№1 Лекция тақырыбы: Бастауыш сыныптарда тіл дамыту әдістемесінің мақсаты және міндеттері



бет1/2
Дата03.12.2023
өлшемі104,2 Kb.
#133591
  1   2
Байланысты:
1 прак сауат


1 практика тақырыбы: Сауат ашу кезеңдері


Негізгі ұғымдар: нормативтік-құжаттар, мемлекеттік стандарт, тұжырымдама, баланың кұқығын қорғау конвенциясы, бағдарламалар мен оқу-әдістемелік құралдар.
Бастауыш сынып мамандарын даярлаудағы маңызды саланың бірі тіл дамыту теориясы мен әдістемесі курсы болып табылады. Оның жоғарғы оқу орындарында басты мақсат студенттерге ана тілінің лингводидактикалық және психофизиологиялық негіздерді терең ұғындыру және балалармен ұйымдастырылатын жұмысты тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білуге даярлау. Курсты оқу процесінде әдістемелік ойларды, шынайы педогогикалық ситуацияны дұрыс бағалай білу қабілеті, теориялық білімдерін түрлі жағдайларда қолдануы қалыптасады.
Мектепте тілді оқыту ісінде ана тілі пәнінің үлесі орасан зор. Ана тілі пәні бойынша оқушыларды өмірге баулу жөніндегі міндеттер тілдің негізгі қоғамдық қызметіне, комунакативтік (байланыс, қатынас құралы ретінде) және экспрессивтік (әсер, ықпал етуге дәнекер болу) қызметіне қарай жүзеге асырылады. Олай болса, ана тілі пәні балалардыауызша да, жазбаша да толық сауатты, тілді еркін пайдалана білетіндей етіп шығаруды түпкілікті нысана етіп ұстанады.
Тілге берілетін анықтамалардың негізгісі - тілдің коммуникативтік қызметі мен экспрессивтік қызметі бойынша берілген нұсқасы. Коммуникативтік қызметі жағынан алғанда «Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы.» Ал экспрессивтік қызметі жағынан алғанда, «Тіл-ойдың тікелей шындығы ... практикалық шын сана», ойды қалыптастырып жарыққа шығарушы құрал. Тілдің бұл екі функциясы айрылмастық бірлікте, бірінсіз бірі жоқ.
Тілді меңгеру сөз мағынасын білумен шектелмейді, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды қатесіз тану үшін адам санасында белгілі бір ұғымдардың пайда болуы талап етіледі. Ұғымдарды ұғынуда бүтін логикалық ойлау операциялар жүйесі түзілген, адам соның жәрдемімен белгілі бір ұғымға қатысты зат не құбылысты және олардың арасындағы айырмашылықтары мен ұқсас қасиеттерін дұрыс айырады. Мұнсыз тілде ойлану мүмкін емес.
Қазіргі заманда өз ойын анық айта алатын, шешен сөйлей білетін ұрпақ тәрбиелеп өсіру-бүгінгі күн ұстаздарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Заманымыздың заңғар жазушысы, ғасыр ғұламасы атанған атанған М. Әуезовтің «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім», – деген сөзінің маңызы ешқашан жойылмақ емес, себебі кез-келген мемлекет мәдениетінің даму деңгейін, рухани мазмұнын, интелектуалдық қуатын айқындайтын бірден бір көрсеткіш-білім берудегі жүйелілік және сапалылық.
Оқушының ой-өрісінің, сана-сезімінің жан-жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көз қарасын қалыптастырса, ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді.Біздің жарқын болашағымыз – өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ-өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екені ақиқат. Қазіргі таңда оқыту мен білім беру саласы оқушылардың жеке басын дамыту мен сапалы білім беру мақсатында оқытудың жаңа мазмұнын , тиімді әдістерін үнемі іздестіруді талап етіп отыр.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың сөздік қорын байытып, тілін дамыту әдістемесі оқушының тұлғалық ерекшелігін дамытуда ерекше орын алады. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамытып, сөз мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүйесіз, негізсіз, бағытсыз кездейсоқ іске асырылмайды. Бастауыш сынып кезеңі – баланың қалыптасатын кезеңі. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келетінінің бірі. Сөздік қор әдетте 5 жастан бастап барынша молаяды. Бала тілінде синоним, антоним, бейнелеуіш сөздер пайда болады да еш қиындықсыз зат есімдерге жұрнақтар қосып, сөздерді түрлендіре айта алады. Кішкентайынан сөздік қорын байыту үшін сұраққа толық жауап беріп, қате айтса, жіберген қателерін қайтып қайталамайтындай етіп түзетіп отыру. Ертегі, әңгіме, өтірік өлеңдер шығаруларын қолдау.Өтірік өлең, жаңылтпаш баланың тілін сындыруға, дыбыстарды дұрыс айтуға мәжбүрлейді, кейіннен 2,3 сыныпта баланың тілі , сөздік қоры жақсы дамиды.
Оқушылардың тілін дамыту сауат ашудың бірінші сабағынан басталып, оқуды, грамматика мен емлені үйретуге арналған сабақтарда үзбей жүргізіліп отырады.
Бастауыш сыныпқа арналған қазақ тілі бағдарламасы мынандай үш тараудан тұрады:
1. Сауат ашу, сыныптан тыс оқу және тіл дамыту:
2. Оқу (сыныпта, сыныптан тыс) және тіл дамыту:
3. Фнетика, грамматика, емле және тіл дамыту.
Көріп отырғандай, тіл дамыту осылардың бәрінің басын біріктіретін негізгі мәселе ретінде қарастырылады. Мұның өзі оқушыларды түсініп оқуға, еркін сөйлеуге және сауатты жазуға үйретуді көздейді.
Алайда қазақ тілі пәніне арналған бағдарламалық материалды оқытуға айрықша көңіл бөлінгенімен, осы берілген грмматикалық тақырыптарды оқыта отырып, әр тіл материалын игертілу ерекшеліктеріне қарай, тіл дамыту жұмысын қалай жүргізу керек деген мәселе өз шешімін таппай келеді.
Алдымен тіл дамыту дегеніміз не? Дамыған тіл деп қандай тілді атаймыз? Оның алғы шарттары қандай, енді соған келейік.
«Тіл» немесе «тіл дамыту» — пән аралық түсінік: ол лин-гвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі — сөйлеуді зерттейді.
«Тіл» дегеніміз белгілі бір ұлттың ішкі заңдылықтарын қалыптасып, жүйеге түскен қатынас құралы екені белгілі. Ал даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсіндіреді. Психика (сөйлеу) даму үшін жаңа мен қатар бұрыннан қалыптасқан негіздер болуы шарт.
Қазақтың көрнекі психологі М. Мұқанов психиканың дамуында көнеден қалған негізді инвариант (лат - өзгерілмейтін) оған тіректелетін жананы «өзгерілгіш» деп атады.
Бұл туралы М.Мұқанов былай дейді. «Психика үнемі өзгеріске ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді, оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеті бар. Сонымен қатар, аз өзгерілетін қасиеттері (инвариант) психикалық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептеледі».
Тіл дамыту мәселесінде де осыны айтуға боладьь Яғни баланың сөздік қоры игерген тіл единицаларының негізінде (су, сушы, сулық суару) молаяды.
Қазақ тілі мен әдебиетіне арналған бағдарлама: «...тіл дамыту жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлығын толықтыру, өз ойын анық дұрыс етіп ауызша, жазбаша жеткізе білуге баулу, қазақ әдеби тіл нормасында жатық, әдепті сейлеуге дағдыландыру»,—десе, М. Балакаев: «...сөз байлығын молайту, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс түсініп, дұрыс құрай білу, сөздердің орфоэпиялык нормаларын сақтап, дұрыс оқу-қазақ тілі пәнін меңгертуде оқушылардың бәріне бірдей қойылатын ортақ талаптар», - деп анықтайды.
Ал Аханов тіл дамытуды: «Айтайын дегенді дәлмедәл, ашық айқын және әсерлі түрде жеткізіп беру ол үшін тілді, әсіресе оның байлығын, көркемділігі мен үнділігін, сан сырлы мағынасы мен өткірлігін, эмоциональды болуы мен эксперсивті қызметін жан-жақты меңгеру», деп біледі.
Ш.Уәлиевтің пікірінше, балада сөз мәдениеті қалыптасады, егер «алдымен әдеби тілдің грамматикалық лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялык нормаларын меңгерсе, сонымен бірге, бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді, қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білсе», — дейді.
Бұл пікірлерден мынандай қорытынды жасауға болады. Тіл дамытуды тіл білімінің заңдылықтарына сүйне жүргізу қажеттігіне саяды. Шын мәнінде солай ма? «Тіл дамыту, дейді X.К.Арғынов, — баланың ойлау процесімен байланысты әрі психологиялық фактор, әрі тіл білімін зерттеу объектілерінің бірінен саналады. Баланың тілін да-мыту жеке сөздердің басын біріктіріп сауатты сөйлеуге (жазуға) баулу - психология, тіл ғылымының заңдылықтарымен тығыз байланысты құбылыс».
Бұл пікірді Б.В.Беляев та қолдайды. «Белгілі бір тілді меңгертуде тіл біліміне сүйенбей, сол тілде ойлай білуге үйрету қажет», — дейді.
Тіл- тәрбиенің басты тірегі. Қазіргі заман талабына сай ұл мен қыз өсіру, оларға білім беру- әр ұстаздың басты мақсаты. Ана тілі арқылы жас жеткіншектерді халқымыздың озық ойымен, әдебиетімен, мәдениетімен, тіршілігімен таныстырамыз. Осының бәрін біліп қана қоймай, бала оны жеткізе де білуі керек. Сондықтан әр сабағымда бала тілін дамытып, сөздік қорын байытуға әр түрлі тәсілдерді қолданамын.
Оқулықтарында берілген тапсырмаларынан басқа қосымша тапсырмалар қолданылады. Мысалы бейнесөз шешу, мәтінді аяқтау, «Мақалды тауып оқы», «Керекті сөзді тап», «Қандай әріпті жоғалттым» және тағы басқалары. Заттың атын білдіретін сөздерді өткенде «Кім тез табады?» ойыны сабақ соңында ойналады. Берілген шашыранды әріптерден атақты адамдардың есімдерін құрастыру.
Тіл байлығын дамытуда қиял, ұшқыр ой қалыптастыру қажет. Мұнда оқушыға ертегі,әңгімені жалғастырып айту және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік бере отырып оқиғаны жалғастыра отырып шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену-шығармашылық және өз ойын жеткізе алудың көзі. Берілген тапсырманы түрлендіру бойынша жұмыс түрлерін, мысалы мәтінді өңдеу, диалог құрастыру, өз ойынан өлең, ертегі, әңгіме құрастыру да оқушының ойы арқылы тілін дамыта түседі.
Мақал –мәтелдер мен тұрақты тіркестерді ұдайы үйретіп отыру-мұғалімнің күнделікті жұмысының бір түрі. Үйренгендерін ұмытып қалмау үшін оны сөздік дәптеріне жаздырып, әр тоқсанда соларды көбейту кестесі тәрізді жатқа жаздырып, бақылау жұмыстарын алуға болады.
Оқушының оқыған әңгіме ертегісіне сараптаудың жолдары:
-түсінгенін әңгімелеу
-сұрақтарға жауап беру
-кейбір үзінділерді жатқа айтқызу
-оқыған шығармасы бойнша таныс емес сөздерді сөздік дәптерге жазып отыру
-кейіпкерлер іс-әрекетіне баға беру
–әңгімелердің ұқсастығын салыстыру
–ең соңында сол шығармаға ұқсас әңгіме жаздыру.
Бала – біздің болашағымыз. Болашақ ұрпаққа заман талабына сай білім беру талап етіледі. Бұл мақсат орындалу үшін бағдарламадан тыс қосымша тапсырмалар беру абзал. Алғашқы күннен бастап тілін дамыту үшін өлең, жаңылтпаш т.б.тапсырмаларды ата – ананың көмегімен жаттау қолға алынғаны дұрыс.
Сюжетті суреттер бойынша сұрақтар жауап арқылы әңгімелеу, өз отбасы туралы әңгіме құрастыру, осы тақырып бойынша дайын мәтіндерді оқып беріп, суретін көрсету.Баланы өз ойын анық айтып, дұрыс сөйлеуге үйрету. Тереңдетіп оқыту арқылы сөздік қорын байыту үшін, әр оқушының сөйлеу деңгейін, ойлау қабілетін, шығармашылығын зерттеуді қажет етеді. Бұл тұста оқушылардың жазу сауатын да есепке алу керек.Тек диктант түрлері грамматикалық ережелерді әр оқушының қалай меңгергендігін және жазу сауатының қандай дәрежеде екендігін байқатады.
Әр сабақтың тақырыбына байланысты диктант түрлері жүргізіледі. Диктанттардың ең күрделісі – шығармашылық диктант. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттырады.Оқушылардың ойын жазуға үйрететін тағы бір әдіс – «Өз ұйқасын тап», «Әңгімені ары қарай жалғастыр» деген тапсырмалардың әсері зор.
Бұл тапсырмалар баланың ойлауына, ойлау қабілетінің артуына, сөздік қорының байуына, шығармашылығына жол ашары анық.
Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорға жатады.Оқушының сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді.Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі-оқушылардың сөздік қорды,ауызекі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр. «Тіл мәдениетінің жоғары деңгейі ол тіл арқылы өз ойын дұрыс,дәл және мәнерлі жеткізе алады».
Тіл дамытудағы тиімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар.
Шығармашылықтың түрі әр алуан,мәні біреу – ол жаңа мазмұн жасау.Шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы әрбір бала өзінің таланттылығын,қабілеттілігін,бейімділігін көрсете алады.
Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты түрлендіре жүргізілетін жұмыс – оқушылардың жүйелі ойлау қабілетін тудырып,шығармашылық ізденіске бейімделушілігін молайтады, тіл байлығын арттырады. Тіл дамыту жұмыстарында дамыта оқыту жүйесі іске асып әр оқушы өз бетінше жұмыс істеуге қалыптасады.Бала жұмысына сын көзбен қарап, бағалауға,ойын еркін,дұрыс, ашық айта білуге үйренеді.Оқушыға берілген тапсырманы біртіндеп күрделендіре түсіп, шәкірт бойындағы шығармашыл ізденісті тереңдете түсу менің және барлық ұстаздар қауымының негізгі мақсаттарының бірі болмақ деп есептеймін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет