көбінесе сілтеу есімдігі), өткен шақ есімше тұлғалары т.б.
Солайша, оқиға, құбылысқа автор көзқарасы кейіпкер көзімен беріледі. Кейіпкердің ұнатқаны – автордың ұнатқаны, кейіпкердің жек көргені – автордың жек көргені. Сағынып қайтқан баланың туған жерінің әр белесін, әр көдесін ынтыға көз алдына әкелуі – соның айғағы. Қорқытқанға көнбеуі− соның дәлелі.
Абайдың ауылға келген жерін баяндаулары, туыс-туғанымен көрісуі –бәрі сол Абай көзімен беріледі. Оны, әсіресе, тәуелдік тұлғадағы туыстық қатынасты білдіретін сөздер айқын аңғартады. Бұлардың бәрі де – баяндау тәсілінің жазушы қаламына тән өзіндік ерекшеліктері – ортақ төл сөздің ерекше үлгісі. Ал нағыз ортақ төл сөздер де жоқ емес. Олар бірақ ұзынсонар емес, қысқа, кейіпкерлердің аласұрған ой-сезімін, эмоциясын не басқалай бір ой-күдігін беруде ғана қолданылады.
« −Балам, бойың өсіп ержетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме? – деді. Кекету ме , жоқ күдік пе? Немесе шынымен жай білгісі келгені ме?»
«Бірақ бауырына басқанның өзінде де Абайдың жүрегін қаттықатты соқтырған аса бір өзгеше жақындық білінді. Ана құшағы!.. Ұлжан көп ұстаған жоқ».
Автор ара-арасында басқа да жақын кейіпкерлердің бейнесіне енеді. Бұл баяндауды түрлендіру үшін керек.
«Үлкендер бала мінезіне бір күліп, бір таңданып сүйсініп қалды. Қара сұр бала көптің көзі бір өзіне қадалғанда енді қысылыңқырап, қызарып еді. Бірақ, көзінде жайнай жанған от білінеді. Өзге балаларының ажарынан бөлек, қызулы, саналы оты бар сияқты.
Ұлжан тартымды болуымен қатар, сыншы да ана. Баласының жаңағы мінезіне біраз ойлана қарап отырды. Биыл денесі өскелеңдеп қалған баласы мінез жағынан да ересек тартқан сияқты…»
Жазушы алғаш рет Құнанбай портретін де бала көзі – Абай көзімен береді. Жалпы, өзге үлкендер болмысы да, олардың іс-әрекеті де Абай көзімен қабылданады. Осы тұста үлкендер әлеміне, үлкендік әлеміне ену басталады. Бұл – Абайдың сапалық жаңа деңгейіне өтуінің, үлкендеуінің, ой толықтыруының алғашқы бастамасы, ал нағыз үлкен өзгеріс Қодар өлімін көргеннен кейін болады.
«Әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғарғы жері қаз жұмыртқасындай көрінеді. Онсыз да ұзын, үлкен бетіне ұп-ұзын боп дөңгелей біткен сақалы қосылғанда, басы мен беті бір өңірдей. Сонда, Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі жалтұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя беріп, салғырттығы жоқ сергек қатал күзетші.
Жалғыз көз шүңет емес, томпақша. Тесіле, сыздана қарайды. Кірпігін де сирек қағады. Иығына бота ішігін жамылып, шалқия отырып сөйлеген Құнанбай, осы үйде әркімге қарамайды. Қарсысына таман отырған Сүйіндікке ғана қадалып сөйлейді…»
Осылайша осында отырған барлық үлкендердің сыртқы келбетінің бір-бір ерекше қырларын Абай көзімен беріп алады да, автор әрі қарай өз баяндауларына кіріседі.
Жазушы өз кейіпкерлерінің ішкі жан-дүниесіне бойлай ене отырып, бейнелеуші барлық тілдік құралдарды соған сәйкестендіреді, сөйлем құрылысы, мәнері, сазы, тоны, ырғағы…түгел соған бағынады.
«…Қамқа күрсініп алып: –құданың құдыреті, бүгін түсіме балаңыз біртүрлі боп кірді, –деді.
–Пәке паруардигар! Паруардигар! –деп, мол келген батыр кеудесін қақ жарған шерді Қодар да шығарды. «Түс шіркін жұбаныш па, тәңірай!». Бүгін өз түсіне де Құтжаны –жалғызы кірген еді. Бірақ Қамқа түсті кәдімгідей медеу көреді. Айтсын. Бала көңілі тым құрса, сонысымен уанған болсын. Тыңдайды».
Соңғы сөйлемдер Қодардың ойымен тұстасқан ортақ төл сөз түрінде берілгендіктен, кейіпкердің көңіл ауанына сәйкес, үзік-үзік сөйлемдермен араласады. Айқындауыш қайғы ауырлығына ерекше мән бергізеді.
«Қаны қашып, аппақ сұр болған бетін төр жаққа, атасы жаққа бұрып, қадала тыңдады. Екі көзі жасқа толып, қызарып тұр. Аш бетінде көк тамырлары білінеді».
Бұл –Қамқаның портреті. Аяусыз қайғының астында жаншылып, езілген шерлі жанның сүлдері. Жазушының «жүдеу не арық бет» демей, дәл «аш бет» деп алуының өзі қайғы салмағын он есе, мың есе ауырлата түседі, дәл сондай бетте ғана көк тамырлар айқын білінсе керек.
«Бөктер желі таңертең әрдайым Шыңғыс аса соғатын қоңыр салқын күйінде. Қазірде де күн қызуын жеңілдетіп, майда қоңыр лептей үріп тұр. Бірақ бұл жарастық, бұл жастық кімдер үшін. Әлдекімнің рақаты, әлдекімнің қызығы, сайраны үшін болар. Жалғыз-ақ мынау екі қаралылар үшін ол жоққа тән».
Міне, осы жерде автор өз бейнесін ашық, анық көрсетеді. Бұл – ортақ төл сөз емес. Бұл таза автор үні, автор дауысы. Өзінің жанашыр, бірақ қолынан келері жоқ халін анық байқатады. Жалпы, М.Әуезовке мұндай өз бетпердесін ашық көрсету (Ғ.Мүсіреповтей) тән емес. Бірақ мына жерде ауыр қайғы болмысы соған амалсыз апарады.
Сөйтіп, автор бейнесі «Абай жолында» біресе қалқып жоғары қабатқа шығып, айқын бедерленіп, біресе тереңге сүңгіп, оқиғалар мен кейіпкерлердің тасасында, терең қабатта көрініс табады. Роман оқиғаларының қозғалысын, ілгері жылжуын ұйымдастыруда ол ерекше белсенділік атқарады. Автор бейнесі көбінесе Абай бейнесімен астарлас.
8)Жаңартылған білім беру бағдарламасында әдеби білім мазмұнының берілуі
Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты- білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу,оқушының функционалды сауаттылығы мен шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Сонымен қатар пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.Соның ішінде қазақ әдебиетін оқытуда білімалушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, олаарға идеялық-саяси,рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану әдебиет пәнінің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.Осы орайда ұстаздарға қазір үлкен жауапкершілік міндеттеліп отыр. Сабақта ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамытуды ескере отырып әр түрлі тапсырмалар құрастырылып берілуі керек. Сабақ барысында берілетін тапсырмалар түрлері сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, сәйкестендіруайтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпы тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындау, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы, мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді жинақтау т.б.
9)Көркем шығарманың жазылу тарихын зерттеудің маңызы
Көркем шығарманы жан-жақты талдағанда,түрлі әдістер қолданылады.Көркем шығарманың жазылу тарихын зерттеу шығарманы талдау барысындағы маңызды пункт.Себебі көркем шығарманың идеясын анықтау барысында оның жазылу тарихына да үңілу керек.Автор көркем шығарманы жазбас бұрын,не ойлады,қайдан шабыт алды,шығармасың жазуға не түрткі болды,шығарма қай уақыт кеңістігінде жазылды деген сұрақтардың жауабын шығарманың жазылу тарихын зерттеу арқылы біле аламыз.Тағы ескере кететіндегі әдебиеттегі көптеген шығармалардың сарыны бір-бірімен ұқсас келіп ,арты даулы мәселеге ұласады.Бұл мәселеніде шығарманың жазылу тарихын зерттеу барысында қарастыра аламыз.Мысалы ,М.Әуезовтің “Қорғансыздың күні “шығармасының жазылу тарихына үңілейік. М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі Н.М.Карамзиннің 1792 жылы жарияланған "Бишара Лиза" атты шығармасының әсерімен жазылды деген әдебиет зерттеушілерінің пікірі сексенінші жылға дейін айтылып келді және ол пікірлер байыппен теориялық тұрғыдан дәлелденбей, үзілді-кесілді үкім ретінде ұсынылды. Екі шығарманы тоғыстырып тұрған белгілер қайсы? Әр жазушы не айтқысы келді? – деген сұрақтардың себептері ашылмай қалды. Әуезовтің шығармашылығына қиянат. Сондықтан да екі шағырманың ара жігін аша түсуді лайық санадық.
Олардың арасындағы негізгі сабақтастық – екі шығарманың да кейіпкеріне жас қыздың тағдырының желі тартуы, екеуінің де тұрмыс тауқыметін бастан кешуі, екеуінің де өзін-өзі өлімге душар етуі. Қайғылы оқиғаның психологиялық әсері. Сондай-ақ, Карамзиннің де, Әуезовтің де тұңғыш көркем шығармасы екендігінде. Бұған қарап бір жазушыны екіншісіне тәуелді етуге болмайды.
Бұл идеяның өзін Карамзин 1780-жылдары кең тараған: «Крестьянка да ғашық бола алады» атты әннің сюжетінен алған.
Ал шығарманың жазылу тарихына онда «Қорғансыздың күнінен» басталған Әуезов шығармашылығының бір ерекшелігі аңғарылады. Ол – жазушының роман, повесть, әңгімелерінің дені тарихи оқиғалардың негізінде жазылуы. Яғни нақты бастан кешкен, өмірде болған деректі дүние. Сондай тарихи оқиғаның өзегі болған әңгіменің қатарына «Қорғансыздың күні» де қосылады.
«Қорғансыздың күніне» мәйек етіп ұйытуға негіз салған оқиға туралы М.Әуезовпен үзеңгілес өмір сүрген Ғайса Самурзин «Өмір сабақтары» атты естелік-намасында құнды мағлұматтар келтіреді. Мұхаңның балалық, жігіттік дәуренін сипаттай отырып, Құнанбай ұрпақтары, Абай аулы төңірегіндегі революцияға дейінгі жағдай туралы сөз қозғайды. Құнанбайдың Ұлжаннан туған ұлы – Ысқақ. Ал Кәкітай Ысқақов Абайдың тұңғыш кітабын Петербургта жариялағаны баршаға мәлім. Міне, сол Кәкітайдың Біләл атты ұлы төңкеріс тұсында болыстыққа сайланады. Қаталдығымен, қатыгездігімен, дөрекілігімен де аты шыққан. Орысша сауатты, тізесін ұлы Абай аса құрмет тұтқан Мұрсейіт сияқты зиялыларға да батырған.
Осы Біләлдің аса бір қатыгездігін Мұхтар Әуезов алғашқы әңгімесіне желі еткен.
Осындай факттар арқылы шығарманың жазылу тарихы мәлім болады.”Қорғансыздың күні” шығармасының жазылу тарихын зерттеу арқылы,шығарма идеясы қандай,шығарманың жазылуы қайдан бастау алды,не түрткі болды деген сұрақтарға жауап табуға болатынын білдік.”Бишара Лиза” шығармасымен салыстыруға келмитінің де білдік.Осылайша көркем шығарманың жазылу тарихын зерттеудің қаншалықты маңызды екенің біле аламыз.
10)Білім беру үдерісінде әдеби шығарманы көркем қабылдау жолдарын ұйымдастыру
Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Оқушыны көркем мәтіннің оқу түрлеріне дағдыландыру керек. Көркем мәтінді оқу түрлерін жіктеп ажыратамыз:
1) көркем мәтіндегі жазушы ойын мұғалім көмегімен аңғара оқу. Оның мән-мағынасын тұшына, түсіне оқу. Қиын, түсініксіз образды, айшықты сөздерді ұғына оқу, яғни лингвистикалық түсіндірмелі оқу;
2) таңдап оқу. Белгілі мақсатпен қойылған сұрақтарға жауап іздеп, тіл көркемдігін дәлелдеу, портрет, пейзаж, образды табу;
3) мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу-әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі. Мәнерлеп оқудың мақсаты:
а) оқушыларға көркем туындының эмоциялық-эстетикалық әсерін сезіндіру;
ә) көркем мәтінге жан беру, әр сөздің мәні мен мағынасын, сөз бояуларының нақышын сезе білу;
в)көркем мәтіндегі айтар ой мен поэтикалық көркемдікті өздеріне болжату, түсіндіру, мәтінді талдау дағдыларын дамыту.
Тағы мына жолдарды ұсынғым келеді:
1) Әдеби шығармадағы оқиғаларды көркем әлем мен шындықты сәйкестендіру
2) Әдеби шығармадағы ең маңызды оқиғаларға,іс әрекеттерге оқушының көңілін аудара білу, фактілер ұсыну
11)Қазіргі оқыту үдерісіндегі көркем шығарманы талдау әдістері
Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Балаға көркем туындыны оқытпай, әдебиеттен білім беру мүмкін нәрсе емес. Көркем туындыны жай оқып шығу емес, одан алған әсері, туынды оқушы жүрегіне, сезіміне әсер етті ме, соны білу – мұғалім үшін маңызды мәселе.
Көркем шығарманы оқыту әдістері:
1) Түсіндірмелі (комментарий) оқу арқылы шығарманың алғашқы бөлімдері оқылады, тәжірибеде осы тәсіл жиі кезігеді, себебі мұғалім ол арқылы шығарманы оқуды ұйымдастырады, оқушыларға бағыт-бағдар береді. Түсіндірмелі оқу, әсіресе, күрделі шығармаларды оқу кезінде тиімді болады.
2) Жоғары сыныптарға көркем шығарманы үйде оқуға беріп, сабақта талқылау, түрлі сұрақтар қою. Сұрақтарға жауап беретіндіктен балалар жіті дайындалып, оқып келеді. Тексеру түрлері:
өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндату, не сол эпизодтың мазмұнының тезисін жасату;
ә) негізгі кейіпкерлерді жинақтату;
б) жазбаша викторина жүргізу.
в) сынақ үлгісіндегі ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру;
г) бүкіл сыныпқа ортақ тапсырма – көркем туындыдан алған әсерін қысқаша баяндап беру;
д) әдеби «көкпар ойыны» арқылы тексеру.
12)Көркем шығарманы проблемалық-тақырыптық талдау әдістері
Талдау сөзінің алғашқы терминологиялық мағынасы - зат пен құбылысты танып, білу дегенді білдіреді. Талдау әдісі - бұл әдеби талдаудың ғылыми негізделген әр түрлі жолдары мен тәсілдерін іздестірумен айналысатын сала. Әдеби шығарманың мазмұнын меңгергеннен кейін оған талдау жасалады. Әдеби талдау кезінде көркем мәтінді кез келген бөлшектерге бөліп, жіктеуге болады. Мәтінге талдау жасай отырып, біз суреткердің ой‑мақсатын, дүниетанымын білуге ұмтыламыз. Талдау жасағанда мәтіндегі әрбір шағын, жеке элементтер де назардан тыс қалмау керек. Әдеби талдау үстінде көркем шығарманың мазмұн‑пішіні, кейіпкерлер қатынасы мен тілдік құралдар ашылады. Әдебиетті оқытудағы басты мәселе - шығармаға, яғни көркем мәтінге талдау жасау. Әдіскер Т. ақшолақов көркем шығармаға талдау жасаудың төрт түрлі әдісін көрсетеді. Олар: образ бойынша талдау; проблемалы талдау; тұтас талдау; тақырыптық талдау.

а) Образ бойынша талдау кезінде оқушылар адамды танып‑біле отырып, сол кейіпкер бойындағы ұнамды, адамдық қасиеттерді білуге талпынады. Әрине, шығармадағы қандай орталық кейіпкердің барша қасиеті жеке‑дара ашылмайды. Себебі, автор өз кейіпкерін мәтіндегі әр алуан іс‑әрекеттермен, оқиғалармен, басқа кейіпкерлермен байланыстырады. Яғни, бас кейіпкер шығармада қанша алғы орында көрсетілгенімен, ол басқа кейіпкерлермен қарым‑қатынасқа түсіп, іс‑әрекет үстінде байланысып отырады, сол арқылы толыққанды ашылады. Сондықтан, көркем шығармадағы бейнелер жүйесін өзара тұтастыру қажет.



ә) Шығарма талдаудағы келесі әдіс - проблемалы талдау. Көркем шығармада сан тарапты әрекеттер баяндалып, көптеген қарама‑қайшылықты, талас пікірлі оқиғалар туындап жатады. Осыған байланысты жазушы көтерген проблеманы танып‑білу керек. Ол үшін оқушыны ізденіс‑толғанысқа бастайтындай, туындының идеялық‑эстетикалық қуатын танытатындай жұмысқа бастау керек. Осыған байланысты оқушының алдына проблемалық ситуация ұсыну қажет. Мәселен, С. көбеевтің Қалың мал, М.Әуезовтің Көксерек т. б. шығармалары өтілгенде тап тартысы, бай мен кедей мәселесі, табиғатты қорғау, жаратылыс байлығын сақтау, халықтық ғұрыптың сақталуы жайлы проблемалы сауалдар әзірлеп, оқушылардың бүгінгі күн тұрғысындағы көзқарасын айтқызуға, ой бөлісуге шақыруға болады. М.Әуезовтің повесінде Құрмашқа әкесі қасқырдың бөлтірігін әкеліп береді. Құрмаш енді сол бөлтіріктің айналасынан шықпай, тамақ беріп, қасына алып жатады. Осылайша өскен бөлтірік бірте‑бірте тағы мінезін білдіре бастайды. Күн өте ол үлкейіп, өседі, ауылдан ұзап кетіп қалып жүреді. Қыс түсе, ол тіпті қасқырларға қосылып, малдарға шауып, ауылдың мазасын кетіреді. Сөйткен Көксерек бірде малды бағуға шыққан Құрмаштың өзін мерт етеді. Ауыл болып қасқырды ұстау әрекетіне кіріседі. Осы тұста жемін тартып жеуге үйренген даланың жыртқышы қасқырды кінәлаймыз ба, жоқ оны қолға әкелген адам әрекетін жөнсіз санаймыз ба? Осы шығарманы С. мұратбековтің Жабайы алма повесімен, қырғыз жазушысы Ш. айтматовтың .. романымен салыстыруға болады. Мәселен, С. мұратбековтің Жабайы алма повесіндегі бір эпизодта иттің киесі жайлы әңгімеленеді. Қысқаша айтсақ, ауылдың сырт жағындағы биік алма ағашының түбін бір ит мекендейді. Бірде ол ауыл ішіне кіріп, Бүбітай деген әйелдің аулада тұрған қазандағы сүтін ішіп кетеді. Бұған ашу шақырған Бүбітай күрек алып барып, иттің апанын ішіндегі көзін ашпаған күшіктерімен бірге, көміп тастайды. Ит қайтып келгенде, бітелген апанды көріп, тұншығып өлген күшіктерін аршып алып, ғайып болады. Енді сол алма ағашына жақындауға сескенетін балалар оған емін‑еркін баратын болды. Ағаштың ең биігіндегі алманы сілкіп түсірем деп, Бүбітайдың Сыпатай деген баласы құлап өледі, шешесі Бүбітай есінен айырылады. Міне, шығарма сюжетіндегі осындай оқиғаларды талдау үстінде жыртқыштар өмірі, олардың адамға тигізер пайдасы мен зияны, халық сеніміндегі кие тұту ұғымы туралы ой өрбіту керек.
б) Тұтас талдау. Бұл шығарманың желісіне сай жүргізіледі. Мұнда көркем шығарманың бөлімдері бойынша ондағы оқиғаның дамуына сай автор ізімен жүре отырып, талдау жасалады. Мұның тиімді жағы шығармадағы оқиғаны, іс‑әрекетті жан‑жақты, жүйелі қарастырға мүмкіндік береді. Көбіне көлемді мәтіндерді талдағанда, ондағы оқиға реті ауыстырылып, қалыс қалдырылып немесе толық баяндалмай жатады. Бұл талдау осындай мәселеде реттілікті сақтап, оқиға барысын автор баяндауынан ауытқымай жүргізуге көмектеседі.
в) Тақырыптық талдау. Бұл да ұтымды әдістердің бірі. Талдау кезінде көркем шығарма жан‑жақты, терең қарастырылады. Яғни, бір көркем мәтінді іштей бірнеше тақырыптарға жіктеп, әрқайсысына атау беріп, сол ретпен талдау жүргіземіз. Бұл көркем мәтіннің тарауларын, ондағы оқиғаны топтап қарастыруға көмектеседі. Мәселен, Ер Төстік ертегісін бойынша Ер Төстіктің достары, Ертегідегі жағымсыз қаһармандар т. б. түрде тақырыптық жіктеулер жасауға болады. Ал, эпостық жырларда батырларды, арулар бейнесін, хандар мен тұлпарлар бейнесін топтап, тақырыптық үндестік жасауға болады. Мәселен, Жырдағы батырлар бейнесі, Жырдағы әйелдер бейнесі, Жырдағы тұлпарлар бейнесі деп топтап, екі жырдың ұқсастығын салыстырып, жыр мазмұнын толық игеруге болады.
Көркем мәтінді талдау ‑ әдебиеттегі өзекті мәселе. Көркем шығарманы оқудың түрлі кезеңдері бар. Мәселен, мәнерлеп оқу, түсініп оқу, ықшамдап оқу, тұтас оқу, баяндаушының жағын өзгертіп оқу.

Оқу - шығармашылық еңбек. Мәтінді түгел оқығаннан кейін, оны талдауға әзірленеміз. Алдымен, мұғалім кіріспе немесе бағдарлаушы әңгіме жүргізген жөн. Мысалы, мектептің ортаңғы сыныптарында мәтін бөлім бойынша оқытылады. Алдымен, шығарманың бір бөлімі сыныпта оқытылып, мазмұндалады да, қалған бөлімдері үйде оқуға беріледі. Ал, жоғары сыныпта көркем мәтін тұтас оқытылып, талдану керек. Яғни, оқушы мәтінді алдын‑ала оқып, мұғалімнің кіріспе әңгімесіне дейін біліп отырғандары жөн.


13)Орта мектепте көркем мәтінді талдаудың түрлері
Көркем мәтінді талдауда композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады. Әдеби талдау арқылы оқушылардың әр түрлі реңдегі эмоциясына, сезіміне әсер етеді, ойларына ой, пікірлеріне пікір қосып, бүкіл жан дүниесін оятады.
Көркем мәтінді терең түсіну, талдауда әңгімелеудің де маңызы ерекше деп санаймын. Әңгімелеу әдісінің тәжірбиемде қолданып жүрген мынадай түрлері бар: мәтінге жуық, көркем мәтін ізімен әңгімелеу, оқушының өзіне ұнаған эпизодын, әсерін әңгімелеу, шығармашылық жолмен әңгімелеу болып табылады. Мәтінге сәйкес әңгімелесу баланың еске ұстау қабілетіне әсер етеді, зерделілікке, ұғымдылыққа, алғырлыққа баулиды. Сондай -ақ ең бастысы, оның сөздік қорын, тіл байлығын, өз сөйлеу тілінде пайдалануға үйретеді. Көркем мәтінді дұрыс, нақты түсінуге жетелейді. Тұжырымды әңгімелеудің өзіндік басты ерекшелігі — оқушылар ең басты, негізгі мәселелерді бөліп алып, тиянақты, қысқа ғана айтулары керек. Әңгімелеудің бұл түрі оқушыларды нақты сөйлеуге , ойын шашыратпай, қысқа ғана, негізгісін айтуға баулиды. Шығармашылықпен еркін әңгімелеу оқушылардың қиялын, арманын ойын дамытады, қабілетіне әсер етеді. Оқушылар мәтіннен негізгі ұғымды толық меңгеріп, талдау жұмысы жүргізілгеннен кейін, осы әңгімелеуді орындауға болады. Оны барлық баладан талап ету де міндетті емес. Оқушылардың өз тілегі, ынтасын ескерген жөн. Шығармашылықпен әңгімелеу көркем мәтін негізінде жатқан авторлық ойдан ауытқымау керек, қайта сол ойды дамыту қажет. Көркем мәтінді бірінші не екінші жақта әңгімелеуде, автор баяндауын өзгертіп, мәтін мазмұны, негізгі айтар ойы өзгертілмейді. Тек бірінші жақта жазылса, оны үшінші жақта әңгімелеу талап етіледі. Әңгімелеудің бұл түрінің маңыздылығы оқушының тілін дамытады, кейіпкерлер іс -әрекетін түсінуге, талдауға баулиды. Әсіресе, бас кейіпкер атынан сөйлеу қызықты да, күрделі де болып келеді. Бұл жұмыста оқушылар кейіпкер іс-әрекетін тереңірек түсінеді, өз сезімін, толғанысын да арқау етеді.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің орнын, ой-мақсатын оның сөйлесу тілі арқылы айқындауға болады. Көркем шығармадағы сюжет пен композициядан бастап, әрбір деталь, көркемдік тәсіл белгілі бір ойға, мақсатқа құрылады. Көркем мәтінді талдауға байланысты оқушы дағдысы, икем машықтарына қойылатын талаптар, осыған байланысты істелетін жұмыстар:

а) Өз бетімен, жеке талдау. Мұндай талдауда мұғалім талдау сұрақтарын, тапсырмалар береді. Сондай-ақ, көмек-карточкалар ұсынылады.


ә) Ұжымдық талдау. Ұжымдық талдау мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Ол оқушыны көркем туындыны қабылдау, бағалау жұмыстарына баулиды, бірігіп бір пікірге келуге, қорытынды жасауға жетелейді. Ұжымдық талдау сұрақ-жауап, мәтінмен практикалық жұмыс, пікірлесу, әдеби айтыс негізінде жүзеге асады.
Көркем мәтінді талдаудың жолдары мен бағыттары Рәбиға Сыздықова мен Бердібай Шалабай еңбектерінде жан-жақты сараланады. Ғалымдар көркем мәтінді талдаудың жолы мен жүйесін айқындайды.
14)Түрлі жанрдағы шығармалармен жұмыс жасаудың спецификасы
Жанр - типологиялық құбылыс , әдеби туындының тарихи даму барысында қалыптасқан тұрақты белгілері мен орнықты қасиеттерінің көрінісі.
Қазақ әдебиеті дамуының желісінде әдеби тек жанрларының жаппай дамуы ХХ ғасырда өрістеді. Көркем әдебиеттің лирикалық, эпикалық поэзия жанрларының ауызша да жазбаша да үлгілер қалыптасуының, дамуының көп ғасырлық тарихи бар қазақ сөз өнері кәсіби сахна өнеріне арналған драмалық туындылар жазу үрдісін де де игере бастаған еді.
Жанрдың 3 түрі бар: эпикалық, лирикалық, драмалық.
Эпос – өмір шындығын мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін терең ашып жан-жақты танытатын күрделі жанр.
Лирика – суреттеп отырған өмір құбылысына ақынның түсінігін, күйінішін, сүйінішін көрсететін көлемі шағын өлеңдер.
Драма – шындықты айрықша тәсілдермен, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін жанр.
Эпикалық жанрға жататын шығармалар: батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, ертегілер, аңыздар, эпопея, роман, хикаят (повесть), әңгіме, очерк, новелла, т.б.
Лирикалық жанрға жататын шығармалар: арнау-өлең, баллада, өлең, сонет, рубаи, т.б.
Драмалық жанрға жататын шығармалар: трагедия, комедия, интермедия, скетч, пьеса, т.б
эпикалық жырлар. «Эпос-идеялық, көркем мәні және композициялық құрлысы жағынан музыкалық- поэтикалық фольклордың ең күрделі, ең ірі жанры. Өйткені оның негізінде халық тарихындағы қиялы-қилы кезеңцер, халық тағдырына байланысты ірі проблемалық мәселелер алынған. Эпостарда қанатты философиялық сөздер жиі ұшырасады. Батырлар жырында кездесетін афоризмдер елге үлгі боларлықтай ерлік істі, каһармандықты бейнелесе, ғашықтық жырларындағы қанатты сөздер, жырдың ішкі мазмұнына сай әр алуан лирикалық сезімдерге құрылған. Бұған Асан, Қазтұрған, Бүхар жыраулардан бастап, Махамбет, Базар жырау, Кашаған, Нұрым, Майлықожа, Нұралы, Жамбыл, Мұрын, Тұрмағамбет секілді сөз жүйріктерінің туындыларынан мол мысал келтіруге болады.
Лирика көлемі жөнінен, эпосқа қарағанда, әлдеқайда ықшам. Сюжетке де көп бара бермейді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сюжет сол сезім маңына, философиялық ой маңына жинақталады.
Лириканың бас қаһарманы – ақынның өзі. Мұның эстетикалық қасиеті де, тәрбиелік күші де айрықша үлкен. Себебі бұл арада өлеңді жазған адам оқыған адамға айналып, ақын мен оқырманның көңіл-күйі бір-біріне ұштасып, бірігіп, біте қайнасып кетеді. Ақын оқшау образ жасап, оқырманға «содан үйрен, не жирен» деген тенденциямен ғана тынбайды, оған тура өз басындағы сезім мен сырды тұп-тұтас көшіре салады. Сонда ақын көкірегіндегі сезім – оқырман сезімі, ақын көңіліндегі сыр – оқырман сыры болады да шығады.
Лириканың күші – әсерлілінде; әсерлілік – айтайын деген ойды сырлы суретке айналдыру, яғни лириканың күші – баяндауда емес, суреттеуде жатыр. Ал лириканың суреттейтін шындығы ұланғайыр, шындықты қамту құлашы кең; шын мәніндегі шебер лирик ақынды не жалаң қайғының, не бірыңғай қуаныштың ақыны, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге болмайды; талантты лириктің өлеңдерінде соның бәрі түгел, тұтас жатады; оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі, оқыған жанның сана-сезімін түгел баурап, көңіл-күйін түгел тербетіп, барлық пердені бірден басып, барлық шекті бірден сөйлеткендей сайрап кетеді.
Лирикада мінез болады. Ол – ақынның мінезі: өлеңім өзіме тарт дегендей, әр өлең тек иесіне ғана тартады. Сондықтан оқырманның өлеңді сынайтыны секілді, өлең оқырманды да сынайды. Біздің жаңа дәуірдің алғашқы жылдарында, мысалы біреулер Маяковскийге құмартса, біреулер Есенинді ұнатты. Бұл жайдан-жай емес, әркім өлең мінезіниөз қабілетіне, өз мақсат-мұратына қарай танып-білмек. Бұл – өлең мен адам арасындағы қарым-қатынас.
Лирикалық жанр түрлері көрсетпек болған өмір құбылыстарын қалай суреттеуі, ақынның көңіл күйін қалай берілуіне байланысты. Бұл жанрға тән ақынның дүние танушылығы, көзқарасымен өзінің ішкі сезімін, күйініш-сүйініш дайым ұштастыра жырлау десек, айырмасы, жоғарғы айтылғандар тәрізді, қалай жырлауында ғана. Кейде шаттық, қуаныш, асқақтық білдірсе, кейде мұң, зарды, кейде көңілдің би-жай қоңыр күйін сездіру мүмкін.
драма өзге жанрлардай емес, онда шарттылық көп. Алдымен, драматургиялық шығармаларға көлемі жағынан шек қойылады. Қандай пьеса болсын, бәрібір, жетпіс-секесен беттен аспауы шарт. драматургиялық шығарма тек қана қатысушылардың сөздерінен құралады. Шындық пен образ тек диалог пен монологқа негізделген. Драманың тағы бір ерекшелігі – ондағы адам басына түскен қиыншылық мезгілмен, белгілі жағдаймен байланысты болып келеді. Мысалы, М.Әуезовтің «Түнгі сарынында» байларға қарсы шаруалардың көтерілісі көрсетіледі. Сол көтерілістің негізгі себептері ашық айтылады. Байлардың еңбекшілерді қанаушылығы еңбекші бұқараның революцияшыл қозғалысын туғызды деп дәлелдейді.
Тартыстың белгілі бір мезгілде, осы сықылды жағдайда болғанын айтады. Бұл тартыста екі таптың өкілі етіп бірнеше адамдарды алады. Езілген еңбекші таптың өкілі Жантас, Тәнекелер; езуші таптың өкілі Кәрім, Майқан т.б. бұл тартыста Жантас және сол сияқты бірнеше адамдар құрбан болады.
Міне осы секілді белгілі бір мезгілде, белгілі жағдайда болған ауыр халді суреттейтін, сахнаға арналып жазылған шығармаларды драма дейді.
15)Образдар жүйесін тану мен талдау амалдары
Образдарды таңдап алуда, оларды көркем мәтінде өмір сүргізу, «жұмыс істету» жолында әр қаламгердің өз ұстанымы, өзіндік тәсілдері бар. Әдеби мәтінді оқу, түсіну және талқылау барысында ондағы образдар арасындағы ішкі-сыртқы, себеп-салдарлық байланыстар байқалады, бірте-бірте образдық құрылымның басқа қырлары да айқындала бастайды. Образды түрлеріне қарай жіктеудің жолдары көп. Образдар нақты болмысқа қатынасына қарай шартты, нақты, абстрактілік, романтикалық, модернистік, ал тақырыбына сәйкес образ-адам, образ-зат, идея, сезім, бояу, дыбыс, т.б. деп бөлініп жүр.
Көркем мәтінде образдарды ұқсастығына, айырмашылығына, типологиялық басқа белгілеріне қарай топтауға болады: («қызыл мен қара» (Флобер), Еламан – Тәңірберген (Ә. Нұрпейісов), өлілер мен тірілер (Н. Гоголь). Сонымен қатар көркем мәтінде персонаждар жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына, қоғамдағы орнына қарай авторлық позицияға сай жүйемен, ретпен, тәртіппен орналастырылатынына мән беріп отыру қажет. Көркем әдебиетте мәңгілік (күн, ай, жұлдыз, дала, тау, гүл) образдар мен бейнелер (Гамлет, Прометей, Атымтай жомарт, Шық бермес Шығайбай) әр кезеңде өзінше баяндалып және суреттеліп отырады. Анималистік образдар көркем әдебиетте оқиға дамытуға, ерекше сюжет құруға жиі пайдаланылады, көбінесе олар адамдар арасында екідай қарым-қатынасқа түседі.
Көркем мәтінді, оның құрылымын талдау барысында ондағы образдардың орналасуындағы автордың мақсатын айқындайтын жүйелілікке, ретке мұқият қарап, олардың көркем шығармадағы әртүрлі қызметін анықтауға тырысу қажет. Олар шығармада бір-бірімен қайшыласа, ұқсаса, шендестіріле де біріктіріледі.
Образ деген түсініктің кең мағынада және тар ұғымда қолданылып жүруінің себептері бар. Мысалы: «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» деген жолдағы образдылықты поэтикалық, стильдік тұрғыда қарастыруға болады, бірақ онда бұл образдың басқа мәндері назардан тыс қалып қоюы бек мүмкін.
Образды кең ауқымда қарастырғанда, оны қаламгердің өмірді тану, бейнелеу және бағалауының нәтижесі деп қараған орынды болар.
Образ жасау дегеніміз – шынайы немесе ойдан шығарылған жеке құбылыстардың жалпы және жалқы қасиеттерін таным мен сезім арқылы ерекшелендіре көркем белгілеу. Сонымен қатар, көркем образ – жазушының болмысқа деген идеялық-эмоциялық көзқарасы, дүниетанымы мен ой өрісі, берер бағасы деушілер көп, яғни, жалпы айтқанда, оны көркем мазмұн деп қабылдау жиі кездеседі. Образ – өмірді шығармашылдық түрде жинақтап қорыта көрсету құралы деген пікірді де ұмытпаған жөн. Демек, жинақтау мен даралау – қаламгердің көркем образ арқылы өмірді бейнелеудегі әдіс-амалы.
Көркем образдарды бейнелеуде аналитикалық және синтетикалық тәсілдер жиі қолданылады, яғни автор талдау, таңдау, сараптауды образды жан-жақты ашу қолданады. Көне гректерде өнердің құдайы мың көді Нерон болған екен, яғни автор көркем шындықты таныту үшін таным, сана, білім, білік, сезім, көз, көкейкөз, қиял сияқты негіздерді белсенді пайдалануы керек деген сөз.
16)Лирикалық шығарманы талдау әдістемесі
Лирикалық шығарманы оқытудың басты мақсаты: адамның ішкі жай-күйін,ішкі толқыныстарын,көңіл-күйін,мінез-құлқын толғандыру.Және оқып отырған адамның поэзияны ұнатуға шақыру,тілін сезіндіру,эстетикалық тұрғыдан ләззат алуға баулу.Лириканы оқытуда:мұғалімнің өзі мәнерлеп оқып беруі,оқушылардың оқуы,сабақтан тыс мәнерлеп оқу жарыстарын ұйымдастыру жұмыстарын айтсақ болады.Лирика өз ішінде:саяси,философиялық,табиғат, махаббат лирикасы деп бөлінеді.Лирикалық шығарманы жазғанда автор өзіндік пікірін,өз сезімін,ішкі жай-күйін суреттеу арқылы жазады.Лирикалық шығарманы оқуда қандай мәселелер қаралуы шарт?
Біріншіден,эмоция керек.Екінші,оқып отырған адамның шығармаға деген өзіндік көзқарасы болу керек.Үшіншіден,өлеңді түсіне білу керек.Төртінші,мәнер қажет.Мәнердің өзінің өз шарттары бар.Ең басты шарттарының бірі бұл кідіріс.Кідірістің өзіндік 3 түрі бар:граматикалық,логикалық,психологиялық.Граматикалық кідіріс-өлең ішіндегі әр сөзді бөлек өз ретімен айтылуы.Логикалық кідіріс-өлеңнің мән-мағынасына қарай тоқтауы.Психологиялық кідіріс-сөздерге,сөһ тіркестеріне жекелей мән беру.Лирикалық шығарманың компоненттеріне:тақырып,басты идея,образ түрлері,стиль,композиция жатады.
Ал осы лирикалық шығарманы талдау,басқа шығармаларға қарағанда қиындау. Лирикалық шығарманы талдауға мысал келтіретін болсақ: өлеңді талдау барысында ең бірінші:өлең авторы кім деген мәселеге тоқталамыз,одан кейін барып:өлең тақырыбына,басты айтар ойы,идеясына,өлең құрлысына,жанрлық ерекшелігіне,ішкі құрлысына,басты кейіпкерлерге,сөздік ерекшелігіне,бүгінгі қоғамдағы мәнін анықтаймыз.
17)Көркем мәтінді талдау мәселесінің зерттелуі
Соңғы жылдары әдеби шығарманы талдаудың жалпытақырыптық мәселелеріне байланысты,әсіресе,оның сюжетін,композициясын,әдеби кейіпкерді,әдеби туындының идеялық-көркемдік қуатын танытуды мақсат еткен зерделі зерттеулер орыс әдебиеттану ғылымында да,орыс әдебиетін оқыту әдістемесінде де жиі жарық көріп келеді.М.А.Рыбникова,В.В.Голубков,Г.А.Гуковский,Л.И.Тимофеев,В.И.Сорокин,А.И.Ревякин,Н.И.Кудряшев,Н.О.Корст,Л.С.Айзерман сияқты т.б. әдебиетші-әдіскер ғалымдардың еңбектерінде көркем мәтінді талдаудың жүйесін жан-жақты зерттеліп,көрсетілген.Ал,қазақ әдебиеттану ғылымында бұл мәселе белгілі бір шамада тиісті шешімін тауып жатқанымен,оқыту әдістемесінде жеке әдістемелік еңбектер,арнайы ғылыми негіздегі зерттеулер өте аз.Әйтсе де,әдебиетші ғалымдар М.Қаратаев,З.Ахметов,Т.Нұртазин,С.Қирабаев,Т.Кәкішев,Н.Ғабдуллин,Р.Нұрғали,Б.Ыбырайым,Қ.Алпысбаев,Қ.Бітібаева,т.б. еңбектерінде арнайы ғылыми негіздегі әдістемелер кездеседі.
18)Мектепте әдеби теориялық ұғымдарды талдау жүйесі
Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың құралы, кілті болып есептеледі. Одан білім беру жеке қарастырылмайды, ол көркем шығармамен тығыз байланыста, оны оқып-үйрену кезінде қалыптасады. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын көркем шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері белгіленген. Қай сыныпта болмасын, әдеби-теориялық ұғымдар көркем шығарма негізінде, онымен тығыз байланыста түсіндіріледі.
Енді осы әдеби-теориялық ұғымдарды сабақтың қай кезеңінде беру тиімді – соған тоқтайық. Фольклор, ауыз әдебиеті, ертегі туралы жалпы ұғымды ертегіні бастайтын алғашқы сабақта, кіріспеде берген жөн.
Әдеби-теориялық ұғымдарды берудің келесі бір жолы – салыстырмалы жұмыстар, салыстыру әдістері.
Әдеби-теориялық ұғымдар берудің, маңызды бір саласы — әдебиеттің көркемдігі, тропа, фигуралар туралы білім беру. Бұл жұмыс көбінде көркем шығарма тіліне, поэзиялық шығармаларға поэтикалық талдау жасау арқылы, жүзеге асады.
19)Композицияның түрлері
1 Сызықтық -оқиғалардың табиғи жүйесі,реттілігі
2 Инверсиялық-оқиғалардың кері хронологиялық бағытта келуі
3 Сақиналық -бастапқы фрагменттердің мәтін соңында қайталануы
4 Айна симметриясы -кейіпкерлердің бір-біріне қарым қатынасы барысында ұқсас іс-әрекет қайталануы
20)Көркем мәтінді мәнерлеп оқудың жолдары
Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Оқушыны көркем мәтіннің оқу түрлеріне дағдыландыру керек. Көркем мәтінді оқу түрлерінің бірі осы мәнерлеп оқу болып табылады.
Мәнерлеп оқу-әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі. Мәнерлеп оқудың мақсаты:
а) оқушыларға көркем туындының эмоциялық-эстетикалық әсерін сезіндіру;
ә) көркем мәтінге жан беру, әр сөздің мәні мен мағынасын, сөз бояуларының нақышын сезе білу;
в)көркем мәтіндегі айтар ой мен поэтикалық көркемдікті өздеріне болжату, түсіндіру, мәтінді талдау дағдыларын дамыту.
Көркем мәтінді жай ғана оқу жеткіліксіз.Мәтінді оқығанда маңызды саналатын дүниелердің бірі-дауысты нақтылап қойып,мәтіннің жанрына, тақырыбына қарай тонмен оқу және де әр бір кездесетін тыныс белгілеріне аса назар аудару маңызды.Себебі автордың жеткізгісі келген дүниелер тыныс белгісімен сүйемелденеді десек те болады.Түрлі өзінің эмоциясы болсын,шығарма сюжетінде көтерілетін мәселелерге көзқарасы болсын,бәрі де оқырманға тыныс белгілері арқылы жеткізіледі.Көркем мәтінді алғаш рет оқығанда оқырман оның не жайлы екенін,көңілді я болмаса,көңілсіз түрде өрбитінін білмейді.Сондықтан оны бір сарында ешқандай кідірістерсіз оқи беруі мүмкін.Ал тыныс белгілеріне мән беретін болса алғаш оқығанның өзінде-ақ автордың бергісі келген,жеткізгісі келген дүниесін еш қиындықсыз түсіне алады.Мәселен,мәнерлеп оқығанда леп белгіге қарап тонын көтере көңілді үнмен оқыса,сұрау белгісіне қарап таңдана,сұраулы үнмен оқиды.Бұлардің барлығы да көркем мәтіннің мағынасының ашылуына зор ықпалын тигізеді.
Мәнерлеп оқу тек поэзия тілімен жазылған шығармаларға тән деу үлкен қателік.Автор ішіндегі барлық эмоциясын,көңіл-күйін,жан тебренісін шығарма арқылы жеткізетін болғандықтан,оқыған адамға да,тыңдаған адамға да өзінің сезімдерін жеткізгісі келеді.Ал бұл үшін мәнерлеп оқу таптырмас құрал екені сөзсіз.
21) Көркем мәтіннің композициясын талдау амалдары.
Көркем шығарманың композициясын талдау
Мақалада көркем шығарманың барлық деңгейлерін ұйымдастыратын композициялық тәсілдер мен композициялық құрылым мәселесі қарастырылады. Композицияның екі функциясы: оның көркем пішіннің құрылымы ретінде мәтіндегі элементтерін, құрамдас бөліктерін белгілі бір тәртіппен, рет-ретімен, жүйелі ұйымдастыруы және сол образдарды орналастыру арқылы белгілі бір көркемдік мағына жүктеуі әдеби туындыларды талдау барысында мысалдармен дәлелденеді. Көркем шығарма құрылымын талдауда оның алуан түрлі қырларын: суреттелетін оқиғалардың орналасуын (сюжет композициясын), кейіпкерлер жүйесі мен олардың арақатынасын, заттық-психологиялық болмысты беру, бейнелеу ерекшеліктерін (портрет, пейзаж, ішкі көрініс, диалог, монолог), баяндау тәсілдерінің динамикасын, тілдік бірліктердің сабақтастығын назардан тыс қалдырмау қажеттілігі негізделеді. Сонымен қатар мақалада композициялық тәсілдер: қайталау, күшейту, қарама-қарсы қою, монтаж, т.б. мәселелер көркем туынды негізінде айқындалады.
Композиция – көркем шығармадағы элементтердің, құрамдас бөліктердің, образдардың белгілі бір тәртіппен, рет-ретімен, жүйелі орналасуы. Әдеби туындыларға қатысты "композиция" ұғымының түрлі деңгейдегі синонимдері ретінде кейбір жағдайларда "архитектоника", "құрылым", "диспозиция" терминдері де қатар жұмсалады. Ол шығарма мазмұнымен тікелей байланысты. Кемел композициясыз жақсы шығарма тууы мүмкін емес. Композиция – көркем шығарманың пішіндік құрылымын ғана реттеп қоймай, ішкі әлемін де үйлесімге келтіреді. "Нағыз кемел туындыда, дейді Л.Н. Толстой, бір өлеңді, бір көріністі, бір айшықты сөз тіркесін, бір бөлшекті шығарманың тұтастығына, бүтін бітіміне нұқсан келтірмей, өз орнынан басқа жерге ауыстыра алмайсыз" [1, 131]. Ойшылдың бұл пікірі, ең алдымен, шығарма композициясына, оның тұтастық сипатына қатысты.
Кең мағынасында композиция – көркем пішіннің құрылымы және оның ең бірінші қызметі бір бүтіннің барлық бөлшектерін біріктіру. Екінші қызметі – шығармадағы образдарды жүйе-жүйесімен орналастыра отырып, белгілі бір көркемдік мағына жүктеу.
Композицияны шартты түрде сыртқы және ішкі деп жіктеуге болады. Шығарма композициясын талдау барысында жиі кездесетін кемшілік студенттер көбінесе оның сыртқы құрылымына: томдарына, бөлімдеріне, тарауларына көп тоқталып жатады. Туындыны тарауларға бөлудің көмекші сипаты ғана бар, ол композициялық құрылымның ішкі қабаттарына бағынады.
Туынды құрылымын біртіндеп, сатылай талдаудың тиімді жолын Т.Есембеков ұсынады [2, 52]:

сыртқы композиция компоненттерін анықтау


сюжет пен фабуланың құрылымын талдау
идеялық-тақырыптық жүйенің композициядағы қызметін
образдар қатары мен құрамының жүйесін айқындау
уақыт пен кеңістік, мекеншақ композициясын көрсету
баяндау түрлерінің мәтіндегі ұйымдастырылуы.
Шығарманың көркемдік пішіні жекеленген образдардан тұрады. Пішін арқылы бейнеленген мазмұнның сырын түсіну үшін образдардың шығармадағы орналасу реті мен олардың өзара байланысын міндетті түрде талдау қажет. Мысалы, М.Жұмабаевтың "Жатыр" өлеңінде бодандыққа түскен қазақ халқының мүшкіл халі ұқсас образдар арқылы бейнеленген: "сұр жылан қан-сөлін сорып жатыр", "кең жері құрып жатыр", "шәкірттер медреседе шіріп жатыр", "жемтікші құзғын болып кіріп жатыр", "қармаққа талай жасты іліп жатыр", "шешек жарған қазақ гүлі сарғайып, су тимей солып жатыр". Бұл образдар қатары соңғы шумақта қорытынды түйінге, ең жоғары нүктесіне жеткен:
Мінекей, қазақ солай бітіп жатыр, Күннен күн артқа қарай кетіп жатыр. Сезінбей өз өлгенін, өзінікін,
Аты өшкір оқығандар неғып жатыр?!
Өлеңнің образдар қатары мен композициясын талдау арқылы ақынның ой-көзқарасын танып қана қоймай, шығарманың эмоциялық әлеміне бойлаймыз, ақынның халқының болашағына алаңдап, оның қамын жеген мұң-қайғысын терең сезіне түсеміз. Ол, ең алдымен, шығармадағы негізгі ойды тұтастырып тұрған композициялық тәсіл арқылы жүзеге асқан.
Әдеби шығармадағы тілдік құрылым мен баяндаудың да өз композициясы болады. Әсіресе, эпикалық туындыларда баяндау түрлерінің ұйымдастырылуы маңызды орын алады. Көркем шығармада "көпдауыстылық", оқиғаның әртүрлі көзқарас тұрғысынан суреттелуі, баяндаушылар мен баяндау арнасының ауысып отыруы құрылымдық қызмет атқарады. Сондықтан шығарма құрылысының ерекшелігін түсіну үшін баяндау композициясын талдау қажет. Егер мәтінде эпикалық дәстүрге сай бір ғана баяндаушы болып, көркем тіл бірдауысты баяндауға құрылса, оны шығарма композициясын талдауда назардан тыс қалдыруға болады.
Ж.Аймауытовтың"Ақбілек" романында баяндау барысы өзгеріп отырады. Мұны романның сыртқы композициясынан да көреміз, кейіпкерлердің есімімен аталған "Бекболат", "Офицер", "Мұқаш" тарауларында автормен қатар оқиға қаһармандары да баяндаушының қызметін атқарады. Автор "Бекболат", ""Мұқаш" бөлімдеріндегі баяндау мәнерін ауызекі сөйлеу тіліне жақындатқан. "Офицер" бөліміндегі баяндау басқаша: бұл барлығына өз көзқарасы бар, талдау жасай алатын, бірақ өзін биік, үстем санайтын өзімшіл оқыған адамның сөзі. Шығармада баяндау мәнерінің әр бөлімде ауысып отыруы ерекше көркемдік композициялық мағына жүктеген.
Ә.Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романында қаһармандар монологтары басты композициялық, сюжеттік функция атқарады, оған терең лирикалық сипат береді. Романның өн бойында кейіпкерлердің ішкі рухани әлемін, жан дүние қалтарыстарын, жалпы табиғатын тану мақсатында қолданылатын ішкі монологтың көркемдік қызметі, оның шығарма композициясындағы салмақты орны айқын көрінеді. Мұнара романның композициялық кіндігі, басты символы ғана емес, қаһармандардың мұнараны қабылдауы арқылы олардың мінез ерекшелігін де аңғарамыз. Роман композициясы төрт тараудан тұрады. "Қызыл алма" тарауында Әміршінің мұнараны қабылдауы, онымен қарым-қатынасы, екеуінің арасындағы үнсіз текетіресі, сол арқылы Әміршінің өмір мен өлім, жақсы мен жаман, даңқ пен дақпырт, т.б. құндылықтар туралы философиялық толғанысы, ой-тебіренісі, ішкі монологы суреттеледі. Мұнда оқиға Әміршінің көзімен баяндалады. "Мұнара" тарауында оқиға Жаппардың қабылдауы арқылы баяндалады, оның мұнараны дүниеге әкелудегі мехнаты, шығармашылық азабы, терең сезімі, махаббат қайғысы, ой толғанысы суреттеледі. Жаппардың өзі болып мұнара тіл қатады. "Махаббат" атты үшінші тарауда ханымның мұнарамен үнсіз сұхбаты, күн ұзақ мұнараға тесіле қараудан туған алуан түрлі сезімдері, ойлары, психологиялық ахуалы баяндалған.
Композицияның ең қарапайым және жиі кездесетін тәсілдерінің бірі – қайталау. Ол шығарманың бас-аяғын көмкеріп, композициялық жинақылық береді. Әсіресе сақиналы композицияда туындының басы мен соңындағы қайталаулар композициялық үндестік тудырып, шығармаға ерекше көркемдік мән үстейді.

Туындыда жиі қайталанатын детальдың немесе образдың шығарманың лейтмотивіне айналатын тұстары да бар. Мысалы, М.Әуезовтің "Қаралы сұлу" әңгімесіндегі жас, қайратты арудың драмалық жағдайын суреттейтін ыстық "қара жыландардың" метафоралық бейнесі, О.Бөкеевтің "Атау-кере" повесіндегі Тағанның "Неге біз осы? " деп басталатын мәңгілік сұрағы, Ш.Айтматовтың "Боранды бекет" романындағы "батыстан шығысқа" және "шығыстан батысқа" зулап жатқан поездардың бейнесі. Ш.Айтматов "Бұл өлкеде пойыздар шығыстан батысқа қарай, батыстан шығысқа қарай жүйткіп жатады... Бұл өлкеде темір жолдың қос қапталынан басталып сақара сар даланың кіндік тұсы – Сарыөзектің үланғайыр жазығы көсіліп жатады. Бұл өлкеде қашықтық атаулы, уақыттың Гринвич меридианы бойынша өлшенгеніндей, темір жолдың алыс-жақыңдығына қарай өлшенеді. Ал, пойыздар шығыстан батысқа, батыстан шығысқа қарай жүйткіп жатады... " деген жолдарды романның әр тұсында үнемі қайталай отырып, өмірдің өткіншілігі туралы идеяны лейтмотивке айналдырған.


Сақиналы композицияның бір үлгісі болған Т.Ахметжанның "Сұлу мен суретші" повесі "Қуғыншы" суретін баяндаудан басталады: "...Көз алдына ақ шағи көрпесін қымтана бүркеніп, бұйығып жатқан Алтайдың қыземшек жоталары елестеді. Үкідей үлпілдеген ұлпа қардың үстінде соңына түскен қуғыншыдан құтылмаққа жандәрмен күш салып, бар айла-тәсілін сарп еткен алтайы қыр сұлуы құйғыта ұшып барады. Бірде оңға, бірде солға бір бұлт етіп, одан қалды жалт бұрылып, кері қашқанымен де жарау ат мінген қуғыншы қыр соңынан қалмай діңкелетіп, өкпесін өшіріп барып тура қара тұмсықтан ала темірдей қатты сойылмен сілтеп өткенде түз тағысы екі бүктетіліп барып омақаса құлады. Қара тұмсықтан қып-қызыл қан дірдектеді... Әппақ қарға қып-қызыл қан тамды...Қып-қызыл қан... ".
Повестің экспозициясында осы суретті сипаттау "Ақжаймаға қып-қызыл қан тамды" деген сөйлеммен шығарманың шымылдығын ашуы болашақ жағдайдың трагедиялық, асқақтық табиғатын аңғартады. "Қуғыншы" суретінің шығарманың үш жерінде – басында, ортасында және соңында қайталануы сюжеттік баяндаумен тығыз байланысты. Жарты беттен ұзақтау үзіндінің көркемдік қызметі маңызды. Ол сюжет түйінінің күрделі және шешуші тұсында баяндаудағы ширыққан сәтке эмоциялық ажар береді. Осы ретте "қып-қызыл қан" сөзіне айрықша акцент жасалатынын байқаймыз. Лейтмотив болған үзіндідегі күшейтпелі сын есімдер арқылы жасалған антитеза (қара тұмсық, қып-қызыл қан, әппақ қар), бірнеше рет әдейі қайталанып, символдық, әрі эмоционалдық мән арқалаған. Сол арқылы бір-біріне алыстау үш жерде қайталанған тұтастай үзінді шығармада ерекше ырғақ тудырады. Қайталау мәтіннің жеке бөліктерінің арасында ассоциативті байланыс орнатып қана қоймай, авторлық позицияны айқын көрсетеді. Сол арқылы көркем шығарма тінінде кездейсоқ ешнәрсе болмайтынына көзімізді жетеді.
Қайталауға жақын тәсілдің бірі – күшейту. Бұл тәсіл шығармада жай қайталап қою жеткіліксіз болғанда, бірыңғай детальдар не месе образдарды санамалай отырып,көркемдік әсерді күшейту мақсатында қолданылады. М.Жұмабаевтың "Сен сұлу" өлеңінің композициясы осы тәсілге құрылған: автор Май сұлу, найзағай сұлу, Ай сұлу, жел сұлу, жер сұлу, су сұлу, күн сұлу, түн сұлу дей келіп, "толып жатыр түрлі сұлу дүниеде, бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу" деп аяқтайды.
Күшейту мен қайталаудан оқшаулау тұрған қарама-қарсы-қою тәсілі. Атынан айқын болғандай, бұл композициялық тәсіл образдарды қарама-қарсы қою, антитезаға арқылы жасалады, мысалы, М.Жұмабаевтың "Өмір" өлеңіндегі: "Жайнаған жаз көреді адам алдын, // Өткен күн – көңілсіз күз, желді салқын. // Қуаныш қайғыменен қатар жүрмек, // Болмайды толық минут жүзі жарқын". Мұндағы белгіленген метафоралар композициялық мән үстеген қарама-қарсылыққа құрылған.
К.Ахметованың "Соңғы хабар" өлеңінде қарама-қарсылық тұтастай өлеңді қамтып, шығарма композициясы кереғар бастаулардың майданына құрылған өмір туралы идеяны негіздеуге қызмет еткен:
Қарашы!Ақ пен көктің арасы, Хақ пен көптің арасы, Бар мен жоқтың арасы, Аш пен тоқтың арасы,Қасірет пен шапағаттың арасы, Зұлымдық пен махаббаттың арасы, Адалдық пен арамдықтың арасы, Жақсылық пен жамандықтың арасы, Өтірік пен шындықтардың арасы, Тазалық пен ұрлықтардың арасы, Теңіздер мен құрлықтардың арасы, Сұлулық пен сұмдықтардың арасы Күннен-күнге ұлғайған Арпалысты бір майдан!
Қарама-қарсы қою – шығарма композициясын талдауда назар аударуды қажет ететін тиімді әрі күшті тәсілдің бірі.Қазіргі әдебиеттануда зерттеліп жүрген композицияның тағы бір түрі – монтаж. Кино өнерінен әдебиетке көшкен бұл ұғым шығарма құрылысының бірнеше бөліктерге бөлініп, "құранды", "үзік" сипат алуын көрсетеді. Орыс зерттеушілері монтажды авангардизм, модернизм эстетикасымен байланыстырады.
Бүгінде "монтаж" сөзі кең мағынаға ие болған. Монтажды композицияда шығармадағы кейіпкерлердің, оқиғалардың, детальдардың, әркелкі эпизодтардың арасында сырттай қарағанда қисынды байланыс жоқ сияқты көрінеді. Алайда олар алыстан ой арқылы қиыстырылған. Автор үшін кеңістіктік-уақыттық, себепсалдарлық сыртқы байланыстан гөрі ішкі, эмоционалдық, мағыналық байланыс пен ой үндестігі маңыздырақ.Монтажды композиция көп жағдайда бірбірімен қиысуы қиын әркелкі эпизодтарға, "кірме" әңгімелерге, лирикалық шегіністерге құрылған, "оқиға ішінде оқиғасы" бар көп желілі сюжетті шығармаларда кездеседі.
Мұндай күрделі композиция түрі Ш.Айтматовтың бірқатар романдарына тән. "Боранды бекет" шығармасында шегіністер, естеліктер арқылы Едігенің өткені мен бүгінгі өмірін суреттеген негізгі оқиғамен қатар бірнеше басқа желілер де бар. Олар: Найман ана мен мәңгүрт, Раймалы аға жайындағы аңыздар, "ғарышкерлік" хикая, күн жүйесінен тыс орналаскан Орман Төс планетасының өмірі, кейіннен қосымша тарау ретінде қосылған "Шыңғысханның ақша бұлты" әңгімесі. Романда осы оқиғалар мен ондағы қаһармандар арасында тікелей қарым-қатынас көрінбейді, жеке желілер арасындағы уақыттық, кеңістіктік жалғастық та әлсіз, уақыт барысындағы алмастырулар мол. Алайда бейнеленген барлық үзік оқиғалардың басы мағыналық тұрғыда бір бағанға берік байланып, автордың адам мен қоғам, адам мен табиғат туралы ортақ ой-көзқарастарының төңірегіне топтастырылған.ХХ ғасыр әдебиетінде баяндау барысын кілт үзіп, қаһармандардың түрлі кезеңдегі өмірін суреттеп кету, кенет күтпеген философиялық пайымдауларға бару, кейінге, алыс өткен күндерге лириалық шегініс жасау, болмаса болашаққа "озып ету", күнделікті өмір көріністерін үзілмелі кескінде бейнелеу кеңінен тараған. Лирикалық шегіністер – ең алдымен, автордың жеке суреткерлік тұлғасы, ішкі сезімдері, дүниені қабылдауы көрініс беретін, автордың өз дүниетанымын бейнелейтін поэтикалық форма. Кейде баяндаушы шығармада оқиғаны әңгімелеп қана қоймай, өзінің оқиғаға қатысын, сезім-күйлерін, қуанышы мен ренішін білдіреді, оқиғаны кейіпкерлермен бірге өз басынан кешіреді және кейіпкерлерінің тағдырына селқос, немқұрайлы қарай алмайтынын аңғартып қояды. С.Ерубаевтың "Менің құрдастарым" романының композициясы қызғылықты әрі күрделі. Шығарма монтажды композиция үлгісінде жазылған. Ол прологтан, кірме әңгімелерден, шегіністерден, сюжеттік шырғалаңы мол тараулардан тұрады. Шығарма Қарағанды көмір өндірісінің қайнаған өміріне үңіліп, жас мамандардың қалыптасу, өсу жолын, Рахмет пен Лиза арасындағы махаббатты суреттейді. Оқиға басталмас бұрын автор "Роман туралы әңгіме" немесе романның увертюрасы деп атаған прологында оқырмандарымен сырласып, романның жазылу тарихы туралы, шығармаға қалай кіріскені, оның жанына, сезіміне не әсер еткені туралы әңгімелейді. Бірінші жақтан "Мен" деп баяндалатын алғы сөзде жазушының балалық шағы жайындағы естеліктері, жазушыны толғандыратын, азаматтық тұлғасының қалыптасуына әсер еткен жағдайлар де сөз болады. Түйіндей айтқанда, роман композициясында бір-бірімен ой арқылы алыстан байланысқан авторлық ойлар, авторлық сезімдер, естеліктер мен оның өміріне қатысты кейбір сәттер, сюжетке қатысы жоқ кірме әңгімелер ("Терек пен қызыл гүл", "Мәңгілік өмір туралы жыр"), сюжеттік баяндау желісіндегі кейіпкерлердің қазіргі өмірін суреттей отырып, өткен тіршілігіне жасалған шегіністер (ретроспективтік тәсіл) үйлесімді өріліп кетеді.
Қазіргі қазақ әдебиетінде монтажды композиция модернистік ыңғайда жазып жүрген жазушылар шығармаларында көрінеді. Д. Амантайтайдың көп дау тудырған, композициясы күрделі "Гүлдер мен кітаптар"" романы Әлішердің тағдырын, автор толғаныстарымен аралысып келген көне түріктер туралы аңызды мозаикалық баяндауға құрылған. Бір қарағанда, роман сюжетінде Әлішерге қатысты бүгінгі күн оқиғалары мен ықылым замандардағы түркілердің көне тарихын қозғайтын хикаяның, гүлдер мен кітаптардың тізімі мен руханият турасындағы пайымдаулардың қабысуы қиын, бірақ олар бірбіріменқаламгердің ой қуаты арқылы өзара жалғанып, қиыстырылған. Әрине, бұл бір жағынан шығармаға құрылымдық өзгерістер енгізуге ұмтылатын жазушы жаңашылдығымен, ізденістерімен де ұштасып жатыр.
Композициялық тәсілдер шығарманың барлық деңгейлерімен байланысып жатады. Көркем шығарма құрылымының алуан түрлі қырлары бар. Оған кейіпкерлер жүйесі мен олардың ара-қатынасы, суреттелетін оқиғалардың орналасуы (сюжет композициясы), заттық-психологиялық болмысты беру, бейнелеу ерекшеліктері (портрет, пейзаж, ішкі көрініс, диалог, монолог), баяндау тәсілдерінің динамикасы, тілдік бірліктердің, оның ішінде өлең фор масы элементтерінің сабақтастығы да кіреді. Яғни, композиция туындының тұтастайкөркемдік пішінін түгел қамтып, әр бөлігін ретімен орналастырады. Түйіндей айтсақ, композиция шығарма құрылымының барлық деңгейлерін: идеялық-тақырыптық жүйені, образдар қатары мен кейіпкерлер жүйесін, сюжет пен фабуланың құрылымын, уақыт пен кеңістікті, көркем тіл мен баяндау түрлерін ұйымдастырады.
22)Көркем мәтіннің қызметі
Көркем мәтіннің қызметінің бірі оның арнайы "адресаттық белгілері" арқылы жазушының оқырман мен эмоционалдық, психологиялық интеллектуалды байланыс орнатуы болып табылады.Көркем мәтіннің психологиялық әлеуетінің қызметі тек қана тілдік әлеуеттерге тән емес басты мәселе- сол элементтердің астарында жатқан әдеби кодтары оқырман үшін мәтін арқылы айқындауға екен.Көркем мәтіннің эмфатикалық функциясын адресатқа объективі түрде ықпал етуге арналған байланыс каналы деп қана таныған пікірлерге ойлана қараған орынды. Бұл автор мен оқырман арасындағы сезімдердің қарама-қарсы ағасының күш-қуатын жылдамдығын анықтайды деуге де келетін құбылыс. Эстетикалық объект ретінде көркем мәтін оқырман көкірегіне тың сезім ұялатса, оқырман да өз көңіл-күйі арқылы автор мен мәтінге өзінше баға беруімізге болады.
23)Көркем шығармадағы детальдың қызметі
Деталь - көркем шығармада белгілі бір мағыналық, идеялық-эмоциялық жүк көтеріп тұрған көркемдегіш құрал. Ол бірер сопы сөз, сурет-деректеме арқылы берілуі мүмкін. Детальда аз ғана сөз суретке айналып, оқырманды әсерлі сезімге белейді, шындықтық ой-қырын ашады, яғни шындыққа жанасымды келеді.Шынын айтқанда көркем шығарма атаулының бәрі детальдан құралады. Детальсыз жалпы әдеби туынды болуы мүмкін емес.Мұхтар Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясында жас Абайдың Тоғжанға деген ыстық сезімін суреттегенде қолданылатын портреттік деталь - қыздың бейнесін оның шолпысының сылдыры арқылы әсерлі елестетуі.
Көркем детальдың қызметтері: 1.Психологиялық. Бұл жағдайда деталь психологиялық портрет құралы ретінде кейіпкердің ішкі жан дүниесін ашуға көмектеседі.
2. Факті. Құрал кейіпкерлердің шындық әлемінен фактіні сипаттайды.
3.Натуралистік. Бөлшек затты немесе кез келген құбылысты анық, объективті және дәл жеткізеді.
4.Символдық. Элемент таңба рөлімен дараланады, яғни өмірдегі құбылыстардың ұқсастығына негізделген аллегориялық мағынаға ие көп мәнді көркем бейнеге айналады.Әншейінде оп-оңай көзге түсе бермейтін өзгешеліктерді байқағыштықтан, көрегендіктен туындайды, сондықтан ол өмір құбылысының әр түрлі нәрсенің ерекшелігін сондай-ақ адамның бойындағы қандай да бір қасиет- сипатты дәл тауып, бейнелеп беру шеберлігін танытады.
24)Прозалық шығарманы талдау әдістемесі
Прозалық шығармалар – өмір шындығын өнеге ететін, бала қиялын шарықтата алатын сөз өнері. Бұл мақалада прозалық шығармаларды оқыту, олардың сюжеттік желісі мен тартысын талдау жолдары анықталады. Әдеби көркем шығармаларды әр түрлі талдау тәсілдері арқылы білімгерлердің сыни көзқарастарын қалыптастыру жолдары талқыланады. Бұл тұста сыни көзқарас қалыптастыру әдіс-тәсілдерін тұрақтандыру қажеттілігі туатыны анықталып, педагогикалық технологиялардың базистік ерекшеліктерін, жаңашыл новаторлық технологиялардың талаптарын, ұстанымдарын біріктіріп оқыту жүйесін орнату мүмкіндіктері қарастырылды.
ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ СЮЖЕТТІК ЖЕЛІСІ МЕН ТАРТЫСЫН ТАЛДАУ
Шығармашылық өсу – бұл адамның дүние ақиқатында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде өз орнын табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен нақты шешімдерді қабылдай алуға үйренгені абзал. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың дамуына жол салу, оның рухани күшін нығайтуға көмектеседі. Бұндай жауапкершілігі мол мақсатқа жету жолындағы баспалдақ мектеп қабырғасынан бастау алады. Көркем шығарма – әдебиеттің жүрегі. Оны оқыту дегеніміз – оқырманның ойлау әрекетін дамыту, дүниетанымын байытып эстетикалық талғамын арттыру, адамгершілік қадір-қасиетін қалыптастыру. Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдауы қажет. Қабылдау оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асады.
ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ СЮЖЕТТІК ЖЕЛІСІ МЕН ТАРТЫСЫН ТАЛДАУ талдау қалай жүзеге асады? Оның маңыздылығы неде? сияқты сұрақтарды қарастыра отырып, белгілі бір тақырып бойынша мысалдар келтіру. Прозалық шығармалардың сюжетін, ондағы тартыс жүйесін талдау барысында оқушы бойында сыни көзқарас қалыптастыру жолдарын қарастыру, маңыздылығын көрсету. Себебі көркем шығармада тартыстың дамуына, ауқымының кеңейіп өзгеруіне қоғамдық саяси-әлеуметтік жағдайлар мен адамдар арасындағы кереғар қайшылықтар ықпал ететіні белгілі. Осының негізінде оқушы прозалық шығарманың сюжеттік желісі мен тартысына тек тілдік талдау жасау арқылы ғана шектелмей, өзіндік сыни көзқарасын қалыптастырады. Кейіпкердің іс-әрекетіне баға беруге дағдыланады, өз пікірін дәлдеуге талпынады. Көркем шығармадағы тартыс сюжет желісіне арқау болатын, айрықша шиеленіскен түрде көрініс беретін қақтығыс, қайшылық, күрес. Алғашқылардың бірі болып А.Байтұрсынұлы тартыс категориясына өзінің «Әдебиет танытқыш» еңбегінде: «Адам бала күнінде тысқы ғаламдағы көзге көрініп, денеге сезіліп тұрған нәрселерді ғана танумен болады. Ержеткен сайын дүниенің ісіне өзінше сүйсініп, өзінше күйініп, өзінше жол тұтып, өзінше жол белгілеп, жақсылық, жамандыққа өз көзімен қарап, өзінше сынап, өзінше бағалап, өзінше пікірлейтін болады. Өз алдына мұңы, мұраты, мақсаты, мүддесі болып, сол мұрат-мақсатына жету талабына кіріскен жерде тысқы ғаламға тиісті жерден шегіне келіп, ішкі ғалам мен тысқы ғаламның шарттары тура келмей екеуі ілінісіп, ұстаса кетеді» деп сипаттама береді.
25)Драмалық шығарманы талдау әдістемесі
Драмалық шығармаларды талдаудың негізгі педагогикалық талаптары мыналар: 1) Драмалық шығарманың идеялық мазмҧны мен кӛркемдік формасын бірлікте тҧтас алып талдау; 2) Кейіпкерлер образдарын талдап, оларға (дара, салыстырмалы, топтастырылған) мінездеме жасату; 3) Драмалық шығарманың композициясы мен сюжеттік желісін талдау, оның элементтерін ашу, солардың қызметін таныту.
1. а) Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі:
Әдебиеттің басқа жанрына қарағанда драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік драмалық туындылардың жанрлық табиғатына тікелей байланысты болып келеді. «Пьеса-драма, комедия-әдебиеттің ең қиын формасы»,-дейді М. Горький. Себебі, әдебиеттің проза, лирика жанрларында айтатын ой, кейіпкерлер іс-әрекеті, көрініс, сахна бірінші кезекте болады. Орыс жазушысы Гоголь: «Пьеса тек сахнада ғана өмір сүреді» деуі осыған дәлел. Драмалық шығармаларда оқиғалар оқырман көз алдында жаңа өтіп жатқандай әсер қалдыруы керек. Күшті сюжет, ең бастысы, өткір, шиеленісті тартыс, өмірдегі қарама-қарсылықтар – драманың өзегі, негізгі арнасы. Драмада қаһарман белгілі бір мақсат үшін күреседі, сол себепті оның күші зорайып, іс-әрекет, қимыл арқылы көрінеді. Драмадағы тағы бір ерекшелік, қаһармандар іс-әрекеті әр жаққа шашырамай, бәрі бір жүйе, бір арнада өрбіп, дамиды.
2. ә) Драмалық шығармаларды талдау әдістемелері:
3. Талдауды бастамас бұрын, балаларға өтілгелі отырған драмалық шығармаларды алдын ала оқыту керек. Балаларға оқу барысында ақыл-кеңес, бағыт-бағдар беру міндетті түрде жүзеге асырылады. Әсіресе, ең негізгі, басты тартыстар, шиеленістерді көрсететін акт, суреттерге ерекше көңіл бөлінуге тиіс. Оны мұғалім үлестірме-нұсқау арқылы да жүргізеді. Мысалы, Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш -Баян сұлу» трагедиясын оқу барысында мынадай нұсқау ұсынуға болады:
— Трагедиядағы басты тартыстар, оқиғалар, соған назар аудар:
2. Трагедияда өзіңе, әсіресе, не ұнады, не ұнамады? Ойыңды, пікіріңді дәлелді айтуға тырыс, т.б. Талдау алдында оқушыларға әдеби-теориялық ұғым берудің маңызы зор.
3. Талдауды драмалық шығармаларды күйтабақтан талдау, немесе, содан көрініс көрсетуден бастаудың маңызы зор.
4. Талдауда мәтінге сүйену, үнемі соған арқа сүйеу, әсіресе, драмалық шығармаларды оқытудың алтын арқауы болып табылады. Мұғалім ең негізгі көрініс, актілерді, монолог, диалогтерді бөліп ала отырып, сол бойынша жұмыс істеуі керек.
5. Мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, рөлге бөліп оқуға ерекше назар аударылады.
6. Талдау барысында жиі-жиі оқушыларды қозғау салып, олардың қиялы, ойына ерік беріп отыру да драмалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарының бірі.
7. Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары көп. Ол — әр мұғалімнің ізденісі, шеберлігіне де байланысты шығармашылық жұмыс. Дегенмен, оның өзіне тән оқыту әдістері, сабақ түрлері болады. Концерт-сабақтар, композициялық сабақтар түрі – драманы өтудегі тиімді сабақ түрлеріне жатады.
26)Мәтіндегі көркем бейнені талдау жүйесі
Көркем бейне – әдебиетте, өнерде өмір құбылыстарын жинақтап, типтендіріп, бейнелі көрініс түрінде суреттеу үлгісі.
Көркем бейнеде - де көпке ортақ сипаттар мен жекелік сипаттарды ұштастырып, даралап көрсету ұласып жатады. Осы тұтастық бірігіп көрінгенде көркем образ, көркем бейне туады. Әдебиетте адамның Көркем бейнесін суреттегенде жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін, сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен сомдап, сонымен қатар, кейіпкердің жеке басына тән тұлғалық ерекшеліктерін де даралап көрсетеді. Көркем бейненің типтік сипаты қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралығы мен өзіне тән ерекшеліктерін айшықтау адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылы қалпында көріп-білу үшін де сондай қажет. Адамның типтік бейнесін, типтік характерін суреттеу қоғамдық өмірдің қыр-сырын жан-жақты, терең аша білгенде ғана ұтымды болады. Көркем әдебиетте берік орын алған Көркем бейнелер көп. Мысалы: Абай, Дәркембай, Құнанбай (“Абай жолы”), Ботагөз, Асқар (“Ботагөз”),Ұлпан (“Ұлпан”), т.б. Көркем бейне өмір шындығына, халықтың адамгершілік эстет. мұраттарына сәйкес келгенде ғана өнер туындысына айналады.
Образдар жүйесіне талдау талдаудың мектеп тәжірибесінде дәстүрге айналған өте көп тараған түрі болып табылады. Ең бастысы, авторлық көзқарас шығарма негізіндегі басты проблема – образдық талдауда ерекше назарға алатын проблемалар болып табылады. Мысалы, Құнанбай бейнесі арқылы автор 19 ғасырдың екінші жартысындағы феодалдық қоғамды, оның бас өкілін сомдайды. Бұл образды жасаудағы автор мақсаты да сол. Құнанбай іс-әрекеттері, оның әр түрлі қылықтары сол қоғам сипаты дәрежесінде көрсетіледі. Олай болса, талдауда осы мәселелер еске алынуы керек. Образдық талдау жүйесінде де мұғалім көркем шығарманы тұтастай қарастырып, оның барлық компоненттерін (тақырып, идеясы, образдар жүйесі, идеялық эстетикалық табысын) бірлікте ала отырып, талдауды басшылыққа алады. Демек біз көркем бейнені талдағанда оның кескін тұлғасын, іс - әрекетін, мінез құлқын жіті суреттей білуіміз керек.
27)Көркем мәтіндегі уақыт пен кеңістік мәселесі
Көркемдік уақыт пен кеңістік - әдебиеттану ғылымындағы мәні терең өзекті мәселелердің бірі. Болмыстағы құбылыстардың барлығын біз осы өлшемдер арқылы ғана бағамдай аламыз. Тылсым табиғатта мезгіл мен мекен заңдылығына бағынбайтын еш нәрсе болмас. Кеңес заманында таптық ұстанымға сүйенген зерттеушілер кеңістік пен уақытты тарихи уақыттың ғана ішінде қарастырды. Алайда соңғы жылдары көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік мәселесін зерттеген теориялық еңбектер жарық көруде. Орыс әдебиеттануында көркемдік кеңістік пен уақыт турасында алғаш сөз қозғаған ғалымның бірі - М.Бахтин. Ол көркем шығарманың бітіміне лайық өзара байланысқа түсіп, көркемдік қызмет атқаратын уақыт пен кеңістіктің бірлігін «хронотоп» деп атайды. Көркем шығармадағы «хронотоп» немесе «мекеншақ» (Б.Майтанов) ұғымы әлемнің философиялық-логикалық моделін бейнелеу арқылы өтпелі дәуір әдеби процесіндегі терең өзгерістерді пайымдауға мүмкіндік береді. М.Бахтин: «Әдеби көркем шығармадағы хронотоп дегеніміз – уақыт пен кеңістік белгілерінің нақтылы бір бүтіннің табиғатына лайық бірлікте көрінуі. Мұнда уақыт қоюланып тығыздалады, сығылысады. Сөйтіп көркемдігімен көзге түсетіндей дәрежеге жетеді: ал кеңістік болса, шоғырланады, тарихтың, сюжеттің, уақыттың қозғалысына бағындырылады. Уақыт таңбасы кеңістікте белгіленіп көрінеді. Ал кеңістік уақыт арқылы танылып, уақыт арқылы өлшенеді. Мінеки көркем хронотоп қатпарлардың осылай қиысып,белгілердің осылай қосылып, тұтастануымен сипатталады»- деп анықтама береді.
Мысалы, Дулат Исабеков шығармаларындағы болып жататын оқиғалар кеңістік жағынан әдейі тиянақталмаған. Оқиғаның қандай жерде, қай уақытта болып жатқанын тек адамдар қатынасынан, анда-санда бір көрініп қалып жататын тұрмыстық суреттерден, кейіпкерлердің сөз саптау ерекшеліктерінен ғана жобалай аламыз. Автор үшін ол негізгі максат та емес. Қаламгердің біз зерттеп отырған повестеріндегі трагизм жазушының нақты бір қоғамдағы әлеуметтік шындыққа келіспеу идеясынан, наразылығынан емес, жалпыға ортақ категориялардан туындайды. Сол мақсатты суреткер жеке адамдардың ғұмыры мен тағдырына үңілу арқылы жүзеге асыруға тырысады.
Көркем шығармадағы кеңістік пен уақыт сол шығармадағы оқиға, іс-әрекеттерге қатысты өзгереді. Ал олардың алмасуына, бір-біріне қатысты жүйеге түсуіне әлеуметтік жағдай себепші, іс-әрекеттің мән-мағынасына бағындырылған. Шығармада қаһарманның дүниеге келген сәтінен кемеліне келген шағына дейінгі кезеңді тездетіп баяндау, уақытты сығымдау немесе оны созу, оқиғаны тек соның айналасына жинақтап, дамыту т.б. уақыт пен кеңістік категорияларына да әсер етеді. Реалды уақыт үздіксіз өтіп жатады және үнемі алға біркелкі жылжиды. Бізді қабылдауымызда уақыт кейде ақырын, кейде жылдам ауысқандай болады. Ал көркем шығармадағы уақыт оқиғаның суреттелуіне байланысты бірде жедел, бірде баяу жүріп, кейде үзіліп те отыруы мүмкін. Қайсыбір шығармаларда оқиға аяғынан басталып, суреткер уақытты кейін қарай жылжытып көрсетуі мүмкін. Мәселен, О.Бөкеевтің «Үркер», «Бәрі де майдан» шығармаларында уақыт кейін жылжытылып, негізгі оқиғалар, тартыс лирикалық шегініс арқылы беріліп отырады.
28)Мәтін талдаудың психологиялық негіздері
XIX ғасырдың соңында көптеген ғылыми салалар автордың адами болмысына және оқырманның мәтінді оқу, түсіну кезіндегі психологиялық күйлеріне ерекше назар аудара бастады. Еуропа психологиялық мектебі, Юнгтың аналитикалық психологиясы, И.Тэннің «жаңа жолы», Фрейдтің «психоанализі», Э.Эннекеннің «эстопсихологиясы», Харьков психологиялық мектебінің өкілдері сияқты әр түрлі пиғылдағы ғылыми бағыттардың ортақ зерттеу нысаны осы кезде айқындала бастады. Талант құпиясы, дарынның жасырын көздерін табуға деген ынтызарлық В.Гумбольдт, А.Потебня, Л.Выготский, Г.Башлер тәріздес үлкен ғалымдардың теориялық көз
Негізгі зерттеулер ауаны «автор-шығарма» және «шығарма -оқырман» сияқты жүйелер арасындағы қатынастар құрамын, байланыстырар деңгейін анықтауға бағытталды.Әдеби құбылыстарды белгілі психикалық процестерге (сезім, түйсік, сана) бөліп тексеруге болатындығын негізге алған бұл бағыттың өкілдері қаламгердің «тұлғалық психологиялық формасын» табуға тырысты. Тілді — психологиялық форма деп есептеу де ғылыми тұрғыдан өнімді көзқарас болды. Жалпы психология мәселелерімен айналысатын ғалымдар көркем әдебиетті зерттеуге басқа қырынан келді.Қазақ жазушыларының ішінде әсіресе М.Әуезов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов туындыларын осы тұрғыдан зерттеу керек сияқты.
Қорыта келгенде, көркем мәтінді зерттеуде психологиялық көзқарастар жүйесін әрқалай қолдану қажет. Мұндай еңбектерде әдеби шығарма табиғатына жіті қарау керек. Аталған бағыттардың бәрі әмбебап емес, бірақ олардың мүлдем көмегі жоқ деп айтуға да болмайды. Жас зерттеуші көрсетілген ғылыми жүйелермен жақсы таныс болуды міндетім деп есептесе қателеспейді.
29)Орта мектепте көркем шығарманың тілдік ерекшеліктерін талдау
Шығарманы өтуде қарастырылатын аса манызды мәселелердің бірі – шығарманың тіл ерекшелігін талдау. Бұл талдаудың курделі маселелерінің катарына жатады. Егер шыгарманың тілі деп автордың тілі мен кейіпкердің тілін угатын болсақ, бул образ - мінездерін танытуда, шығарма идеясын ашып тусінуде басты қызмет атқарады .Әрбір ақын , жазушының езіне тән даралық сипаты бар стиль, тіл езгешеліктері болады. Бул ерекшеліктер оның лексикасынан, қолданған троптары мен фигурасының турлерінен керініп турады( теңеу , эпитет, метафора, әсірелеу,, метонимия, арнау, кайталау, шендестіру, дамыту т.б.). Шыгарманын тілін талдаганда,көркемдік өзгешеліктерін әңгімелегенде ,осылардың барлығы қарамтырылуы керек Коркем шыгарманың қыр-сырын танытып білдіру ушін әр сынып көлемінде бірізділікпен жургізілетін жумыстар аркылы балаларды шыгарманы талдаудың калыптаскан жуйесін менгеруге алып келеміз.
Біріншіден, мазмундық-такырыптық талдау, шыгарманы тутастай ала отырып, бөлім бойынша мазмунын, тақырыбын таныта отырып талдау.
Екіншіден, тілдік эстетикалық талдауаға көңіл бөлу.. Шығарманың тілдік ерекшелігін, сөз өрнегін,, суреттемелік шеберлігін , керкемдігін, сөздер табигатын, стильдік айырмашылыктарын таныту.
Ү шіншіден, кейіпкерлік-бейнелік талдау. Шығармадағы кейіпкерлерге талдау, олардың өзара сабактастыгын шығарма тақырыбы мен оқиға желісіне катысатьнын айкындата отырып ,, ажырату әрі салыстыру [15, 88-916]. Көркем шығармаларды осылайша жүйелі талдау арқылы балалардың бойындағы Танымдық, багалаушылык, жасампаздык, тілдік катынастык сананы калыптастыратын боламыз.
30)Көркем мәтіндегі сана ағымы
Сананың табиғатына үңіліп, түсіну процесінің сырына қанығуды көздейді. Философияда саналылықты арнайы зерттеу нысанына алатын мектепті «феноменология» деп атайды. Сонымен бірге, ол этика мәселелерін де қарастырады. Жалпы, саналылық пен этика - егіз ұғымдар. Мына нарсеге тангалудың кажеті жок: аса манызды этикалык маселелерді сарапка салатын философтардын бәрі дерлік адамнын санасы мен онын калайша жумыс істейтіндігі туралы бас катырады. Ой айтып, тужырым жасаган.
Ойткені, екеуі де егіздін сынарындай, кустын кос канатындай катар журетін умдар.
Біріншіден, сана - туйыкталан жаратылыс емес, турак тауып, катып-семіп калан стати-калык, дуние емес, ол шексіз, ушы-киры жок агн. Сана унемі белгілі бір нарсеге барытталып отырады.
Екіншіден, сананын ен басты сипаты - интенционалдылык. Ал интенция дегеніміз - сананын затка багытталуы. Егер санадан тыс болмыс жок, десек, іс жузінде таза сананын болуы да мумкін емес. Сананын затты кабылдауы бул орайда барінен де манызды болып есептеледі.
Ушіншіден, сананын бірлігі феномен. Жогарыда айтканымыздай, айнала болмыстаны заттара емес, адам санасындаы заттар мен кубылыстара назар аударанда ана акикатка жетеміз деген ой айтады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет