Әлеуметтік қайшылықтар кезеңінде ұлттық мемлекеттілік идеяларының қалыптасуы жолындағы оқиғаларға объективті баға беріңіз және ұлт зиялыларының рөлін анықтаңыз



бет1/3
Дата22.04.2023
өлшемі17,8 Kb.
#85554
  1   2   3

Әлеуметтік қайшылықтар кезеңінде ұлттық мемлекеттілік идеяларының қалыптасуы жолындағы оқиғаларға объективті баға беріңіз және ұлт зиялыларының рөлін анықтаңыз

Әлеуметтік қайшылықтар кезеңінде ұлттық мемлекеттілік идеяларының қалыптасуы жолындағы оқиғаларға объективті баға беріңіз және ұлт зиялыларының рөлін анықтаңыз.

Орындаған: Жунусбекова Меруерт


1. Патша үкіметінің Қазақстандағы қуғын-сүргін шаралары салдарының себептеріне баға беріңіз. Қазақтардың Қытайға (Құлжа өлкесі, Қашғария), Ауғанстанға жаппай қоныс аударуына не себеп болды?


  • Патша өкіметінің отарлық саясатының негізгі мақсаты қазақ жерін тартып алу болса, оның өзі аграрлық саясат арқылы жүзеге асырылды, ал аграрлық саясаттың ажырамас бөлігі — қоныстандыру саясаты болды. Помещиктер мен империалистік буржуазияның мүдделеріне сай келген қоныс аудару мәселесіне патша өкіметі XIX ғасырдың 2-жартысынан бастап қатты назар аударды, өйткені Ресейде крепостниктік правоның жойылуы және әлеуметтік-әкімшілік реформалар аграрлық мәселені толық шешкен жок еді. Ресейдің орталық аудандарындағы шаруалардың толқулары жанданды. Осындай жагдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшін, бірқатар шаралар қолданды. Қоныс аудару саясаты сол шаралардың бірі еді. Сібірді, Қазақстанның солтүстік-батыс, орталық және оңтүстік-шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Ресейден шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне тірек жасамақ болды.

  • Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Ресейден шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Яғни Қазақстанда Ресейдің толық үстемдік жүргізуі бұл өлкені орыс шаруашылық отарлауына есігін айқара ашты.

Бұл экспедициялардың ешқайсысы қазақтың көшпелі өмір сүру тәртібін ескерместен, олардың қыстауы, күзеуі, көктеуі, жайлауына қарамастан, шөбі шүйгін, топырағы құнарлы, суы мол жерлердің бәрін «артық» жер деп есепке алып отырды. Бұның өзі қазақтардың наразылығының жылдан жылға өсуіне әкелді. Үкімет бүл мәселені арнайы талқылап, басын ашып алуға мәжбүр болды. Қоныс аудару және жерге орналастыру жөніндегі Бас басқарма дайындаған «О порядке определения государственного земельного фонда в областях Акмолинской, Семипалатинской, Тургайской, Уральской для переселения, а равно иных государственных надобностей», атты нұсқауды 1905 жылғы 9 маусымда министрлер кабинеті мақұлдады. Онда қазактардың үй-қорасын бұзып, қыстауын алу жөнінде былай делінген еді: «Қазақтардың шаруашылық қажеттеріне немесе уақытша тұруына арналған құрылыстар жерді тартып алу үшін бөгет бола алмайды». «Сонымен қатар мемлекет мүддесі үшін таза көшпелілірге тек егіншілікке жарамсыз жерлерді гана қалдыру керек», — деп бекітгі. Осылайша қазақ жерін патша самодержавиесі бос жатқан жер ретінде есептеп, тұрғылықты халықпен есептеспей, оларды ығыстыра отырып, қамалдар мен бекіністер салған. Ресей үкіметі отаршылдық саясатын қазақ даласында асқан аярлықпен атқарған. Қазақтан жерді бұдан басқа әскер қажетіне деп бір, қазыналық жер деп екі рет алса, қоныс аударушылар қорына деп тағы алған.


  • Бұл экспедициялардың ешқайсысы қазақтың көшпелі өмір сүру тәртібін ескерместен, олардың қыстауы, күзеуі, көктеуі, жайлауына қарамастан, шөбі шүйгін, топырағы құнарлы, суы мол жерлердің бәрін «артық» жер деп есепке алып отырды. Бұның өзі қазақтардың наразылығының жылдан жылға өсуіне әкелді. Үкімет бүл мәселені арнайы талқылап, басын ашып алуға мәжбүр болды. Қоныс аудару және жерге орналастыру жөніндегі Бас басқарма дайындаған «О порядке определения государственного земельного фонда в областях Акмолинской, Семипалатинской, Тургайской, Уральской для переселения, а равно иных государственных надобностей», атты нұсқауды 1905 жылғы 9 маусымда министрлер кабинеті мақұлдады. Онда қазактардың үй-қорасын бұзып, қыстауын алу жөнінде былай делінген еді: «Қазақтардың шаруашылық қажеттеріне немесе уақытша тұруына арналған құрылыстар жерді тартып алу үшін бөгет бола алмайды». «Сонымен қатар мемлекет мүддесі үшін таза көшпелілірге тек егіншілікке жарамсыз жерлерді гана қалдыру керек», — деп бекітгі. Осылайша қазақ жерін патша самодержавиесі бос жатқан жер ретінде есептеп, тұрғылықты халықпен есептеспей, оларды ығыстыра отырып, қамалдар мен бекіністер салған. Ресей үкіметі отаршылдық саясатын қазақ даласында асқан аярлықпен атқарған. Қазақтан жерді бұдан басқа әскер қажетіне деп бір, қазыналық жер деп екі рет алса, қоныс аударушылар қорына деп тағы алған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет