1. мб және мг пәні, міндеттері



бет1/9
Дата06.12.2022
өлшемі47,39 Kb.
#55260
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

1. МБ және МГ пәні, міндеттері:
МБ мен МГ белоктардың, нуклеин қышқылдардың, клеткалардың құрылыстары мен қызметтерін зерттейді, сонымен қатар синтез басқармасын, генетикалық бастамасын генетикалық ұйымдасуы мен клеткалардың ішкі және сыртқы бөлінуін, көбейтуін зерттейтін өз алдына дербес ғылым.
Негізгі міндеттері:
1) Тіршіліктің ұйымдасу деңгейі мен фундаменталдық қасиетін зерттеу;
2) Тұқым қуалайтын материалдардың гендік, геномдық ж/е хроосомалық деңгейлеріндегі құрылысы мен қызметін, белсенділігін зерттейді;
3) Клеткалардың қалыпты ж/е попологиялық жағдайда өзара әрекеттесулерін қамтамасыз ететін биологиялық мембраналардың рөлін ж/е оның тасымалдаудағы механизмін зерттейді;
4) Бірнеше клетка ұрпағындағы генетикалық гомеостаздық реттілігі мен сақталу механизмін зерттейді;
5) Тұқым қуалайтын өзгерушіліктің даму себебін механизмін ж/е оның адамда қалыптасу рөлін зерттеу керек;
6) Адамда тұқым қуалайтын аурулардың негізгі фенотиптік белгілерін, оларды анықтау жолдары, емдеу, алдын-алу әдістерін, болжау керек;
7) Молекулалық, генетикалық әдістердің ж/е оны медицинада қолданудың негізгі принциптерін зерттейді.


2. МБ ж/е МГ-ның даму тарихының негізгі кезеңдері:
Заманауи медицина мен фармацияның дамуын молекулалық биология және генетика жетістіктерінсіз, әсіресе геномдық технология жетістіктерінсіз елестету мүмкін емес. Сонд, ХХІ ғасырды МБғасыры д/а.
МБ ғылымының дербес ғылым ретінде қалыптасуы 1953ж-дан кейін басталды, себебі осы жылы Ф.Крик ж/е Дж.Уотсон ДНҚ қос ширатпалы құрылысын анықтап, оның моделін құрастырған.
Соңғы 50-55 жылда МБ ғылымы тіршіліктің сырларын зерттеуде көптеген маңызды жетістіктерге қол жеткізді.
1954ж американ ғалымы Г.Гамов тұқым қуалаушылық ақпарат ДНҚ молекуласында генетикалық код күйінде жазылған, ген.код 3нуклеотидтен тұруы мүмкін деп болжам жасады.
1961-64жж Ф.Крик, Х.Корана,М.Ниренберг, С.Очао т.б. ғалымдардың еңбектері нәтижесінде ген.кодтың толық сөздігі анықталды.
1961ж фр.ғалымдары Ф.Жакоб ж/е Ж.Моно прокариоттар гендерінің экспрессиялануының оперондық гипотезасын ұсынды.
ХХғ. 70ж. кері транскриптаза (ревертаза) ферменті ашылып тұқым қуалаушылық ақпараттың РНҚ-дан ДНҚ-ға берілу жолы белгілі болды.
1970-80жж. Рестриктаза ж/е лигаза ферменттері ашылып, ДНҚ молекуласын қолдан құрастыруға мүмкіндік беретін генетикалық инженерияның дауына жол ашылды. Генетикалық инженерия нәтижесінде көптеген трансгендік ағзаларды дүниеге келтіріп, адамға қажетті кейбір биолог.белсенді заттарды зертханада биотехнологиялық жолмен өндіруге мүмкіндік туды.
ХХғ. 90ж-ы жоғары сатылы диплоидты ағзаларды клондау тәжірибелері сәтті аяқтады.
2001-2003ж-ы «Адам геномы» атты халықаралық ғылыми бағдарлама аяқталып, 2001 жылдан кейін адамзат постгеномдық кезеңге аяқ басты.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет