Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
БӨЖ №7
Тақырыбы: Ағартушылық істің дамуы және өнер қайраткерлері
Пәні: Қазақстан тарихы
Топ: Ф-23-1у
Қабылдаған: Асанбаева Ақерке
Орындаған: Раймбекова Диляра
Қызылорда қаласы,2023 жыл
МАЗМҰНЫ
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Орыс географиялық қоғамының қызметі 2.ХІХ ғғ. қазақ әдебиеті. Ақындар мен композиторлар
III. Қорытынды
1.Орыс географиялық қоғамының қызметі Орыс географиялық қоғамы — бүкіл әлемдегі ең көне географиялық қоғамдардың бірі.
Атауы:
Орыс Географиялық Қоғамы (1845—1850, 1917—1926)
Императорлық Орыс Географиялық Қоғамы (1850—1917)
Мемлекеттік географиялық қоғам (1926—1938)
КСРО Географиялық Қоғамы (сонымен бірге тағы бір орысша атауы Всесоюзное географическое общество) (1938—1992)
1992 жылдан бастап — қайтадан Орыс географиялық қоғамы.
Орыс географиялық қоғамы 1845 жылы 6 (18) тамызда Санкт-Петербург қаласында құрылды. Қоғамды құру туралы мәселені үкімет алдына қойған сол тұстағы белгілі теңіз саяхатшылары, әскерилер, академиялық ғылым қайраткерлері, сонымен бірге жекелеген географтар мен ғалымдар болды. Атақты теңіз саяхатшысы Ф.П. Литке Орыс географиялық қоғамын ұйымдастырудың қажеттілігі туралы ішкі істер министрі Л.А. Перовскийге берген баянхатында: «Қоғамның басты міндеті Ресей мен одан шеткері жерлерде біздің Отанымыз туралы толық әрі сенімді мәліметтер жинау және тарату болады», - деп көрсетті. Қоғамды құрған 17 құрылтайшының қатарында болған Г. Гельмерсен, Ф. Берг, А.И. Левшин, В. Даль, В. Струве, В. Перовскийлер қазақ жерiн ғылыми зерттеулерге үлес қосқан ғылым және мемлекет қайраткерлерi еді. Орыс географиялық қоғамының төрағасы болып патша әулетi – ұлы князьдар белгiленгенімен, бiрақ нақты басқару жұмысын вицетөраға, кейiн президент атқарып келдi. Вице-төраға қызметiне Ф. Литке, П. Семенов-ТянШанский, Ю. Шокальский, президенттiкке Л.С. Берг, Е.Павловский, С.В. Калесник, т.б. сайланды.
Императорлық орыс географиялық қоғамына ең алғаш мүше болған қазақ ғалымы Ш.Ш. Уәлиханов еді. Ол 1857 жылы 21 ақпанда орыс ғалымы П.П. Семеновтың ұсынысымен Қоғамның толық мүшесі болып қабылданды. Кейіннен Орыс географиялық қоғамы мүшелiгiне қазақтан шыққан зерттеушi ғалымдар М.-С Бабажанов, Ы. Алтынсарин, т.б. сайланды. Шоқаннан кейін қазақтар арасынан екінші рет бұл қоғамға 1861 жылы 20 ақпанда мүше болып қабылданған М.-С. Бабажанов этнографиялық зерттеулерi үшiн қазақтан тұңғыш рет ресми түрде осы қоғамның күмiс медалiмен марапатталды. Ал, қазақтың тұңғыш географ-ғалымы Ш.Ш. Уәлиханов еңбектерiнiң алғашқы жинағын жинақтап, бастырып шығарған осы Орыс географиялық қоғамы еді.
Орыс географиялық қоғамы құрылған кезден бастап Ресей және оған iргелес елдер туралы географиялық мәлiметтер жинады. Қоғамның жаңа игерiле бастаған Сiбiр мен Қиыр Шығысқа, Қазақстан мен Орта Азияға, Орал мен Кавказға, ғылымға беймәлiм Орталық Азия мен полюстiк аймақтарға, т.б. ұйымдастырған экспедициялары дүниежүзіндегі география ғылымына теңдесi жоқ үлес қосты. Орыс географиялық қоғамының мақсат - міндеттері география шеңберімен ғана шектелмеді. Сонымен қатар оған iргелес көптеген ғылым салалары: статистика, этнография, картография, биогеография, климатология, гидрология, көлтану, топырақтану, т.б. бойынша зерттеулер ұйымдастыруға ұйтқы болды.
1851 жылдан бастап Ресейдiң iрi қалаларында Орыс географиялық қоғамының бөлiмшелерi құрыла бастады. Әсіресе, 1861 жылғы реформадан кейінгі Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тез қарқынмен алға басты, сондықтан күн тәртібіне Орыс географиялық қоғамының қызметін кеңейту мәселесі қойылды. Оған империяның отарлық шет аймақтарының байлықтарын игеру, олардың ресурстарын зерттеу қажеттігі әсер еткен-ді. 60-жылдардың өзінде-ақ қоғамның Орынбор бөлімін ашу туралы мәселе қойылды. Орынбор генерал-губернаторы бөлім ашудың практикалық пайдасын көздей отырып, 1867 жылдың басында Ішкі істер министріне: «Мысалы, көп жерлерден белгілері табылса да, 2 тас көмір кен орындарының болуы белгісіз, дала өңіріндегі егіншіліктің, демек, отырықшылықтың жағдайлары мен көлемінің мүмкіндіктері белгісіз. Оның бер жағында мәселелер және өте елеулі мәселелер туындап отыр, оларды шешу кезінде өлкені егжей-тегжейлі ғылыми зерттеудің кемшіліктері сөзсіз дерлік қателерге ұрындырады», - деп жазды.
Ф.П. Литке 1867 жылы 18 наурыздағы жауап хатында Орынбор генерал-губернаторына: «Географиялық қоғам кеңесі Орынборда бөлім құру бойынша мәселені талқылауға кірісуді кешіктірген жоқ, мен, аталған ұсыныстың Кеңес мүшелері тарапынан толық қолдау табатындығына еш күмәнданбаймын», - деп хабарлады.
Сонымен Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімін құру туралы бастама Орынбор генерал-губернаторы Н.А. Крыжановский тарапынан көтерілген болатын. Оның бұл бастамасы 1867 жылы 30 мамырда император ІІ Александрға баяндалып, ол бөлім құруға келісімін береді. Көп ұзамай 1867 жылы 17 шілдеде Үкіметтік Сенаттан императордың Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімін құру туралы № 4728 жарлығы шықты. Алайда бөлімді ұйымдастыру дайындығына уақыт пен күш қажет болды. Содан 1868 жылдың 14 қаңтарында өткен бөлімнің алғашқы отырысында оның ережесі бекітіліп, қоғамға мүше болып кіруге өтініш білдірген тұлғалардың тізімі оқылды. «Бескорыстная любовь к общей пользе и желание добра России, – деп сөйледі өз сөзінде бөлімнің қамқоршысы Н.А. Крыжановский, – привлекли всех нас в открываемый сегодня Отдел географического общества… Будемте изучать наш край с целью определить: какую может он принести пользу нашему общему отечеству, как пользу эту сделать наибольшею, какие встречаются к тому препятствия со стороны природы и людей и какими способами преодолеть эти препятствия».
Кейіннен Орынбор бөлімінің Орынбор өлкесінің тарихын, табиғи жағдайы мен ресурстарын, тұрғындардың этнографиясы мен статистикасын, экономикасы мен саудасын зерттеу үшін ұйымдастырылғаны ресми түрде жарияланды. Мәселен, 1881 жылы Географиялық қоғамның жергілікті бөлімінің отырысында зерттеудің пайдасы туралы сөз сөйлеген генерал-губернатор тез арада төрт комиссия ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады. Ол комиссиялардың әрқайсысына, яғни, біріншісіне өлкенің географиясы, екіншісіне статистика, үшіншісіне табиғи байлықтар, төртінішісіне өлкенің тарихы бойынша жазбалар жасауды тапсырды. Мәліметтерді жинау барысында Орынбор генералгубернаторы ғалымдарға кеңінен әкімшілік қолдау көрсетуге уәде берді.
Орынбор бөлімінің мүшелерінің саны тұрақты болмады және 1917 жылға дейін 60 адамнан 110 адамға дейінгі шамада құбылып отырды.
Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімі Қазақстанның батыс және солтүстік бөліктерін ғылыми зерттеу бастамасын өз қолына алып, өлке тарихын зерттеуде өз үлесін қосты. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарында қазақ халқының қоғамдық-экономикалық өміріне: қазақтардың этникалық әлеуметтік жағдайының мәселелері бойынша Д.Беркімбаев, қазақ фольклорын зерттеу жөнінде С. Жантөрин, Николаев уезі қазақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерттеу жөнінде Б. Дауылбаев, қазақтар арасында егіншіліктің дамуы жөнінде Т.Сейдалин, қазақтардың этнографиясы туралы М.-С. Бабажанов елеулі зерттеу жүргізді.
М.С. Бабажанов этнограф, тарихшы, географ ретінде императорлық Орыс география қоғамының хабаршысына, этнографиялық жинақтарға да мақалалар жариялап, артына мол ғылыми мұра қалдырды. Автор өзінің мақалаларында көбінесе қазақ халқының тұрмысы мен шаруашылығы, діни нанымы мен сенімі, бақташылық және саятшылық кәсібі, жылқы өсіруі, қымыздың шипалық қасиеті т.б. жөнінде жазады. Сонымен бірге ол қазақ халқының адамгершілік ар-намысы мен абыройын қорғады, олардың тұрмыс халін жақсартуға, оқу оқып, білім алуына жағдай жасауға шақырды.
1862 жылы Мұхамедсалық Үлкен Боғда қыратынан биіктігі екі аршыннан астам әйелдің балбал тас мүсінін тауып, Петербургтегі этнография-география қоғамына тапсырады. Сондай-ақ империялық Орыс география қоғамына Басқұншақ көлінен шығып жатқан күкірт қышқылының шаруашылық маңызы туралы хабарлайды. Ол 1731 жылы патшалық Ресейге қосылғанға дейінгі қазақ жерінің, оның ішінде Бөкей ордасының картасын жасап, патшаның қабылдауында болады.
Қазақ даласына отаршылдық саясаттың кеулеп енуіне, Орал-Жайық казактарының озбырлығы мен содырлығына қарсы Ішкі орда қазақтарының наразылығы Мұхамедсалық жарияланымдарында мазмұнды көрініс тапты. Петерборда шығатын «Ведомость» журналының 1861 жылғы № 136-санында жарық көрген «Тұрмыс пен тіршілік және туыстар тағдыры жайынан қырғыздың (қазақтың) байқағандары» , «Деятельность» газетінің 1868 жылғы № 109-санында басылған «Орал – Жайық казактарының Ішкі орда қазақтарымен таласы» және осы газеттің 1870 жылғы № 127-санында жарияланған «Ішкі қырғыз ордасы» т.б. мақалаларында халқының тағдырына қатты абыржыған Мұхамедсалық оған жанашырлық, жүрекжарды сөздерін арнайды, оның ауыр азабы мол тұрмыстіршілігін жеңілдетудің жолдары туралы жазады. Мәселен, «Орал – Жайық казактарының Ішкі орда қазақтарымен таласы» деген еңбегінде: «Қазіргі уақытта Ішкі орда қазақтарының ерекше көңіл қойған мәселесі биылғы жылы Оралдық казак әскери қауымымен екі арадағы жер дауын шешу. Жер – қазақтар үшін ең бірінші қажетті мүлік, негізгі байлық көзі, сонымен қатар өмір сүрудің басты көзі, 3 сонымен қатар өмір сүрудің ең басты тірегі. Мал шаруашылығын басты тірек еткен қазақтар үшін жеткілікті түрде жайылымдық жермен қамтамасыз етілмесе, ол ешқандай пайда келтірмейді, өсім де бермейді. Сондықтан оларды жалғыз ғана күнкөріс көзіне айналған шаруашылығынан қол үздіру қазақтардың құрып, қырылып қалуымен пара-пар» деп атап көрсетті.
М.С. Бабажанов Оралдың казак-орыстары жөніндегі пікірін көптеген мақаласында жасырмай айтты. «Северная пчела» журналының 1861 жылғы №3 санында басылған «Қырғызды (қазақты) дәріптеу» деген мақаласында ол Орал казактарының жергілікті халыққа жасап отырған қиянатын, өктемдігін батыл сынады. Ол казактардың жүгенсіздігі жөнінде айта келіп, оған көптеген дәлел келтіреді. Соның бірі ретінде Оралдағы казак атаманы генерал-майор Столыпиннің қазақ шаруаларымен бірге қазынаның жерін бір тиын да төлемей, көп жылдан бері өз меншігіндей пайдаланып келе жатқанын әшкере етеді. Жер мәселесін сөз ете отырып, қазақтар мен казактар арасындағы жер дауына байланысты патша үкіметіне түскен арыздарды тексеруге талай комиссияның келгенін, бірақ олардың қорытындысы көбінесе казактардың пайдасына шешіліп жүргенін ренжи жазады.
Сонымен бірге М.С. Бабажанов Орыс сауда, өнеркәсіп қоғамының және Ерікті экономикалық ғылыми қоғамның да толық мүшесі болған. Қоғам мәжілісінде аса құнды баяндама жасағаны үшін ол арнайы дипломмен марапатталған. Бұл жөніндегі мәлімет осы қоғамның 1871 жылы жасаған тізімінде келтірілген. Ал 1870 жылдан бастап Ташкент қаласында «Түркістан уәлаятының газеті» шыға бастағанда, ол газет редакциясына қазақтың көптеген мақалы мен мәтелін жинап жібереді. М.- С.Бабажановтың дүниеге көзқарасының одан әрі қалыптасуына Еуропа ойшылдарының қағидалары, еңбектері әсер етті. Ол ғылымның, білімнің, ағартушылықтың жетіспеушілігі салдарынан қазақ өлкесінде надандықтың, ескіліктің зиянды шырмаулары қарапайым халықты тұншықтырып отыр деген қорытындыға келеді. Қазақ халқына бұратана деп қараған кейбір білгіштермен пікір таластырғанда Гогольдің, Белинскийдің, Чернышевскийдің, Достоевскийдің пікірлеріне сүйеніп, бұл қайраткерлерді «қоғамдағы кемшіліктерді ашып көрсете алған және осы кемшіліктерді жоюдың жолдарын меңзеп, адамды мүлтіксіз тәрбиелеуге ұмтылғандар» деп жазды М.С. Бабажанов. Академик А.Жұбановтың сөзімен айтқанда: «Салық Бабажанов өзінің түсінігі мен мүмкіндігінше прогресшілдік идеялар үшін күресті... Қазақ халқының ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Алтынсарин, Абай сияқты, ол да қазақ қоғамының Ресеймен және орыс мәдениетімен тығыз қарым-қатынаста дамуын жақтады».
Ресей географиялық қоғамының мүшесі Сейітхан Ахметұлы Жантөрин 1841-1851 жылдары Кіші жүздің Шығыс бөлігінің билеуші сұлтаны болған, Қайып хан шөбересі Ахмет Жантөриннің баласы. 1837 жылы дүниеге келген Сейітхан Жантөрин 1855 жылы 25 қазанда Орынбордағы Неплюев кадет корпусын тәмамдаған кезде жүзбасы, 1862 жылы 5 шілдеде есаул, 1866 жылы 21 наурызда әскери старшын шендерін иеленген. 1860 жылы 25 ақпаннан бастап Орынбор облыстық басқармасында қызмет істейді. 1868 жылы 21 қазанда бекітілген Орынбор қазақтары облысының ережесіне сәйкес қайта құрудан соң 1869 жылы 1 қаңтарда Торғай әскери губернаторы жанындағы ерекше тапсырма жөніндегі кіші шенеунік болып тағайындалады. Торғай облысында сот істерін атқарған Сейіт сұлтан 1878 жылы 8 қыркүйекте подполковник шенімен марапатталған. Кейін 1881 жылы 31 қаңтарда ауруына байланысты қызметінен босаған. Сейітхан Жантөрин қазақ әдебиеті, этнографиясы мен тұрмыс-тіршілігі жөнінде елеулі еңбектер жариялады. 1875 жылы Тілеу Сейдалинмен бірге «Қазақ поэзиясының үлгілері» зерттеуін, 1885 жылы «Қазақ поэзиясының эпостық және лирикалық өлең үлгілері» кітабын шығарды. «Кенесары туралы жыр», «Қаратаудың басынан көш келеді», «Шалкиіздің Битемірге айтқаны» секілді көптеген жырларды, қайым айтыс үлгісін орыс тіліне аударды. «Коннезавод» журналының 1883 жылы 7-8 нөмірлерінде Жантөриннің «Қазақ жылқы шаруашылығының очерктері» атты 67 беттік көлемді зерттеуі жарық көрді. Орал облысының Калмыков уезіндегі, Бөкей ордасындағы жылқы өсіру, атбегілік, шабандоздық туралы құнды деректер келтіреді. Петербургте өткен шығысты зерттеуші ориенталистердің халықаралық конгресіне арнап экспонаттар жинады. 1882 жылы ол Петербург пен Мәскеуде болды.
Ресей географиялық қоғамына мүше болған Тілеумұхамед Айтөреұлы Сейдалин Әбілқайыр хан әулетінен тарайды. Тарқатып айтар болсақ, Әбілқайыр – Нұралы – Сейдалы – Айтөре – Тілеумұхамед болып келеді. 1837 жылы дүниеге келген ол Орынбордағы Неплюев кадет корпусында білім алып, 1855 жылы 13 қарашада прапорщик шенімен бітіреді. Осыдан соң Орынбор қазақтарының облыстық басқармасында, кейіннен Торғай облыстық басқармасында, оған қарасты Торғай, Қостанай уездерінде түрлі қызметтер атқарды. Әкімшілік қызметімен қатар Т. Сейдалин қазақ халқының шаруашылығы мен әдебиеті туралы зерттеу жұмыстарымен шұғылданып, артында құнды ғылыми мұралар қалдырды. 1870 4 жылғы Ресей географиялық қоғамы Орынбор бөлімінің жазбаларының бірінші шығарылымында «Торғай өзенінің алабындағы егіншіліктің дамуы туралы» деген мақаласы жарық көрді. Т. Сейдалин мақаласында көтерілген мәселелердің құндылығы сол, бүгінге дейін ХІХ ғасырдағы қазақтардың шаруашылығы қалам тартқан авторлардың барлығы дерлік аталған еңбекті пайдаланумен келеді. Кезінде кеңестік тарихшы Н.Г. Аполлова сол мақалада келтірілген деректерді өз монографиясында кеңінен пайдаланып, талдауға алған болатын. Кейін «XVIII ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың басындағы Кіші және Орта жүз қазақтарының шаруашылығы» деп аталатын кандидаттық диссертациясында зерттеуші Ж.Ю. Мансурова Т.Сейдалиннің мақаласын пайдалану барысындағы Н.Г. Аполлованың кейбір ой-пікірлерін өткір сынға алды. Оған ғалымның мақаланы талдап, қорыту барысында тұжырым жасағанымен, оған сілтеме бермеуі, алайда сол тұжырымдардағы дәйектер мен Т. Сейдалин еңбегіндегі мәліметтердің арасындағы сәйкессіздіктер себеп болған.
Ресей географиялық қоғамының Орынбор бөлімінде қызмет еткен Б.Дауылбаевтың өмірбаянына қатысты тарихшы-ғалымдар Е.Ж. Валиханов пен С.Ф. Мәжитов мынадай мәліметтер келтіреді: «Б. Дауылбаевтың (туылған, қайтыс болған жылдары белгісіз) жалғыз ғана шығармасы Ресей География Қоғамның күміс жүлдесіне ие болған. Б. Дауылбаевтың өмірбаяны белгісіз, біздің білетініміз, оның кедей отбасынан шыққандығы, оның Ресей География Қоғамының Орынбор бөлімінде қызмет еткендігі. Оның шығармаларында қазақ халқының ішкі әлеуметтік қатынастары кеңінензерттелген».
Елдің шығыс аудандарын, бірінші кезекте Сібір мен Қазақстанды игеруден кейін Батыс Сібір бөлімі ашылды. Омбыда Батыс Сібір деп аталатын бөлім ашу туралы өтінішті орталық қоғамға Дала өлкесінің генерал-губернаторы Н.Г. Казнаков 1876 жылы наурызда жолдады. Бұл өтініш қолдау тауып, 1877 жылы 10 мамырда Мемлекеттік кеңес бөлімді құру туралы шешім қабылдады. Қолдауға ие болған губернатор өтініші «аса жоғары мархабатқа ілігіп», бөлімге жыл сайын 2 мың сом алып отыруға рұқсат етілді. 1877 жылы 30 шілдеде генерал-губернатор сарайында өткен алғашқы ұйымдастыру жиынында Н.Г. Казнаков жиналған Орыс географиялық қоғамының толық мүшелеріне (8 адам) өз өтінішінің нәтижесі туралы мәлімдей келіп, Императорлық орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің ашылғанын жариялады. Содан бөлім туралы ереже бекітіліп, ол өзінің ғылыми жұмысын бастады. Бөлімнің алғашқы төрағасы болып И.Ф. Бабков сайланса, істі басқарушы М.В. Певцов болды. Бөлім мүшелері әр жылдары өзгеріп отырды. 1887 жылы бөлімге 168 адам мүше болса, ХІХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында 80 адамға, 1922-1923 жылдары 15 адамға дейін азайған.
XIX ғасырдың аяғында орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімі ашылды. 1895 жылдың аяғында Түркістан генерал-губернаторы А.Б. Вревский Императорлық орыс географиялық қоғамының алдында оның Түркістан бөлімін ашу туралы өтініш жасады. Бұл мәселенің Орыс географиялық қоғамының вице-төрағасы П.П. Семенов тарапынан жылы қатынасқа ие болуы, істің оң шешілуін жеделдетті. Содан 1896 жылы 20 мамырда төмендегідей император жарлығы шықты:
1. Орыс географиялық қоғамының құрамында Ташкент қаласында Түркістан деген атаумен айрықша бөлім ашуға рұқсат ету.
2. Осы бөлім үшін ереже бекітуді Ішкі істер министріне ұсыну.
3. 1897 жылдың 1 қаңтарынан бастап Орыс географиялық бөлімінің Түркістан бөліміне жыл сайын мемлекеттік банктен 2 мың сом көлемінде жәрдемақы шығарып тұру.
Императорлық Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесі ресми түрде 1902 жылдың 13 сәуірінде қоғамдық мәжіліс үйінде көпшіліктің қатысуымен салтанатты түрде ашылып, онда Комитет хатшысы Н.Я. Коншин сөз сөйлеп, комитет мүшесі Ф.К. Зобнин «О рабстве в киргизской степи» деген баяндамасын оқыды.
Негізінде, бөлімшені ашу мәселесі 1898 жылы қозғалған болатын. Статистикалық комитеттің хатшысы болтан Н.Я. Коншин «Семей облыстық ведомствосы» газетіне осы облыстың аса бай табиғи байлығын, археологиялық, мұрағаттық, этнографиялық тарихын зерттеуде географиялық қоғам бөлімін ашудың қажеттігін айтып, мақала жариялайды. Бұл мақалаға Семей облыстық әскери губернаторы А.Ф. Карпов көңіл бөліп, бөлімше ашу жөнінде Орыс географиялық қоғамының вице-президенті П.Семеновқа хат жолдап, көмек сұрайды. 1902 жылдың 21 ақпанында әскери губернатор А.Ф. Карпов Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің төрағасына Семейде бөлімше ашу туралы тағы да өтініш түсіреді. Содан 31 наурызда (13 сәуірде) Семей бөлімшесі ресми түрде ашылады. Ол жөнінде В.Ф. Семенов еңбегінде былай деп жазады: «Семипалатинский подотдел официального открыт на неделю позднее алтайского – 31 марта (13 апреля) 1902 г. Возник он из кружка краеведов, группировавшихся около местного областного статисческого комитета, секретарем которого Н.Я. Коншиным еще в 1898 г. был поднят вопрос об открытии пототдела. Потребность в исследовательском научном обществе в Семипалатинске была велика и почва к его возникновению так подготовлена, что пототдел уже при открытии имел 97 членов – учредителей».
Бөлімшенің ең алғашқы төрағалық қызметін Н.Ф. Ницкевич, ал іс жұмысын Н.Я. Коншин басқарады. Бұл бөлімнің ашылуына жергілікті оқымысты ғалымдармен қатар Семейге жер аударылып келген Е.П. Михаэлис, С.С. Гросс, А.Л. Блэк, А.А. Леонтьев белсене атсалысып, зерттеулер жүргізді, тамаша құнды материалдар жинап, ғылыми еңбектер, мақалалар жазады. Бөлім Семей облысындағы ең алғашқы өлкетану орталығы болып, өлкеде географиялық, археологиялық, геологиялық, тарихи, статистикалық зерттеулер жүргізіп, ғылым саласын аса құнды мағлұматтармен қамтамасыз етеді. Алғашқы жылдары қоғам бөлімінде оқымысты ғалымдардың қатары аз, әрі қаражат мәселесі де қиындау болды. Бөлімшені ұйымдастырушылардың бірі Н.Я. Коншин бөлімнің іс жұмыстарын басқара отырып, мұрағат ісін де қолға алады. Оның қажырлы еңбегінің арқасында дала өлкесінің тарихы, әкімшіліктің саяси жер аудару тарихы жөнінде құнды деректер жинақталады. Бөлімше ғылыми кітапхана ашуда да көп жұмыстар атқарды. Қоғамның құрметті мүшелері қатарында – Н.Я. Коншин, Б.Г. Герасимов, М.О. Әуезов, Х. Ғаббасов, Н.С. Құлжанова, ағайынды Белослюдовтар, М.Т. Тұрғанбаев т.б болды. Қоғамға көптеген жылдар бойы Б.Г. Герасимов төрағалық еткен. Бөлімшенің мақсат, міндеттері Семей өңірін географиялық, геологиялық, археологиялық, этнографиялық, статистикалық, табиғи, тарихи тұрғыдан танып білу еді. Зерттеушіөлкетанушылар жергілікті мұрағаттарда сақталған мәліметтерді жинап, экспедиция жасап, оқу құралдары, қолжазбалар, карталарды жинап, сақтап, жергілікті кітапхана мен мұражай ұйымдастырды. Бөлімнің ғылыми-зерттеу жұмысы Семей губерниясының ауқымды бөлігін қамтыды. Семей өңіріндегі экспедиция белсенді жұмыс істеді. Алынған ғылыми материалдар жиналыстарда хабарлама ретінде және бөлімнің ОГҚБСБ бөлімшесі Семей жазбаларында ғылыми жарияланым түрінде жарияланып отырды. 1897 жылдан бастап жүйелі түрде «Семей облысының естелік кітапшасы» («Памятная книжка Семипалатинской области») жарық көрсе, 1903 жылдан «Ресей императорлық географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің жазбалары» шыға бастады. Бұл жөнінде «Издание таких книг продолжалось и дальше при секретаре Н.Я. Коншине, причем, кроме него в них помещали статьи В.Д. Коцовский, А.Н. Букейханов, В.К. фон Герн, Ф.К. Зобнин и др.» деп нақты есімдер аталынған. Өзінің қызметі барысында (1902- 1927 жж.) бөлім құнды еңбектердің 15 томын жарыққа келтіріп, 268 Кеңес отырыстары мен 156 қоғам мүшелерінің жалпы жиынын өткізген.
Қорыта айтқанда, Орыс географиялық қоғамы мен оның мүшелерінің қазақ тарихын зерттеудегі сан-салалы қызметтерін жан-жақты саралап, артына қалдырған тарихи, ғылыми мол мұраларын бүгінгі күн биігінен пайымдап, бағалау алдағы міндеттердің бірі болмақ.