1. Математикаға оқыту әдістері және олардың классификациясы



бет1/2
Дата05.10.2022
өлшемі15,79 Kb.
#41435
түріПрограмма
  1   2

Дәріс №6.
Тақырыбы: Математиканы оқыту әдістері мен принциптері (оқытудың әдістері, дәстүрлі әдістер, оқытудың дәстүрлі емес әдістер).
Жоспары.
1.Математикаға оқыту әдістері және олардың классификациясы.
2. Математиканы оқыту формасы.
3. Оқытудың дәстүрлі әдістері.
4. Эвристикалық әдіс.
5. Математиканы программалап оқыту элементтері
6. Проблемалық оқыту

Математиканы оқыту әдісін мұғалім мен шәкірттің оқып үйрену негізіндегі қызмет әрекет айырмашылықтарына қарай екі түрге бөлуге болады:1)Оқыту әдістері (мұғалім әрекеті) – ақпараттық және оқушының қызметін басқару әдістері жатады. 2)Оқу әдістері (шәкірт әрекеті) – оқу материалдарын танып білу әдісі жатады. Математиканы оқып үйренудің әдістері деп оқушының өздерінің математика жөніндегі белсенді дербес тану әрекетін іске асыру ұйымдастыру тәсілдерін айтады. Бұл әдістер математиканы үйренудің ғылыми және оқу әдістері болып бөлінеді.


Біріншісі, математиканы ғылым ретінде зерттеп білуге құрал болады. Екіншісі, орта мектеп математика педагогикасында математиканы оқытуды күшейту үшін арнайы жасалған әдістер. Олар эвристикалық әдіс, модельдер арқылы үйрену әдісі және бағдарламалық әдістер жатады.
Үйрену мен үйрету, оқу мен оқыту егіз жүретін үрдістер. Сондықтанда математика дидактикасында үйрету (оқыту) әдістерімен формаларына үлкен орын беріледі.Оқыту әдістері оқушыларға математикалық білім білік дағдылардың белгілі бір жүйесін беру болып табылады. Оқыту әдістеріне мұғалімнің үйретуші кеңесі, әңгімесі, дәрістері түсіндіру жаттығу ретіндегі өзіндік жұмысты басқару шәкірттің оқу әдебиеті мен жұмысына әсер етуі жатады.
Проблемалық оқыту әдісі.
Бағдарламаланған оқытумен қатар оқытудың ең жаңа перспективті әдісіне проблемалық оқыту жатады. Егер бағдарламаланған оқытудың негізіне ойлаудың алгоритмдік түрі жатса, проблемалық оқыту, шығармашылық тапқыр ойлауға сүйенеді. Мұндай ойлау әсіресе стандартты емес есептерді шешуде қажет болады. Сонымен қатар проблемалық әдіс математикалық теорияны оқып үйренуде аса тиімді болады. Сондықтанда проблемалық әдіс болашақта орта мектепте математиканы оқытудың негізгі әдісінің бірі болуға тиіс.
Проблемалық оқыту теориясы көптеген педагогтар еңбектерінде (Махмутов, Матнишкин, Оконь т.б.) зерттелді. Бұл теорияның ең басты ұғымдары «проблема» (оқулық) және «проблемалық жағдай» (ситуация) ұғымдары болып табылады. Проблемалық жағдай оқушыны жаңа білім алуға итермелейтін ойлау әрекетіне бастайды, оған жағдай туғызады.
Оқулықтарда математикалық есептер мынадай екі жағдайда проблемалық жағдайға душар етеді:
1)Егер оның шарты мен талабының арасына ойлау субъектісі болып саналатын оқушы адам т.а.
2)Ол адам бұл есепті қалай шешуді білмесе. Оқушыларда проблемалық жағдай белгілі бір проблемалық жағдай қоюдың негізгі үй тәсілін көрсетуге болады.
1.Мұғалімнің өзі қоятын проблема.
2.Проблеманы қою және оны тұжырымдау.
3.Проблеманы сипаттайтын шарттарды қарастыру.
4.Қойылған проблеманы шешу.
5.Алынған жауаптың дұрыстығын негіздеу.
6.Проблеманы шешу жолын және оның нәтижесін зерттеу.
7.Жаңа білімді арнайы іріктеп алынған есептерді шешуге қолданылады.
8.Қойылған проблеманы мүмкіндігінше кеңейту.
9.Проблеманың алынған шешуін қарастыру.
10.Жасалынған жұмысқа қорытынды жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет