1 критерий: Мектепке дейінгі ұйымда өзгерістерді енгізу үшін қажеттіліктерді анықтау



бет1/6
Дата13.06.2023
өлшемі64,67 Kb.
#100811
  1   2   3   4   5   6

Мен, Уалиева Гульнар Турсынбековна «Құлыншақ» бөбекжай- бақшасының меңгерушісімін.


1 критерий: Мектепке дейінгі ұйымда өзгерістерді енгізу үшін қажеттіліктерді анықтау.
Балабақшамыздың стратегиялық жоспарының тақырыбын "Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру" деп таңдадық. Жобаны жасаудың алдында ұжымның, ата-аналардың, балалардың қажеттіліктері мен сұраныстарын мына диагностика әдістерінің көмегімен анықтадым. Атап өтсем:

  • Ата-аналармен

1.«Менің отбасымның салауатты өмір салты"» тақырыбында ата-аналарға арналған сауалнаманы жүргіздім.
2.«Ашық есік күнін» ұйымдастырылды.

  • Тәрбиеленушілермен

1. «СӨС туралы бастапқы түсініктердің қалыптасу деңгейі» дидактикалық ойын «Сөйлемді жалғастыр».
2. Гигиенаның қарапайым ережелерін сақтау деңгейі (Бақылау)

  • Педагогтармен

1. «Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізуге ұжымның дайындық деңгейін анықтау» бақылау
2.Тест «Салауатты өмір салтының негіздері»
3. Реформаторлар командасын қалыптастыру шараларын жүргіздім.


Диагностика нәтижесі мынандай:









Диагностика қорытындысы көрсеткендей, таңдаған бағытымыз өте өзекті, яғни;

  • ата аналардың 14 % салауатты өмір салтын ұстануы төмен екен;

  • тәрбиеленушілердің 38% ғана гигиеналық дағдылары берік қалыптасқан;

  • педагогтардың теқ қана 30 % ғана дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізуге дайын екен, ал қалған педагогтардың тақырып бойынша біліктілігін арттыру қажет.

Сонымен қатар тақырыпты толық және сапалы іске асыруға қажетті пәндік ортаны құрастырға қажетті жағдайларын топтадым:

Пәндік ортаны құрастурға қажетті жағдайларды топтадым:


  • Музыкалық зал,

  • Спорт залы

  • Мини-стадион

  • Топтық алаңдар

  • Спорттық жабдықтар

  • Оқу құралдары,

  • Денені шынықтыруға арналған стандартты емес жабдықтар,

  • Массаж жасаушылар,

  • Модельдер (адам ағзасының құрылымы)

  • Спорттық дидактикалық ойындар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет