1. Критериалды бағалау жүйесінің мақсат – міндеттері Критериалдық бағалау



бет4/7
Дата18.01.2023
өлшемі49.38 Kb.
#61823
1   2   3   4   5   6   7
Критерийдің мазмұны:
Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама).
Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы. 

Критерийлер

Дескрипторлар

А

Білу және түсіну

Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу

В

Қолдану

Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалануБілгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару, жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады

С

Сыни ойлау және зерттеу

Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет