1-Лекция. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары


Математикадан білім беру саласындағы бақылау, тексеру түрлері



бет12/20
Дата06.01.2022
өлшемі187,32 Kb.
#14818
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Математикадан білім беру саласындағы бақылау, тексеру түрлері.

Тексеру тәсілдері: ауызша (жеке, топтық); жазбаша (диктант, мазмұндама, сынақ, зертханалық жұмыс, бақылау жұмысы); өз бетінше тексеру жұмысы, емтихан. Тексерудің көбі үлкен тақырып, бөлім аяқталғанда жүргізіледі. Әрбір сабақта, сабақтың әр кезеңінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеруден басқа, ауызша және жазбаша тексеру жұмыстарына бағытталған: бақылау жұмыстарына арналған сабақтар, зачет, емтихан, қабылдау, тест т.б. өткізу қажеттігі туындайды. Сабақ үрдісінде өткізілетін тексеру жұмыстарының бәрін қадағалап отыру үшін тақтаның бір бөлігіне немесе компьютердің белгілі бір файлына әрбір оқушының атын жазып, тұсына қойылған сұрақтарға берген жауаптарын (мысалы, «плюс», «минус», т.б.) белгілеп отырған жөн. Кейде мұғалім оқушылардың өздері белгілеп отыруын ұсынады. Бұл сабақтың соңында білім алушылардың өздерінің білімін өздері бағалауына мұғалімнің қойған бағасы мен білім алушының өзі қойған бағасының ынтымақтастықта қойылуына, бағаларға комментарий жасауға кететін уақытты үнемдеуге септігін тигізеді. Тексеру жұмыстарының өткізілу уақыты мен оның ұзақтығы оқушыларға алдын ала хабарлауды қажет етеді. Бұл оқушылардың психологиялық бейімделуін қамтамассыз етеді. Бақылау жұмысы немесе емтихан алдындағы қорқыныш сезімдерін жеңуге, стресс ахуалының алдын алуға септігін тигізеді. Бақылау жұмыстарының материалдарын жасағанда оқытушы қазіргі заманғы техникалық көбейткіш ксерокөшірме, компьютердің проектрлеуші қондырғылардың мүмкіндігін пайдаланып, жұмысын жеңілдеткені жөн. Сонымен бірге осындай тексеру сабақтарының жоспарын жасағанда білім алушылардың білімінің деңгейлік саралануын ескеріп құрылатын тапсырмалардың шешімдері мен жауаптарын сабақ жоспарына міндетті түрде ендіруі тиіс. Тексеру сабақтарының мынадай түрлері болады: ауызша және жазбаша; оқылған тақырыптан соң бірден алынатын бақылау жұмыстары және біраз уақыт өткізіп барып алынатын бақылау жұмыстары, көп уақыт өткізіп барып алынатын бақылау жұмыстары, яғни уақыт өткен сайын алынған білімдердің беріктігін тексеруге арналған жұмыстар т.б. Олардың дидактикалық мақсаты тек білім деңгейін тексерумен ғана шектелмейді. Тексеру сабақтары білім беру функциясын да атқарады, окушылардың даму деңгейін де анықтайды. Жазбаша тексеру жұмыстары сабақтың бір бөлігіне немесе бүтін бір немесе екі сабаққа есептеліп беріледі. Мазмұнында міндетті бөлікпен қатар математикаға қабілетті оқушылар үшін қосымша бөлігі жоспарланады. Оқушылардың үлгірім деңгейіне байланысты нұсқалар саны көп болғаны, тіпті әрбір білім алушының аты жөні жазылған, арнайы текстер берген тиімді. Оқушы өзінің аты жазылған арнайы тапсырма алғанда, оның жауапкершілігі артып, жұмысқа ықыласпен қарайтыны байқалады. Мұғалім бақылау жұмысында оқушылардың бәрі түгел тиімді жұмыспен айналысуын қадағалап, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды жазылған жұмыстарды уақытында өткізуге үйретеді. Келесі сабақтың бір бөлігін немесе түгел бақылау жұмыстарын талдауға, жиі кездесетін қателер мен жеке оқушылардың жіберген қателеріне, жұмыста жіберілген грамматикалық, символикалық, логикалық қателеріне талдау жасап, сараптауға арнаудың маңызы өте зор. Бұл осындай қателердің келесі бақылау жұмысында болдырмаудың кепілі бола алады және оқушыларды сауатты жазуға, логикалық ойлауын, сөз байлығын, шығармашылық кабілетін дамытуға ықпал етеді. Бақылау жұмысын нашар жазған оқушыларға қателерін талдап, көрсеткеннен кейін қосымша нұсқа беріп, бақылау жұмысын қайта жазуға мүмкіндік беріледі. Жазбаша бақылау жұмыстарының тестік тапсырмалардан бір артықшылығы оқушылардың жазу стиліне, математикалық сауатты жазуына, есептерді шығарғанда сөз байлығын пайдаланып, түсініктемелер, тұжырымдар жасауын тексеруге, сол арқылы олардың жазу сауаттылығы мен сөз байлығын, шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын тексеруге мүмкіндік беріледі. Ал, тестік тапсырмалар: уакытты үнемдеуге, оқушының да, тексерушінің де артық жұмыстарын азайтуға, білім беру функциясын, т.б дидактикалық функцияларды іске асыруға мумкіндік береді. Оқыту өнімділігі: санмен, сапамен, толықтылығымен, деректілігімен, тереңділігімен, - әділ бақыланумен тығыз байланыстылығы әдістемелік үрдістің ең жоғарғы заңдылығы ретінде қарастырылады. Оның іс-әрекетке айналып кетуі үшін бақылаудың тиімділігін негіздеп, әсер етуші факторларды ажыратып, түсінікті нақтылау қажет. Қазіргі теорияда әлі: «баға», «бақылау», «тексеру», «есеп» және осылармен байланыстыларды ажырататын үйлесімділік жоқ. Оларды бір мағынада жиі алмастырып та, қолданып та жүр. «Бақылау» жалпы шығу түріне қарай оқушының білімін, біліктілігін бағалау мен өлшеуді білдіреді. Өлшеумен анықтауды тексеру дейді. Сондықтан тексеру – бақылаудың негізгі құрамы, оқушымен оқытушы арасындағы кері байланысты анықтайтын мұғалімнің оқушының нені дұрыс меңгере алмағанын, жіберген кемшілігінен әділ мәлімет беретін негізгі әдістемелік міндеті. Тексеру тек оқушылардың оқытылу сапасы мен деңгейін анықтамайды, сонымен бірге оқыту еңбегінің соңғы көлемін де білдіреді. Бақылау тексеруден басқа бағалау (әрекет ретінде) және тексеру (нәтиже ретінде) бағасын да қамтиды. Баға үлгерім табельдерінде, сынып журналдарында, мәліметтер жинағында т.б. белгі ретінде (шартты белгілердің көрсеткіші, «кескіні», ескерту таңбасы) қойылады. Оқушылардың үлгерімін бағалау негізі бақылау (нәтижесі) қорытындысы болып табылады. Сонымен қатар оқушы жұмысының сапасы да, саны да ескеріледі. Сандық көрсеткіштерінің артықшылығы пайыз бен балл түрінде, ал сапалық – «жақсы», «қанағаттанарлық» т.б. өлшеммен белгіленеді. Әрбір бағалау пікірге алдын-ала келісілген (белгіленген) ұпай, көрсеткіш (мысалы, «өте жақсыға» – 5 ұпай) қоса жазылады. Мұнда баға тек қана нәтиженің өлшемі мен айқындаушы емес, бағалау пікіріне қосымша мағына үстейтінін түсіндіру керек. Санды қолдан жасап қою бағалау пікіріне қайшылық келтіреді. Әлемнің көптеген елдерінде сандық өлшемге қызығушылықтан сақтану үшін әріптік белгілерді қолданады. Мысалы, А, В, С т.б. Осы критерий бойынша бағаны анықтау үшін ұсынылған мәліметтер мен игерілгендердің көлемін өлшеуді білу қажет. Бұл міндет ыңғайлы практикалық технология деңгейінде шешілген. Баға қызметі, бізге белгілі болғандай оқытылу деңгейімен ғана өлшенбейді. Баға – педагогтың жеке тұлғаның оқуын реттейтін, жағымды құралы. Әділ бағалау арқылы оқушы бойында өіне-өзі сын көзбен қарауы, өзін бағалауы қалыптасады. Сондықтан бағаның ең басты маңыздылығы, оның қызметінің түрі оқушының оқу әрекетінің барлық жағында оны жан-жақты аша алатындығында. Осы көзқарас негізінде қазіргі білім, біліктілікті бағалауда баға жүйесін диагностикалау маңызымен қоса қайта қарастыру қажет. Оқытуды диагностикалаудың, бақылаудың қағидалары болып: маңызы әділдік, жүйелілік, көрнекілік (жариялылық) болып табылады. Әділділік – педагогтың оқытатын шәкірттерінің біліктілігін, білімін диагностикалық тестерді (тапсырмалар, сұрақтар) диагностикалау тәртібін дәл, нақты, өзара түсінікті қатынас арқылы ғылыми негізге арқау ету болып табылады. Диагностикалаудың практикалық әділдігі диагностикалау көрсеткен педагогтың кез келген бақылау құралдары мен қолданған әдістерімен қойған бағасы үйлесімділік тауып отырады. Бастапқы білімді қабылдаудан бастап, оны практикада қолдануға дейінгі барлық әдістемелік үрдіс диагностикалық бақылау жүргізу – жүйелілік үрдістің түрлері болып табылады. Оқу мекемесінде үнемі жүргізілетін диагностикалау – оқитын шәкірттің бірінші күнінен бастап барлық әрекетін жүйелілікпен қамтиды. Бақылаудың түрлі формалары әдістері мен құралдары, тексерулер, бағалаулар диагностиканы кешенді жүргізуде жүйелілік қағадасын ескеруді талап етеді. Жеке әдістер мен диагностикалау құралдарының жан-жақтылығына назар аударған дұрыс. Диагностика үрдісінде әр оқушының салыстырмалы, көрнекті рейтингісі шығарылады. Баға – оқушылардың өздеріне деген талап үлгілерін және педагогикалық әділділігін салмақтайтын бағдар. Оқушылардың білік, білімін бағалау, тексеру, бақылау, диагностикалау оны қалай жүргізілетініне де байланысты болады.. Оқушылардың білім деңгейінің алдын ала шығарылған көрсеткіші – тексеру жүйесінің ең бірінші құрамдас бөлігі деп есептеледі. Ол оқу жылының басында оқушының өткен оқу жылындағы білімін анықтау үшін жүзеге асырылады. Алдын ала тексеру біліміндегі, дағдысындағы кемшіліктерді жою мақсатымен сәйкес жүргізіледі. Мұндай тексеру оқу жылының ортасында да, жаңа тарауды бастар алдында да жүргізуге болады. Әр тақырыпты меңгеру үрдісіндегі, ағымдағы бағалар білімді тексерудің екінші құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ ол әр сабақта жүргізілсе де оқушылардың белгілі бір өткен, меңгерген тақырыбы бойынша ғана диагностикалауға мүмкіндік береді. Мұндай тексерулердің әдістері мен формалары оқу материалының мазмұны, оның қиындығы, оқушылардың жас ерекшелігі, дайындық деңгейі, оқыту мақсаты мен көлемі, нақты шарттар сияқты түрлі факторларға байланысты болады. Ағымдағы бағалар сияқты тақырыптық қайталап тексеру біліктілік пен білімді айқындаудың үшінші құрамдас бөлігі болып табылады. Оқушылар жаңа тақырыппен қоса бұрын өткен материалды да қайталап оқиды. Қайталап тексеру білімді бекітуге ықпал жасағанымен оқу жұмысының қозғалысын, меңгерілген білімінің беріктік деңгейін диагностикалай алмайды. Диагностикалаудың әдістері мен түрлерін басқаларымен үйлестіре жүргізгенде мұндай тексеру қажетті нәтиже береді. Бұл жүйе құрастырылған бөлім – оқушының бір тарау бойынша немесе курстың маңызды бөлігін білетін білімін кезең бойынша тексеру болып табылады. Мұндай тексерудің мақсаты – оқушының бір курстың әр тарауынан алған білімдерінің сапасын оқу материалымен байланыстыра диагностикалау. Кезеңмен тексерудің негізгі қызметі – жүйелеу және жинақтау. Оқушылардың әдістемелік үрдістің барлық кезеңінде игерген біліктілігімен білімінің есебіне қорытынды тексеру, тексеруді ұйымдастырудың бесінші құрамдас бөлігі болып табылады. Үлгерімнің қорытындысы есеп әр тоқсан аяғында және оқу жылы аяқталғанда жүргізіледі. Ол алынған бағаларды орташа арифметикалық балға қосып жай ғана есептелмейді. Ол ең алдымен осы кезеңдегі алға қойған мақсат пен нақты оқытылғанның деңгейін диагностикалау. Кешенді тексеру арнайы тексеру түрі болып табылады. Оның көмегімен оқушының игерген білімді басқа пәндерде, практикалық іс-әрекетті шешуде қолдана білу қабілеті диагностикаланады. Мәселен, жеке қожалықтығы құс өсіру шаруашылығының тиімділігінің есебін шығару физикалық, химиялық, математикалық, биологиялық, географиялық және басқа да пәндерден алған білімді қажет етеді. Кешенді тексерудің басты міндеті – пәнаралық байланыс сапасының жүзеге асырылуын диагностикалау, оқушының құбылысты, үрдістерді, оқиғаларды, тұтас мәліметтерге сүйене отырып, оның ішінде оқылған пәндерінен алған білімін атай отырып түсіндіру қабілеті көбінесе кешенді тексерудің практикалық критерийі болып табылады. Тест тапсырмаларының берілу тәсілдері Тест (test, ағылшын сөзі) – тексеру, сынау, байқау. Тест туралы көптеген еңбектердің авторы – Ресей математигі Вадим Сергеевич Аванесов болып табылады. 1864 жылы ағылшын Дж.Фишер алғаш рет тест бойынша тексеруді қолданған. 1883 жылы тестілеу мәселесінің теориялық негізін салған ағылшын психологы Фрэнсис Гальтон болды. Тест терминін 1890 жылы алғаш рет ғылымға ендірген Америка психологы Дж.Кеттелл. Ал, француз психологы В. Штерннің еңбектерінде тест мәселесі ары қарай дамыды. Сол кезеңде тест жеке адамның ақыл-ой деңгейін, интеллектуалдық коэффициентін анықтау т.б. психологиялық-танымдық мүмкіндіктерін бағалау бағытында қолданылған. Тест арқылы көп нәрсе алуға болмайды. Себебі, оқушының өз жауабынан мысалдар келтіріп, өз ойларын, логикалық және дәлелдеу қабілетін және т.б. тест арқылы болжамдау мүмкін емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет